Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары



бет71/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова
жыныс мүшелері
Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары

Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек:



Объективтілік – бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және жобалар негізделуі керек, ал бағалау өлшемдері адекватты түрде оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік талаптарына негізделуі керек.

Ашық технология – оқушыларды бағалау бірыңғайлық өлшемдер бойынша жүзеге асырылады және олар негізді, әрбір оқушыға алдын ала белгілі және түсінікті болуы керектігімен тұжырымдалады. «Ашық технология» бақылау жүйесінің құрылымдарын өзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды.

Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады:

бақылау үздіксіз болуы керек және оқытудың ең басынан бастап аяғына дейін жүзеге асырылады;

бақылау оқу үрдісінің табиғи бөлімі болуы керек;

бақылау жүйесі сабақтастыққа ие болуы керек;

бақылаудың құралдары, әдістері, нысандары, бағалау тәсілдері және нәтижелердің интерпретациялары бірыңғай мақсаттылыққа бағынулары керек;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет