Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейі Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті Тақырыбы: «Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі»



бет2/2
Дата20.06.2018
өлшемі399,16 Kb.
#43933
1   2

ІІ. Негізгі бөлім.

Ертегі – халық қиялынан туған туынды. Ертегіде халықтың тыныс-тіршілігі, тарихы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман- мұраты жатыр. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық оқиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесінің арқасында туған. Адам баласы өзінен өзге жанды, жансыз дүниені, әсіресе айналасындағы хайуанаттардың тіршілігі мен өмірі жайлы танып-білуге талпынғандығын талай ертегілерде таратқан. Иран елінде арыстанды, Римде қасқырды, Индияда сиырды қастерлеп, кие тұтқан. Түркі тектес елдерде қасқырды көнелік ұғым – нанымдарда кие тұтқан.

Қазақ елі де көп заманнан бері мал мен даланың аңы, құсымен үнемі көп араласып келе жатқандықтан хайуанаттар жайлы әр алуан ертегі-әңгіме шығарған. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысқыл есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылықпен алысу үшін мысал етіп алу болған. Хайуан мінездерін әңгіме етудің екінші түрі - хайуанды анық хайуан етіп суреттейді. Бұл топтағы ертегілер саны жағынан көп және ел арасына кең тараған. Ертегілердің тәрбиелік, әлеуметтік мәні бар. Онда кейіпкер мінезі көрінеді.

Бізге мәлім қазақ ертегісінің ішінде қасқыр хайуаны көбірек әңгімеленеді. «Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі» деген тақырыптағы ғылыми жұмысымды орындау барысында біршама ертегілермен таныстым. Ертегілердің атаулары басқа-басқа болғанмен, мазмұндары ұқсас екен. Адам бойындағы мін мен ақауды аяусыз әшкерелеуде қасқырдың қатысатын ертегілерін балалар сүйіп оқиды.

Ертегілерді оқи отырып, біз қасқыр бейнесіне екіжақты көзқараста болдық. Бірі – қасқыр шынайы өмірдегідей жауыз, тіріге мейірімсіз,зұлым, қара ниетті жыртқыш аң болса, екіншісінде – қасқыр ақымақ, аңқау, тез алданып қалатын келеке аң екеніне көз жеткіземіз. Оның айласы мен қулығы, екі жүзділігі мен зұлымдығының себебін танып білуге тырысамыз.

«Қасқыр мен тоқты» ертегісінде қасқыр өз жемтігін қалай да қолға түсіруді ойлап, тоқтыға:



  • Мен ішетін суды неге былғадың? – дейді.

Қозы момақан болса да, ақылмен:

  • Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын. Сен судың жоғарғы жағынан, ал мен болсам, судың төменгі жағынан су ішіп тұрмын ғой, - дейді.

Сөзден жеңілсе де, қасқыр:

  • Сен өткен жылы менің әкемді қорлағансың, - деп қозыға тыныштық бермейді.

  • Қасеке, мен қалайша сіздің әкеңізді қорлаймын, өткен жылы мен туылмаған да едім ғой, - дейді қозы.

Қасқыр ашуланып:

  • Әдепсіз, неге қарсы сөйлейсің, - деп қозыны жеп қояды. Бұл ертегі алғаш 1964 жылы жарияланған. Қасқырды адамның адам мінезіне тұспалдап, мысқал есебінде қолданған.

«Қасқыр мен лақтар» ертегісінде де қасқыр өз қарнын тойдыру үшін жеті лақты қалай да алдап, жемекші болады. Бұл ертегілерден біз қасқырдың ашушаң, тіріге мейірімсіз, өзінің дағдылы қасқырлық жауыз мінезін аңғарамыз. Бұл ертегі орыстың халық ертегісінен аударылған.

Қай ертегіні алып қарасақ та, қасқыр жемтік іздеп жүреді. Оның я ерлік жасағанын да, я жақсылық жасағанын да көрмейміз. Себебі ол түз тағысы. Оны қолға үйрету мүмкін емес, ол – жыртқыш.

«Қасқыр мен егінші» ертегісінде үлкен мінездік өсиет бар. Қасқыр адамға жау, дұшпан ретінде суреттелген. Қиындыққа тап болған қасқыр өзін аңшылардан құтқаруын өтініп, егіншіден көмек сұрайды. Егінші қасқырды аңшылардан құтқарып қалады. Қиындықтан құтылған қасқыр егіншіге бас салады. Бұл тұстан біз қасқырдың жақсылыққа жамандық жасайтынын аңғарып, оның түз тағысы екенін растаймыз. Осы кезде айлакер түлкі келіп, егіншіні қасқырдың аузынан аман алып қалады.

«Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін ең алғаш рет ел аузынан А. Алектров жазып алған. Қазақша нұсқасын 1912 жылы Спандияр Көбеевтің «Үлгілі бала» жинағында жариялаған. Бұтақтан бұтаққа секіріп жүрген ақ тиін ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап кетеді. Ақ тиін қасқырдан өзін босатуын сұрайды. Қасқыр:



  • Сен менің мына сұрағыма жауап берші: неліктен сендер әр уақытта көңілді болып жүресіңдер? – дейді.

Ақ тиін ағаштың басына шығып алып:

Бұл ертегідегі ақ тиіннің сөзі қасқырға берілген шынайы мінездеме іспетті.

Кейбір ертегілерлің мазмұнына үңілсек, қасқыр көбіне аңқау, я болмаса ақымақ кейіпте қалады. Неге? Себебі халық қасқырдан жауыздық көргісі келмеген. Халық өзінің күнкөрісі болған төрт түлік малын осы жыртқыш аңнан арашалағысы келген. Сол себепті қасқырды ақымақ, аңқау етіп суреттеген. Жауыздық кімге жарасқан? Жауыздық жақсылықты да жойып жібереді. Жер бетін жақсылық жайласын деген қиялмен қасқырды ақымақ қылады. Оған дәлел мына ертегілер:

«Ақымақ қасқырдың аш қалуы» ертегісінде қарны ашқан қасқыр өрісте отардан бөлініп қалған арық қойды көріп, соны жемекші болады. Бірақ қой айласын асырып:


  • «Жылы-жұмсақты» алдыңа әкеп беремін, - деп алдап кетеді.

Әрі күтеді, бері күтеді, қой келмеген соң, бір белеске шығып, төңірекке қараса, қызылшаны күрт-күрт шайнап тұрған ешкіге тап болады. Оны да жемек болады. Ешкі де айласын асырып:

  • Сенің атаң да, анаң да жақсы еді ғой. Олар қой тұрғанда ешкіні жемейтін. Мен қарапайым ешкі емеспін, тойда билеп, көзге түскен ешкімін, - деп олай-бұлай секіре-секіре жалт беріп, көп қойдың арасына кіріп кетеді. Сөйтіп ақымақ қасқыр аш қалыпты.

«Арыстан, қасқыр һәм түлкі» ертегісі ел арасына кең тараған мысал түрінде жазылған. Аң патшасы арыстан ауырып жатады. Барлық аңдар оның халін сұрап келіп жүреді. Бірақ түлкі келмейді. Қасқыр түлкіге наразы болып, өшін алмақ болып, арыстанға түлкіні жамандайды. Арыстан бұған ашуланып, түлкіні шақыртады. Түлкі қасқырдың жамандағанын сезіп, арыстанға айтады:

  • Маған бекер ашуланасыз, мен сіздің ауруыңызға дәрі іздеп, мазам кетіп жүр.

  • Ол не дәрі? – деп, арыстан қуанып кетеді. Сонда түлкі:

  • Егерде қасқырдың терісін жылылай жамылсаңыз, - дей бергенде, арыстан сөзді аяғына дейін тыңдамай, қасқырдың терісіне бас салыпты.

«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» дегендей, түлкіні алдаймын деп өзі орға түсуінен қасқырдың ақымақтығын байқаймыз.

Жануарлар жайындағы қазақ ертегілеріндегі көп кездесетін қасқырдың сиқы жалпыға мәлім – ақымақ та, ашқарақ. Түлкінің алдағанына иланып, өзінің құйрығынан айырылып, қаза табатын да қасқыр. Енді бір ертегіде ешкі, қой, жылқы сияқты жануарлардан алданып, қор болады. Сонымен бірге қасқыр зорлықшылдығымен барлық ертегілерде сәтсіздікке көп ұшырайды. Ол әрі сараң, әрі қорқақ. Тіпті қиын –қыстау кезеңдерде ақылмен жол тауып кететін қозы мен лақтан әлсіз болып шығады.



ІІІ. Қорытынды.

Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін түз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі.



Мұнда қасқырдың адамға көнбейтіндігі көрініс табады. Бұл қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі. Қасқыр — дала тағысы.

Циркте қасқырдың өнер көрсетіп жүргеніне ешкім куәлік ете алмайды. Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді. Өлексені татып алмайды. Сонымен қатар, ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.

Мен зерттеу жұмысымды белгілі әдебиет зерттеушісі Мәлік Ғабдуллиннің мына пікірімен аяқтағым келеді: «Адамдағы кемдікті, мінді, мінез-құлықты жиренішті етіп көрсету үшін, жаманшылықпен күресу үшін хайуанаттарды ертегіде кейіпкер ретінде алған».



Сөз соңында, қасқыр өмірдегі ұнамсыз адамдардың бейнесін танытады десек, қасқырдай қара жүрек залымдардың жүрмеңіз түсіп кетіп тамағына демекпін.

Ұсыныс

  1. 5 сынып оқушыларын жаппай кітап (ертегілерді) оқуға баулу.

  2. Ертегілердегі қасқыр бейнесін аша отырып, қасқыр бойындағы жағымсыз мінездерден аулақ болуға тәрбиелеу.

  3. Танымдық ойын дамыту.

  4. Ғылыми жоба нәтижелерін мектеп оқушыларына үлгіге ұсыну.

  5. Мерзімді баспасөз беттерінде (педагогикалық-танымдық журналдарда) жариялау.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ертегілер (Жауапты шығарушы Т. Алпысбаев) – Алматы: Жазушы, 1988.

  2. Ә. Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы» − Алматы, Ана тілі, 1991

  3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия /Бас редактор Ә.Нысанбаев –Алматы

  4. «Қазақ ертегілері» − «Көшпенділер» баспасы. Алматы, 2007.

  5. «Өнегелі ертегілер» − «Аруна» баспасы, 2007.

  6. «Хайуанаттар туралы ертегілер» − Мемлекеттік тілді дамыту институты, Алматы, 2014.

  7. М. Ғабдуллин «Қазақ халық ауыз әдебиеті», Алматы, «Санат», 1996 ж.

  8. «Ертегілер», көп томдық. І том. Алматы, «Жазушы», 1988 – 288 б.

Каталог: uploads -> doc -> 071f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
071f -> Сабақтың тақырыбы : ыбырай алтынсариннің «Әке мен бала»
071f -> Сабақ Тақырыбы: Қазақтың көне музыка аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев
071f -> «№8 жалпы орта білім беретін мектеп» мм «Ауаның ластануы. Ауаны
071f -> «Ғажайып физика» интеллектуалды конкурсын өткізу ережесі жалпы ережесі. Негізгі ереже 7 сыныптарға арналған «Ғажайып физика»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет