Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет71/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
лекция

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Елдердің шаруашылық түрғысынан оқшаулануының келмеске кеткені неліктен?

2.Халықаралық экономикалық байланыстар қандай түрде көрінеді?

3.Шығыс-батыс экономикалық қарым-қатынастары: бұларда нені өзгерту керек.

4.Халықаралық экономикалық байланыстардың басты-басты түрлері.

5.Халықаралық еңбек бөлініс және сыртқы сауда деген ұғымдардың мағынасы.


14.Дәріс.Тақырыбы Қазақстанның сырты елдермен экономикалық, саяси жағдайы
15.Дәріс.Тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Ғаламдардың, саяси қайраткерлер мен қалың жұртшылықтың назарын аударып отырған адамзаттың ғаламдық проблемаларын көптеген ғылымдар, олардың ішінде географияда зерттейді. Оған себеп, олардың әрқайсысының өзінің географиялық астары бар және дүние жүзінің түрлі аймақтарында түрліше байқалады. Н.Н.Баранскийдің кезінде географтарды «континенттер дәрежесінде ойлануға» шақырғанын есімізге түсірейік. Алайда қазіргі кезде бұлай байыптау жеткіліксіз. Ғаламдық проблемаларды тек қана «ғалам бойынша» және тіпті «аймақ бойынша» да шешуге болмайды. Оларды шешуді елдермен аудандардан бастау керек. Ғалымдардың «Ойлау ғаламдық болсын, іс-әрекет аудандық болсын» деген ұран ұсынуы осыдан.

1. Ғаламдық проблемалар ұғымы. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды. Бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды. Ғаламдық өзінің бір-бірімен әрекеттесуінде өзінше мынадай үшбұрыш құрайды: халқы - әлеуметтік және экономикалық даму – айналадағы орта.

2. Бейбітшлік пен қарусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы. Соғыс барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына әсерін тигізіп отырды. Бірақ бұрын ешқашан да тұтас елдер мен континенттерді жойып жіберудің нақты мүмкіндігі боллған емес. Ол мүмкіндік ракета техникасына қоса, ядролық қарудың жасалуына байланысты ХХ ғасырдың екінші жартысында туды. Бейбітшілік пен қарусыздану, дүниежүзілік жаңа соғысты болдырмау, адамзаттың құрып кетпеуі және өзін-өзі сақтауы қазіргі заманның шын мәнісінде № 1 проблемасына айналуы, міне, сондықтан       Ол 80-жылдардың соны мен 90-жылдардың басында ғана шын мәнінде шешіле басталы. «Қырғиқабақ соғыс» тоқтатылды. Ондаған жылдар бойы Шығыс пен Батыс бөліп келген «темір перде» жойылды. Қазір дүние жүзін ядролық қарумен жою қаупі іс жүзінде алынып тасталды. Алайда жаппай қырып жоятын қару-жарақтың аймақтық жанжалдарға ұласа отырып, тарала беруі дүние жүзіне бұрынғыдан да көбірек қауіп төндіруде.

3. экологиялық проблема: «жер біреу ғана» Ноосфера (парассаттылық саласы) туралы ілімнің негізін қалаушы академик В. И. Вернадский (1863-1945) 40-жылдарда-ақ адамдардың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде өтіп жататын геологиялық процестерден кем әсер етпейді деп жазған болатын. Содан бері қоғам мен табиғаттың арасындағы «зат алмасу» әлденеше есе өсті және ғаламдық көлемге жетті. Алайда табиғатты «жаулап ала» отырып, адамдар өзлерінің тіршілік әрекетінің табиғи негіздерін айтарлықтай дәрежеде бұзды. Айналадағы орта жағдайы едәуір нашарлады. Оны белгілі француз океанологы Жак Ив Кусто былай сиппаттады: «Бұрын табиғат адамды қорқытатын, енді адам табиғатты қорқытады». Кейбір елдер мен аудандарда экологиялық жағдай өте қатты шиеленісіп, экологиялық дағдарыс деңгейіне жетті. Айналадағы ортаны ластануынан келетін әлеуметтік, эстетикалық және басқа шығындарды былай қойғанда, экономикалық шығынның өзі ғана жылына көптеген миллиард доллармен есептеледі. Оның үстіне, Жер климатының бақылаусыз өзгеруі, стратосфераның озон қабатының бұзылуы секілді дүниежүзілік қауіп туды.  

4. Демографиялық проблема-ғасыр проблемаларының бірі. Бұл проблеманың біріне-бірі қарама-қарсы екі бағыты бар. Біріншіден, бір қатар дамыған елдерде халықтың ұдайы өсуінің бұзылуына, оның тез қартайуына және санының азаюына әкеліп соғып отырған демографиялық дағдарыстыалаңдатпай қоймайды. Демогрфтар мұндай процестер халық санынң азаюы ( депопуляция ) деп атайды. Екіншіден, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің көпшілігінде халық санының тез өсуі бұдан да гөрі көбірек аландатады. Оның үстіне жас адамдардың үлесі өте жоғары болып отырғанда, халықтың табиғи өсу қарқыны тез кемиді деп күту қиын. Осыған қарамастан, демограф-ғалымдар 60-жылдардағы демографиялық жарылыстың шыңы артта қалды деп тұжырымдайды. Африканы қоспағанда, халықтың ұдайы өсуінің екінші түріне жататын барлық аймақтарда баланың туылуымен халықтың өсуі біртіндеп кеми бастады.

5. Энергетикалық және шикізат проблемалар: себептері мен шешу жолдары. Бұл бәрінен бұрын адамзатты отынмен және шикізатпен сенімді түрде қамтамасыз ету проблемалары. Бұрын да қорлармен қамтамасыз етудің белгілі бір шиеленіскен кездері болған. Бірақ әдетте табиғат қорлары құрамы жасақталмаған аудандар мен елдерге қатысты болатын. Ғаламдық көлемде ол бірінші рет 70-жылдары туды деуге болады. Оның бірнеше себептері бар. Оларға мұнайдың, табиғи газ бен отын және шикізаттың кейбір басқа түрлерімен барланған қорының айтарлықтай шектеулілігі, өндеудің кең-геологиялық жағдайларының нашарлауы, өндіру және тұтыну аудандары арасындағы территориялық алшақтықтың артуы, өндіруді табиғат жағдайлары өте қатаң жаңадан игерілген аудандарға қарй жылжыту және т.с.с. жатады. Демек, қазіргі дәуірде, минералдық қорларды бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде тиімді пайдаланып ұдайы өндіру қажет.

Ол үшін ҒТР зор мүмкіндіктер береді. Пайдалы қазбаларды Жер қойнауынан неғұрлым толық алу, өндірістің энергиямен материалды қажет етуін азайту, кең орындарын ашу және бұрын шама жетпеген кең орындарын игеру, сарқылмайтын энергетика қорларын айналымға қосу, атом және сутегі энергетикасы, МГД-генераторлар, отын элементтері және ең ақырында басқарылатын термоядролық синтез саласындағы прогресс секілді мәселелердің шешілуі де ҒТР-ға байланысты.  Жер қойнауында бар және Жер мен жер төңірегі кеңістігінде пайда болып  отыратын энергиямен шикізаттың жалпы мөлшерінің молдығы соншалық, теория жүзінде олардың сарқылуы туралы сөз қозғамаған жөн болар еді.

6. Азық-түлік проблемасы – Жер бетінде өсіп келе жатқан халықты азық-түлік пен қалай қамтамасыз етуі керек? Ежелгі даналық сөзде: «Адам өмір сүру үшін тамақтанады, тамақтану үшін өмір сүрмейді» делінген. Оның қалыпты тіршілігі мен іс-әрекетіне қажетті тағам мөлшері жынысқа , жсқа, салмаққа, бойға, еңбектің сипаты мен жағдайларына, территорияның климат ерекшіліктеріне байланысты. Ғалымдар тұтынылатын тағамның каллориялық нормасы тәулігіне 2300-2600 ккал және 70-100 г белоктан кем болмауға тиіс деп санайды. Алайда қазіргі кезде БҰҰ-ның деректері бойынша адамзаттың 2/3-сі проблемасын ғаламдық проблема деп есептеу  керек. Оны шешу үшін адамзат өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының жіне балық аулаудың мүмкіндіктерін толығырақ пайдалануы тиіс. Мұнда ол екі жолмен жүре алады.

            Э к с т е н с и в т і жол – ең алдымен егістік, жайылымдық жерлер мен балық кәсіпшілігі аумақтарын одан әрі ұлғайту.

            И н т е н с и в т і жол – ең алдымен жармды жердің биологиялық өнімділігін аррттыру. Ол үшін биотехнологияның, түсімі жоғары жаңа сорттар мен топырақты өндеудің жаңа әдістерін пайдаланудың, механикаландыруды, химияландыруды, сонымен бірге тарихы Месопотамиядан, Ежелгі Египеттен және Үндістаннан юастап бірнеше мың жылға баратын мелиорациялауды дамытудың шешуші маңызы бар.

7. Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасы: жаңа кезең. Жер бетінің 71%-ін алып жатқын Дүниежүзілік мұхит елдер мен халықтардың қатынас жасауында маңызды рөл атқарып келді. Дегенмен ХХ ғасырдың ортасына дейін Мұхиттағы адамзат қызметінің барлық түрі дүниежүзілік кірістің 1-2%-ін ғана беріп отырды. Бірақ ҒТР-дың дамуына қарай Дүниежүзілік мұхитты жан-жақты зерттеу және игеру мүлдем басқаша ауқымалды.

      Біріншіден, ғаламдық энергетикалық және шикізат проблемаларының шиеленісуі теңізде кен өндіру және химия өнеркәсіптерінің, теңіз энергетикасының пайда болуына әсер етті. ҒТР-дің жетістіктері мұнаймен газ, темір-марганец конкрецияларын өндіруді ұлғайту, теңіз суынан сутегі изотобы – дейтрийді айырып алу, орасан зор толысу электр станцияларын салу [4], теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа болашақ ашуда.

       Екіншіден, ғаламдық азық-түлік проблемасының шиеленісуі Мұхиттың биологиялық қорларына деген қажеттілікті күшейтті: олар әзірге адамзаттың азық-түлік «ризығының» 2%-ін ғана қамтамасыз етуде. Әрине, балық пен теңіз өнімдерін өндіруді арттыра беруге болады және керек те. Бірақ, дүниежүзілік мұхиттың ұшан-теңіз көлемі биологиялық байлығы іс жүзінде сарқылмайды деген жалған пікір туғызбауға тиіс.

       Үшіншіден, халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, дүниежүзілік сауданың тез өсуі теңіз тасымалының ұлғаюымен қатар жүріп жатады. Бұл өз кезегінде өндіріспен халықтың теңізге қарай бетбұрыс жасауына және теңіз жағалауындағы көптеген аудандардың қарыштап дамуына себепші болады. Мәселен, көптеген ірі теңіз порттары өнеркәсіпті порт кешендеріне айналды, мұндай кешендерге кеме жасау, мұнай өңдеу, мұнай-химия, металлургия секілді салалар тән, ал соңғы уақытта кейбір ең жаңа салалар дами бастады. Теңіз маңайындағы урбандалу кең көлемде дамуда.

8. Ғарышты бейбіт мақсатта игеру: жаңа көкжиектер. Ғарыш ғаламдық орта, адамзаттың ортақ игілігі болып табылады. Қазір, ғарыштық бағдарламалар елеулі күрделене түскенде, оларды орындау көптеген елдер мен халықтардың техникалық, экономикалық, интеллектуалдық күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді.сондықтан ғарышты игеру аса маңызды халықаралық, ғаламдық проблемалардың біріне айналды.Мысал. «Интерғарыш» халықаралық бағдарламасы көлемінде 1978жылдан бастап орбиталық ғылыми зерттеу кешендерінде ұшуға 15-тен астам щетелдердің өкілдері қатысты.Ғарышты бейбіт мақсатта игеру әскери бағдарламалардан бас тартуды көздей отырып, ғылым мен техниканың, өндірістің және басқарудың ең жаңа жетістіктерін пайдалануға негізделген. Ол қазірдің өзінде Жер және оның қорлары туралы қыруар көп ғарыштық ақпарат беріп отыр. Болашақ ғарыш индустриясының, ғарыш технологиясының, ғарыштық энергетикақорларын қолданудың белгілері барған сайын айқын көрінуде.

9.Ғаламдық проблемалардың өзара байланыстылығы. Дамушы елдердің артта қалушылығын жою аса ірі жалпы дүниежүзілік проблема. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында жаңа дүниежүзілік соғысты болғызбау проблемасы айрықша орын алады. Алайда қарулану экономикасын қарусыздану экономикасына көше бастаған қазіргі кезде ғаламдық проблемалардың көпшілігінің ауырлық күші барған сайын дамушы елдерге қарай орын ауыстыруда. Дамушы елдерге азық-түлік проблемасы қайғылы, тіпті апатты сипат алып барды деуге болады. Әрине, әлемде аштық пен тойып тамақ ішпеу адамзат дамуының алғашқы кезеңінен-ақ белгілі. Қытайда, Үндістанда, Ирландияда, Африканың көптеген елдері мен Кеңес Одағында орын алған аштық ошақтары ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Бірақ ҒТР дәуірінде аштықтың және Батыстың экономикасы дамыған елдерінде азық-түліктің артық өндірілуі бұл шын мәнінде біздің заманымыздағы күтпеген құбылыстардың бірі. Бұл құбылыс ауыл шаруашылық өндірісінің оның өнімдеріне деген қажеттіліктен әлдеқайда артта қалуына әкеп соқтыртады. Қазіргі кезде халқының едәуір бөлігі аштан өлу шегінде тұрған Африка мен Азияның «жасыл революция» жургізбеген артта қалған елдері «аштық географиясын» ашып отыр. 70-тен астам дамушы ел азық-түлікті сырттан әкелуге мәжбүр болуда.

            Азық-түлік проблемасымен дамушы елдердің демографиялық проблемасы тығыз байланысқан. Бұларға демографиялық жарылыс қарама-қайшы әсер етеді. Бір жағынан, үнемі жаңа күштердің қосылуын, еңбек қорларының өсуін қамтамасыз етсе, екінші жағынан экономикалық артта қалушылықты жою жолындағы күресие қосымша қиындықтар туғызады, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуін күрделендіреді, олардың жетістіктерінің едәуір бөлігін «жеп қояды», территорияға түсетін «күшті» арттырады. Азияның, Африканың, Латын Америкасының көптеген елдерінде халық санының өсу қарқыны азық-түлікті өндіру қарқынынан озық болып отыр.

            Экологиялық проблеманың азық-түлік және демографиялық проблемамен тікелей байланысы бар. 1972 ж. Индира Ганди қайыршылықты айналадағы ортаның ең қорқынышты ластануы деп атады. Шынында да, бұл елдердің көпшілігінің кедейлігі, олар үшін халықаралық сауда шарттарының қолайсыздығы соншама, оларға болашақта ойламастан, сирек кесе беруден, жайылымды малға таптатудан, лас өндірісті қабылдаудан және т.с.с. басқа ештене қалмайды. Жердің шөлге айналуының, орманның сиреуінен топырақтың тозуының, фауна мен флораның түр құрамы кемуінің, ауа мен судың  ластануының басты себебі, нақ осында жатыр. Тропиктер табиғаттың ерекше жарқаттанғыштығы олардың зардаптарын тереңдете түседі.Дамушы елдердің кедейлік жағдайы жалпы адамзаттық, жалпы дүниежүзілік аса ірі проблемаларға айналды. 1974 ж БҰҰ 1984 ж Дүниежүзінде бірде-бір адамның аш ұйықтамауын көздейтін қабылдаған-ды. Онда 2000 ж қарай бұл елдердің дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісіндегі үлесін 25%-ке арттыру белгіленген болатын. Алайда бұны жүзеге асыру мүмкін болмады. Міне, сондықтан дамушы елдердің артта қалушылығын жою бұрынғысынша төтенше өзекті міндет болып қалуда. Оны шешудің басты жолдары: бұл елдердің өмірімен қызметінің барлық салаларында түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүргізу, ғылыми-техникалық прогресті, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, қарусыздандыру.


Пайдаланған әдебиеттер

1. Е.В. Вавилова. Экономическая и социальная география мира. М, Гардарики, 2006

2. А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М, 2001

3. М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович. Экономическая и социальная география России и новых независимых государства. М, 2001

4. В.П. Желтиков. Эконмическая география. (Высшее образование). Ростов- на- Дону, Феникс, 2004

5. Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья. (Под ред.М.П. Ратоновой) М, 2004

6.И.А. Родинова, Т.М. Бунакова « Экономическая география », М.2003

7.В.И. Бутов. Экономическая и социальная география: зарубежного мира и РФ, М, 2003.

8.Ю.Г.Липец и др. География мирового хозяйства, М, Владос, 1999

9.М. Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар.Алматы, 1998

10.М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович, А.М. Носов. Экономическая и социальная география. М, Владос, 2004

11. Н.Н. Петрова. География. Современный мир. М, Форум- Инфра-М, 2007



12С.Ю.Корнекова, С.П. Семенов. Социально- экономическая география (Пособие для подготовки к экзамену). С- Петербург/Москва/ Харьков/ Минск, Питер, 2001

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет