Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сайрам ауданы №30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы



Дата07.05.2017
өлшемі155,25 Kb.
#15981
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Сайрам ауданы

30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы



орта мектебі

Тақырыбы:

КӨМЕКТЕС СЕПТІК

4 «А» сынып жетекшісі Жусипова С.Ж

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көмектес септігі туралы білім беру. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығулар, ойындар арқылы септік жалғаулары мен сұрақтарын пысықтау.

Дамытушылығы: Бірнеше тапсырмалар жүйесі арқылы ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру және қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелігі: сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Мәдениетті сөйлей білуге, тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жаттығу, кестемен жұмыс.

Пән аралық байланыс: математика, әдебиет.

Көрнекілігі: кесте, тапсырма суреттері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.

- Балалар, біз бүгін Қазақ тілі ауылына барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай аталатынын айтып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылгөй дана болыпты. Оны септіктердің данасы деп атапты. Ауылдың адамдарының бәрі сол данадан ақыл-кеңес сұрапты.

Бірде ешқандай баласы жоқ кедей, сол данаға барып перзент сүйгісі келетінін айтады. Сонда қария батасын беріп тұрып: «Үш күннен соң түс көресің, жеті мүшеңе жеті құт берем», - дейді. Сөйтсе, жеті құт дегені жеті перзент екен. Көп күндер, айлар өтіп, кедейдің әйелі жеті ұл табады. Енді оларға қалайша ат қойсам екен деп, қайтадан данаға келіп ақыл сұрайды. Сонда қария:

Тұңғышыңның атын Атау деп қой, аты аталып, даңқы жер жарсын.

Одан кейінгісін Ілік деп қой, інілерін ілестіріп, қиын кезде тастамасын.

Содан кейінгісін барыстай ер жүрек болсын деген ниетпен Барыс деп қой.

Содан кейінгісін көп білім, оқу іздеп, іздегені табылып табысқа жетсін деген ниетпен Табыс деп қой.

Одан кейінгісін жатып ішер жалқау болмай, еңбек етсін деп Жатыс деп қой.

Төрт дүниеміз тең болсын, шығысымыз батыс болсын деп Шығыс қой.

Соңғысы барлық ағаларына көмекші болсын деп Көмектес қой, - деген екен...

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін математика сабағымен байланыстыра отырып, «Ойлан, тап» көбейту кестесінің сырын ашып көрейік.

6х7=42 9х6=54 6х7=42 7х8=56

6х5=30 7х8=56 8х6=48 9х8=72


К – 42

Ө - 30

М – 54

Е – 56

К – 42

Т – 48

Е – 56

С – 72

9х8=72 8х8=64 4х8=32

7х8=56 8х6=48 6х7=42



С – 72

Е – 56

П – 64

Т – 48

І – 32

К – 42

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, яғни кедейдің соңғы баласы-Көмектес септік



2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы: 6-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ол сөздерге қай септік жалғауы жалғанады?

Күрек – ағаштан жасалған сабы бар еңбек құралы.

Жерошақ – жерден қазылған қазан асатын орын.

Қайық – судан өтуге арналған көлік түрі.

3. Өткен тақырыптарды еске тусіру, пысықтау.

- Балалар, септік жалғаулары деп нені айтамыз?



(Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын қосымшалар)

- Ал зат есімнің септелуі дегеніміз не?



(Зат есімнің септік жалғауы арқылы өзгеруі)

Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

Біз олардың нешеуімен таныстық? (6)

- Ендеше, сол өткен алты септікті есімізге түсірейік.



Сетіктердің атауы

сұрақтары

жалғаулары

Атау

Кім? Не? Кімдер? Нелер?




Ілік

Кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің?

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс

Кімге? Неге? Кімдерге? Нелерге? Қайда?

-ға, -ге, -қа, -ке

Табыс

Кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді?

-ны, -ні, -ды, -ді

Жатыс

Кімде? Неде? Кімдерде? Нелерде? Қайда?

-да, -де, -та, -те

Шығыс

Кімнен? Неден? Кімдерден? Нелерден? Қайдан?

-дан, -ден, -тан, -тен

Көмектес








4. Жаңа сабақ.

Жаңа материалды түсіндіру.



Мысалы: Жансая анасымен (кіммен?) базарға барды. Ермек қарындашпен (немен?) сурет салғанды ұнатады. Кішкентай Мақсат қоңызбен (немен?) қорықпай ойнайды.

Көмектес септігі атау септікке -мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.

Көмектес септіктегі зат есімдер Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен? деген сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен жұмыс. Дәптерге күннің ретін және жаңа сабақ тақырыбын көркем етіп жазу.

Оқулықпен жұмыс.



1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.

Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе? Үлкен адамдармен қашанда «сіз» деп сөйлес. Әміре халық әндерін үлкен сезіммен шырқады. Әсет басқа ақындармен айтысқанда, өзінің білімділігін байқатты.



2-жаттығу. Жұмбақтарды оқы. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой.

Желмен ұшып жетеді,

Желмен ұшып кетеді. (Қаңбақ.)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(Күн.)

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көмектес септіктегі сөздерді тауып, қосымшаларын белгіле.

Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Әжесі Гауһармен музейге барды. Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр. Ғани Әсетпен шахмат ойнады. Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделеді.



Сергіту сәті.

Зат есім 7 түрге септеледі.

Бір-бірімен шатастырып алып жүрме.

Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,

Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.

Атау, ілік , барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес,

Жаттап алсаң балақай, зат есімді септе тез.

Ойын. «Кім шапшаң?».

Тақтаға зат есім сөз жазылған үш парақ ілінеді. 3 қатардан бір-бір оқушыдан шығып, тақтаға өзіне берілген парақтағы зат есімді жылдам әрі қатесіз 7 септік бойынша септеп беруі керек.



Септіктердің аты

Қобыз

Атау




Ілік




Барыс




Табыс




Жатыс




Шығыс




Көмектес







Септіктердің аты

Әнші

Атау




Ілік




Барыс




Табыс




Жатыс




Шығыс




Көмектес







Септіктердің аты

Бұлт

Атау




Ілік




Барыс




Табыс




Жатыс




Шығыс




Көмектес





4-жатттығу. Тиісті қосымшаларды орнына қойып, сөйлемдерді оқы.

1. Егістікте қыста қарды трактор (-пен, -мен) тоқтатады. 2. Дәулет балықты қармақ (-бен, -пен) аулады. 3. Шынар Астанадан ұшақ (-мен,-пен) ұшып келді. 4. Әселдің әжесі ине (-пен, -мен) түйме қадады. 5. Дариға көйлегін үтік (-бен, -пен) үтіктеді.



5-жаттығу. Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жаз.

Осы сөз тіркестерін қатыстырып 5 сөйлем құрастыр.






Сабақты бекіту, қорытындылау.

Әр оқушыға жеке-жеке семантикалық карта таратылады. Оқушылар өз бетімен орындайды. Тапсырма соңында тақтаға жауабы шығады. Сол жауап бойынша өз орындарында отырып тексереді.



Семантикалық картамен жұмыс.

Мысалдар

Септіктер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Орманда






















Шебердің






















Оқулықты






















Білім






















Атырауға






















Пойызбен






















Аспаннан























Сабақты бағалау.

Сабақ төмендегідей бағалау фишкаларымен бағаланады.

Күн - «5» Қар - «4» Жаңбыр - «3»

Сабақ арасында алған барлық фишкалары есептелініп, сабақ соңындағы қорытынды бағасы шығады.



Үйге тапсырма. 6-жаттығу. Тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.


Каталог: uploads -> doc -> 0118
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0118 -> Сабақ тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақстарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет