Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша



бет74/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова
жыныс мүшелері
3. Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша:

автоматты түрде (машиналық);

өзаралық;

мұғалімнің бақылауы; - өздік бақылау. 4. Жетекші функциясы бойынша:



диагностикалық бақылау – білімнің, іскерліктің және дағдылардың даму серпінін бақылауды, өз уақытында түзету енгізу үшін сабақтың материалдарын меңгеру жағдайы жөнінде мәліметтер алуға, қайталаудың тиімді ұйымдастырылуын, оқу бағдарламасын (тақырыптық жоспарлауды) анықтауды, оқу үрдісін оңтайландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады;

ынталандыру бақылауы – оқушыны жүйелі жұмыс істеуге көңіл қоюына, шығармашылық іс-әрекеттке талаптануға, зейінді болуына, талапкерлігі мен өздігінен жұмыс жасауға, жетістіктері мен кемшіліктерін көруге, күшті және әлсіз жақтарын ашуға көмектеседі;

тұрақтылық бақылауы – оқушылардың дайындығының дәрежесі мен деңгейін бекітеді, емтихан мен сынақтарды өткізу үрдісінде пайдаланылады. 5. Бақылау барысы кезінде ақпарат алу тәсілі бойынша:

ауызша әдісіне әңгімелесу; оқушының сабақ айтуы; түсіндіру; оқулық мәтініне пікір айту; технологиялық картаны, сызбаларды оқу; хабарлама; сынақ; емтихан және т.б. кіреді;

жазбаша сыныптық және үй жұмыстары, бақылау және өздік жұмыстары, диктант, реферат және т.б. Жазбаша жұмыс кезінде оқушы теориялық білімдерін ғана емес, оларды нақты тапсырмаларды орындауда немесе проблемалық жағдайлардан шығу кезінде көрсете алуы керек. Жазбаша бақылау әдістерін орынды қолдану арқылы жазу деңгейін меңгеру, мәтінді логикалық түсінікті етіп жеткізу, проблемаға өз бағасын беру және т.б. сияқты дағдыларды игеруге болады;

машықтану әдісі зертханалық және машықтану жұмыстарын орындау барысын байқап отырудан және жобалар мен тұсаукесерлердің тікелей орындалуынан тұрады.

Білімді бақылау оқу үрдісінің белгілі бір бөлігі болып табылады және оқытылатын тұлғалармен байланысты қамтамасыз етеді. Бақылау барысында оқытудың дәрежесі мен деңгейі бағаланады, оқушының бақылау жұмысын орындаған кездегі жұмсаған еңбек көлемі белгіленеді. Бақылаудың нәтижелері бойынша, оқу үрдісін басқару жүзеге асырылады, яғни қалыпты кезде кездесетін қателері талданады, оқушылардың білімдері мен іскерліктері түзетіледі, оқу бағдарламаларына түзетулер енгізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет