Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда


жастан бастап 4 жасқа дейінгі ІІ кіші топқа арналған



бет2/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,29 Mb.
#5974
1   2   3   4   5   6

3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі ІІ кіші топқа арналған

  • үлгілік оқу жоспары





    «Денсаулық» - 2 сағат




    дене шынықтыру валеология негіздерімен

    2 сағат

    «Қатынас» - 2 сағат




    тіл дамыту

    1 сағат

    көркем әдебиет

    0,5 сағат

    орыс тілі

    0,5 сағат

    «Таным»- 2 сағат




    қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

    0,5 сағат

    құрастыру

    1 сағат

    қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері

    0, 5 сағат

    «Шығармашылық» - 4 сағат




    сурет салу

    1 сағат

    мүсіндеу

    0,5 сағат

    жапсыру

    0,5 сағат

    музыка

    2 сағат

    «Әлеуметтік орта» - 1 сағат




    қоршаған ортамен таныстыру және экология

    0,5 сағат

    көркем әдебиет

    0, 5 сағат

    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі

    аптасына 11 сағат,

    36 оқу аптасы

    Вариативтік компонент

    1 сағат





    1. «ДЕНСАУЛЫҚ» білім беру саласы (72 сағ)

    2. Мақсаты: денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, өз денсаулығын дұрыс күтуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін арттыру және дене сапаларын қалыптастыру.

    3. «Денсаулық» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

    4. - дене шынықтыру валеология негіздерімен, 72 сағ. («Дене шынықтыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары (жүру; жүгіру; секіру; лақтыру, тастау, ұстау, баурылап жүру мен өрмелеу; тепе-теңдік; құру және қайта құру; музыкалық-ырғақты қимылдар); жалпылама дамытатын жаттығулар (қол мен иыққа; аяққа; кеудеге арналған жаттығулар); спорт жаттығулары (шанада сырғанау; сырғу; шаңғы тебу (басып жүретін және сырғитын қадам); велосипед тебу (үш доңғалақты); жүзуге дайындық (суға бату, ойнау); қимыл-қозғалыс ойындары (жүгіріп ойнау; секіріп ойнау; бауырлап жүріп және өрмелеп ойнау; лақтырып ойнау, тастау және ұстап алып ойнау; кеңістікте бағдарланып ойнау).

    Валеологиялық материал жазғы кезеңін қоса алғанда, балалардың іс-әрекетінің түрлі режимдік кезеңдерінде, сондай-ақ «Қоршаған ортамен таныстырудың» басқа тақырыптарымен де ықпалдастырылып, бес білім саласында қарастырылады.

    Валеологиядан білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс: адам денесінің құрылысы туралы әңгімелеу; денсаулықты нығайтудың кейбір шаралары туралы түсінікке ие болу (шынығу, күн тәртібін сақтау, гигиеналық процедураларды сақтау); сауықтыру іс-әрекетіне қатысу; эмоционалдық және физикалық күйі туралы әңгімелеу; киіну мен шешіну реттілігін білу; балабақша алаңында бағдарлана білу; негізгі тамақ өнімдерін атау; жануарларды сипағанда, сақтық шараларын сақтау.



            1. «ҚАТЫНАС» білім беру саласы (72 сағ)

    1. Мақсаты: ана тілін және мемлекеттік тілді үйренуге дайын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға дайын, мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру, қарым-қатынас құралы ретінде халық тіліне, тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

    Екінші кіші топтағы «Қатынас» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

    1. - тіл дамыту, 36 сағ. («Тіл дамыту» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; сөздің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу; шығармашылық тілдік қызмет). «Тіл дамыту» тарауының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында ғана емес, сондай-ақ күні бойы алуан түрлі балалар іс-әрекетінде жүзеге асуы тиіс.

    - көркем әдебиет, 18 сағ. («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: оқу мен әңгімелеуге арналған шығармалар; жаттауға арналған шығармалар; сахналандыруға арналған шығармалар);

    1. - орыс тілі, 18 сағ. (тараудың мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; сөздің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеуді дамыту).

    Тіл дамыту әдістемелігінің мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - сөздерде а, у, и, о, э дауыстылары мен кейбір п-б, т-д, к-г, н-ң, с-з-ш дауыссыздарын анық етіп айту);

    - сөздерді жекеше-көпше түрде, септік жалғауларымен үйлестіру;

    - анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыштарды енгізу арқылы жай сөйлемдерден күрделі сөйлемдер құрастыру;

    - сұрақтарға жауап беру;

    - тәрбиешінің үлгісі бойынша ойыншықтар туралы және сурет бойынша әңгімені қайталау;

    - таныс әдеби туындылар мен ертегілерден алынған үзінділерді сахналандыруға қатысу;

    - шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа оқу.



    Көркем әдебиет мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - тәрбиеленушінің сұрақтары көмегімен көркем шығарманың мазмұнын әңгімелеу;

    - шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа оқу;

    - көркем әдебиет туындыларының мазмұны бойынша сұқбатқа қатысу;



    1. - тәрбиешінің көмегімен таныс ертегілерді сахналандыру.

    Орыс тілінің мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - жақын айналасындағы кейбір заттарды атау;

    - іс-әрекеттерді түсіну мен орындау: ал, бер, әкел;

    - жай сөйлемдер құрастыру: «Мынау – доп», «Мынау – менің анам, әкем», «Менің атым Айдос, Айгүл»;

    - ересектердің үлгісімен ойыншық, жемістер, жақын айналадағы заттардың қысқаша сипаттамасын қайталау (2 сөйлемнен);

    - қысқа тақпақтар мен әндерді жатқа білу.





            1. «ТАНЫМ» білім беру саласы (72 сағ)

    1. Мақсаты: танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын игерген, әлемнің қарапайым бейнесін түсіне алатын және алған білімін тәжірибелік міндеттерді шешу үшін пайдалана білетін мектепке дейінгі кіші жастағы баланың тұлғасын қалыптастыру.

    «Таным» білім беру саласының мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

    1. - қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, 18 сағ. («Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: сан мен есеп; шама; геометриялық пішіндер; кеңістікте бағдарлану; уақытқа бағдарлану);

    2. - құрастыру, 36 сағ. («Құрастыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: құрылыс материалдарынан құрастыру; қағаздан құрастыру);

    3. - қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері, 18 сағ. («Таным» білім беру саласындағы «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өлі табиғат заттары мен құбылыстары; заттық әлемді меңгеру, кеңістікте бағдарлану; табиғаттағы маусымдық өзгерістер; өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; табиғаттағы мінез-құлық ережелері; өзіңді тану; қорек).

    Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - қоршаған орта жағдайында көптеген және бір затты таба білу;

    - қондыру және салу тәсілдерін пайдалана отырып, заттардың тобын салыстыру, салыстыру нәтижесінде қай заттың үлкен, кіші және тең екенін сөзбен белгілеу;

    - көлеміне қарай 2 затты салыстыру, заттардың қайсысы үлкен (кіші), ұзын (қысқа), биік (төмен) екенін сөзбен белгілеу;

    - шеңбер, шаршы, үшбұрышты тану және атау;

    - үстіңгі, астыңғы солға, оңға сөздерін түсіне білу;

    - тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтау: таңертең - кеш, күн - түн.

    Құрастыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - құрылыс материалының негізгі бөлшектерін білу мен атын атау;

    - кірпіштерді, пластиндерді тік және көлденең орналастыру;

    - бір бөлшекті екінші бөлшектің үстіне қойып, құрылысты өзгерту;

    - құрылыстарды көлеміне қарай ажырата білу;

    - қағаз парақтарын өзгерту: мыжу, жырту, бұрау, жұлу.

    «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері» бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - кемінде екі ағашты, бөлме өсімдіктерін тану мен атын атау;

    - үй жануарларын тану (ит, мысық, түйе, сиыр);

    - жабайы жануарларды тану (қасқыр, аю, қоян, түлкі);

    - ағаштың діңгегін, жапырағын, бұтағын; гүлдің жапырағын, гүлін таба білу;

    - көкөністерді түсі, дәмі, көлемі мен пішініне қарай ажырата білу (сәбіз, қияр, қызанақ);

    - жемістерді түсі, дәмі, көлемі мен пішініне қарай ажырата білу (алма, алмұрт, апельсин);

    - табиғат пен ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқау;

    - жақын айналадағы заттарды, ажырата білу және атау, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектері мен бөлімдерін білу;

    - жалпылама сөздерді түсіну (ойыншық, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз);

    - табиғат аясында өзін-өзі ұстай білудің негізгі ережелерін білу: жапырақты жұлмау, ағаш бұтақтарын сындырмау, жануарларға зәбір көрсетпеу және т.б.;

    - адам денесінің құрылысы туралы әңгімелеу;

    - өзінің эмоционалды және денсаулығының күйі туралы әңгімелеу;

    - сауықтыру іс-әрекетіне қатысу;

    - эксперимент жасай білу (Қардың суға айналуы; құм және қармен ойнау; сумен ойнау, су және сабын көбігімен ойнау; қағазбен ойнау, көлеңкемен ойнау).
    «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы (144 сағ)


    1. Мақсаты: Қазақстан және басқа елдердің өнер шеберлерінің туындыларына эмоционалды үн қата білетін, нәтижелі бейнелеу іс-әрекеті саласында қарапайым дағдыларға ие мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту.

    2. «Шығармашылық» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

    3. - сурет салу, 36 сағ. («Сурет салу» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: заттың суретін салу; сәнді сурет салу; сюжеттік сурет салу; түпкі ойы бойынша сурет салу (3 және 4 тоқсанда);

    4. - мүсіндеу, 18 сағ. («Мүсіндеу» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: затты мүсіндеу; сәнді мүсіндеу; сюжеттік мүсіндеу; түпкі ойы бойынша мүсіндеу);

    5. - жапсыру, 18 сағ. («Жапсыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: сюжеттік жапсыру; сәнді жапсыру; түпкі ойы бойынша жапсыру);

    6. - музыка, 72 сағ. («Музыка» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: музыка тыңдау; ән салу; музыкалық-ырғақты қимылдар).

    (Балаларды өнермен таныстыру материалына сурет салу, жапсыру, мүсіндеу бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кіреді және педагог пен баланың біріккен еркін іс-әрекетінде пайдаланылады).

    Сурет салу бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - негізгі түстерді білу және атау: қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ;

    - қарындашпен, бояу жаққыш, бояумен жұмысі істей білу;

    - бейнеленетін затты парақтың ортасына орналастыра білу;

    - тік, дөңгелек, еңіс, ұзын, қысқа, қиылысатын сызықтарды пайдалана отырып, қарапайым заттар мен құбылыстарды бейнелеу.

    Мүсіндеу бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - жұмырлау, біріктіру, жаныштау, пішін шеттерін саусақ ұштарымен созу тәсілдерін пайдалана отырып, 1 - 3 бөлімнен тұратын заттарды жасау;

    - мүсінделген заттарды безендіре білу;

    - ұжым болып жұмыс істей білу және жалпы композицияларды құрастыру.



    Жапсыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - қағаз парағында дайын үлгілерден заттардың бейнесін құрастырып, оларды желімдеу;

    - желімді пайдалану; күрделі емес ою-өрнекті біртегіс орналастыру.

    Музыка бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - музыкалық және шулы ойыншықтарды, балалардың музыкалық аспаптарын тану мен атау (сылдырмақ, қоңырау, барабан және металлофон, саз сырнай, дабыл, аса таяқ); музыкалық туындыны соңына дейін тыңдау;

    - таныс әндерді тану; бір-бірінен қалып қоймай және озып кетпей ән салу;

    - би қимылдарын орындау (қол соғу, аяқпен тепкілеу, отырып тұру, айналу).





            1. «ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» білім беру саласы (36сағ)

    Мақсаты: айнала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге дайын мектепке дейінгі кіші жастағы баланың әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыру.

    «Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және педагог пен балалардың біріккен еркін іс-әрекетінде жүзеге асырылады:



    1. - қоршаған ортамен таныстыру және экология, 18 сағ. («Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: бала, оның отбасы, үй; көлік, байланыс құралдары; жол қозғалысының ережелері; ересектердің еңбегі; Қазақстан – менің Отаным; ересектермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу; адамгершілік нормалары туралы түсінік; мінез-құлық мәдениетінің дағдылары; мәдени-гигиеналық дағдылар; өзіңе және басқаларға көмектес);

    2. - көркем әдебиет, 18 сағ («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: адам қатынастарының әлемі; эмоциялар әлемі).

    «Әлеуметтік орта» білім беру саласындағы «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - үй туралы, отбасы туралы түсінікке ие болу, отбасы мүшелерін қалай атауды және міндеттер қалай бөлінгені білу;

    - көлік құралдарын тану мен атау (автобус, машина, ұшақ, пароход);

    - бағдаршамның жасыл және қызыл сигналдарын түсіне білу;

    - жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болу;

    - жақын айналасындағы адамдардың еңбегі туралы қарапайым түсінікке ие болу;

    - өз Отаны – Қазақстан туралы білу, Қазақстанның туын тани білу;

    - армия, ел қорғандары туралы түсінікке ие болу;

    - ересектермен және құрдастарымен өзара оң әрекеттесе білу, ізгі ниетті және ілтипатты болу;

    - адамгершілік мінез-құлық нормалары туралы түсінікке ие болу: «жақсы» деген не, «жаман» деген не?;

    - мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын иелену;

    - мәдени-гигиеналық дағдыларды меңгеруде өз бетінше әрекет ету;

    - денсаулық пен өз өмірін қалай сақтап қалу туралы түсінікке ие болу және басқаларға көмектесу.

    «Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - қоғамдық орындарда өзін сабырлы ұстау, қатар ойнау және шұғылдану, бір-біріне кедергі жасамау;

    - басқа адамға қамқорлық көрсету;

    - өсімдіктер мен жануарлар күтіміне қолдан келгенше қатысу;

    - ертегі, әңгіме, өлең тыңдау, мінез-құлықтың дамуын қадағалау;

    - мінез-құлық мәдениеті дағдыларын таныта білу: сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, өз көмегін ұсыну;

    - әдеби кейіпкердің мінез-құлқына деген өз қатынасын әңгімелеу, жағымды және жағымсыз қасиеттер көрінісі тұрғысынан баға беру.


    Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту

    1. Мақсаты: белсенді тұлғаны қалыптастыру, балалардың алғашқы ойын бірлестіктерінің тәжірибесін жинақтау, басқа балалармен қатар және олармен бірге ойнай білуін дамыту.

    2. «Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту» тарауының мазмұнына мыналар кіреді: сюжеттік-рөлдік ойындар; қимыл-қозғалыс ойындары; дидактикалық ойындар.

    Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту бойынша материалды игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - сюжеттік-рөлдік ойында күрделі емес сюжетті ойластыру, рөлді таңдау, құрдастарымен бірге оны біріккен ойында орындау, ойында бірнеше өзара байланысты іс-әрекеттерді орындау;

    - ойында табиғи және құрылыс материалдарын пайдалану;

    - қимыл-қозғалыс ойындарында қимылды үйлестіру, кеңістікте бағдарлану;

    - қарапайым ережелерді, ойын іс-әрекеттерін орындау: тәрбиешінің белгі беруі арқылы іс-әрекетті бір мезгілде бастау және аяқтау, кезектесіп әрекет жасау.
    Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту


    1. Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек іс-әрекетіне, еңбекке қызығушылығын тәрбиелеуге, еңбектенуге ниет білдіруге баулу.

    2. «Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту» тарауының мазмұнына мыналар кіреді: өзіне-өзі іс-әрекет көрсету; шаруашылық-тұрмыстық еңбек; табиғат бұрышында еңбек ету; табиғатта еңбек ету).

    Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту нәтижесінде жыл соңында балалар мыналардың меңгеруі тиіс:

    - өзіне-өзі іс-әрекет көрсетудің қарапайым дағдыларын иелену;

    - бөлме мен учаскеде тәртіп пен тазалық сақтау, тәртіп сақтау бойынша ересек адамның қарапайым тапсырмаларын орындау;

    - еңбек іс-әрекетіне қатысуға ниет білдіру.


    4 ЖАСТАН БАСТАП 5 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

    ОҚУ ЖОСПАРЫ
    Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы

    1. Балалар осы жаста заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсінуін айқындау мен көрсету мақсатында, ересектерге көп сұрақ қояды. Құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі бірден арта түседі, бала құрдастарының арасындағы өз орнын сезіне бастайды, беймазалық пен ығыр етуді теріс бағалай алады.

    2. Сұхбаттасының эмоционалды күйін сезіну қабілеті, коммуникативтік икемділіктер дамиды – балалар сыпайы сәлемдесе алады және қоштаса алады, басқа адамды аты-жөнімен атай алады. Атап айтсақ, қарым-қатынаста «Мен» бейнесі қалыптасады.

    3. Бала өзі жасаған іс-әрекетті басқа адам мен өзі үшін физикалық және эмоционалды күй салдарлары тұрғысынан бағалай алады. Оған пайымдаудың мәні түсінікті бола бастайды. Баланың бойында қызығушылықтар мен құндылықты бағдарлар, белгілі бір іс-әрекет түрлерін, қыздар мен ұлдарға тән іс-әрекет тәсілдерін ұнатуы жинақталады (мысалы, «қыздар қуыршақпен, ал балалар машинамен ойнайды және т.б.).

    4. Көркем туындыны қабылдауы, музыкаға үн қатуы арта түседі, қиялы, білімге құмарлығы жүзеге асады, мұның өзі қызығушылықтар мен қабілеттерді айқындау үшін қолайлы негіз болып табылады.

    5. Бес жасқа қарай өзара қатынастар жүйесі қалыптасады, топтық ынтымақтастыққа деген неғұрлым сыни баға жинақталады, баланың достары пайда болады.

    6. Бес жасар бала ұзақ әңгімелерді, түсіндірулерді қабылдайды, өйткені оның бойында таңбалық-символдық функция (әріптерге, цифрларға қызығушылық) мен неғұрлым тұрақты зейін пайда болады, ерікті есте сақтау қабілеті туындайды, қабылдауы мен елесі жетіледі, көрнекі-образдық ойлаудың жоғары формалары дамиды: пайымдай білу, ой қорытындысын жасау, саралау қабілеті жетіледі. Сөйлеудің мәні алуан түрлі ақпаратты, ойлар мен пайымдарды тарату тәсілі ретінде ұлғая түседі. Әңгіме тәжірибелік бақылау және эксперимент жасаумен қатар тиімді тәсілге айналады.

    7. Бес жасқа қарай «тұлғаның психологиялық портреті» жинақталады, «мұнда маңызды рөл құзыреттілікке, әсіресе, зияткерлік құзыреттілікке беріледі, өйткені бұл жас «бұл не?» деп сұрай беретін жас болып табылады. Мүлдем жаңа қабілет пайда болады: ойдан шығарылған кейіпкерлер үшін күйзелу, яғни балаларға басқа адамның ішкі өмірі қолжетімді бола бастайды.



      1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
        2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
        2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
        2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
        2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
        2015 -> Абай және кітапхана
        2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
        2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
        2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
        2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
        2015 -> Абай және кітапхана


        Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет