Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен


«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі



бет15/17
Дата13.11.2016
өлшемі2,79 Mb.
#1636
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі

Бастауыш білім беру деңгейі

( Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)



Оқу материалы

4 сынып

Кесіндеме

12

Графика

6

Сәндік қолданбалы өнер

11

Мүсін өнері

3

Сәулет өнері

2

Барлығы

34

«Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша

4 сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат.

Бағдарлама өзара бір-бірімен байланысты екі бөлімді зерделеуді ескереді: біріншіден, отандық және шетел өнер шеберлерінің (әр түрлі техникада орындалған) бейнелеу өнері; екіншіден, өзіндік көркем шығармашылық іс-әрекеттер.

Оқу бағдарламасында:


  • бейнелеу өнері түрлері: графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қол өнер, сәулет өнері.

  • әр түрлі жанрлар: портрет, табиғат, натюрморт, тарихи, анималистік; бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары: сурет, түс, композиция, перспектива;

  • бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары: сурет, түс, жарық, композиция, перспектива және т.б. қарастырылған.

Типтік оқу жоспарында бағдарламаның өзегі ретінде оқушының ата-анасының белсенді қатысуымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны мектеп қабырғасында, мектептен тыс іске асыруға септігін тигізетін практикалық жұмыстар, сұхбат, саяхат, көрмелік есеп беру, пленэр (фр. сөзінен en plein air «ашық ауада» деген мағынаны береді) және т.б. мәдени іс-шаралар қолданылады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ



«Бейнелеу өнері» оқу пәні жайлы ұғым. Көркемдік сауаттылық негіздері. Бейнелеу, сәндеу және құрылымдық формадағы іс-әрекеттер жайлы ұғым негіздері. Бейнелеу өнері түрлерінің негіздерімен, суретшілер мен халық шеберлерінің шығарма туындыларымен таныстыру. Адам өміріндегі пластикалық өнер түрлерінің алатын орны жайлы түсініктер негізі.

Көркемдік мәнерлеу құралдары (жарық пен көлеңке, түс, тон, көлем, пропорция, кеңістік, ырғақ, силуэт, фактура, контур, дақ, сызық, штрих, симметрия, симметрия, контраст, нюанс, тепе-теңдік) бейнелеу, безендіру, сәндеу, құрылымдау өнеріндегі композициялық шешім ретінде.

Қазақстаннның алдыңғы қатарлы көркемдік мұражайлары (Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан республикасының президенттік мәдениет орталығы, Мемлекеттік Третьяков галереясы, Орыс мұражайы, Эрмитаж, Пушкин атындағы бейнелеу өнері мұражайы, Лувр, Дрезден, Прадо галереясы және т.б.)

Кескіндеме.

Жанрлар: табиғат, натюрморт, портрет, анималистік, тұрмыстық және тарихи жанрлар. Көркемдік материалдар: акварель, гуашь, майлы бояулы борлар, түсті қарындаштар, гель массасымен толтырылған қаламсаптар және т.б.



Графика. Графика бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде. Сурет және бейнені баспа графикалаудың әртүрлі түрлері (сурет, акварель, гравюра, литография, монотипия, аппликация және т.б.). Тушьпен және қаламмен салынған суреттер. Натураға қарап сурет салу. Қоршаған орта құбылыстарын салу. Еске түсіре отырып сурет салу. Графика өнері жайлы әңгіме сабақ. Графикалық суреттер салуға қажетті көркемдік материалдар. «Графика» курсы әр түрлі формадағы бұйымдар мен қоршаған орта құбылыстарын натураға қарап, еске түсіре отырып және көз алдына елестету арқылы сурет салуға бағыттайды; бейнелеу өнері жайлы әңгіме, пікір алысулар мен көркем шығарма туындыларын талдау.

Әр түрлі көркем графикалық материалдармен таныстыру. Олармен жұмыс жасау техникасы. Графикаға қатысты көркемдік мәнерлеу құралдары (сызық, нүкте, өң, штрих және т.б.).

Түстану. Негізгі, қосымша және аралас түстер. Реңк түрлері. Колорит. Өң (тон). Перспектива. Жарық пен көлеңке. Сызықтық бейнелеу. Композицияның негізгі заңцары.

Кескіндеме бойынша жұмысты жоспарлауда мұғалім көркем білімнің негізін құрайтын басты үш құрушының үйлесімділігіне көңіл бөлгені лазым: бейнелеу өнері шығармалары мен нақты объектілерді эмоционалды-эстетикалық қабылдау; кескіндеме сауаты теориясы бойынша білімді меңгеру; реалистік кескіндеме саласындағы көркем практикалық әрекеттер (білім, білік, дағдылар).

Оқу бағдарламасында табиғат аясына шығып сурет салу (пленэр), табиғат бояуларының өзгеруіне көңіл бөлу, әр түрлі көркем материалдарды техникалық орындау тәсілдерін меңгеру қарастырылады.

Бейнелеу өнерінде композиция ерекше орын алады. Композиция зандылықтарымен танысу және оларды қолдану бейнелеу өнерінің барлық түрінде болуы тиіс.

Сәндік қолданбалы өнер

Халықтық сәндік қолданбалы өнер. Ою-өрнектер. Киім-кешек. Сәндік натюрморт, сәндік суреттер. Дизайн. Материалдар: гуашь, түрлі-түсті қағаздар, мата, тері, ағашқа өрнектер салу және т.б. Майда пластика. Рельеф. Барельеф. Материалдар: мата қалдықтары, түрлі түсті пластик (косметикалық және с.с. босаған ыдыстар, қорапшалар) ермексаз, сазбалшық және т.б.

Оқушының тұлға ретіңде дамып, ұлттық рухта кемелденуі үшін дәстүрлі халық өнері негізімен, оның бай мұраларымен, құндылығымен таныстыру. Сәулет өнері.

Сәулет өнерінің түрлері, материалдары, бейнелеу-мәнерлеу құралдары. Әлемдік сәулет ескерткіштері. Қазақстан сәулет өнері ескерткіштері. Қазіргі заман сәулет өнері.

Суретші мамандығы

Отандық және шетел суретшілерінің шығармалары. Дизайн. Көркем онер туындыларының мұражайларына, кормелеріне бару, суретшілермен кездесулер, оқушылар жұмысының байқауын өткізу, белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілер мен халықтық өнер шеберлерінің шығармашылық мұраларына арналған викторина, кештер ұйымдастыру.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары. Тарихта ізі қалған көне ескерткіштер: археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттар. Монументалды өнер және сәулет өнері. Мәдени құндылықтар: өнегелі және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері. Өнегелі құндылықтар.

Табиғат аясында сурет салу (пленэр). Әртүрлі көркемдік материалдармен орындау техникасы.



Композиция, композициялық шешімнің бейнелеу өнерінде алатын орны. Композиция заңдылықтарымен танысу. Бейнелеу өнерінің әртүрлі түрінде композициялық шешімді қолдану тәсілдері.

4 сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

Өнерді қабылдау

Қазақстан бейнелеу өнері. Ә.Қастеев, П.Зальцман, С.Романов, О.Таңсықбаев және т.б. суретшілер шығармаларымен танысу. Натюрморт. Табиғат жанры. Портрет. Майда пластика. Жұмыр мүсін. Халық шеберлерінің шығармашылық шеберханасы. Қазақстан және таяу шетел сәулет өнері. Шығармаларды талдау. Табиғат сұлулығын, қоршаған ортаны, қоғам өмірінде болып жатқан құбылыстарды сезім арқылы қабылдау.

Кескіндеме (12 сағат)

Түстану (4 сагат). Түстік шеңбер. Түстік қатынас. Контраст. Түстік, рендік бейнелеу арқылы нәрсенің пішінін, көлемін және кеңістікті айқындау. Эскиз, нобай, жылдам суреттер арқылы бір көріністі әр түрлі қырынан салу. Сурет салу кезендерін (бастапқы, негізгі, аяқтау) нақтылау. Зат бейнесінің қағаз бетіне орналасуы (компановка). Құрылымы (композиция). Пішін.

Көркемдеуші_материалы_акварель_(4_сағат).'>Көркемдеуші материалы акварель (4 сағат). Орындау техникасы - лессировка жасау. Жарық көзі. Меншікті көлеңке. Түспелі жарық. Өңдік мата түсінің көлеңке түсіне әсер етуі. Жартылай тон (локалды түс). Жылт. Түстік қатынас. Жарық пен көлеңке тақырыбын қайталау. Натюрморттық жұмыстар орындау. Композиция орталығы. Еңбек тақырыбына сурет салу. («Егін жинау», «Мектептегі сенбілік» және т.б. тақы-рыптар).

Көркемдеуші материал гуашь (4 сагат). Пастозды кескіндеме техникасында орындау. Композиция орталығы. Достық, бірлестік тақырыбында сурет салу. Типизациялау заңдылықтарын қайталау. Тұтастық заңдылығы. «Достық поезы», «Серуенге шыққанда» және т.б. тақырыптар. Қозғалыс. Шеңбер ішінде көлбеу сызықтар бойынша компоновка жасау. Тұрақтылық. Тұрақты композиция. Тыныштық. Қозғалысты берудегі кескіндемелік жағылымның ролі. Туған табиғатының әсемдігін, ерекшелігін беру сюжетін қарастыру. Табиғаттың қозғалыс қалпы. Табиғаттың тұрақты қалпы. «Парус», «Қырау» және т.б. тақырыптарға сурет салу. Кескіндемеші-суретшілер шығармаларымен танысу. А.Риттих және т.б.

Графика (6 сағат)

Көркемдеуші материал графитті жәй қарындаш (4 сағат). Графикалық көркем-мәнерлеу құралдары: туштау, штрихтау. Өң. Қатты, жұмсақ қарындашпен жұмыс жасау тәсілдері. Перспектива. Көз деңгейі. Көкжиек сызығы. Квадрат, шеңбер перспективасы. Жарық пен көлеңке. Меншікті көлеңке. Түспелі көлеңке. Өңді түрлеңдіруге, тондық қатынасқа жаттығулар жасау. Куб, цилиндрге жақын пішінді нәрселерге тұрмыстық натюрморт. Композициялық шешімі нақты тақырыптық натюрморт. Табиғатқа шығу арқылы үй құрылыстарын ағаштармен бірге пленэрде салу.

Көркемдеуші материалдар гель сиялы немесе қара пасталы қаламсаптар (2 сагат). Орындаудың бейнелеу-мәнерлеу құралдары - сызықтар, штрих, дақ. Композиция орталығы. Типтік жобаға келтіру. Фактура. Табиғат сұлулығын ағаштармен бірге көрсететін тақырыптарга сурет салу. Қазақстан суретшілерінің шығармаларымен танысу. К.Қаметов, В.Тимофеев және т.б.

Сәндік қолданбалы өнер (11 сағат).

Көркемдеуші материалдары - турлі-тусті қарындаштар (4 сагат). Орындаудың бейнелеу-мәнерлеу құралдары - туштау. Әлем өнеріндегі негізгі өрнектік мотивтер. Адам және табиғат. Әлем халықтарының өнеріндегі от, су, жер және ауа бейнелерінің жалпылама және бірлік белгілері. Символдық белгілерді пайдалана отырып, шығармашылық өрнектік ком-позиция құрастыру. Графикалық дизайн. Мәтін мазмұны мен сурет композициясының өзара байланысы. Ағаш діңіне сурет салу жанры бойынша бейнелеу. Шрифт және көркемдеу арқылы халық ауыз әдебиетіндегі шығармаларды безендіру. Қазақ, орыс жәнет.б. халықтардың мақал-мәтелдерін көркем әріптермен жазу.

Көркемдеуші материалы - гуашь (4 сагат). Орындау тех-никасы-пастозды кескіндеме. Сөндік натюрморт. Орналас-тыру. Көлем. Орналасқан орны. Түс. Натюрморттағы ком-позициялық орталық. Колорит. Шығармашылық компози-ция (натюрморт). «Менің қызығушылығым», «Музыка аспаптары», «Өнер» және т.б. Табиғат көрінісін сәндік сурет стилінде орындау. Табиғат формаларын сәндік формаларға ауыстыру. Бақылыау және фантазия. Ырғақ (ритм). Композициялық орталық. Форма мен түс жарасымдылығы. «Жұмақ құсы», «Бақ құсы» және т.б.

Көркемдеуші материалдар - түрлі-түсті қағаз, мата, моншақтар және т.б. (4 сагат). Орындау техникасы - аппликация, коллаж. Формаларды өзгерту. Мотив. Композициялық орталық. Форма мен түс жарасымдылығы. Ойға байланыстырып төмендегі тақырыптарға композиция құрастыру. «Жылдамдық», «Қуаныш» және т.б. Дизайн. Зергерлік бұйымдар. Эскиз бойынша кітаптарға арасына салатын тілікшелерді безендіру. Ұлттық тақырыптарға композиция құрастыру. Халықтық және кәсіби шеберлер шығармаларымен танысу. Ш. Ниязбеков, М.Лизогуб және т.б.

Мүсіндеу (3 сағат)

Көркемдеуші материал пластилин (2 сагат). Жұмыр мүсін (майда пластика). Пластика. Композициялық тұтастық. Халық шеберлерінің (ағаш, сазбалшық, мәрмәр тас, сүйектен сәндік бұйымдар жасайтын) әртүрлі түрлі шығармаларымен танысу. Халықтық және қазіргі заман сәндік өнері негізінде мүсіндеу жұмыстарын орындау.(«Бота», «Алдар көсе» және т.б. тақырыптар).

Көркемдеуші материалдар - сазбалшық және ермек саз (1 сагат). Майда пластика. Композициялық эскиз жасау. Ұлттық киімдер. «Ұлттық киім-сәніміз». Суретші-мүсіншілер шығармаларымен танысу. (Е.Мергенов, Б.Төлекеев және т.б.).

Сәулет өнері (2 сағат)

Көркемдік материалдар ватман қагазы, желім ПВА және т.б. (1 сағат). Монументальді кескіндеме. Орындау техникасы - қағаз пластикасы. Эскиз. Конструкция. Макет. «Фантазия» және т.с.с. тақырыптарға ансамбль әзірлеу бойынша топтық жұмыс.

Көркемдеуші материалдар - сазбалшық немесе ермексаз (1 сағат). Киіз үй - көшпелілер үшін ең қолайлы үй. Қазіргі заман сәулеттік ансамблдеріндегі киіз - үй көрінісі. «Киіз үй» сувенирінің эскизі бойынша композиция жұмысын орындау. Қазіргі заман сәулет өнерінің белгілі ескерткіштерімен танысу.

Бейнелеу өнері

34 сағат – 25,5 блок

Аптасына 1 сағат

Кескіндеме 12 сағат

Тарау стандарты

Оқушы білуі тиіс

Оқушы қолдана алуы тиіс

- адамның өмiрiндегi бейнелеу өнерiнiң рөлi;

- мемлекеттiк символиканы, белгiлi көркем - тарихи ескерткiштер, тарих және жер мәдениеті;

-кескiндеме түрлерi: станокты, зор, сәндiк, миниатюра;

- түстану негiздерi.



-композиция зандылықтарымен танысу және оларды қолдану, бейнелеу.


- шығарманың негізгі ойын, идеясын түсіну;

- көркем шығармаларды ажырата білу;

- түстерді жұмыста еркін қолдана алу;

-жанрлар: табиғат, натюрморт, портрет, анималистік, тұрмыстық және тарихи жанрларын ажырату;

-көркемдік материалдар: акварель, гуашь, майлы бояулы борлар, түсті қарындаштар, гель массасымен толтырылған қаламсаптар және т.б.қолдану.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет