Қазақстан Республикасы білім және ғылым минситрлігі «№17 Байқоңыр жббм» кмм-сі



бет3/6
Дата14.12.2021
өлшемі29,26 Kb.
#126301
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ғылыми жоба
ғылыми, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, ғылыми жоба, ғылыми жоба
2.2. Ер қанаты – ат.

Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады.

Туған баласын түліктің төліне теңеу де көшпенділердін, әсіресе,қазаққа тән қасиет. Ата-ана баласын құлыным, құлыншағым деп құлпыртамекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнеледі. Ал қазақ баласы болса құлын болып кісінеп, тай-құнан боп тулап, асау болып алысып, ат болып жарысып ойнап, тарпаң болып ер жетеді.

Ежелден қалған ескі сөз – ер қанаты – ат. Тақымы атқа тиген алаш баласы әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып,қуат қосып қайраттанады.

Шыңғыс ханға және оның ұрпақтарының ұлы жорықтарының туының жығылмауы даттың күші еді.

Көшпенділердің бес қаруы сайма-сай салт атты шеріктері садақ ату,шоқпар сілтеу, найза салу, қылыштасу, ат үстінен аударып түсіру сынды әскери сайысқа ат үстінде машықтанып, ат құлағында ойнады.

Ат бәйге, көкпар, аударспақ, теңге ілу, жамбы ату, шеген, қыз қуусынды ұлттық ойындарымызды талай аламан додаға түсіп әбден машықтанған сәйгүліктерсіз елестету мүмкін де емес. Көшпенділердің аңыз-ертегі, ақиық жыр, айтулы дастан, батырлық эпостарының басты кейіпкерінің бірі болып жылқы жырланып отырады. Өз елін, жерін жасанған жаудан қорғаған батырлардың астындағы аты ғана емес,сенімді серігі ретінде суреттеледі.

Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі бір төбе.

Қазақтың сән-салтанатының көркі де – жылқы. Әбзелінің әшекейі аппақ сүттей ай нұрына жарқырап, күмбір-күмбір күмбірлеген күліктер жегілген күймелі қазақы арбаларда аққу мойын, алма төс қазақ арулары кетіп бара жатты. Алайда, ат десе ішкен асын жерге қойған қазақтан бұл күнде ат десе селт етпейтін қазақты да табуға болады. Жылқының жасын, мінез-құлқын, түр-түсін, қадыр-қасиетін, түп тұқиянын өзгеден артық білетін бір жұрт болса, ол – қазақ. Соның үшін де қазақ тілінде жылқыға байланысты, соның ішінде тек атқа байланысты «Ер қанаты- ат; атың барда ел таны желіп жүріп; жылқының үсті – жел, сүті – ем; атты тағаласаң есек аяғын көтереді; тигізбейді қазанат қамшы, азамат жоғын білгізбейді; ат айналып қазығын табар; ат тұяғын тай басар; ат аунаған жерде түк қалар… т.б. толып жатқан мақал-мәтелдер туса, «ат төбеліндей; атбауырына түсіп; ат құлағында ойнау; атқа мінер; аттың жалында…қатарлы фазеологиялық тіркестер қалыптасты. Ат ән мен күйге арқау болды. «Маңмаңкер», «Ақ бақай», «Сал торы», «Қара жорға» сынды әндер,«Құлжагер», «Тел қоңыр», «Қос күрең», «Көк дөнен» сияқты күйлер өмірге келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет