Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы



бет4/26
Дата05.06.2017
өлшемі2,81 Mb.
#17960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26





4. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері





      Стратегиялық даму жоспарын іске асыруға ықпал ететін Білім және ғылым министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері:



      1. Құрылымдық бөлімшелер арасында стратегиялық, іске асыру, реттеуші және бақылау функцияларын бөлуге мүмкіндік беретін Министрлік өткізіп отырған әкімшілік реформа.


      2. Жеткілікті кадр әлеуетінің болуы.


      3. Аумақтық білім беруді басқару органдарының болуы.


      4. Министрліктің ведомостволық бағыныстағы ұйымдарының белгілі бір әлеуетінің болуы (Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнологиялар орталығы, Биологиялық зерттеулер орталығы, қоғамдық-гуманитарлық бейіндегі ғылыми ұйымдар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Орталық ғылыми кітапхана, Ұлттық тестілеу орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Халықаралық бағдарламалар орталығы, "Дарын" РҒПО, "Оқулық" РҒПО, "Балалық шақ" РҒПО, "Бөбек" ҰҒПСО және басқалары).


      5. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық (Дүниежүзілік банк, Британ Кеңесі, АКСЕЛС, АЙРЕКС, ЮСАИД, Еуроодақ, БҰҰ, БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, АДБ, ЕРДБ, ИБР, МВФ, ТАСИС/ТЕМПУС, ГААҚ, ГТЦ, КОІСА, ЛСА, ШЫҰ, КАТЕV)








                      5. Ықтимал қатерлер



      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметінің барысында мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар қатерлерге тап болуы мүмкін.






Қатердің атауы

Дер кезінде шаралар

қабылдамаған және


(немесе) уақтылы ден


қойған жағдайда


мүмкін болатын салдарлар


Басқару тетіктері мен шаралары

1

2

3

Жаһандық



Әлемдік қаржы дағдарысы

Бюджет қаражатының жетіспеуі

Маңызы азғантай шығыстарды қысқарту

Жүйелі қатерлер (институционалдық)



Білім беруді басқару жүйесін орталықсыздандыру

Стратегиялық жоспардың мақсаттар индикаторлары мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу

Білім беру жүйесін басқаруды (қорғаншылық кеңестер, аумақтық басқару органдары және басқаларын) жетілдіру

Білім сапасының нашарлауы

Елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төну

Білім беру жүйесін басқаруды, білім мазмұнын, кадрлар даярлауды жетілдіру

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның Стратегиялық жоспарын іске асыруға мүдделі болмауы

Стратегиялық жоспардың мақсаттар индикаторлары мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыс, Астана, Алматы қаласы әкімдері арасында меморандум жасасу мүмкіндігін қарастыру

Министрліктердің - бірлесіп атқарушылардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарын іске асыруға дайын еместігі және мүддесіздігі

Стратегиялық жоспардың мақсаттар индикаторлары мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу

Салааралық және ведомствоаралық үйлестіруді күшейту

Мүдделі тұлғалар тарапынан білімді сырттай бағалау (ҰБТ, МАБ мектептерде және жоғары оқу орындарында), талапкерлерді кешенді тестілеу рәсіміне араласуы

ҰБТ, МАБ нәтижелерін тұтасымен алғанда білім сапасын бағалауды бұрмалау

Тестілеу жүргізу рәсімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Саладағы еңбекақы төлеу деңгейі мен елдегі орташа еңбекақы деңгейі арасындағы сәйкессіздікке байланысты білім және ғылым жүйесінен кадрлардың кетуі

Кәсіби мүмкіндіктердің күрт төмендеуі және білім және ғылымның "қауқарсыздығы"

Еңбекақы деңгейін арттыру

Әртүрлі мемлекеттік және жеке құрылымдарға Білім және ғылым министрлігінің ғылыми ұйымдарын беру үрдісі

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту базасы болып табылатын іргелі зерттеулерге кері әсерін тигізеді

Іргелі бейіндегі ғылыми ұйымдарды Білім және ғылым министрлігінің қарамағына қайтару.

Акционерленген ұйымдарға мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесін қайтару.


Іргелі бейіндегі ғылыми ұйымдардың акционерленуіне тыйым салатын норманы заңнамамен бекіту.






                  6. Сектораралық өзара іс-қимыл






Міндеттердің

атаулары


Іс-шаралар

Мемлекеттік органдар

- қоса атқарушылар


1

2

3

1-стратегиялық бағыт. Сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету

Мақсаты: мектептегі білім берудің қолжетімдігін және оның сапасын арттыруды қамтамасыз ету

Салауатты өмір салтына, оқушылардың денсаулығын нығайтуға, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету

1. Дене тәрбиелік-бұқаралық және сауықтыру жұмыстарын дамыту.

2. Білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бүкіл оку жылы бойы балалардың денсаулығының мониторингін жүргізу


ТСМ, ДСМ, жергілікті атқарушы органдар

 


 


ТСМ, ДСМ, жергілікті атқарушы органдар


Қосымша білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету

1. Аула клубтары желісін, спорт секцияларын дамыту

2. Бірлесіп қосымша білім беру ұйымдар желісін көбейту


ТСМ, ДСМ, жергілікті атқарушы органдар

 


ТСМ, ДСМ, жергілікті атқарушы органдар


Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету

1. Балалар мүгедектігінің алдын алу мақсатында психофизикалық дамуында кемшіліктері бар балаларды ерте анықтау және скрингі бойынша жұмыстар жүргізу

2. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытудың жеке арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету


3. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтенуі бойынша мемлекет пен қоғам қызметінің мемлекеттік ақпараттық тапсырысы шеңберінде аясында ақпараттық-бұқаралық хабар тарату жөніндегі жұмыс


ДСМ, Еңбекмині

 


 


 


 


 


 


 


 


ДСМ, жергілікті атқарушы органдар


 


 


 


 


 


МАМ


Сыртқы бағалау жүйесін дамыту

1. Басқа мемлекеттік органдардың өкілдерін рәсімдердің әділдігін, ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы рәсімдеу жүргізуге тарту

ІІМ, МАМ, ККМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдар

Мақсаты: экономика салаларының білікті және бәсекеге қабілетті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарына қажеттіліктерін қанағаттандыру

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сапа мен тиімділікті арттыру

1. Сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында экономика салаларының мамандықтары мен кәсіптеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу

ИСМ, ДСМ, Қаржымині, ККМ, ЭМРМ, АШМ, ІІМ, Әділетмині, Еңбекмині

Мақсаты: ішкі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғары білікті кәсіптік және ғылыми кадрлар даярлау

"Ішкі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғары білікті кәсіптік және ғылыми кадрларды даярлау" түйінді индикаторға жетуді бағалау үшін қажетті деректер алу

1. Барлық ұйымдар мен мекемелердің статистикалық көрсеткіштеріне мамандықтарын, жоғары оқу орнын бітірген жылын, лауазымын көрсете отырып, жұмысқа алынған бітірушілер саны туралы мәліметтерді енгізу

СА

2-стратегиялық бағыт. Экономиканың базалық салаларын ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

Мақсаты: елдің инновациялық дамуы үшін талап етілетін білім алуды, жинақтауды және беруді қамтамасыз ететін ғылым жүйесінің бәсекеге қабілеттілігіне және теңгерімділігіне қол жеткізу

Қазіргі заманғы ғылыми инфрақұрылым құру

1. Болашаққа арнап ғылыми зерттеулер басымдықтарын айқындау, форсайтты зерттеулер жүргізу

ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ДСМ

Ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру

1. Басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде ғылыми қамтамасыз ету:

биологиялық, химиялық қауіпсіздік, сумен қамтамасыз ету, жер сілкінісін болжау, энергетиканы, оның ішінде жаңарған энергетиканы дамыту және нәтижелерді әлеуетті тұтынушыларға беру


ДСМ, АШМ, Қоршағанортамині, ТЖМ, ИСМ, ЭМРМ

3-стратегиялық бағыт. Балалар мен жастарды дамыту үшін жағдай жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту

Мақсаты: балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және ескерту

1. Алдын алу іс-шараларын өткізу, тұрмысы нашар отбасыларын ерте анықтау

ІІМ, Еңбекмині, ДСМ, жергілікті атқарушы органдар

Оқушыларды мектепке және мектептен үйге жайлы және қауіпсіз тасып жеткізумен қамтамасыз ету

1. Өңірлік ерекшеліктеріне қарай жаңа бейімделген мектеп автобустарымен қамтамасыз ету

ИСМ, жергілікті атқарушы органдар

Мақсаты: жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерін іске асыруды қамтамасыз ету

Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу

1. Патриоттық іс-шаралар өткізу

МАМ, ТСМ, Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар

4-стратегиялық бағыт. Білім және ғылым жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру

Мақсаты: білім және ғылым жүйесін басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру

Жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру

1. Талдамалық және салалық статистикалық және ақпараттар беру

2. Жастар саясаты бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру


Орталық және жергілікті атқарушы органдар МҚА, жергілікті атқарушы органдар



      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:






БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ТСМ

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Қорғанысмині

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ТЖМ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

МАМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

ИСМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ДСМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ККМ

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

ЭМРМ

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

МҚА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

СА

Статистика агенттігі





7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының әзірленуіне негіз болған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің тізімі





      1. Қазақстан Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы "Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту" атты Қазақстан халқына Жолдауы.



      2. 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы конвенция (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған).


      3. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы.


      4. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы.


      5. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы.


      6. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы.


      7. "Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және түзету-педагогикалық қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы.


      8. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы. қараңыз.Z110407


      9. "Семьялық типті балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы.


      10. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы.


      11. "Ғылым және техника, әдебиет және өнер саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйақылары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 381 Жарлығы.


      12. "Қазақстан Республикасында 2007 - 2012 жылдарға арналған ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 348 Жарлығы.


      13. "Мемлекеттік басқару жүйелерін жаңарту шаралары" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығы.


      14. "Қазақстан Республикасында 2005 - 2010 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығы.


      15. "2030 жылға дейін Қазақстанда Стратегия дамуының байлығы іске асыру шамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығы.


      16. "Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1332 қаулысы.


      17. "Нәтижелерге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1297 қаулысы.


      18. "2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1245 қаулысы.


      19. "2008 - 2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 958 қаулысы.


      20. "Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 516 қаулысы.


      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 415 қаулысы.


      22. "Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 306 қаулысы.


      23. "Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдер ішінен білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыс және баспанамен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 22 желтоқсандағы N 1882 қаулысы.


      24. "Шетелде кадрларды дайындау үшін ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын құру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 Үкіметінің қаулысы.






                   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет