Қазақстан Республикасы білім және ғылым минситрлігі «№17 Байқоңыр жббм» кмм-сі



бет2/6
Дата14.12.2021
өлшемі29,26 Kb.
#126301
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ғылыми жоба
ғылыми, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, ғылыми жоба, ғылыми жоба
Мақсаты:

«Жеті қазынаның бірі жылқының» ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген құрметтерін арттыру, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру.



Өзектілігі

Халқымызда жылқы малына қатысты әлі де болса еленбей қалып жүрген мәліметтердің орасандылығын көрсету.



2. Негізі бөлім.

2.1. Жылқының тарихы.

Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті түлігінің бірі - жылқы. Ерте замандарда ең көп өсірген, төрт түліктің ішіндегі пір тұтатыны да - жылқы. Жылқының пірі - Қамбар ата. Жылқы көш көлігі және елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген.Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады.Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу,әскери және спорттықбағыттарда өсіріледі.

Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолғаүйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекшеқастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар –Тарпаң мен Керқұлан деп есептеледі. Бұлар ерте қаманда Орталық Азия және Қазақстанның кең байтақ далларында мың-мыңдап, үйір-үйірімен жайылып жүрген. XVII-XVIII ғасырларда қазақ халқы тарпаңды жылқы үйіріне қосыптұқымын асылдандырып, етін пайдаланғаны жайлы мағлұматтар бар. Біздің тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы. Содан да болар «Жылқы – төрт түліктің төресі» деп атам қазақ бекер айтпаған. Ерте заманда қазақтар кішкентайынан баласын атқа мінгізіп үйреткен. Қазақ халқының тарихының тереңіне үңілсек, бабаларымыздың елін-жерін қорғап, ата-жаумен алысқандығы қанды көйлек жолдасы, даңқын аспандатқан кемеңгер қолбасшы Күлтегеннің Боз аты, Қарақыпшақ Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, ЕрТарғынның Тарланы жадымызда жатталып қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет