Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Әліппеден  кейінгі  кезең



Pdf көрінісі
бет16/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2
БМ әдебиетті оқыту әдістемесі3-курс, 1-ОМӨЖ. Галилейдің эксперименті. Молекулалардың таралу жылдамдығын меңгеру әдісі, 097f4db7-ab4e-43db-b646-4fd98c8e10f0, қмж 7а кл архимед заңы, Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтар 2, срсп, Руханият срсп 11
Әліппеден  кейінгі  кезең: 
Оқуда:  әртүрлі  дауыс  ырғағындағы  сөйлемдерді, 
байланысты  мәтіндерді  дұрыс,  саналы  түсініп,  мәнерлеп,  шапшаң  оқу; 
байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамытуда:  мәтінмен  жұмыс;  алғашқы 
грамматикалық  мағлұматтарды  меңгертуде:  сөйлеу,  сөйлем,  дыбыстар  мен 
әріптер, сөз, орфография, мәтін;  
жазуда: көшіріп жазу, есту арқылы жазу, есте сақтап жатқа жазу, көркем жазу, 
шығармашылықпен жазу, сөз, сөйлем, шағын мәтіндерді жазу. 
Бастауыш  мектепте  оқытылатын  тілдік  материалдар  мазмұны  оқушылардың 
жас  ерекшеліктеріне  орай ғылымилық,  сабақтастық,  жүйелілік,  түсініктілік 
дидактикалық  ұстанымдары негізінде  сұрыпталды.  Бағдарлама  құруда  басты 
ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу 
және  таным  құралы  екенін  терең  ұғынуға  мүмкіндік  береді.  Сауат  ашу  оқу 
пәнінің  мазмұнын  түзу  мен  іріктеудің  ұстанымдарына сауат  ашудың  мақсат-
міндеттеріне  сәйкес  болу,  алты  жастағы  балалардың  жас  ерекшеліктерін 
ескеру,  ұлттық  және  аймақтық  ерекшеліктерді  ескеру  ұстанымдары жатады. 
Бұл  ұстанымдар  ауызша  және  жазбаша  коммуникацияны  жүзеге  асыратын 
тілдің  графикалық,  дыбыстық-әріптік  жүйесін  тұтастай  қабылдауға, 
оқушылардың оқу қызметінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. 
       Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартында  ұсынылған  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  «Сауат  ашу»  пәні 
аптасына 7сағаттан оқытылады. Барлық сағат саны– 238, оның ішінде: «Сауат 
ашу» пәнін оқыту үш кезеңге бөлінген: 
1)Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат. 
2)Әліппе кезеңі - 98 сағат. 
3)Әліппеден кейінгі кезең - 126 сағат. 


53 
 
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады:            
I  жартыжылдықта  –  «Әліппе»  оқулығы,  II  жартыжылдықта  –  «Ана  тілі» 
оқулығы. 
      «Сауат ашу» пәні оқу  бағдарламасының  мазмұны: 
1.Әліппеге  дейінгі    кезең:  сөздің    дыбыстық  құрамын  бағдарлай    білу, 
саусақтарын  жазуға    даярлау  (әр  түрлі  сызықтар,  өрнектер  мен  таңбалар 
сыздыру), сөздік  қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. 
2. Әліппе  кезеңі: әріптердің баспа жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп, сөздің 
дыбыстық-буындық құрылымын  модельдеу, сөзді буындап және  тұтас сөзбен  
оқу,  сөйлемдерді, мәтіндерді   оқу,  әріптерді    жазу,  сөз  ішіндегі  әріптерді бір-
бірімен  дұрыс  қосып  жазу,  сөз,  сөйлем  жазу,  мәтінмен  жұмыс    жүргізу, 
сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру). 
3. Әліппеден кейінгі  кезең: сөз, сөйлем, мәтін оқу және  жазу, дауысты және 
дауыссыз  дыбыстар,  сөз  таптары  туралы  алғашқы  мағлұматтар  меңгерту 
(заттың  атын,  қимылын,  сынын,  санын  білдіретін  сөздер),  сөйлемнің  бірінші  
сөзін  бас  әріппен  жазу,  кісі    аттары,  жер-су  атаулары  және  үй  жануарлары 
аттарына қойылатын аттарды бас әріппен  жазу. 
 «Сауат  ашу» пәні бойынша  оқушылардың білімі  мен біліктілігіне қойылатын  
талаптар: 
Әліппеге дейінгі  кезең. 
Біліктілігі:  
-  сөйлеуден  -  сөйлемді,  сөйлемнен  -  сөзді,  сөзден  -  дыбысты    ажырата  білу 
және бөліп алып  көрсету; 
-  сөздің    дыбыстық    (фонемдік)  құрылымын  бағдарлай  алу,  сөздегі  
дыбыстардың ретін және санын анықтай алу, сөз басындағы, сөз ортасындағы, 
сөз  соңындағы дауысты және дауыссыз  дыбыстарды ажырата алу; 
- сөзді буынға бөле алу; 
-  сөздің    дыбыстық    және  буындық    сызбасын,  хабарлы,  сұраулы,  лепті 
сөйлемдердің графикалық таңбаларын  айыра білу; 
-  жазу  дәптерінің  жолын    сақтап,  әр  түрлі  сызықтар,  өрнектер,  таңбалар  сыза 
алу, әріп элементтерін жаза  алу. 
Әліппе  кезеңі. 
Білімі: 
-қазақ  алфавитіндегі  әріптердің  баспа  және  жазба  түрерін  білу,  бас  және  кіші  
әріптерді білу; 
-кісі    аттары  мен  үй  жануарларына  қойылған  аттар  және  жер-су  атауларының   
бас әріппен  жазылу ережелерін білу. 
Біліктілігі: 
-әріптерді  дыбыстап айта  алу, сөздің дыбыстық-әріптік сызбасын құра  алу
-сөзді  буынға  бөле  алу, сөздің, сөйлемнің шегін ажырата  алу; 
-буынды мейлінше дыбыс талатын  етіп, дауысты  дыбыс әрпіне бағыттап  оқи  
алу; 
-сөйлем  интонациясын  сақтап  оқи  алу; 


54 
 
-байланысты    мәтіндерді    оқи    алу,  сұраққа    жауап    бере  алу,  оқығанын  
мазмұндай  алу; 
-әріп,  буын,  сөз,  сөйлем  (3-4  сөзден  тұратын)  жаза  алу,  қай?  не  істеді?  не 
қылды? қайтті? қанша? неше? т.б. грамматикалық  сұрақтарды қоя  алу. 
Әліппеден кейінгі  кезең. 
Білімі: 
-қазақ әліпбиіндегі әріптердің аталуы мен олардың  дыбысталуын  білу; 
-дыбыс  түрлерін: дауысты және  дауыссыз дыбыстарды, жуан  және  жіңішке  
дауысты  дыбыстарды білу; 
-жуан  және  жіңішке  айтылатын сөздерді  білу; 
-жуан  және  жіңішке  жұп  дауыстыларды  білу
-сөздерді  дұрыс  буынға  бөле білу және  тасымалдай  білу; 
-заттың  атын,  қимылын,  сынын,  санын  білдіретін  сөздерді    және    оларға  
қойылатын сұрақтарды  білу; 
-сөйлемді, сөйлемдегі  сөздердің  байланысын  білу; 
 -кісі  аттары мен үй жануарларына қойылған аттар және жер-су атауларының   
бас әріппен  жаза білу; 
-сөйлемнің  бірінші  сөзін бас әріппен  бастап, ондағы әрбір  сөзді бөлек  жаза  
білу, сөйлем  соңына  нүкте  қоя білу; 
-қысқа  өлеңдерді  жатқа  айта  білу. 
Біліктілігі: 
-байланысты  мәтіндерді дұрыс, саналы, түсініп, мәнерлі шапшаң оқи  алу; 
-сұрақтарға  жауап  бере  алу, оқығанан  мазмұндай  алу; 
-сөйлемдегі  сөздердегі сөздерге грамматикалық сұрақтар  қоя  алу; 
-жеке сөздерді, сөйлемдерді  және  шағын  мәтіндерді  жаза  алу; 
-мұғалім  айтуымен  жаза  алу,  сұрақтарға  жазбаша   жауап  бере  алу
-диктант жаза  алу. 
        Қазақстан    Республикасы  жалпы орта білім берудің  мемлекеттік жалпыға  
міндетті стандартында «Сауат  ашу» пәні  бойынша  оқушылардың білім, білік, 
дағдыларына қойылатын  міндетті (минимум) талаптар көрсетілген. 
Жазуға  қойылатын талаптар. 
Әліппеге дейінгі  кезең: 
-жазу   дәптерінің жолын  сақтап, әр түрлі  сызықтар, өрнектер, таңбалар сыза 
білу; 
- дәптер  бетіндегі  кеңістікті  бағдарлай  білу (жоғарыда, төменде, оң  жақта, 
сол  жақта, ортасында); 
- әріп   элементтерін  жаза  білу. 
Әліппе  кезеңі: 
-дауысты  және  дауыссыз  дыбыс  әріптерін (бас  әріп  және  кіші  әріп)  жаза  
білу; 
-әріп,  буын,  сөз,  қысқа    сөйлемдер    жазу,  сөз    ішінде    әріптерді    бір-бірімен  
дұрыс  қосып  жазу; 
-баспа  түріндегі  мәтіннен  сөздерді, сөйлемдерді  көшіріп  жазу. 
Әліппеден  кейінгі  кезең: 


55 
 
    - мұғалімнің  айтуымен   және  мәтіннен  сөздерді, сөйлемдерді  көшіріп  жазу; 
    - сұрақтарға  жазбаша  жауап  беру; 
    - диктант  жазу
   - мазмұндама, шығарма  жазу (II жартыжылдықта). 
        Сауат ашу дыбыстық талдау- жинақтау әдіс арқылы  жүргізіледі. Оқу мен 
жазу  бірге  жүргізіліп  отырылады.  Баланың  дұрыс  оқуға  машықтануымен 
сауатты  да  әдемі  жазуға  үйретуі  осы  кезеңде  жүзеге  асырылады.  Сондықтан 
мұғалім  балаларды  ұқыптылыққа,  жауапкершілікке  үйрете  отырып,  өз 
жұмысына өздері баға беріп, қорытынды жасай білуге үйретуі тиіс. 
       Жалпы  сауат  ашудың  нәтижелі  болуы дайындық  кезеңде  жүргізілетін  
жұмыстардың  мейлінше  сапалы  болуына  байланысты. Демек,  сауат  ашуға 
дайындық    жұмыстары    дұрыс    ұйымдастырылып,  ұқыпты    жүргізуге    басты  
назар  аударылады. Бұл  кезеңдегі  жазудың  мақсаты – оқушылардың қолының  
икемділігі  мен  көз  мөлшерлеу  қабілетін  жетілдіру, графикалық  дағдылар  
қалыптастыру.  Сауат    ашудың    дайындық    кезеңінде    жүргізілетін    жаттығу  
түрлері  төмендегідей: 
1)суретті  жаттығулар; 
2)сызықты жаттығулар. 
        Штрихтарды    өзара    қосып    сурет   салу, оны    бояу    оқушыларды    жазуға  
даярлайды. Бұл  арқылы  балалар айналадағы  заттардың  пішінін, құрылысын, 
жазықтықта    орналасу    қалпын    еркін    қабылдап,  «оң»,  «сол»,  «шеті», 
«жоғары», «төмен», «қисық», «дөңгелек», т.б. қажетті  ұғымдарды  меңгереді. 
Заттың  суретін        салу    арқылы    бала    қалам    ұстауға      жаттығып    қана  
қоймайды,  сонымен    қатар  қол    қимылының    бағытын    да    байқайды,  оны  
қажетіне    қарай  икемдеуге    үйренеді,  суреттерді    бояп    өрнектеу,      көлбеу  
сызықтар    жүргізу      арқылы    келешек    әріп    элементтерін    жазуға  қолын 
жаттықтырады. 
Әдіскер  Қасабекова  сауат  ашудың  дайындық  кезеңінде  жүргізілетін  
жаттығулардың  негізгі  түрлерінбылайша ұсынған еді: 
1) көрсетілген  нұсқа  сызығының  үстімен  жүргізу (контурмен  жүргізу) 
 
2)
 
нұсқа  сызығының  арасын  қарындашпен қосу 
 
 
3) берілген  бір  заттың  контурын  аяқтау, жетпеген  бөлшектерін толықтыру 


56 
 
 
 
4)жекеленген  бөлшектерден  не  геометриялық  фигуралардан  заттың  тұтас  
бейнесін  сызық  үстіне  ретімен  құрап  жазу 
 
 
5) трафарет  бойынша  сурет  салып, оларды  әр  түрлі  сызықтармен  штрихтау 
 
 
        Психолог-ғалымдардың    зерттеулері    бойынша    4-7    жас    аралығындағы  
балалардың  бұлшық  еттері  сезімтал, өте  қабылдағыш  келеді. Жазу  кезіндегі  
қиыншылықтарды    болдырмау    және    баланың    қолын    жаттықтыру    үшін  
жүргізілетін    жаттығулардың    ең    алғашқысы  –  штрихтау.  Мектепке    алғаш  
келген  жас  өспірімнің  жетекші  әрекеті – ойын. Ал  жас  өспірімнің  ойынға   
деген  қажетін  ескермей, оны  бірден  ой  еңбегіне  көшіруге  болмайды. Олай  
болса,  штрихтау ойын  түрінде  жүргізіледі, сол  арқылы баланың  логикасы  
дамытылады. Штрихтар  арқылы  сурет  салу  жаттығуларын  сурет  альбомына  
орындатқан  жөн.  
      Сызықты    жаттығулар  –  күрделі    емес    әріп    элементтері:  көлбеу    сызық, 
төменгі  оңға    иілген    қармақша,  жоғары    сол    жағы    солға,  оңға    иілген  
қармақша,    дөңгелек,  жарты    дөңгелек,  ұзын    ілмекше,  ұзын    көлбеу    сызық, 
байланыстырушы  сызықтар, т.б. 
Жазуға  дайындайтын жаттығулардың  бәрі  де балалардың  қабылдау, талдау, 
қайта    жаңғыртып    жасау    қабілетін    қалыптастырады.  Әріп    пішінін 
қабылдаудағы  негізгі  кезеңдер  мыналар: а) әріп  жазбасының  жалпы  суретін  
көру    арқылы    қабылдау;  ә)  әріптерді    балалардың    өздігінен    жаңғыртып, 
талдай  білуі. 
       Жазу    дәптерінің  (№1)    алғашқы    беттерінде    суретті    және    сызықты  
жаттығулар  берілген. Алғашқы  аптада 3-5 беттердегі  қоңырау, алма, алмұрт, 
ою-өрнек,  т.б.заттардың    бейнелерін    үзік    сызықтармен    қарындашпен  
бастыра  отырып,  қолдарын  жаттықтырады. Оқушы  сурет  сала  отырып, әріп  
элементтерін  бірнеше  қайтара  жазады. 


57 
 
 Екінші    аптадан   бастап   оқушы    жазу    дәптерінің   жолымен    танысады. Осы  
кезде    балаға    «кіші    жол»,  «үлкен    жол»,  «жолдың    ортасы»    ұғымдары  
меңгертіліп, әріп  элементтерінжазу  жеңілден  қиынға  қарай  үйретіледі. Бұл  
жаттығулардың    ішінде  қаламды    дәптердің    бетінен    алмай,  үздіксіз    жазуға  
дағдыландыратын    жаттығу    үлгілері  де  бар.  Балалардың      қолдарын    жазуға  
жаттықтыру    мақсатында    мұғалім    жаттығудың    бірнеше    түрлерін  
пайдалануына    болады,  мұндай    жаттығуларды    сурет    альбомына  
қарындашпен   не   мольбертке  бормен  орындайды. Сондай  жаттығулардың  
кейбір    түрлерін    ұсынып    көрелік.  Жоғары    жолдың    үстіне    нүкте    қоямыз, 
«жоғары-  төмен»сілтеуі  бойынша  жоғары    сызықтан  түзу    жүргіземіз,  енді 
«солдан  оңға»,  «жоғарыдан  төмен»,  «оңнан    солға»  сілтемесі  бойыншасызық  
жүргіземіз,  сонда      төртбұрыш    шықты.  Орын    қалдыра    отырып,    жоғары  
сызыққа  нүкте  қоямыз. «Жоғарыдан – төмен солға», енді  «солдан – оңға», әрі  
қарай «төменнен – жоғары солға»  қиғаш  сызық  жүргіземіз, сонда  үшбұрыш  
шықты. 
 
 
 
 
 
 
Төртбұрышты  солдан    оңға    қарай,  үшбұрышты    жоғарыдан    төмен    қарай,  
дөңгелекті  төменнен  жоғары  қарай  тік  сызықпен  штрихтау. 
 
 
Сурет  неге  ұқсайды? (бұрымға, бауға, көлденең  жатқан  сегіздікке) 
Әліппе  кезеңі – сауат ашудың  негізгі  де  жауапты  кезеңі. Бұл  мерзімде сауат 
ашудың      басты    мақсаты    оқу    мен    жазуға    үйрету    жүзеге    асырылады,  
сондықтан    оны    «сауат    ашу    кезеңі»    деп    атайды.  Бұл    кезеңде    мынадай  
міндеттер  жүзеге  асырылады: 
1) сөзге буындық,  дыбыстық  талдау  жасау, дыбыстар  мен  әріптерді  таныту  
мақсатымен  сөзден  жеке  дыбысты  бөліп  алу, бөліп  алған  дыбыстың  орнын  
анықтау, жеке  дыбысты  дыбыстау, сөзден  ажыратылып  алынған  дыбыстың  
дауысты  не дауыссыз  екенін  айқындау, дауысты  дыбыстың  буын  жасауға  
негіз болатынын  білдіру; 
2)  дыбыстарды    буынға,  сөзге    жинақтау,  буындарды    оқуға,  буындардан    сөз  
құрап  айтуды  меңгерту, заттардың  суреті  бойынша  сөз  құрастыру; 
3)  әліппедегі    жеке    сөйлемдер    мен    мәтіндерді    дұрыс    оқу    машығын  
қалыптастыру, оқушыларды     байланыстырып  сөйлеуге  жаттықтыру; 
4) жеке  әріптерді  дыбыстық  талдау-жинақтау  негізінде  жазуға  үйрету, жазу  
үлгілері    бойынша      жұмыс    жүргізу,  жазу    каллиграфиясын    бұзбай    жазуға  


58 
 
жаттықтыру,  сөзді  буынға бөліп  және  тұтас  жазуға  төселдіру, оқулықтағы  
жеке  сөйлемдер  мен  қысқа  мәтіндерді көшіріп  жазу, есту  бойынша  жазу  
машығын    қалыптастыру,  екі,  үш    сөзді    қысқа    сөйлемдер    арқылы  
байланыстырып  жазуға  үйрету.  
        Оқып үйретудегі басты мақсат - керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи 
білу.  Сөз  –  дыбыстың  мағыналы  тізбегі.  Сөз  айту  -  дыбысты  ауызбен  тізу. 
Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз шығара білмейді, 
себебі олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді. Оқуға балалар әріп үйренеміз 
деп келмейді, оқу,жазу үйренеміз деп келеді. Бірақ әріпті білмей, әріптің қалай 
тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену қиын. Дыбыспен жаттықтыруға көп уақыт 
кетпейді,  онан  келетін  пайда  көп:  дыбыстарды  тізіп  үйренсе,  әріптерді  тізу 
қиын  болмайды.  Сөздің  ішінде  қанша  дыбыстар  бар  екенін  айыруды  білсе, 
әріптерін қою қиын болмайды.Мұндағы негізгі қағида мынау: әуелі балаларға 
әр  түрлі  дыбыс  бар  екенін  білдіру,  екінші,  балаларға  таныс  сөздерді  алып, 
олардың  ішінде  қандай  дыбыс  барын  айырту;  үшінші,  бөлек  -бөлек 
дыбыстарды  тіздіріп  сөз  айтуды  білдіру.  Мұны  білген  соң,  балаларға  әріп 
көрсетіп  оқытса,  оларды  құрастырып,  сөз  етіп  айтуға  балалар  қиналмайды. 
Мұны  білмей  тұрғанда  балаларға  әріп  көрсету  жарамайды.Енді  әріптерді 
бөлшектеп  үйрету  жолын  айталық.  Мұғалім  созып  «а»  деп  айтады  да, 
балалардан сұрайды, қандай дыбыс естілді? Балалар: «а» деген дыбыс естілді. 
«а»  әрпі.  Мұғалім  созып  басқа  бір  дыбыс  айтады.  Мысалы:  «с»,  мұның 
турасында  да  «не  дыбыс  естілді?»  деп  сұрайды.  Балалардың  жауабы  дұрыс 
болса,  мұғалім  тағы  бір  басқа  дыбыс  айтады.  Осылай  бірнеше  әріптерді 
айтқаннан кейін балалар әріптің әртүрлі болатұғынын біледі және бір әріптен 
бір әріпті айырып тануға күші жетеді. Сонан соң сөз ішіндегі әріптерді айыруға 
да шамалары келеді. Сөз ішіндегі әріптерді балаларға бөлшектеп үйрету үшін 
әуелі  бір  буынды  сөздер  алынады.  Келесі  бір  күні  балалардың  жазғанын 
оқытқызып,онан  соң  әліппедегі  баспасын  оқытқызып,екінші  сабақтың 
тақырыбына ауысады. Екінші сабақтағы әріп «з». Бұл әріпті көрсетуден бұрын 
мұғалім  ішінде  «з»  келетін  бірнеше  қысқа  сөздерді  айтып,  балаларға  қандай 
дыбыстар барын айыртқызады. Сонан соң «з» деген дыбыстың әрпі мынау деп 
көрсетеді және жазғанда қалай жазылады, оны да көрсетіп, «аз», «аза», «зар», 
«азар»  деген  сөздерді  кеспе  әліппемен  я  болмаса  тақтаға  жазып,  ең  болмаса 
әліппедегі  баспаларын  оқытады.  Бірден  қосып  оқи  алмаған  сөздерді  буындап 
бөліп қосқызады.Кейінгі  сабақтардағы әріптердің реті осылай болады, яғни әр 
әріп үшін әуелі сол әріп ішінде келетін қысқа-қысқа сөздерді айтып, дыбысын 
айырту.  Екінші,  үйрететін  әріпті  кеспе  әліппеден  алып,  яки  тақтаға  жазып 
көрсету;  үшінші,  ішінде  сол  әріп  бар  сөздерді  оқыту,  жазғызу;  төртінші, 
жазғандағы қателерін балалардың өздеріне түзету. 
Әріпті  жазуға    үйрету  әдістемесі    басшылыққа  алатын    дидактикалық 
қағидалары,  өзіндік  әдіс-тәсілдері  бар  жүйе.  Әріпті  жазуға    үйрету 
технологиясы: а) әріпті элементтеп жазу;  ә)әріпті саналы түрде түсініп жазуы. 
     Әріпті  элементтеп  жазу  графикалық  жүйенің  негізін  құрайтын  8  негізгі 
элементті меңгеруден басталады.Олар: 


59 
 
-тік сызық; 
-бір бағытқа иілген сызық; 
-екі бағытқа иілген сызық; 
-ілмекшелі сызық; 
-ширек сызық; 
-көлбеу сызық (ырғақты (жатық) сызық); 
-бүтін  құрсау; 
-жарты құрсау. 
Бұл    аталған    8  элемент  барлық    әріптерде    кездеседі.  Айталық,  т  әрпі  үш 
элементтен  тұрады: тік сызық, оңға иілген қармақша және екі бағытқа иілген 
қармақша. 
Әріпті  жазуды  есте  ұзақ  сақтауы  үшін  оның  конфирурациясына    (тұтас 
бейнесіне)  ұқсас  суреттерді  көрсету,  әріп  элементтерін  шаблоннан  немесе 
компъютерден  элементтеп  құрастыруды  үйрету  жаттығуларын  жүргізуге 
болады. Мұндай әрекет нәтижесінде бала әр әріптің салынуын тез қабылдайды. 
Сонымен  қатар  әріпті  басқа  әріптермен  байланыстыра  жазуға,  сөз,  сөйлем 
жазуға  жаттығады.  Сондай-ақ  әріп  элементтерін  жазуға  үйрету    баланың 
интеллектуалдық  жеке  ерекшеліктерінің  ашылуына  жол  ашады:  оларда  ақыл-
ой  әрекетінің  тәсілдері  қалыптасады,  кейін  көрнекі  –бейнелі  ойлауы  мен 
логикалық ойлауының деңгейінің дамуына негіз болады. 
Әріпті  саналы  түрде  түсініп  жазуы: 
-
 
әріптің негізгі  және  күрделі  элементтерін ажыратуы; 
-
 
 әріптің  қайдан  басталып, қай бағытқа  бағытталып  жазылуын білуі; 
-
 
 жазылғанды  үлгімен  салыстыра  білуі; 
-
 
 қатені  тауып, түзете  білуі; 
-
 
 дыбыстың    баспа  түрін    жазба    түрінде,  жазба    түрін    баспа    түрінде    жаза  
білуі. 
Ал  сауат  ашудың  әліппе  кезеңінде  әріптерді  жазып  үйренеді.  Әріптің  толық 
таңбасы  оның  элементтерін  ретімен  жазу  арқылы  орындалады.  Демек,  әрбір 
әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы талдау үрдісін атқару деген сөз. Ал 
мұның    өзі  мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  бала  үшін  аса    күрделі  іс  - 
әрекет.  Әріп  элементтерін  ретімен  жазып  үйрену  ең  алдымен,  оның  неше 
элементтен  тұратынын,  екіншіден,  ол  әріпті  қай    жерден  қалай  бағыттап 
жазудан меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап 
балалар үзбей жазуға дағдыландырылады. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр 
элементін жазудағы қимылдын аяқталуы келесі элементтің басталатын жерінде 
бітіп, әрі қарай келесі элементіне жалғастырылады. «Үзбей жазуға жаттықтыру 
жұмыстары  балаларға  қызықты  тапсырма  ретінде  берілуі  тиіс»деп 
бағдарламада  көрсетілгендей,  қызығушылықты  оятатын  түрлі  жаттығу 
жұмыстарын  жүргізу  мұғалімнен  ізденушілікті  талап  етеді.  Тәжірибеде 
қолданып  жүрген  әр  түрлі  жаттығулар,  айталық,  әріптің  тұтас  бейнесін 
көрсететіндей  суреттер  салғызу,  штрихтау,  зат  бейнесін  әшекейлеу,  т.б. 
тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдысының сапасын арттырады.  


60 
 
Баланың әлемі – бұл нақты заттың әлемі. Егер баламен жақын боламын десеніз, 
оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. 
        Әріпті    жазуға    үйрету    мынадай    тәртіппен    орындалады:  1.Сөзге  
дыбыстық  талдау жасау  арқылы  керекті   дыбыс  бөлініп  алынады  да, жеке  
және  хормен  дыбысталынады,  дыбыстың    баспа    және  жазба    әріптері  
көрсетіледі,  ол    әріптер    бір-бірімен    салыстырылады.  2.Әріптің    жазылу  
үлгісімен    таныстырылады  (тақтадан,  жазу    үлгісінен    таптыру).3.  Әріпті  
мұғалім  тақтаға  әуелі тұтас жазып  көрсетеді, содан кейін  оның әр элементін 
жазудытүсіндіреді; 4. Әріпті  сөз  ішінде  басқа  әріптермен  қалай  қосып  жазу  
керектігі  үйретіледі. 5.Көркем  және  таза  жазу  талабы  қойылады. 6. Әрбір  
оқушының  жазуын  мұғалім  бақылап, графикалық  қатесін   түзетіп  отырады. 
7. Жазу  оқылған  материалдар  бойынша  жүргізіледі.  
Оқушылардың  алғашқы  жазу  дағдысын  қалыптастыруда  бір  нұсқалық  (бір 
вариантты)  пен  тұрақты  пішін  қағидасын  басшылыққа  алу  ерекше  рөлге  ие, 
өйткені  ол  қимыл  қозғалыс  дағдысын  қалыптастыру  заңдылықтарына,  яғни 
атқарылатын  қозғалыстардың  біркелкілігі  және  қайталануына  негізделеді. 
Айталық, құрамында бүтін құрсауы бар әріптер (а, б,о, ө, ю), жарты құрсаулы 
тік  сызықты  (ь,  ъ,  ы)  әріптерді  жазуда  атқарылатын  қозғалыстардың  
біркелкілігі байқалады.  
      Әріпті  бір  нұсқалық    пен  элемент  бойынша  жазу  қағидасы  практикада 
элемент  бойынша бүтіндік әдіс  арқылы  жүзеге асырылады.  Элемент  бойынша 
бүтіндік  әдіс  талдау  арқылы  қабылдау,  элементтік-шаблон  арқылы  құрастыру, 
көшіру,  тактілеу,  алгоритм  тәсілдеріарқылы  орындалып,  6-7  жастағы 
балалардың үзіліссіз жазуын жетілдіреді. 
Сауат    ашу    кезеңінде    жазудың   негізгі   үш   түрі    жүргізіледі:  көшіріп   жазу 
(үлгі  бойынша  жазу),  есту  арқылы  жазу (диктант), ойша  есте  сақтап  жазу 
(шығармашылық  жазу). Бұлардың  бәрінде  де  алғашқы  кездегі   жазу  сөзді  
буындап  айту  арқылы  орындалуға  тиіс. Жазылатын  сөзге  дыбыстық  талдау  
жасалынып, әрбір  дыбыстың  орны   мен буын  саны  айқындалады, буындар  
іштей  дыбысталып  оқылу  арқылы  тексеріледі. Демек, жазу  кезінде  де  бала 
әріпті      емес,    тұтас    буынды    көретін    болуы    керек.  Буындап    жазудан  
біртіндеп  тұтас  сөзді,  сөйлемді  жазуға  төселеді.  
Көшіріп  жазу,  басқаша  айтқанда, үлгі  бойынша  жазу  сауат  ашу  кезеңіндегі  
негізгі  жазу  түрі  болып  табылады. Мұның  өзі  әріптерді  үлгі  бойынша  дәл  
сондай  етіп  жазудан  басталып, сөзді, сөйлемді, мәтінді  көшіріп  жазуға  дейін  
жүргізіледі.  Көшіріп    жазу    оқушылардың    графикалық    жазу    дағдыларын  
қалыптастыруға,  сонымен    қатар    жазу      қарқынын    біртіндеп    жетілдіруге  
көмектеседі.  Бұл    кезеңде    көркем    жазу    талабы    күшейе    түседі,  өйткені  
буынды,  сөзді, сөйлемді  қатесіз  көшіріп  жазу қандай  керек  болса,  көркем  
жазу  да  сондай  қажет.  
      Есту    және    есте    сақтау  бойынша    жүргізілетін      жазулар    оқушылардың  
белгілі    дәрежеде    өздігінен    жұмыс    істеуін  керек    етеді.  Мұндай    жазулар  
алғашқы    кезде    оңай,  қысқа    сөздерді    жазудан    басталады.  Жазудан    бұрын  
ауызша    дыбыстық    талдау-жинақтауға    негізделген    даярлық    жаттығулары  


61 
 
жүргізілуі  тиіс: 1) кеспе  әріптер   арқылы  құрастырылған  сөздің  буындарын  
еске    сақтау    арқылы    жазу;  2)  оқылған,  таныс,  қысқа    сөздердің    буындарын  
есте    сақтау    арқылы    жазу  (а-  та,  ша  –  на);  3)  суреттердің    астындағы    көп  
нүктеге    сөз    тауып    жазу;  4)  әліппедегі  буынға    бөлінген    сөз    сызбалары  
бойынша  сөздерді  жазу. Оқушылардың  өз  бетінше  жазуына сауат  ашудың  
алғашқы  кезеңінен  бастап  үлкен  мән  беріледі, өйткені  жұмыстың  бұл  түрі 
– баланың  болашақта байланыстырып  жазуының  негізі. Бұл  кезде  оқушы  бір  
сөзді өз  бетінше  жазып  шықса, мұның  өзі – шығармашылық.  
       Қазақ  әліпбиіндегі әріптер  әр түрлі бейнелі  жазу  элементтерінен  тұрады. 
Бұл  жағдай  кіші  жастағы  оқушының  жеке  әріптерді тұтас  жазып  кетуіне  
мүмкіндік    бермейді,  сондықтан    бастауыш    мектептегі    алғашқы    жазу  
әріптерді    талдап    жазудан    басталады.  Талдап    жазу    оқушыны    алуан    түрлі  
әріп  элементтерін  дұрыс  сызуға  жаттықтырып, осы  элементтер  арқылы  кез  
келген әріпті  құрастыруға болатынына  көз жеткізуден  бастау  керек, одан  әрі  
тұтас  жазуға  даярлайды. Дыбыстар  мен  әріптердің  оқытылу  реті  «Әліппе»  
жүйесімен  төмендегідей  белгіленген: 
1)
 
а, т, п, н, ғ, р, л, у; 
2)
 
ш, й, о, қ, д, м, б, с, ы, ж, ұ; 
3)
 
ң, е, к, і, ә, и, з, ө, ү, г; 
4)
 
я, ю, х, һ, в, ф, ë, э, щ, ц, ч, ь, ъ. 
Әріптерді    элементтерімен    жазу  –  сауат    ашудағы    жазу    жұмысының  негізгі  
және    жауапты  кезеңі.  Әріп    негізгі  және  қосымша    элементтерден    тұрады. 
Негізгі элементтерге көп қайталанып, бір  емес  бірнеше  әріп конфигурациясын 
жасауға қатысатын элементтер  жатады.
 
      Графикалық  дағдыларды  үйрету  барысында  жазу  үрдісінің  заңдылықтарын 
негізделмегендіктен,  әріп  элементтеріне  талдау  жасауда  осы  заң  бағынышты 
болады. 
       Ерте  кезде  әріп  элементін  талдау  жазу  шрифтісінің  ерекшеліктерімен 
байланысты  болатын.  Бұлай  жазу  тіпті  үзіліссіз  жазылатын  әріптерді  де 
элементке  бөліп  қарастырады.  Әріпті  бұлай  бөлшекке  бөлуді  мұғалім  әріп 
элементіне талдау жасауда қолдануына болады. 
Әліппе  кезеңінде  элементпен  талдау  балаға  әріпті  бейнелеуге  көмектеседі. 
Бірақ,  бұл  кезде  де  әріпті  жеке  элементке  бөлудің  қажеті  жоқ.  Жазуды  дұрыс 
қалыптастыру  үшін  жазу  барысындағы  қозғалысқа  талдау  жасау  керек. 
Сонымен,  әріпті  элементпен    талдау  жасаудың  ерекшеліктері  неде  екенін 
қарастырамыз.  Ең  алдымен,  әріптің  негізгі  элементін  бөліп  алу  керек.  Кез 
келген әріпті жазғанда  бірінші өзімізге қарай жазу негізгі екенін айтамыз.Осы 
қозғалыспен  негізгі  элемент  –  түзу  сызық  салынады.  Келесі  элементті  жазу 
үшін  жоғарыға  қарай  оңға  көлбеу  етіп  жазамыз.  Бұл-  қосатын  элемент,  оның 
қызметі – екі элементті немесе екі әріпті қосу. Бұл қозғалысты жазу барысында 
жүзеге  асыру  ыңғайлы.  Бұл  элементтерді  жазу  үзіліссіз  жүргізіледі.  Айталық, 
бұл әрекетті  и, ш ,п, т, р әріптерін жазғанда көруге болады. 
Әріпті  негізгі  немесе  көмекші  элементке  бөлу  де  өзінен  бастап  жазу,  кейбір 
әріптерде сағат тіліне қарама – қарсы қайталанып жазылады (э, з).  Бұл әріпті 


62 
 
бөлу  тек  әріп  формасын  дұрыс  жазу  үшін  емес,  сонымен  қатар  біркелкі 
бағытты, паралель штрихты, ритмиканы сақтауға көмектеседі. 
Әріптің жазбаша түрінің кейбірі жазу заңдылығына сәйкес келмейді. 
Өзімізге  қарай  төмен  жазуды  тік,  ал  өзімізден  жоғары  қарай  сызуды  –  оңға 
қарай  көлбеу  етіп  саламыз.  Мәселен,  б  әрпін  жазу  заңдылықтарға  сәйкес 
келмейтіндіктен  (қарама–қарсы  бағытта  жазу  болғандықтан),  оқушылар  көп 
қате жібереді. 
Жазуға оқытудың алғашқы кезінен бастап – ақ мұғалім негізгі элементті - өзіне 
қарай көлбеу  тік  сызықты  ажырата білуге  үйрету  керек.  Бұл  элементті оқушы 
тек  негізгі  элемент  ретінде  берілетін  әріптерде  (п,  и,  т)  ғана  емес,  басқа  кез–
келген  әріптен  (ш,  я,  в,  р)  көре  білуі  тиіс.  Әріпті  бұлай  элементтеп  ажырату 
жазуды түсіне отырып игеруіне алып келеді. 
 Әліппе кезеңінен кейін, әріпті қайталау үшін мынадай жаттығулар береді:  
и|| и || и || н|| н || н  
 
ш||| ш ||| ш |||  
в || в || в ||  
 
г | г | г | г | г | р || р || р ||  
Бұл арқылы әріптің негізгі элементін ажыратуға көмектеседі. 
Осылайша  әріпке  талдау  жасау  маңызды  орын  алады.  Бұл  әдісті  жазуға 
үйренудің  барлық  кезеңдерінде  қолдануға  болады.  Бірақ  бұл  әдіс  барлық 
әріптерге    қолайлы  емес.  Әріп  элементтеріне    талдау  жасау  дәлірек  немесе 
айқынырақ  болуы  мүмкін.  Мәселен,  имекшесі  бар  сызық,ширек,  дөңгелек, 
жартылай  дөңгелек,  т.б.  элементтерді  негізгі  элемент  ретінде  де,  қосымша 
элемент  ретінде  табуға  болады.Бұл  элементтерді  әріпті  жазғанда  ғана  көре 
аламыз. 
         Жазу барысында қозғалыс элементі  суретін салуға сәйкес келе бермейді. 
Мәселен,  дөңгелек  элементі  бар  әріптер.  Бұлардың  негізгі  элементі  -дөңгелек. 
Бірақ дөңгелек  түгелмен тек о, ө, ю әріптерінде жазылады. Ал я, д, ф әріптері 
сөздің  басында  келсе,  дөңгелекше  аяқталмай,  екінші  элемент  жазылады.             
Ф  әрпінде  екі дөңгелекше  бар,  бірақ  екінші  дөңгелекше  біріншісіне  қарағанда 
тіпті  басқаша  жазылады  (біріншісі  сағат  тілімен,  екіншісі  сағат  тіліне  қарсы). 
Екіншісі ортанғы элементке қосылғанда ғана дөңгелекше болады. 
Бұл  мысалдарды,  яғни  қозғалыс  элементтеріне  талдау  және  шрифт 
элементтеріне  талдауды  бір–  біріне  ұқсастығын  байқау  үшін  береміз.  Алайда, 
жазуға үйрету барысында екі жақты талдау да маңызды орын алады. 
Жазу 
үрдісіне 
талдау 
жүргізу 
әріптер 
арасындағы 
ұқсастықты, 
айырмашылықты, қозғалыс бағытын түсінуге мүмкіндік береді. 
Әріп  элементтеріне  талдау  жасай  отырып,  элементтің  оңайынан  күрделісіне 
қарап әріпті топқа бөлуге болады. 
Бұл генетикалық қағидасына сай оңайдан қиынға қарай жазуға негізделеді. 
Алфавиттегі кіші және бас  әріптер графикалық тұрғыдағы оңай – қиындығына, 
бір – біріне ұқсастығына қарай топ – топқа бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет