Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



бет13/22
Дата08.07.2017
өлшемі3,03 Mb.
#20828
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
2Тасты материалдардың беріктігін эталон үлгілерін қысуға сынау арқылы анықтайды. Кірпіштерді сонымен қатар, иілуге сынайды. Тас пен бетон мортты материалдар болып табылады, қысуға беріктіктері созуға беріктікке қарағанда 10-15 есе үлкен болып табылады. Сондықтан, тас маркаларын өстік қысуға сынайды:

  • Аз берікті тастар (жеңіл бетонды және табиғи тастар): 4, 7, 10, 15, 25, 35, 50;

  • Орташа берікті тастар (кірпіштер, керамикалық, бетонды және табиғи тастар): 75, 100, 125, 150, 200;

  • Жоғары берікті тастар (кірпіштер, бетонды және табиғи тастар): 250, 300, 400, 500, 600,800, 1000.

Ерітінділер үшін өстік кедергіге келесі маркалар қабылданған:4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200. Құрғақ күйінде тығыздығы 1500 кг/м3 және одан да үлкен ерітінділерді ауыр деп санайды, 1500 кг/м3-тен аз ерітінділерді жеңіл деп санайды.

Аязға төзімділікке эталон үлгілерін қатар қатырып ерітумен сынайды. Тас материалдары үшін нормалар бойынша F10-F300 маркалары қабылданған.



3Тас қалауының беріктігі тас және ерітіндінің беріктігіне, түріне, жасына, жасау сапасына және т.б. факторларға байланысты болады.

Қалауға қысу күштері әсер еткен кезде ерітінді деформациясы көлденең тігістерде тас материалының деформациясына қарағанда әлдеқайда жоғары болады, сондықтан қалау бұзылуының себебі ол тастағы созу күштері. Тігістердің қалындығы жоғарлауымен қалау беріктігі төментейді. Қысу кезіндегі бұзылу, вертикалды тігістердің ашылуынан және тастардағы жергілікті сызаттардың пайда болуынан басталады. Күш жоғарлауымен ұсақ сызаттар бір бірімен бірігіп, қалау жеке бағандарға бөлініп кетеді. Күштің аздап жоғарлауымен бағандар орнықтылығы жоғалады да қалау бұзылады.

Қалаудың беріктік және деформативтік қасиеттерін призма тәрізді үлгілерді сынау арқылы табады, негіз өлшемі 38х38 немесе 51х51см, биіктігі 110....120см.

Өстік қысуға есепті кедергі R-ді қабырғаларды, бағандарды, аралық қабырғаларды есептегенде қолданады. Бұл өлшем әрқашан тас беріктігінен аз болады, ерітінді беріктігі қандай берік болмасын.



Өстік созылуға есепті кедергісі Rt, иілу кезіндегі созылу Rtb, кесілуге Rsqбұзылатын аймақтағы қима түріне байланысты болады. Қалау бұзылуының екі түрі болады:

  • Байланбаған қима бойымен, олар қалаудың көлденең тігістері болып табылады (сурет 8,4 а);

  • Байланған қима бойымен, олар қалаудың вертикалды тігістері болып табылады; бұл кезде қима баспалдақ түрінде болады (сурет 8,4 б).

Сурет 8,4. Қалаудың созу кезінде бұзылуы, және қысу кезіндегі деформация графигі.



4 Негізгі деформативті сипаттамаларды сызықтық емес диаграмма «σ-ε» бойынша (сурет 8,5в) анықтайды. Олар серпімді және серпімсіз көрсеткіштерден тұрады. Серпімсіз деформацялар ұзақ жүктеулер есебінен болады.

Аз кернеу әсер еткенде қалау серпімді жұмыс істейді, деформативтілігі серпімділік модулімен сипатталады (деформацияның алғашқы модулі)Ео=tgφo, армирленбеген қалау үшін:



 Ео=αRu

(2.1)

Мұндағы




α – қалаудың серпімді сипаттамасы;

Ru– қалаудың өстік қысуға уақытша кедергісі (орташа беріктік шегі).

Нормалар бойынша деформация модулі Е конструкцияларды беріктікке есептегенде Е= 0,5Ео. Бойлық және көлденең күштерден болатын қалаудың деформациясын Е= 0,8Еоформуласымен есептейді.

 

Дәріс 9. Тасты конструкциялардың элементтерін есептеу.



  1. Ортасынан қысылған элементтерді беріктікке есептеу.

  2. Ортасынан тыс қысылған элементтерді беріктікке есептеу.

  3. Шектік жағдайдың екінші тобы бойынша есептеу.Теміртасты конструкциялар элементтері

1 Ортасынан қысылған армирленбеген элементтерді көтеру қабілеттігіне есептегенде (тең аралықты ішкі бағандар) қамтамасыз етілген деп есептелінеді егер келесі шарт орындалса:

 N ≤ mgφRA

(2.2)

mg=1-ηNg/N

(2.3)

Мұндағы,

N – есептік бойлық күш;

mg – ұзақ жүктемені ескеретін коэффициент;

φ – бойлық иілудің коэффициенті;

R– қалаудың қысуға есептік кедергісі;

А- элементтің қимасының ауданы;

η– иілгіштікті ескеретін коэффициент (СНиП бойынша);



Ng- ұзақ жүктемелерден болатын есепті бойлық күш;

ηжәнеφ коэффициенттері қалау материалынан және қысылған элементтердің иілгіштігіне байланысты болады. Кез келген формалы элементтің иілгіштігі есептік ұзындықтың қиманың радиус инерциясына қатынасын айтамыз.



Белгісіз формалар үшін λi=lo/i; тік төртбұрышты толық қималар үшін λh=lo/h; мұндағыlo- элементтің есептік биіктігі; h –тік төртбұрышты қиманың аз өлшемі; i – ең кіші инерция радиусы.

Сурет 9,1. Ортасынан қысылған элементтерді есептеу үшін.

Қысылған қабырғалар мен бағандардың есептік биіктігі олардың көлденең тіректерге (ара жабын) тірелу түріне байланысты. Қозғалмайтын тіректерде (биік ғимараттардың қабырғалары мен бағандары)lo(сурет 9,1 а). Үстіңгі серпімді тірек және астыңғы тірек қатаң қысылғанда (бір қабатты өндірістік ғимараттардың қабырғалары мен бағандары)lo=1,5Н бір аралық үшін, және lo=1,25Н көп аралықты ғимарат үшін (сурет 9,1 б). Еркін тұрған конструкция үшін lo=2Н (сурет 9,1 в).

Қысылған элементтердің кималарын біртіндеп таңдайды. Тас пен ерітінді түрін және маркасын қабылдап, қалаудың норма бойынша қысуға есептік кедергісін табады.



2 Көптеген тас конструкциялар ортадан тыс қысылған болып келеді, оларда қысу күші Nэксцентриситетпен қойылған (сурет 9,2).

Сурет 9,2. Ара қабырғаларын есептеуде.

Эксцентриситет ұлғаюымен күштен алыс жерде қысу кернеулері азаяды, содан кейін таңбасын өзгертеді, яғни созылу пайда болады (сурет 9,2 б).

Тас конструкцияларының ортадан тыс қысылу кезінде көтергіш қабілеті қамтамасыз етілген деп есептелінеді, егер келесі шарт орындалса:



 N ≤ mg φ1RAсω

(2.4)

Мұндағы

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет