Қазақстан Республикасы білім және ғылым минситрлігі «№17 Байқоңыр жббм» кмм-сі



бет4/6
Дата14.12.2021
өлшемі29,26 Kb.
#126301
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ғылыми жоба
ғылыми, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, ғылыми жоба, ғылыми жоба
2.3. Жылқының қасиеті

Қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте-мөте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқынының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы сірә жоқ. Жер бетінде жаратылысынан табаны жер иіскемеген бекзат бір халық болса, сол қазақ болу керек. Қазақтың ең кедейінің астында кем дегенде бір «көк шолағы» болған. Қойшысы қой торысын мінді. Осы ат – көліктің арқасын Алаш баласы Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын жалғады.Алып аумаққаиелік етті.

Қазақ жылқы малының болмысындағы басқа түліктерде болмайтын барша қасиетін жақсы танып, терең зердерлеп білген. Соның нәтижесінде өзінің өмір сүру қалпы мен болмысына қатысты көптеген тұрақты сөз тіркестерін жылқы түлігіне қатысты қалыптастырған. Енді, соның бір нешеуін еске түсірсем, мәселен, жұмылған жұдырықтай жиын жүретін, айрандай ұйып, бірлік-берекесі артқан әулетті торы айғырдың үйіріндей деп әспеттеді. «Күш-қайратың қайнап, әл-қуатың тасып тұрған жастық шағыңда ел-жер аралап, қыр-сырына қанық, көпті көріп көзінді аш» деген ұғымды атың барда жер таны желіп жүріп, әкең барда ел таны еріп жүріп деп мақалдады. Ал адамның көңілінің кеңдігін, пейілінің дарқандығын, қасыретке қайыспас, қайғыға берілмес, қайсар қажырын ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр деп қайырса, сабырлы да салмақты, бір ауылдың ұйтқысы болып отырған, жаны жайлау, біртоға бәйбішені бес биенің сабасындай депбереке, құтқа балады.

Көшпенділер мен жылқы баласынының бірге өсіп, біте қайнасқаны сондай олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде өз ара қатысты айтылатын афоризмдер толыпөтеді. жатыр. Мысалы, жаңа туған нәресте ұл бала болса ат ұстар, егер ол қыз бала болса ат байлар деп бейнелеп айтады. Ал баласы ер жетіп, есейіп, өссе ат жалын тартып мінді деп қуанады. Немесе түтеген қалың қою тұман, көзге түртсе көргісіз тас қараңғыны ат құлағы көрінбейді деп бейнелеп жеткізген. Сонымен қатар бірін-бірі қайта көрместей болып ренжіскен екі жақты ат құйрығын кесті деп білдірсе, араздасып барып татуласқан жандарды ат тізесін қосты деп табысқанын айтады. Ал кедей-кепшік, тумысында бір жарымаған адамды ауы атқа, аузыаққа жарымаған депқағытып отырған.

Жылқының қасиеттерін көрсететін халқымызда «Жылқы жершіл», «Ат айналып қазығын табады» деген сөздер бар, жақсы жылқы басы босасақандай қашықтықтан да туып өскен жеріне тарта береді.

«Жылқы – жаным, қымыз қымыраным» деген атам қазақ. Жылқының тағы бір қасиеті соғыстарда, бәйгеде, көкпарда, жорықтарда, қаншалықты аласапыран қырғындарда мертіккен жаралы жауынгерлердің денесін баспаған. Тіпті көп жағдайда аттан құлаған адам аман қалады, тіпті еш жері жарақаттанбайды. Қазақта «Есек тұяғын төсейді, түйе шудасын төсейді, өгіз мүйізін, ал ат жалын төсейді» деген сөз бар. Бұл – тұлпарға тән тазалықтың пәктің белгісі. Өзі туған қанды, өзінен тараған қанды білетін, жаза баспай танитын, өз денесінің иісін, тараған ұрпақ иісін жаңылмай сезетін, өз тұқымының үн-дыбысын, мінез-құлқын жаза баспай табатын қазақы жылқытұқымының естілігі мен ақылды қасиеттері кім-кімді де таң қалдырады. Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталаты ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет