Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет9/19
Дата31.12.2019
өлшемі2,82 Mb.
#54596
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Ғылыми жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру;
– оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, оқушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;

94


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

– оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік , сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.


«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: жаратылыстану, география, физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері кіреді.
Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы оның негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Оқушылардың:
– ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін;
– дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;

– зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.


География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктерді дамыту үшін:
«Проблеманы түсіну» – білім және білікті мәтін, диаграмма, формула немесе кесте түрінде берілген ақпаратты түсіну үшін қолдануға және олардан қажетті ақпаратты бөліп алуға, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты кіріктіруге;
«Проблеманы сипаттау» – проблемадағы ауыспалыларды және олардың арасындағы байланыстарды анықтауға, ауыспалылардың қайсысы проблемамен байланысты және қайсысы байланысты емес екенін шешуге, шартта берілген ақпаратты анықтауға, ұйымдастыруға және сыни бағалауға;

«Проблеманы таныстыру» – проблеманы шешу, ақпаратты ұсынудың бір түрінен екінші түріне өту үшін кесте, график, белгілердің көмегімен немесе сөз түрінде, немесе шартта көрсетілген үлгіні қолдану арқылы ақпаратты таныстырудың жолын әзірлеуге;


«Проблеманы шешу» – қойылған проблеманың шарттарына сәйкес шешімдер қабылдауға, ұсынылған жүйеге талдау жасауға және мақсатқа жету үшін проблемада көрсетілген жүйені жоспарлауға, оны шешудің тәсілдерін ұсынуға;

«Шешімді ойластыру» – алынған шешімді зерттеуге және қажет болған жағдайда оны дәлелдеу үшін қосымша ақпарат іздеуге, неғұрлым тиімді шешім іздеу үшін алынған шешімді түрлі көзқарас тұрғысынан бағалауға және түсіндіруге;

«Проблеманың шешімін хабарлау» – алынған нәтижені көрсетудің жолдарын таңдауға және оны басқа оқушылар үшін нақты түсіндіруге ерекше көңіл аударылады.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті

95


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

өмірімен, денсаулықты сақтаумен , техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми -жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс,


Қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуының нәтижелері ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін көрсетеді. Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқыту барысында аталған компонентті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік құралдар ұсынылған (www.nao.kz).
2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.
Оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтын келесі жағдайларды айқындауға болады:
– «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқыту барысында оқушылардың білім және білікті кешенді қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру (оқушылардың кешенді практикалық және зертханалық жұмыстар орындау, кешенді тақырып бойынша хабарламалар әзірлеу және т.б.);

– мұғалімнің іс-әрекетін оқушылардың бойында «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша білім және біліктерін қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағыттау.


Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктерінің табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:
– оқушыларды өздерінің білімдері мен біліктерін кешенді қолдануы бойынша өз беттерінше іс-әрекетке бағыттау;
– пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;
– репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктерді кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;
– кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және білікті кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктерді кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.

Сабақ барысында зертханалық құралдарды дұрыс пайдалану, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, бақылаулар және өлшеу жұмыстарының нәтижелерін түрлі тәсілдермен (суреттер, кестелер, сызбалар, фотосуреттер,


96


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

кино түсірілім және бейнежазба) белгілеп отыру білігін дамыту қажет, Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық


жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
– оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын;
– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;

– оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;


– Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

– виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.

Сандық зертханалар ғылыми-жаратылыстану бағытындағы түрлі

зерттеулер жүргізудің жаңа, заманауи электронды құралдары болып табылады. Олардың көмегімен пәннің оқу тақырыптары, сондай-ақ басқа тақырыптар бойынша да көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Зертхананы қолдану оқу жұмысының көрнекілік дидактикасын айтарлықтай жоғарылатады. Сандық зертханалардың құралдары жан-жақты, оның құрамына оқушылар мен мұғалімдердің уақытты үнемдеуіне, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге қажетті түрлі эксперименттік құрылғылар қосылуы мүмкін. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға мүмкіндік береді, оларды мысал ретінде қолдануға және оқушылардың өздері түсірген, оқу және өмірлік нақты жағдаяттарды зерттеуге мүмкіндік туады, сондай-ақ оқу және танымал бейнефильмдердің көріністерін қолдануға болады.


Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады . Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.

97


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.


3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.

Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.


«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобалар орындауы маңызды болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:
– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);
– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);

– жеке зерттеушілік жобалар.


Практикалық және зерттеушілік жұмыстар , зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады . Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және номерлермен белгіленген.
Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас қалыптастырумен байланысты. Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы

98


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты көзқарас алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.


Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін «экологияландыру» оқушыларды экология мәселелерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.
Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:
– табиғат кешендерінің экологиясы;
– мектеп ішіндегі жарықты өлшеу;
– түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу;

– мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін өлшеу;


– сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері;

– топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері;

– ортаның абиотикалық факторлары;

– урбандалған аумақтардың экологиясы;


– гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау;

– қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау. Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам


іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.
Сапалық және сандық есептерді шешуге бірдей деңгейде көңіл аудару керек, себебі құбылыстардың, процестердің мәнін түсіну және олардың шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет.
Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды

99


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

болып табылады.


Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік қоғамы» қоғамдастығының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо;
http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017

4. «Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сыни ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды:

– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;
– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;

– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;


– жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:
1) Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа
да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін.
2) Дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді немесе болжамдарды
анықтаңыз.

100


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


  1. Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.




  1. Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз.




  1. Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз.




  1. Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз.




  1. Сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді қолданыңыз.




  1. Тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен

маңыздылығын негіздеңіз.




  1. Жаратылыстану, география, физика, химия және биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.

Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «өмір», «адам», «табиғат кешені», «экономика және экология», «зат», «дене», «энергия», «күш», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.


  1. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму

101


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.


«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады.


  1. Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ барысында алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға деген тұрақты қызығушылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:

– үй тапсырмаларын оқулық параграфтарын жаттап алуға және тапсырмаларды орындауға ғана пайдалануға болмайды. Шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды көбірек қолдану қажет;

– үй тапсырмаларына оқушылардың өз оқу әрекеттерінің нәтижелеріне өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу;


– үй тапсырмасына мазмұны және орындалу түрі бойынша түрлілігімен ерекшеленетін тапсырмалар беру;
– үй тапсырмасының көлемін анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.


  1. Білім беру саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының ұсынылатын тақырыптар. Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:


Биология: «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,
«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі », «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздары арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Тері – денсаулық айнасы».
География: «Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері», «Қазақстан географиясын оқудағы жобалық технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу», «Қазақстанның энергетикалық әлеуетінің дамуы», «Еліміздің жасыл энергетикасы», «География, тарих, өнер: қиылыстары және өзара байланысы».

Физика: «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Физикадан ашылуларды қалай жасайды», «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және олардың адамға әсері», «Физика және компьютер», «Физикалық-техникалық модельдеу», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану».
Химия: «Экологиялық химия», «Күрделілігі жоғары химиялық есептерді

102


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

шығару», «Жай судың жұмбақтары», «Химия және тамақтану», «Ұзақ өмір сүру (кіріктірілген курс)», «Бейметалдар химиясы және өмір», «Ойланып қалған химия», «Химия және қоғам», «Химияның тарихы», «Химия, ғылыми фантастика шығармаларының негізі ретінде», «Химик-зертханашы мамандығымен танысу», «Химия және шаштараз өнері», «Химия және СЖҚ», «Тамақтық қоспалар: плюстері мен минустері», «Косметика: кеше, бүгін, ертең», «Ас үйдегі химия», «Күнделікті өмірдегі заттар және материалдар», «Химиялық есептерді шығару әдісі», «Химиядан эксперименттік есептерді шығары әдісі».


«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында пайдалануға ұсынылатын ресурстар:

  1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/

  2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі: http://energo.gov.kz/




  1. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы http://gharysh.kz/news/

  2. «Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру желісі: http://www.eurekanet.ru




  1. Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогы да қолжетімді, яғни кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.

  2. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен берілген көптеген энциклопедияларға қарағанда EOLSS білімінің ауқымы тақырыптармен ұйымдастырылған. Пәндердің ішінде: математика, физика, энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология, азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.




  1. Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.




  1. Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең ауқымы, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады, бұл жерде мұғалім өз «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдер құрастырған «Жоспарды» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).

  2. «Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері». Интерактивті анықтамалықтарда дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын

103


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген: http://www.sci.aha.ru.




  1. Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар берілген: http://www.rubricon.com.




  1. Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады (24-кесте).




www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org








« АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазақстан тарихы

«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдерін оқытып, көшпелілер өркениеті мен Қазақстан мемлекеттілігі тарихын қарастыру. Қазақстан тарихы ата-бабалар мәдениетінің бірегейлігі, тарихи процестердің біртұтастығы мен сабақтастығын түсінуге мүмкіндік береді. Көшпелілердің әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, адамзат өркениетіне қосқан үлесін жаңа өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Сондай-ақ, пәннің оқушыларда өткенді саралау, бүгінгі күнді сипаттау және болашақты бағдарлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор.


Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.
«Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұнында өскелең ұрпақтың бойына қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің материалдары болуы тиіс: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, ұлттық сана сезімі жетілген, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеу.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқыту кезінде білім алушылардың тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы, мемлекеттердің сыртқы саясаттары бойынша ақпарат беретін тарихи деректердің салыстырмалы талдауының негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды қажет ететін дағдыларын дамыту қажет. Оған қоса мұғалім оқушыларға тарихи картада оқиғаларды, олардың динамикасы мен даму жағдайын белгілеуге тапсырма

104


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

бере алады, бұл өз кезегінде оқушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.


«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында «тарихи тұрғыдан ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдану қажет. «Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен анықталған.

Қазақстан тарихы:

5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Пәнді оқытуға арналған әдістемелік ұсынымдар.
Тарихты оқыту – күрделі процес, ол өзара байланысты, оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету және меңгеруге басшылық ету сияқты және т.б. құрамдас бөлімдерден құралады.
Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады.
5-9-сынып оқушыларының жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі топтық жұмыс болып табылады, топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі функцияларын анық түсіндіру қажет. Сонымен бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.
Оқушылардың бойында тарихи түсінікті дамытуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – рөлдік ойын болып табылады.
Рөлдік ойынның тиімділігінің үш міндетті элементі:


  1. Тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделене береді.




  1. Оқушыларға тарихи деректерден үзінді беруді жүйелі түрде жүргізу керек. Тарих сабақтарында сұрақтарды қою маңызды орын алуда, дұрыс әрі нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады.




  1. Сондықтан да мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын

105


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.


Оқушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.
Түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту үшін жаңа стратегиялар мен техникалар ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сыни ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және т.б.
Жазу дағдыларын дамыту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану ұсынылады.
РАФТ стратегиясының (Р – роль, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып) басты мақсаты оқушыда, белгілі бір образға (рөлге) ену арқылы, өзінің ойын жазбаша түрде түсінікті әрі нақты жеткізе алу дағдысын қалыптастыру. Бұл стратегия қолдану арқылы оқушылар түрлі тақырыптарға әртүрлі аудиторияға арнап ақпарат (мәлімет, мәлімдеме, т.б.) жазуды үйренеді.
Нәтижелі деңгейде картамен жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін тарихи карталардың мазмұнын басқа да дереккөздермен тарта отырып талдауға бағытталған, тапсырмаларды пайдалану керек.
Оқушылардың жазбаша жұмыстарды орындауына ерекше назар аудару ұсынылады: эссе, мақала, баяндама, хат, қысқаша ақпарат және т.б.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасау тапсырмаларын беру керек.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру , белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік -тілдік кіріктірілген оқыту және т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану үшін оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қажет. Отандық және жалпы тарихтың кейбір тақырыптарын кіріктіру мүмкін болады. Халықаралық қатынастар тарихы мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы , тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады.
Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін анағұрлым ұлғайтады. Мәселен , әдебиет курстарын оқыту барысында оқушыларға рухани шығармашылық процесінің тарихи контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http:// www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Үй жұмысы сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың бірі болып табылады.

Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:


- ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.);

106


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


    1. қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);




    1. тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, балама тест, көпжауапты тест);




    1. шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);




    1. өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

Оқушыларға жобалық және шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) тапсырмалар тақырыптарын алдын ала беру әдістемелік тұрғыдан дұрыс болады. Сонымен қатар мұғалім осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы керек. Оқушы хабарлама даярлаған кезде тек білімін ғана көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын батырға қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.


Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмаларының 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативті, мәселе қою білу және рөлдік.
Шығармашылық үй тапсырмаларына қойылатын өлшемшарттар немесе талаптар:


  1. терминология мен ақпараттың күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;




  1. әдебиет пен дереккөздерінің тізімін беру қажет;

  2. ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б. ескеру керек.

«Тарих» пәні бойынша міндетті бітіру емтиханын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.
Кешенді емтихан бағдарламалары принципімен айқындалатын тарихты зерделеудің оқиғалық-хронологиялық және проблемалық-теориялық деңгейімен үйлесетін болады. Білім алушылардың дайындық деңгейінің көрсеткіштері тарихи білімдерін теориялық, фактологиялық, хронологиялық, картографиялық және бағалау компоненттерін игеру мен оқу-танымдық әрекеттер тәсілдеріне сәйкес меңгеру болып табылады.
Емтихан тапсырмаларын құрастыру кезінде әртүрлі оқулықтар мен ОӘК-терді (ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен) қолдануға болады. Тапсырмаларды дайындау кезінде мұғалімдер толық сипатталмаған оқиғалар берілген ақпарат көздерін іріктеу ұсынылады. Осындай ақпарат көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, тарихи оқиғалар туралы), статистикалық материалдар (кестелерде немесе мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін. Білім алушыларды міндетті түрде мектеп бітіру емтиханына дайындау кезінде оқу бағдарламасы бойынша дайындалған оқулықтарды пайдалану керек.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

107


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:




  1. Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);

  2. Қазақ батыры, әскербасы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының 440

жылдығы (1576-1656);

  1. Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);




  1. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);




  1. Қазақтың батыры, талантты қолбасшы Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325 жылдығы (1692–1770);




  1. Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының 275 жылдығы (1753—1802);




  1. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлының 225 жылдығы (1791-

1838);


  1. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ұлттық мектебінің негізін қалаушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы (1841—1889);




  1. Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебі ашылғанына 175 жыл

(1841-2016);



  1. ХХ ғасырдың басындағы Ұлт көшбасшысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937);




  1. Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы, білімді заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-1914);




  1. Қазақтың тұңғыш бейресми Конституциясы «Қазақ елінің Уставына» 105 жыл (1912-2017);




  1. «Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне 105 жыл (1911-2016);

  2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016);

  3. Алаш Орда үкіметі құрылғаны 100 жыл (1917-2017);

  4. Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың 100

жылдығы (1916–1944);

  1. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016);




  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге

асады:
-базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
-таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
-оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; -кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып , алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және

108


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.


Дүниежүзі тарихы

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға әлем тарихы бойынша жеткілікті білім алуға және тарихи процестердің мәні мен тарихи фактілердің маңызын түсінуге, проблемаларды шешуге, жағдаятты сыни бағалау және шешім қабылдау, сондай-ақ түрлі тиімді коммуникацияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Мектепте «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі мақсаты ғылыми гуманистік көзқарасы бар, әлеуметтік белсенді, жан-жақты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып оқушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды
ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.

Тарих сабағын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқытудың

тәрбиелік компоненттеріне ерекше назар аударған жөн.

«Дүниежүзі» пәнінің мазмұнынын оқыту «Мәңгілік Ел» патриоттық


актісін жүзеге асыруға және тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілік, тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге ықпал етеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру олардың тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлерімен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарлау; тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана б iлу; тарихи танымның әдiс-тәсiлдерiн меңгеру, әртүрлi дерек көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеу; сыни ойлау дағдыларын дамыту; білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру; қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық проблемаларды талдай білу; негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи дамудың процестерінің мәні туралы түсіну қабілеттерімен анықталады.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған.


«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің төмендегі көлемі белгіленген:
6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 7-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Ежелгі дүние тарихы қалыптылығы, тұтастығы және логикалық түрде аяқталуымен сипатталып, жүйелі түрде оқу пәні ретінде 6-сыныптан басталады. Тарихты оқыту оқушылардың тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыру үшін

109


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

адамзат жүріп өткен тарихи жолдары,оқиға-хронологиялық деңгейде қолайлы шарттар арқылы жүзеге асырылады


Келесі сыныптарда күрделі материалдарды, негізгі ұғымдарды, іскерліктер және қажетті дағдыларды қабылдау неғұрлым алтыншы сынып оқушыларында қалыптастыру өте маңызды.
Орта ғасырлар тарихы пәнін оқыту осы кезеңдегі қоғам дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері болып табылады.Бұл адамзаттың әлеуметтік, мәдени, мемлекеттердің дамуы және Еуропадағы саяси феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Орта ғасырлар тарихын оқыту қазіргі заманғы адам үшін өте маңызды болып табылады, өйткені бұл кезеңде көптеген ұлттық мәдениеттер мен құндылықтардың пайда болуына байланысты. Мұғалім сол уақыт кезеңінің ерекшелігі туралы түсінік беруі; білім беру процесінде оқу пәнінің орнын анықтауы; курс құрылымының анықтамалық және оқулықтың әдістемелік аппаратымен, міндеттерімен таныстыруы; жаңа оқу пәніне қызығушылығын арттыруы тиіс.
Орта ғасырлар тарихын оқыту 7- сынып оқушыларын тарихи оқиғалар мен ұғымдарды талдау және салыстыру дағдыларын дамытады, осы тарихи дәуір қоғамының бөлігі ретінде қарапайым адамның өмірі бақылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы өркениет құрған жаңа заман немесе дәуірді оқыту 8-сыныпта басталады.
Пәннің бұл кезеңдегі материалдары оқушыларды аграрлық дамудан біртіндеп индустриялы дамуға арналған тақырыптармен таныстырады. Жаңа тарихты оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, сондай-ақ шын мәнінде тарихи оқиғалар мен жаңа процестерді талдау және салыстыру өткен дәуірден және қазіргі заманғы оқиғалар ережелері оқушылардың іздеу және пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

9-сыныпта оқытылатын "Қазіргі заман тарихы" курсы оқушыларға ХХ ғ.басы мен ХХІ ғ. ең маңызды процестерге, құбылыстарға, ұғымдарға баса назар аударылып, адамзат дамуының жалпы бейнесі туралы түсінік қалыптастырады (Еуропа және Америка, Азия және Африка саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани -мәдени дамуынан бастап, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс және ең алдымен қазіргі заманғы құрылғылардың пайда болуын түсіну және түсіндірумен ерекшеленеді.


Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту - өткен тарих туралы, адамзаттың өзара әрекетімен туындаған тарихи оқиғаларды оқу мен талқылау оқу кезінде оқушылардың әлеуметтік тәжірибелерін байыта отырып, жүйелендірілген білім қалыптастыруға ықпал етеді. Әртүрлі дүниетанымдық, құндылық-мотивациялық, әлеуметтік жүйелерден туындаған, тарихи қоғамдық процестердің логикалық ерекшелігін түсіну қабілеттерін дамыту түйінді рөл атқарады.
Сабақтарда оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес тарихи тұрғыдан ойлаудың (белсенді және проблемалық оқыту, жобалау, тұжырымдамалық оқыту) әртүрлі әдіс-

110


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

тәсілдерін қолдану қажет.


Білім беру процесінде компьютерлік технологияларды және жобалық әдістемелерді пайдалануға ерекше назар аударуды талап етеді. Оқушылардың білім алу мүмкіндіктері мен алған білімдерінің қолдану аясын түсініп, бұл технологияларды әдеттегі әдістермен шебер қолдана білу мұғалім үшін маңызды.
Әдістемелік жағынан жоба тақырыптары және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаж және т.б.) оқушыларға алдын-ала беру керек. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларды аталған шығармашылық жұмыс түріне қарай, оның орындау талаптары таныстыру қажет. Тапсырмаларды дайындау кезінде оқушылар тек қана білім алып қоймай, сол оқиғаны түсіну, оқиғаның басты кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы туралы өзіндік ойы болып, сезінуі қажет.
Топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады: шағын-конференция, пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жобаларды қорғау және т. б. Бұл ретте жобаларды жеке немесе ұжыммен, педагогиканың ынтымақтастық принциптерін қолдана отырып мұғалім мен оқушы бірге орындауы да мүмкін.
Өткен заманның кез-келген құбылысын осы заманның контекстінде, бұрын болған оқиғаларды және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады.

Оқыту төмендегідей тарихи түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:




  1. өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);




  1. себеп және салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси процестерге әсер етті);




  1. дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);




  1. ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылу кезеңінде мемлекеттің саяси құрылысының айырмашылығы мен ұқсатығы неде);




  1. түсіндіру (мысалы, әртүрлі зерттеушілер сол немесе басқа тарихи оқиғаларды қалай сипаттайды).

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқу кезінде пәннің мазмұнына сәйкес тарихи


зерттеулерді (болжамды ұсыну, зерттеу үшін сұрақтарды құрастыру, дереккөздерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, қорытыныдылар мен нәтижелерді тұжырымдау, өзіндік ұстанымын анықтау) өткізудің дағдыларын қалыптастрыу мен дамыту ұсынылады.
Мұғалімнің сабаққа арнайы дайындайтын тапсырмалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы тиіс:


  1. тапсырманы орындау мақсаты мен қолжетімділігі;




  1. дифференциацияны көздеу;

  2. сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  3. проблемалық оқыту;

111


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


  1. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;




  1. ақпараттың және терминологияның күрделілік деңгейі;

  2. әдебиеттер тізімі;

  3. ақпараттың тартымдылығы мен дәйектілігі;

  4. бағалау үшін мүмкіндіктерінің бар болуы.

Сыныптағы практикалық жұмыс, өздік жұмысы, үй тапсырмасын орындау оку процесінің құрамдас бөлігі .Практикалық сабақ тарихи дереккөздерімен және әртүрлі көзқарастарды салыстыра білуді жетілдіру, қоғамдық-тарихи даму мәселелері бойынша өзіндік ұстанымын білдіру сяиқты жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты. Практикалық тапсырмаларды орындау пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнатуды, ақпараттарды өңдеудің әмбебап тәсілдерін меңгеруді көздейді.Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен қызығушылығына байланысты сабақтар мамандандырылған (белгіленген тақырып бойынша) немесе кіріктірілген болуы мүмкін.


Жұмыстың келесі аспектісінде –оқушылардың білім мен білік дағдыларын бағдар уақыт пен кеңістігінде тарихи карталарды пайдалану ықпал етеді, картада тарихи оқиғалардың жай -күйін және олардың даму динамикасын көрсететін тапсырма болуы мүмкін.
Үй жұмысының мақсаты – қосымша материалдар арқылы сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға итермелейді және оқу үрдісінің танымдық-шығармашылық іс-әрекеттерінің біріне жатады.
Сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін:


    1. ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық және т.б.);




    1. қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма және т.б.);




    1. тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, балама тест, көпжауапты тест);




    1. шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);




    1. өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

«Дүниежүзі тарихы» бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:




  1. Каталог: sites
    sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
    sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
    sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
    sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
    sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
    sites -> Өмірбаяндық деректеме
    sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет