Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы 2015 жылғы 18 маусым №393 Астана қаласы



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі0,57 Mb.
#4439
1   2
«Ғасырлар бедері». – Алматы: Жазушы, 1991.

41. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (6 сағат):

1) «Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай» (1 сағат). ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас;

2) «Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай» жыры» (1 сағат). Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр;

3) «Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» (үзінді)» (1 сағат). Шоқан Уәлихановтың қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уәлиханов. «Қашқария саяхаты»;

4) «Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт» (1 сағат). Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, жақсы мінез-құлыққа үйретуге мән беруі. Мейірімді, рақымды болуға, адамға жақсылық жасауға, төзімді болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин әңгімелері;

5) «Абай Құнанбайұлы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі (2 сағат). «Ескендір» поэмасы. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңіндегі адамгершілік жайындағы философиялық ой толғау. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалауы. Өлеңнің түрі мен мазмұнына талап қоюы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктер, ой мен сезім иірімдері. «Ескендір» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Поэмаларындағы шығыстық сарын. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектер.

42. «ХХ ғасыр әдебиеті» (10 сағат):

1) «Жамбыл Жабаев. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері» (1 сағат). «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. Әдебиет теориясы: дастан жанры;

2) «Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы» (1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Мағжан – нәзік лирик, сыршыл ақын. «Түркістан» лирикасы. Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тән биік рух, отты сезім. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма жанры. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Күншығыс», «Пайғамбар» өлеңдері;

3) «Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдыреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік;

4) «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді (І томнан)» (3 сағат). М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр. Тіл дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі (үзінді);

5) «Ғабит Мүсірепов. «Боранды түнде» (әңгіме)» (1 сағат). Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік желісі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Қайсар және оған тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. Әңгімедегі салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін, іс-әрекетін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл юмор. Әдебиет теориясы: романтикалық образ. Пәнаралық байланыс: «Ғ.Мүсірепов мұражайы» электронды телесабағы;



6) «Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді» (1 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары мен би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы: тарихи роман. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сматаев. «Елім-ай» романы;

7) «Тәкен Әлімқұлов. «Қараой» әңгімесі» (1 сағат). Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Махамбет» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі» романы;

8) «Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы» (1 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»).»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)» деген 59-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)» деген 60-қосымшада:

17-тармақтың 41) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«41) Проза - 3 сағат (Кеңес дәуірінде жабық тақырып болып келген қазақ халқының басынан өткерген ашаршылық С. Елубаевтың «Ақ боз үй» трилогиясы, саяси қуғын-сүргінді Д. Досжановтың «Алыптың азабы» романы, тоталитарлық дәуірдің шындығын Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», К. Оразалиннің «Абайдан соңғы арыстар», З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ә.Таразидің «Жаза», Б. Мұқайдың «Өмірзая» романдары, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» повесі, шетел өмірін Т. Нұрмағамбетовтің «Айқай» повесі суреттейтін шығармалардың дүниеге келуі. Барлық әдеби жанрларда егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен жеңістерінің суреттеле бастауы. Ұлттық құндылықтардың негізгі тақырып ретінде алға шығуы М.Сәрсекеевтің «Сәтбаев», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б.Нұржекеұлы «Жау жағадан алғанда» романдары. Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысы А. Кемелбаева. Көркем прозадағы жаңа көркемдік ізденістер. Ойшылдық пен философияның көркем шығармашылықта алдыңғы орынға шығуы. М. Мағауиннің «Жармақ», Т. Әбдіковтің «Парасат майданы» туындылары. Тарихи тақырыптың қайта сарапталып, өмір шындығының нақты материалдармен толығып, көркем жинақталуы. Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Т.Жұртбайдың «Дулыға» романдары. «Мәдени мұра» бағдарламасы және әдебиет);»;

17-тармақ мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:

«41-1) Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» (1 сағат). Тәуелсіздіктің халқымыздың басты құндылығы ретінде сипатталуы. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы, Елбасының барлық қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек етуге, қоғамымыздың жалпы құндылықтарын – бейбітшілікті, келісім мен бірлікті бағалауға және нығайтуға, ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға және дамытуға шақыруы;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Орыс тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес)» деген 61-қосымшада:

31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Речевая тема: «Человек как представитель народа». Языковая тема: «Морфология» (3 часа):»;

32-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Речевая тема: «Личность и история». Н.Назарбаев. «Слово о Независимости». Языковая тема: «Имя существительное как часть речи» (3 часа):»;

54-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«54. Речевая тема: «Благосостояние народа – забота государства». Н.Назарбаев. «Слово о Независимости». Языковая тема: «Второстепенные члены предложения Дополнение. Прямое и косвенное дополнение» (2 час):»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Орыс әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес)» деген 62-қосымшада:

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. На изучение курса выделено 34 часа, из них на чтение и изучение – 29 часов, внеклассное чтение – 3 часа, развитие речи – 2 часа.»;

18-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) Н.Назарбаев. «Слово о Независимости» - 1 ч.;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы» деген 64-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы 10-11-сыныптары үшін «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен типтік оқу бағдарламасы» деген 66-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы» деген 76-қосымшада:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Типтік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат; 11- сынып – аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Курстың мазмұны төмендегі бөлімнен тұрады:

1) тақырыптық жоспар:

1-кесте


Бағдарлама түрлері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3

4

Σ

Базалық

1. Жеңіл атлетика

8

-

-

8

16

2. Спорт ойындары

13

6

14

8

41

3. Гимнастика

-

12

-

-

12

4. Шаңғы дайындығы (қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабағының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады)

-

-

10

-

10

5. Жүзу (жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оны іске асыруға бөлінген уақыт мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша физикалық дайындықтың басқа түрлері бойынша дағдыларды одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады)

-

-

-

8

8

Базалық бөлік бойынша сағаттар саны:

21

18

24

24

87

Вариативті

1. Аймақтың климаттық деңгейіне байланысты

6

3

6

-

15

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)

Вариативті бөлік бойынша сағаттар саны:

6

3

6

-

15

Оқу жылы бойынша жалпы сағат саны (Σ):

27

21

30

24

102

»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Курстың мазмұны төмендегі бөлімнен тұрады:

1) тақырыптық жоспар:



5-кесте

Бағдарлама түрлері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3

4

Σ

Базалық

1. Жеңіл атлетика

8

-

-

8

16

2. Спорт ойындары

13

5

16

10

44

3. Гимнастика

-

12

-

-

12

4. Шаңғы дайындығы (қарсыз аудандарда шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады)

-

-

8

-

8

5. Жүзу (жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оны іске асыруға бөлінген уақыт мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша физикалық дайындықтың басқа түрлері бойынша дағдыларды одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады)

-

-

-

6

6

Базалық бөлік бойынша сағаттар саны:

21

17

24

24

86

Вариативті

1. Аймақтың климаттық деңгейіне байланысты

6

4

6

-

16

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)

Вариативті бөлік бойынша сағаттар саны:

6

4

6

-

16

Оқу жылы бойынша жалпы сағат саны (Σ ):

27

21

30

24

102

»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Орыс тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)» деген 78-қосымшада:

18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Н.Назарбаев. «Слово о Независимости» - 1 ч.; Стили речи – 14 ч., из них 4 ч. – развитие речи, 1 ч. – сочинение в жанре эссе:»;

26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Н.Назарбаев. «Слово о Независимости» - 1 ч., «Текст. Речевые жанры» – 12 ч., из них 3 ч. – развитие речи; 1 ч. – сочинение:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Орыс әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)» деген 79-қосымшада:

12-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«32) «Русская поэзия и проза Казахстана (обзор) – 2 часа (Маргинальность русских литератур в национальных республиках бывшего СССР – приобретения и потери. Тема «двух родин» (О. Постников). Зачинатели русской литературы в Казахстане – И. Шухов, П. Кузнецов, М. Зверев, Д. Снегин, В. Чугунов, Д. Черепанов. Тема братства народов, «ослабленная художественность». Этапированные, ссыльные писатели 30-40-х гг. – Н. Заболоцкий, Н. Коржавин, М. Зуев-Ордынец, Ю. Домбровский, А. Чижевский, А. Солженицын. Мощный творческий импульс во время Великой Отечественной войны: известные деятели русской культуры (В. Шкловский, М. Зощенко, С. Маршак, К. Паустовский, С. Эйзенштейн и др.) в алма-атинской эвакуации. Исторический роман 50-60-х гг. как попытка сохранения личной и общей памяти о далеком и близком прошлом («Ак-мечеть» Н. Анова, «В городе Верном» Д. Снегина). Военная тема: «Парламентер выходит из рейхстага» Д. Снегина. Целинная и рабочая тема: «Покорители целины» И. Шухова, «Снега метельные» И. Щеголихина, «Страсти маленького городка» В. Буренкова, «Два дня осталось до весны» Г. Черноголовиной, «Теплая земля» В. Берденникова. «Простор» под редакцией И. Шухова (1963-1974) – журнал всесоюзного значения (публикации неизвестных или запрещенных произведений А. Платонова, Б. Пастернака, М. Цветаевой, О. Мандельштама, различных воспоминаний, романа и повести Ю. Герта «Кто, если не ты?» и «Лгунья» и др.). Новая историческая проза 60-70-х гг. («Емшан», «Маздак», «Колокол», «Комиссар Джангильдин» и др. М. Симашко, «Интервенция в Омске» Н. Анова, «Утро и два шага в полдень» Д. Снегина, «Омут» и «Прощеный день» Ю. Рожицына, «Передай дальше!» А. Никольской). Профессиональная пушкинистика («Если заговорят портреты», «Портреты заговорили» Н. Раевского) и стиховедение («Стихи нужны» А. Жовтиса), романизированные биографии и биографические хроники о русских и советских писателях, свя-занных с Казахстаном (книги П. Косенко о П. Васильеве, Вс. Иванове, А. Сорокине, Ф. Достоевском). Проза и поэзия «шестидесятников»: «Лабиринт» Ю. Герта, «Татарников», «Газеты за шкафом» Вл. Берденникова, «Письма на бересте» А. Арцишевского – тема противостояния тоталитарному духовному закрепощению. Поэтическое продолжение этой темы и нового казахстанского патриотизма – лирика Р.Тамариной, А. Елкова, В. Антонова, О. Постникова, Т. Мадзигон, И. Потахиной, Л. Лезиной, Л. Степановой, Н. Черновой, В. Киктенко, Е. Курдакова, Л. Шашковой, А. Соловьева и др. Отток русских писателей в 90-х гг.);»;

12-тармақ мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

«32-1) Н.Назарбаев. «Слово о Независимости» - 1 час;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен (ортадан жоғары деңгей) типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)» деген 80-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)» деген 81-қосымшада:

14-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«28) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті - 1 сағат (Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологиясының да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыздың өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағыдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Мысалы, таза ұлттық дәстүрді жырлау, исламдық бағытта жазу, батыс үлгісіне еліктеушілер). Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар;»;

14-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

«28-1) Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» (1 сағат). Тәуелсіздіктің халқымыздың басты құндылығы ретінде сипатталуы. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы, Елбасының барлық қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек етуге шақыруы;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)» деген 95-қосымшада:

14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) сөз мәдениеті туралы ұғым-түсінік - 5 сағат (Сөз мәдениеті туралы ұғымға кеңейтілген түсінік. Сөз мәдениеті – сөзді дұрыс қолдану, тілдік норманы сақтау. Тіл мәдениетінің тірегі - әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. «Мәдениет» ұғымы. Әдеби норма. Сөз мәдениетіне қатысты ұғымдар. Сөз құдіреті туралы халықтық ұғымдар. Елбасының «Тәуелсіздік Толғауы» - құттықтаудың елдік мәні жоғары түрі. Толғаудың стильдік-тілдік ерекшелігі. Толғау мәтініндегі синонимдер мен қаратпа сөздердің қолданысы. Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас. Тілдік қарым-қатынастағы сөз сапалары. Сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттар. Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Лексикалық норма. Орфоэпиялық норма. Орфографиялық норма. Грамматикалық норма. Актив сөздер. Пассив сөздер. Тіл табысуға қажетті коммуникациялық дағдылар. Тіл табыса білу өнері. Қарым-қатынас жасау құралдары: тіл-дыбыстау құралдары, тілге көмекші құралдар.Тыңдау әдебі. Тыңдай білу. Анықтау. Қайталап сұрау. Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары. Тілдік қатынас. Вербалды, бейвербалды амалдар. Дауыс мәнері. Әсерлі сөйлеу. Сөз сазы. Тілдік норманың сақталуы);»;

15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қазақ шешендік өнерінің тарихы - 9 сағат (Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі. Майқы би мен Аяз би. Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі. Асан қайғы мен Жиренше шешен. Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі. Билер кеңесі. «Жеті жарғы». Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Қазақ шешендік өнерінің төртінші және бесінші кезеңі. Хан-сұлтандарға қарсы шешендер. Бек-болыстарға қарсы шешендер. Қазіргі шешендіктің түрлері. Білім-ғылымдық мазмұндағы шешендік. Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік. Елбасының Тәуелсіздік толғауы. Толғаудың әлеуметтік-саяси мәні мен шешендік сипатына талдау. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік. Діни мазмұнды шешендік. Сотта қолданылатын шешендік);»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)» деген 96-қосымшада:

16-тармақтың 36) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«36) Проза − 2 сағат (Кеңес дәуірінде жабық тақырып болып келген қазақ халқының басынан өткерген ашаршылық С. Елубаевтың «Ақ боз үй» трилогиясы, саяси қуғын-сүргінді Д. Досжановтың «Алыптың азабы» романы, тоталитарлық дәуірдің шындығын Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», К. Оразалиннің «Абайдан соңғы арыстар», З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ә.Таразидің «Жаза», Б. Мұқайдың «Өмірзая» романдары, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» повесі, шетел өмірін Т. Нұрмағамбетовтің «Айқай» повесі суреттейтін шығармалардың дүниеге келуі. Барлық әдеби жанрларда егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен жеңістерінің суреттеле бастауы. Ұлттық құндылықтардың негізгі тақырып ретінде алға шығуы М. Сәрсекеевтің «Сәтбаев», Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б.Нұржекеұлы «Жау жағадан алғанда» романдары. Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысы. А. Кемелбаева. Көркем прозадағы жаңа көркемдік ізденістер. Ойшылдық пен философияның көркем шығармашылықта алдыңғы орынға шығуы. М. Мағауиннің «Жармақ», Т. Әбдіковтің «Парасат майданы» туындылары. Тарихи тақырыптың қайта сарапталып, өмір шындығының нақты материалдармен толығып, көркем жинақталуы. Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Т.Жұртбайдың «Дулыға» романдары. «Мәдени мұра» бағдарламасы және әдебиет);»;

16-тармақ мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

«36-1) Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» (1 сағат). Тәуелсіздіктің халқымыздың басты құндылығы ретінде сипатталуы. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы, Елбасының барлық қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек етуге, қоғамымыздың жалпы құндылықтарын – бейбітшілікті, келісім мен бірлікті бағалауға және нығайтуға, ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға және дамытуға шақыруы;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Орыс тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес)» деген 97-қосымшада:

29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Речевая тема: Н. Назарбаев «Слово о Независимости». «Каков он – лидер 21 века?». Языковая тема: «Имя прилагательное как часть речи» (2 часа):»;

53-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Речевая тема: Н. Назарбаев «Слово о Независимости». «Как стать успешным человеком». Языковая тема: «Обстоятельство. Виды обстоятельств» (1 час):»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Орыс әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес)» деген 98-қосымшада:

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. На изучение курса «Русская литература» в 11 классе выделено 34 часа, из них на: чтение и изучение – 29 часов, внеклассное чтение – 3 часа, развитие речи –2 часа.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) Н.Назарбаев. «Слово о Независимости» - 1 ч.;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Орыс тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)» деген 99-қосымшада:

18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Н. Назарбаев. «Слово о Независимости». «Стили речи» – 6 ч., из них 1 ч. на развитие речи; 1 ч. – сочинение публицистического стиля):»;

25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Н. Назарбаев «Слово о Независимости». «Текст. Речевые жанры» – 6 ч., из них 1 ч. на развитие речи, 1 ч. –сочинение в жанре эссе:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Орыс әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)» деген 100-қосымшада:

15-тармақ мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

«29-1) Н.Назарбаев «Слово о Независимости» - 1 час;»;

15-тармақтың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«35) «И. Бродский» – 1 час (Очерк жизни и творчества. Лирика: «Рождественский романс», «Новые стансы к Августе», «Пророчество», «Anno Domini», «Одиссей Телемаку», «Большая элегия Джону Донну», «Я входил вместо дикого зверя в клетку», «Разговор с небожителем», «Двадцать сонетов к Марии Стюарт» (по выбору учителя). Отталкивание от социальной поэзии, утверждение эстетических приоритетов. Скрещение модернизма с традициями античной и русской классики. Мотив одиночества, монологическая поэзия с вневременным восприятием действительности: античные и библейские мотивы. Метафизическое мировоззрение: поэт как «средство существования языка». Соотношение эстетики и этики («Нобелевская лекция»). Проблема пространства и времени. Образ автора-персонажа, позиция шута и гения. Усвоение самых разных поэтических традиций и стилей, высокого и низкого, элитарного и массового, их равенство. Создание текстов из литературы прошлого (Данте, А.С. Пушкин, В.В. Маяковский и др.). Цитатно-пародийный язык, имеющий функцию раскрепощения. Новая функция стихов: прозаизация стиха за счет усложнения строфики, «спотыкающегося» синтаксиса (обилия переносов), удлинения стихотворной строки, дольника, тактовика);»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)» деген 101-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)» деген 102-қосымшада:

17-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«28) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті - 1 сағат (Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологиясының да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыздың өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Мысалы, таза ұлттық дәстүрді жырлау, батыс үлгісіне еліктеушілер). Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар;»;

17-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

«28-1) Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» (1 сағат). Тәуелсіздіктің халқымыздың басты құндылығы ретінде сипатталуы. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы, Елбасының барлық қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек етуге шақыруы;»;

осы бұйрыққа 9-69 қосымшаларға сәйкес 114-174 қосымшалармен толықтырылсын.

2. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі - ҰБА) (Ж.О. Жылбаев) осы бұйрықпен бекітілетін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.



5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11659 болып енгізілді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет