Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет12/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71
Байланысты:
лекция

Минералды ресурстар дегеніміз — шаруашылықта колданылатын қазба байлықтар жөне шөгінді жыныстар кен орындарының барланған белгілі коры. Оның ішінде кенді пайдалы қазбалар: кара металдар (темір, марганец, хром, титан, ванадий); түсті металдар (мыс, алюминий, калайы, корғасын, мырыш, вольфрам, молибден, кобальт, никель); бағалы (алтын, платина, күміс) және радиоактивті (радий, уран, торий) металдар болып ажыратылады .

Әдетте, металдардың кен орындары кешенді болып келеді, өйткені олардың құрамында бірнеше минерал түрлері қосарланып кездеседі. Кенсіз қазба байлықтарға металл емес жанбайтын катты тау жыныстары мен минералдар жатады [6]. Олар өз кезегінде кұрылыс материалдары (кұм, саз, әктас, мрамор, гранит, т.б.); химиялық шикізат (күкірт, фосфат, калий тұзы, т.б.); металлургиялық шикізат (асбест, кварц, т.б.); асыл тастар мен әшекейлі істерге қажетті минералдар болып бөлінеді.

Отын ресурстарының, жер қабығының жылжымалы катпарлы таулы өңірлері мен ежелгі қалқандарда кездесетін кенді казбалардан ерекшелігі — олардың шығу тегі органикалық болғандықтан, платформалар мен тауалды иіндерінде орналасқан. Минералды отын ресурстары құрамына: тас және коңыр көмір, мұнай мен газ, жанғыш тақтатас пен шымтезекті жатқызамыз [7].

Минералды ресурстар қорын сақтау жолында оларды кайта пайдалану немесе басқадай материалдармен (пластмасса, керамика, т.б.) алмастыру жолдары жүзеге асуда. Табиғатта ыдырамайтын мұндай заттарды көптеп өндіру экологиялық проблемалардың ушығуын туғызып, биосфераны ластап және табиғи ландшафты бұзуда. Осы себепті табиғаттан алынатын әрбір минералды шикізат барынша толық кәдеге жаратылуы тиіс. Өйткені жер қойнауынан шығарылатын қазба байлықтардың дайын өнімдер алуда 20%-ы ғана жұмсалады. Табиғат ресурстарының осылайша тиімсіз пайдаланылуы салдарынан ұзақ жылдар бойықлар игерілген аудандарда үйінді түрінде орасан зор кен казбалары жиналып калады. Ендігі жерде қалдықсыз немесе аз қалдықты өндірістер кұру міндеті тұрды. Мұны дүние жүзінің өркениетті елдері өзара байланыс орнату арқылы — технологиялық, экологиялық, ұйымдастырушылық бағытта кешенді түрде жүзеге асыруға ат салысуда. Жаңа ғасыр адамзат баласы үшін минералдық ресурстарды игеру ісінде екінші реттік пайдалануды іске асыру дәуірі болмақ. Оның мәні — экономикада басты шикізат көзі өндіріс қалдықтарының материалдары болып, ал негізгі қазба байлықтар резервтік рол атқарады.


Пайдаланған әдебиеттер

1. Е.В. Вавилова. Экономическая и социальная география мира. М, Гардарики, 2006

2. А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М, 2001

3. М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович. Экономическая и социальная география России и новых независимых государства. М, 2001

4. В.П. Желтиков. Эконмическая география. (Высшее образование). Ростов- на- Дону, Феникс, 2004

5. Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья. (Под ред.М.П. Ратоновой) М, 2004

6.И.А. Родинова, Т.М. Бунакова « Экономическая география », М.2003

7.В.И. Бутов. Экономическая и социальная география: зарубежного мира и РФ, М, 2003.

8.Ю.Г.Липец и др. География мирового хозяйства, М, Владос, 1999

9.М. Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар.Алматы, 1998

10.М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович, А.М. Носов. Экономическая и социальная география. М, Владос, 2004

11. Н.Н. Петрова. География. Современный мир. М, Форум- Инфра-М, 2007

12С.Ю.Корнекова, С.П. Семенов. Социально- экономическая география (Пособие для подготовки к экзамену). С- Петербург/Москва/ Харьков/ Минск, Питер, 2001



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет