Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


 - тақырып. Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата23.10.2019
өлшемі2,14 Mb.
#50521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
12 Dlya spec obraz
КЯ-701 Хаттама(1), КЯ-701 Хаттама(1)

 
4 - тақырып. Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары 
«Үздіксіз  білім  беру»  ұғымының  мəні.  Тұлғаға  үздіксіз  білім  беру  – 
қоғамның  тұрақты  дамуының  шарты.  Тұлғаның  үздіксіз  білім  алуға 
даярлығы.  Үздіксіз  білім  алу  -  тұлғаның  кəсіби  сұранысқа  ие  болу  жəне 
болашақ  маманды  дайындаудағы  құзыреттілік  тұрғыда  оқытуды  іске  асыру 
факторы.  Педагогтың  кəсіби  іс-əрекетіндегі  үздіксіз  білім  алудың  мəні. 
Үздіксіз  педагогикалық  білім  –  мұғалімнің  кəсіби-тұлғалық  дамуындағы 
жəне өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты.  
Педагогикалық  қарым-қатынас  –  педагогикалық  үдеріс  субъектілерінің 
өзара  əрекеттестігінің  негізі.  Педагогикалық  қарым-қатынас  стильдері. 
Əртүрлі 
жастағы 
оқушылармен 
педагогикалық 
қарым-қатынастың 
ерекшеліктері.  Педагогикалық  қарым-қатынасты  орнатуға  қойылатын 
талаптар. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі.  
Педагогтың  сөйлеу  мəдениеті  –  кəсіби  іс-əрекет  жетістігінің  шарты. 
Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар. Мұғалімнің сөйлеуінің  
тəрбиелік жəне  білім берушілік əсері.  
Кəсіби  өзін-өзі  тəрбиелеу  қазіргі  мұғалім  тұлғасын  дамыту  факторы 
ретінде,  оның  ерекшеліктері.  Педагогтың  кəсіби  өзін-өзі  тəрбиелеуін 
ұйымдастыру, оның құралдары, формалары, əдістері.  
Педагогикалық  рефлексия  -  өзін-өзі  тəрбиелеудің  негізі.  Педагогикалық 
ұжымның  педагог  тұлғасының  өзін-өзі  тəрбиелеуіндегі  рөлі.  Өзін-өзі 

24 
 
тəрбиелеудің үздіксіз білім беру жағдайында педагогтың кəсіби құзыреттілігін 
жоғарлатудағы рөлі.  
Қазіргі  ақпараттық  қоғам  жағдайындағы  өздігінен  білім  алудың  рөлі. 
Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің 
нормасы  жəне  түрі.  Мұғалімнің  өздігінен  білім  алу  құзыреттілігі  -  оның 
өздігінен білім алу іс-əрекетінің нəтижесі. 
 Негізгі ұғымдар:  үздіксіз білім беру, үздіксіз педагогикалық білім беру 
жүйесі,  педагогикалық  қарым-қатынас,  қарым-қатынас  стильдері,  «Мен-
тұжырымдама»,  сөйлеу  мəдениеті,  сөйлеу  техникасы,  өзін-өзі  тəрбиелеу, 
кəсіби  өзін-өзі  тəрбиелеу,  өзін-өзі  тəрбиелеу  əдістері,  педагогикалық 
рефлексия,  өздігінен  білім  алу,  өздігінен  білім  алу  əдістері,  өздігінен  білім 
алу құзіреттілігі. 
 
ІІ бөлім.  Педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері 
 
1 - тақырып. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде   
Педагогика  ғылымыны  қалыптасуы  мен  дамуы.  Педагогика  -  қазіргі 
адамтанудың  саласы.  Педагогика  ғылым  ретінде.  Педагогиканың  объектісі, 
пəні  жəне  қызметтері.  Педагогика  ғылымдарының    қоғамның  қазіргі  даму 
кезеңіндегі міндеттері.  
Педагогиканың  негізгі  категориялары  (тəрбие,  оқыту,  білім  беру, 
педагогикалық 
үдеріс), 
олардың 
өзара 
байланысы. 
Педагогикалық 
ғылымдарда  пəнаралық  ұғымдардың  (тұлға,  іс-əрекет,  қарым-қатынас, 
дамыту,  əлеуметтену,  қалыптастыру)  қолданылу  ерекшелігі.  Педагогикалық 
ғылымдар  жүйесі.  Педагогиканың  философия,  психология,  əлеуметтану, 
физиология жəне басқа ғылымдармен байланысының түрлері.  
Негізгі  ұғымдар:  педагогика,  педагогика  объектісі,  педагогика  пəні,  
педагогиканың 
қызметтері, 
педагогикалық 
үдеріс, 
педагогика 
ғылымдарының жүйесі.  
 
2  -  тақырып.  Педагогикалық  зерттеудің  əдіснамалық  негіздері  мен 
əдістері 
Педагогика  ғылымының  əдіснамасы  мен  педагогтың  əдіснамалық 
мəдениеті 
туралы 
түсінік. 
Педагогика 
əдіснамасының 
деңгейлері. 
Философиялық заңдар, заңдылықтар. Таным теориясы. Жүйелік тəсіл (тұғыр) 
-  құбылыстардың  жалпы  байланыстарының  бейнеленуі.  Тұлға  теориясы.  Іс-
əрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Əлеуметтендіру 
теориясы. 
Педагогоикалық 
теория 
мен 
практиканың 
əрекеттестік 
диалектикасы.  
Ғылыми-педагогикалық  зерттеудің  мəні  мен  мазмұны.  Педагогикалық 
зерттеуді  ұйымдастыру.  Педагогика  ғылымының  əдістері.  Ғылыми-
педагогикалық  зерттеудің  технологиясы.  Ғылыми  зерттеу  бағдарламасы  мен 

25 
 
процедурасы.  Мұғалімнің  зерттеушілік  іс-əрекетінің  əдістері.  Нақты 
педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру жəне өткізу əдістемесі.  
Негізгі  ұғымдар:  педагогикалық  зерттеулер,  əдіснамалық  негіз, 
педагогика  ғылымының  əдістері,  зерттеушілік  инновациялық  іс-əрекет, 
мұғалімнің  зерттеушілік  мəдениеті,  зерттеуші-мұғалімнің  əдіснамалық 
мəдениеті, зерттеушілік мəдениеттің əдістері. 
 
3-тақырып.  Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне 
оның дамуы мен қалыптасуының факторы  
 
Адамды  педагогикалық  тұрғыдан  табиғи,  əлеуметтік,  тарихи,  белсенді 
мүше  ретінде  түсінудің  жəне  оны  дамыту,  қалыптастыру,  тəрбиелеу 
факторларының  философиялық  ережелері  мен  əдіснамалық  негізі.  «Тұлға», 
«адам», «индивид», «даралық» ұғымдары жəне олардың арақатынасы. Тұлға 
–  іс-əрекеттің  жəне  өзіндік  дамудың  субъектісі.  Тұлғаны  «дамыту», 
«тəрбиелеу»,  «қалыптастыру»,  «əлеуметтендіру»  ұғымдарына  жəне  олардың 
арақатынасына сипаттама.  
Адамның  дамуындағы  жəне  оның  тұлға  ретінде  қалыптасуындағы 
(биологиялық, əлеуметтік жəне биоəлеуметтік) биологиялық жəне əлеуметтік 
арақатынас  тұжырымдамасы.  Тұлғаны  қалыптастыруға  жəне  дамытуға  əсер 
ететін  факторлар  (сыртқы  жəне  ішкі,  биологиялық  жəне  əлеуметтік).  Негізгі 
факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тəрбие, олардың өзара байланысы.  Іс-
əрекетпен  қарым-қатынастың  тұлғаның  дамуындағы  жəне  қалыптасуындағы 
рөлі.  Тұлға  -  тəрбиенің,  өзіндік дамудың  объектісі  жəне  субъектісі.  Тұлғаны 
дамытудың  жəне  қалыптастырудың  қозғаушы  күштері  мен  негізгі 
заңдылықтары.  Өзін-өзі  тəрбиелеу  -  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуының 
шарты, нəтижесі.  
Жеке  тұлға  дамуының  жас  ерекшелігі  туралы  түсінік,  оның  табиғи 
əлеуеті.  Білім  алушының  жеке  тұлғалық  дамуындағы  жас  ерекшелік 
кезеңдері,  жастық  кезеңдерге  сипаттама.  Балалардың    психофизиологиялық 
əркелкі  дамуы  («жас  ерекшеліктер  дағдарысы»,  «дарынды  балалар», 
«акселерация»)  жəне  балалардың  базалық  психоəлеуметтік  талаптары 
мəселелері, оларды оқу-тəрбие үдерісінде есепке алу. Ұл жəне қыз балаларды 
əлеуметтендірудегі  гендерлік  айырмашылық  жəне  заңдылықтар.  Білім 
алушыларды  дамытуда,  оқытуда,  өзін-өзі  тəрбиелеуде,  өзін-өзі  дамытуда 
педагогикалық  қолдау  көрсету.  Білім  берудегі  инклюзивті  тəсіл  жəне  оны 
Қазақстанда іске асыру.  
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тəрбие, қалыптасу, 
белсенділік, объект жəне субъект, тұқымқуалаушылық, орта, тəрбие, өзін-өзі 
тəрбиелеу, 
іс-əрекет, 
қарым-қатынас, 
жастық 
кезеңдері, 
даралық 
ерекшеліктері. 
 
ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы 

26 
 
1-тарау. 
Тұтас 
педагогикалық 
үдерістің 
жүйе 
құрушы 
компоненттері 
 
1-тақырып.  Тұтас  педагогикалық  үдерістің  (ТПҮ)  мəні  мен 
құрылымы 
«Мұғалімнің  іс-əрекет  объектісі»  жəне  «педагогикалық  үдеріс» 
ұғымдары 
(П.Ф.Каптеров, 
Н.Д.Хмель, 
В.А.Сластенин 
жəне 
т.б.). 
Педагогикалық  үдеріс  əлеуметтік  жүйе  ретінде  «педагог-оқушылар»  - 
мұғалім іс-əрекетінің объектісі. Педагогикалық үдерістің белгілері мен  сапа-
қасиеттері.  Мұғалім  мен  оқушылардың  əрекеттестігі  іс-əрекет  субъектісі 
ретінде  (субъект-субъектілі  қатынас)  –  педагогикалық  үдерістің  маңызды 
сипаттамасы. Педагогикалық үдерістің біртұтастығы. ТПҮ компоненттерінің 
құрылымы  мен  сипаттамасы.  Тұтас  педагогикалық  үдерістің  қызметтері 
(білімділік,  тəрбиелік,  дамытушылық).  Педагогикалық  үдерістің  оқу  жəне 
оқудан  тыс  саласының  бірлігі  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  шарты. 
Педагогикалық  үдеріс  дамушы  жүйе.  Қарама-қайшылық  -  педагогикалық 
үдерістің  қозғаушы  күші.  Педагогикалық  үдерістің  қозғалыс  тетіктері 
(құралдар,  формалар,  əдістер  мен  тəсілдер).  Педагогикалық  үдерістің 
тəрбиелік  механизмдері  –  педагогтар  мен  оқушылар  арасындағы,  ұжым 
ішіндегі  қарым-қатынастар  жүйесі.  Тұтас  педагогкалық  үдеріс  теориясы 
туралы білім – мұғалімнің кəсіби құзыреттілігінің негізі.   
Негізгі  ұғымдар:  мұғалім  іс-əрекетінің  объектісі,  педагогикалық  үдеріс, 
«педагогтар 
– 
оқушылар» 
жүйесі, 
субъект-субъектілі 
қатынастар, 
педагогикалық  жағдаяттар,  педагогикалық  үдерістің  қозғаушы  күштері, 
тəрбиелік механизмдер, кəсіби құзыреттілік. 
 
2-тақырып.  Тəрбиенің  мақсаты,  оның  əлеуметтік  тұрғыдан 
негізделуі 
Мақсат - ғылыми категория жəне тұлғаның идеалдық моделі. Тəрбиенің 
мақсаты 

тұтас 
педагогикалық 
үдерістің 
жүйетүзуші 
факторы. 
Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы.  
Тəрбиенің  мақсаты  -  нақты  тарихи  құбылыс.  Педагогикалық  ойлар 
тарихындағы  тəрбие  мақсаты  туралы  мəселелер.  Тəрбиенің  мақсаты  –  жан-
жақты  жəне  үйлесімді  дамыған  тұлға    ұғымын  қалыптастыру.  Тəрбие 
мақсатының  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  мəдениеттілік,  жеке  тұлғаны 
жан-жақты  үйлесімді  дамыту  идеясы,  ұлттық  құндылық  бағдар,  тəрбие 
үдерісін  ізгілендіру  жəне  демократияландыру,  құзыреттілік  тұрғысы 
негізіндегі қазіргі анықтамалары. 
Əлемдік  жəне  ұлттық  мəдениет  –  тəрбие  мақсатын  анықтаудың 
əдіснамалық  негізі.  Қазақстан  Республикасының  əлеуметтік-экономикалық 
дамуының    жас  ұрпақты  өз  бетімен  өмір  сүруге  тəрбиелеу  мен  дайындау 
мақсатына, міндеттеріне əсері. 
Педагог құзыреттілігінің мақсатты үдеріске əсері. 

27 
 
Негізгі  ұғымдар:  тəрбиенің  мақсаты,  əлемдік  мəдениет,  ұлттық 
мəдениет,  жалпыадамзаттылық  құндылық,  ұлттық  құндылық,  жан-жақты 
үйлесімді дамыған тұлға. 
 
 
 
3-тақырып.  Ғылыми  дүниетаным  –  оқушының  интеллектуалды 
дамуының негізі 
Оқушылардың  дүниетанымының  мəні  мен  қызметтері.  Дүниетанымның 
құрылымы:  білім,  көзқарастар,  сенім,  идеалдар,  өмірлік  ұстаным.  Тұлғаның 
іс-əрекеті – оның  дүниетанымының көрінуі. Дүниетанымның түрлері.   
Дүниетанымды қалыптастырудың əдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның 
құндылық 
бағдары, 
оның 
интеллектуалды 
дамуы 
 
– 
оқушылар 
дүниетанымының  қалыптасу  көрсеткіші.  Оқушылардың  дүниетанымын 
қалыптастыру құралдары: оқыту мен тəрбиенің мазмұны, формасы, əдістері, 
пəнаралық  байланыс,  оқушыларды  əр    алуан  іс-əрекет  түрлеріне  қатыстыру; 
отбасы  мен  мектептің  өзара  əрекеттестігі,  ТПҮ  жобалау  жəне  т.б. 
Оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырудың  қазіргі  мəселелері.  Жеке 
тұлғаның  ғылыми  дүниетанымын  қалыптастырудағы  мұғалімнің  кəсіби-
педагогикалық құзыреттілігінің маңызы. 
Негізгі  ұғымдар:  дүниетаным,  дүниеге  көзқарас  жиынтығы,  əлеуметтік 
орта,  дүниетанымның  компоненттері,  тұлғаның  құндылық  бағдары, 
дүниетанымды қалыптастыру құралдары. 
 
2-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбие 
1-тақырып.  Тұтас  педагогикалық  үдерістегі  тəрбиенің  мəні  мен 
мазмұны  
Тəрбие  –  тұтас  педагогикалық  үдерістің  бөлігі.  Адамзат  тарихындағы 
тəрбие 
жүйелері. 
Заманауи 
тəрбие 
концепциялар 
мен 
моделдері. 
Демократиялық қоғамының тəрбиелеу идеологиясы.  
Тəрбие 
мазмұны 
ұғымы. 
Тəрбиенің 
мақсаты, 
міндеттері 
мен 
мазмұнының  өзара  байланысы.  Тəрбие  мазмұнының  қоғамдық  сана  мен 
құндылық  ұстанымға  тəуелділігі.  Тəрбиенің  түрлері  жəне  оларға  сипаттама. 
Тəрбиенің  дəстүрлі  түрлері.  Тəрбие  мазмұнының  əлеуметтік-экономикалық 
негізделуі.  Тəрбие  мазмұнын  көкейкестендіру  жəне  жаңарту:  адамгершілік-
рухани,  азаматтық-патриоттық,  құқықтық,  көпмəденилік,  экологиялық, 
денсаулыққа 
жəне 
салауатты 
өмір 
салтына 
құндылық 
қатынасты 
қалыптастыру жəне т.б. 12-жылдық білім беру жағдайындағы кəсіптік бағдар 
беру жұмысының ерекшеліктері.  
Ұлттық  тəрбиелік  əлеует.  Ұлттық  мəдениетке    ұлттық  сана  мен 
құндылық 
қатынасты 
қалыптастыру, 
этникааралық 
толеранттылыққа 
тəрбиелеу,  ұлтаралық  қатынас  мəдениеті  –  ҚР  тəрбие  үдерісінің  басымды 
бағыты.   
ТПҮ-тегі  тəрбие  түрлерінің  өзара  байланысы.  Тəрбие  мазмұнындағы 
тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі 

28 
 
тəрбиелеу.  Оқушының  өмірлік  өзін-өзі  анықтауы,  əлеуметтік  белсенділігі. 
Əлеуметтену  контекстіндегі  тəрбие.  Əлеуметтендірудің    педагогикалық 
сипаттамасының  компоненттері.  Мектеп  жағдайында  əлеуметтенудің 
түрлері,  кезеңдері.    Оқушының  əлеуметтенуінің  негізгі  басқыштары: 
бірегейлік,  даралық,  жекелік.  Тəрбиелік  кеңістік  –  оқушыны  əлеуметтендіру 
факторы.  
Негізгі  ұғымдар:  тəрбиенің  мазмұны,  тəрбиенің  түрлері,    тəрбиелік 
үдеріс, ұлттық тəрбиелік идеал, əлеуметтендіру, əлеметтенудің түрлері, өзін-
өзі дамыту.  
 
2-тақырып. Тəрбиенің формалары мен құралдары
 
 
ТПҮ-нің  қозғаушы  тетіктері  ретінде  тəрбиенің  құралдары,  формалары, 
əдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тəуелділігі. 
Оқушылармен  тəрбиелік  жұмыс  формаларының  негізгі  топтары:  мектептік 
өмірді  басқару  жəне  өзін-өзі  басқару  формалары;  танымдық  формалары; 
қызықтырушылық формалары жəне т.б.  
Тəрбие  құралдары:  тəбиғат,  қарым-қатынас,  материалдық  жəне  рухтық 
құндылықтар, жарыс, ұжым, іс-əрекет т.б. 
Тəрбиелік  іс-əрекетті  тиімді  ұйымдастыру  шарты ретінде  құрал,  форма, 
əдістердің өзара байланысы. Тəрбие құралдарын, формаларын жəне əдістерін 
анықтаудағы мұғалімнің кəсіптік құзыреттілігі. 
Негізгі ұғымдар:
 
педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері, құралдар, 
формалар, əдістер 
 
3-тақырып. Тəрбие əдістері 
Тəрбие  əдістері  туралы  түсінік.  Тəрбие  əдістерінің  психологиялық 
негізі.Тəрбие  əдістерін  жіктеу  жəне  оларды  дайндаудың  өлшемдері. 
Тұлғаның  санасын  қалыптастыру  əдістері.  Тұлғаның  тəжірибесі  мен  мінез-
құлық  мəдениетін  қалыптастыру  əдістері.  Мінез-құлық  пен  іс-əрекетті 
ынталандыру  əдістері.  Бақылау  жəне  өзін-өзі  бақылау  əдістері.  Тəрбиенің 
инновациялық  интербелсенді  əдістері  жəне  тəрбие  технологиясы  Тəрбие 
əдістерін 
қолданудың 
педагогикалық 
шарттары. 
Педагогикалық 
шығармашылықты 
көрсету 
ретінде 
тəрбиенің 
əдістерін 
сұрыптау.  
Оқушының тəрбиелігінің диагностикасы жəне    тəрбиелілік көрсеткіштері.  
Негізгі  ұғымдар:  əдіс,  тəрбие  əдістерін  жіктеу,тəрбие  технологиясы, 
инновация,  оқушының тəрбиелігінің диагностикасы.  
 
4-тақырып. Отбасы тəрбиесінің негіздері 
Отбасы  –  бала  тұлғасын  əлеуметтендірудің  факторы  жəне  белсенді 
субъектісі.  Отбасы  тəрбиесінің  нормативтік-құқықтық  негіздері.  Отбасы 
тəрбиесінің  ізгіліктік  жəне  этнопедагогикалық  аспектісі.  Отбасының 
қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.  

29 
 
Отбасында 
педагогикалық 
үдерісті 
ұйымдастыру. 
Отбасындағы 
педагогикалық үдерістің  негізгі  компоненттері:  отбасы  тəрбиесінің  мақсаты, 
міндеттері,  мазмұны,  балалар  мен  ересектердің  өмірлік  тіршілігін 
ұйымдастырудың  құралдары,  формалары,  əдістері.  Педагогикалық  үдерістің 
негізгі  бағыттары.  Отбасы  тəрбиесінің  қазіргі  мəселелері.  Отбасындағы 
тəрбиенің  этникалық  ерекшеліктері.  Отбасының  оқушы  тұлғасының  ұлттық 
санасын  қалыптастыруға  ықпалы.  Ата-ананың  педагогикалық  мəдениеті. 
Ата-аналардың  білім  беруді  басқаруға  қатысуы.  Отбасы  жəне  мектептің 
ынтымақтастығының формалары.  
Отбасы  мен  педагогикалық  ұжым  жұмысындағы  сынып  жетекшісінің 
рөлі.  
Негізгі  ұғымдар:  қоғамдық  жəне  отбасылық  тəрбие,    отбасындағы 
педагогикалық 
үдеріс, 
ата-аналардың 
педагогикалық 
белсенділігі, 
ынтымақтастық  түрлері,  отбасы  жəне  мектептің  тəрбиелік  мүмкіндіктерінің 
интеграциясы, отбасы құзыреттілігі.  
3-тарау. Оқыту -- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі 
1-тақырып. Оқыту үдерісінің маңызы 
Дидактика  -  оқыту  жəне  білім  беру  теориясы.  Педагогика  тарихындағы 
дидактикалық  теориялардың  дамуы.  Я.А.Коменскийдің  педагогикалық 
теориясы.  Дидактиканың  негізгі  категориялары.  Дидактика  -  жеке 
əдістеменің  негізі.    Оқыту  үрдісінің  мəні.  Оқытудың  əдіснамалық  негізі. 
Таным теориясы. Оқытудағы интербелсенді тəсілдер. Оқытудың мақсаты мен 
міндеттері.  Оқытудың  заңдылықтары  жəне  қағидалары.  Оқыту  үрдісінде 
педагогикалық  үдерістің  қызметтерін  іске  асыру  -  білімділік,  тəрбиелік, 
дамытушылық. Оқыту үрдісінің құрылымы, негізгі кезеңдері.  
Тұлғалық-бағдарлық  оқытудың  негіздері.  Оқытудағы  құзіреттілік  тəсіл.  
Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері - оқытудың нəтижесі.  
Оқытудың 
психологиялық 
негіздері. 
Оқытудың 
психологиялық 
теориялары:  ассоциативтік-рефлекторлық,  ақыл-ой  əрекеттерін  сатылап 
қалыптастыру  жəне  т.б.  Оқыту  мен  білім  берудің  тəрбиелік  мүмкіндіктері. 
12-жылдық  мектептегі  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктері.  Оқушылардың 
танымдық  іс-əрекетінің  ерекшеліктері.  Бағдарлы  оқытудың  мəні  жəне  оны 
ұйымдастырудың  ерекшеліктері.  Қазіргі  мектептегі  электронды  (E-learning) 
оқыту  жүйесі.  Өздігінен  білім  алу  –  қазіргі  кезеңде  оқытудың  маңызды 
шарты.  Дидактикалық  құзыреттілік  –  мұғалімнің  кəсіби-педагогикалық 
құзыреттілігінің құрылымдық компоненті.  
Негізгі  ұғымдар:  дидактика,  оқыту  үдерісі,  оқыту  функциясы,  оқыту 
заңдылықтар,  қағидалары,  түйінді  құзыреттіліктер,  бағдарлы  мектеп, 
электрондық оқыту, дидактикалық құзыреттілік.  
 
2-тақырып. Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері 
 «Білім  мазмұны»  ұғымы.  Білім  мазмұны  -    педагогикалық  бейімделген 
əлеуметтік  тəжірибе.  Білім  мазмұнының  теориялары.  Білім  мазмұны  -  тұтас 

30 
 
педагогикалық  үдерістің  компоненті.  Білім  мазмұнын  анықтаудың  ғылыми-
педагогикалық  негіздері.  Білім  мазмұнына  қойылатын  талаптар.  Білім 
мазмұнын іріктеу факторы жəне көздері. Мектептегі білім мазмұнын іріктеу 
өлшемдерінің дидактикалық жүйесі жəне негізгі қағидалары. 
Білім  мазмұнының  негізгі  компоненттері.  Білім  мазмұнының  тəрбиелік 
аспектісі.  Құзыреттілік  тəсіл  негізінде  ҚР  12-жылдық  мектептің  білім 
мазмұнын модернизациялау. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, 
этнопедагогикаландыру.  Функционалды  сауаттылық  –  тұлғаның  өмір 
тіршілігінің əр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нəтижесі жəне негізі.  
Бейіндік  оқыту  мазмұнының  ерекшіліктері.  12  жылдық  мектепте  білім 
мазмұнын пəнаралық байланыс негізінде интеграциялау.   
Білім  мазмұнын  анықтайтын  нормативті  құжаттарға  сипаттама:    білім 
беру  стандарттары,  базистік  оқу  жоспары,  оқу  жоспарлары,  оқу 
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу- əдістемелік кешендер (ОƏК).  
Негізгі  ұғымдар:  білім  мазмұны,  бейіндік  оқытудың  білім  мазмұнының 
көздері,  пəнаралық  байланыс,    функционалды  сауаттылық,    қосымша  білім 
беру, нормативті құжаттар. 
 3-  тақырып.  Оқыту  формалары,  əдістері  мен  құралдары  ТПҮ-нің 
қозғаушы механизмі ретінде 
Оқыту құралдары туралы түсінік. ТПҮ-тің оқыту құралдары – іс-əрекет 
түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас). Дидактикадағы дəстүрлі оқыту 
құралдары жəне оларға сипаттама.  
Мұғалім  мен  оқушының  өзара  əрекеттестігінің  тəсілі  ретінде  оқытуды 
ұйымдастыру  формасы  туралы  түсінік.  Оқытуды  ұйымдастыру  формасы, 
əдістері мен құралдары арасындағы арақатынас.  
Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: 
сабақ,  экскурсия,  практикумдар  мен  семинарлар,  оқушылардың  оқу  үй 
жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факультатитвті сабақтар жəне 
т.б.  Сыныптан  тыс  оқу  жұмысының  формалары:  пəндік  үйірмелер,  ғылыми 
қоғам, 
олимпиадалар, 
байқаулар 
жəне 
т.б. 
Педагогикалық 
шығармашылықтың  нəтижесі  ретінде  оқытудың  инновациялық  формаларын 
қолдану.  Оқушылардың  оқу  жəне  оқудан  тыс  танымдық  іс-əрекеттерін 
үйлестіру.  
Негізгі  ұғымдар:  оқытудың  формалары,  сабақ  жəне  сабақтан  тыс 
формалар, 
оқытуды 
ұйымдастырудың 
фронтальды, 
топтық, 
дербес  
формалары.  
4-тақырып. Сабақ – оқытудың негізгі формасы 
Қазіргі  сабақтың  теориясы.  Сабақ  –  педагогикалық  үдерістің  уақыт 
бойынша  шектелген,  логикалық  аяқталған  бөлігі.  Сабақ  –  тұтас  жүйе,  оның 
компоненттері мен міндеттері (білімділік, дамытушылық, тəрбиелік). Қазіргі 
сабаққа  қойылатын  талаптар.  Сабақтың  типологиясы  жəне  құрылымы. 
Сабақтың  логикалық-психологиялық,  дидактикалық  жəне  əдістемелік 
құрылымының арақатынасы. 

31 
 
Сабақта  оқушылардың  оқу  іс-əрекетін  ұйымдастырудың  топтық, 
дербес,  фронтальды  формалары.  Оқушыларды  өзара  оқыту,  ұжымдық 
танымдық іс-əрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері.  
Сабақты  ұйымдастырудың  дəстүрлі  емес  формалары:  «авторлық 
сабақтар»,  конференция-сабақ,  пікірталас-сабақ,  брифинг-сабақ,  семинар-
сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, 
ойын сабағы, зерттеу сабағы жəне т.б.  
 Мұғалімді  сабаққа  дайындау  жүйесі.  Тақырып  жəне  сабақ  бойынша 
жоспарлау.  Сабақты  талдау  жəне  өзіндік  талдау  –  басқару  объектісінің 
сапасы  туралы  жаңа  білімді  алу  əдісі.  Сабақты  талдаудың  типологиясы  мен 
түрлері  (толық,  дидактикалық,  психологиялық,  тəрбиелік,  жүйелі,  қысқа, 
құрылымдық,  аспектілі,  кешенді,  ұйымдастырушылық,  біріктірілген  жəне 
т.б.).  Оқушыларды  оқытуды  ұйымдастырудың  əр  түрлі  формаларын 
шығармашылықпен  қолдану  мұғалімнің  кəсіби  құзыреттілігінің  көрінісі 
ретінде.  
 
Негізгі  ұғымдар:  сабақа,  оқытудың  топтық,  дербес,  фронтальды 
формалары формалары, сабақ талдау жəне өзіндік талдау.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет