Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет33/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

                                                  Әдебиет

 

1.  Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. —Алматы: 1988. 306-бет 

2.  Алтынсарин Ы.  Мұсылмандық тұтқасы. —Алматы: 1991. 8-бет 

3.  Даналардан шыққан сөз (Нақылдар жинағы). «Мектеп»,—А: 1987. 

4.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009. 

5.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008. 

6.  Қазақ /Бас ред.Ә.Нысанбаев./Құрастыр.Ү.Сұбханбердина және т.б. 

 —Алматы: 1998. 

7.  Сегизбаев О. Казахская философия XV-начала ХХ вв. –Алматы: 1996. 

 


332 

 

АБАЙ (ИБРАҺИМ) 



ҚҰНАНБАЙҰЛЫ 

 

 (1845ж. 10 тамыз, Шығыс Қазақстан 

облысы, Шыңғыстау – 1904ж. 

Шыңғыстаудағы Жидебай) 

 

            –  қазақтың  көрнекті  ойшылы, 



ағартушысы. Абай тарихқа ең алдымен 

кемеңгер ойшыл ақын ретінде енді. 

          Оның  ақындық  шеберлігі  қазақ 

даласында  шырқау  биікке  көтерілді. 

Абай  өлеңдері  қашанда  есті,  сөздері 

жинақы,  ойлары  терең,  тәрбиелік  мәні 

зор,  деңгейі  жоғары  болып  келеді. 

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» -

деп  ақынның  өзі  айтқандай,  оның 

өлеңдерінің  әлеуметтік,  этикалық  мәні 

мейлінше  терең.  Сонымен  қатар  Абай  өз  заманының  қоғам  қайраткері, 

ойшыл–философы болды. 

          Абай  Қарқаралының  аға  сұлтаны  Құнанбайдың  төрт  әйелінің  бірінен 

туған.  Орта  жүздің  Арғын  тайпасының  Тобықты  руынан  шыққан  билер 

әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа 

кеткен  адамдардың  бірі  болған.  Патша  өкіметі  XIX  ғасырдың  ортасындағы 

бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі 

Ұлжан  Орта  жүздің  Арғын  тайпасынан  Қаракесек  руының  шешендікпен, 

тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас 

Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.  

            Осындай  текті  ортадан  шыққан  Құнанбай  мен  Ұлжаннан  туған  төрт 

ұлдың  бірі  Абай  жастайынан  ақ  ерекше  қабілетімен,  ақылдылығымен  көзге 

түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол 

Абайды  медреседе  төрт  жыл  оқығаннан  кейін,  оқудан  шығарып  алып, 

қасында  ұстап,  ел  басқару  ісіне  баули  бастайды.  Әкесінің  төңірегінде  ел 

жақсыларымен  араласып,  өз  халқының  рухани  мәдениет  жүйелерімен  жете 

танысады.  Өзі  билер  үлгісінде  шешен  сөйлеуге  төселеді.  Ұтымды  сөзімен, 

әділ  билігімен  елге  танылып,  аты  шығады.  Көп  ұзамай,  жетпісінші 

жылдардың  бас  кезінде  Қоңыр  Көкше  дейтін  елге  болыс  болады.  Билікке 

араласып,  біраз  тәжірибе  жинақтағаннан  кейін  ол  халық  тұрмысындағы 

көлеңкелі  жақтарға  сәуле  түсіруге  күш  салып  бағады.  Бірақ  онысынан 

пәлендей  көңіл  тоятындай  нәтиже  шығара  алмайды.  Сондықтан  халқына 

пайдалы  деп  тапқан  істерін  көркем  сөзбен,  әсіресе,  өлеңмен  насихаттамақ 

болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді. 

             1891  жылдан  бастап  Абай  басына  ауыртпалық  түсіп,  бір-біріне 

ұласқан  қайғы  бұлты  ашылмай  қояды.  Осы  жылы  ақынның  сүйікті  інісі 

Оспан  жарық  дүниеден  өтеді.  Одан  кейін  орысша  әскери  білімі  бар,  үлкен 


333 

 

үміт  күткен  баласы  Әбдірахманнан  айырылады.  Бұлардың  қазасының  ақын 



жанына  қандай  батқаны  оның  осы  тақырыпқа  арнаған  топтама  өлеңдерінен 

айқын  көрінеді.  Сөйтіп  жүргенде  соңғы  тіренішіндей  болған  дарынды  ақын 

баласы  Мағауия  да  қайтыс  болды.  Осындай  қабаттасқан  қайғы  қасіреттен 

күрт  сынған  Абай  Мағауияның  қазасынан  кейін  қырық  күннен  соң,  өзі  де 

дүние салады. 

            Ең  алдымен  ол  өз  халқына  өлеңдері,  қара  сөздері  арқылы  ұдайы  ой 

салып,  оның  көкірегін  оятып,  оны  надандықтан,  жаман  қылықтардан 

сақтандырды,  мәдениетті  болуға,  прогреске  шақырды.  Оған  1886  жылы 

жазған өлеңіндегі: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым. Ұстарасыз аузыңа 

түсті мұртың. жақсы менен жаманды айырмадың. Бірі қан, бірі май боп енді 

екі ұртың», - деген сөздері дәлел болады. Сондай-ақ, Абай бос даурыға, бекер 

мал  шашуға,  өтірік  айтуға,  жалқау  болуға  қарсы  шықты.  «Бес  нәрседен 

қашық  бол,  бес  нәрсеге  асық  бол,  Адам  болам  десеңіз»  -  деп  Абай  «Өсек, 

өтірік,  мақтаншақ,  Еріншек,  бекер  мал  шашпақ,  Бес  дұшпаның  білсеңіз, 

Талап,  еңбек,  терең  ой,  Қанағат,  рақым  ойлап  қой,  Бес  асыл  іс  көнсеңіз»- 

деген өсиет айтты. Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, 

пайдалы  әрекет  жаса,  дейді.  «Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге,  кетігін  тап  та,  бар 

қалан!» деген сөздер соның айғағы. 

 

Абай қазақты  өнер үйренуге, еңбекке, тіпті сауданың да мәнісін білуге 



шақырды.  «Егіннің  ебін,  сауданың  тегін  үйреніп,  ойлан,  мал  тап»,  дейді. 

Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір 

ауылға  селтеңдеп,  қыдырып  жүретін  келеңсіз  әдет  барын  ашына  ескертіп, 

одан  аулақ  болуды  арман  етті.  «Тамағы  тоқтық,  жұмысы  жоқтық,  Аздырар 

адам  баласын»,  -  деп  түйіндеді.  «Қырық  екінші  сөзде»  Абай  қазақты 

пайдасыз,  жұмыссыз  қаңғырып  жүруге  құмар  деп  санады.  Абай  өзінің 

өлеңдерінде,  әңгіме,  өсиеттерінде  жан-жағына  қара,  көршілес  өзбек,  татар    

халықтарынан  өнеге  ал,  солардан  үйрен,  дейді.  Ең  алдымен  Абай  орыс 

халқымен дос болып тілін үйренуге, өнерін білуге шақырды. Тек сол арқылы 

ғана  қазақ  халқының  көзі  ашылатынын  айтты.  «Орысша  оқу  керек,  Хикмет 

те,  мал  да,  өнерде,  ғылым  да  –  бәрі  орыста  зор.  Залалынан  қашық  болу, 

пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі: 

олар дүниенің тілін біледі. Мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек  – 

көзің  ашылады.  Әр  біреудің  тілін,  өнерін  білген  кісі  онымен  бірдейлік 

дағуасына  кіреді...  орыстың  ғылымы,  өнері  –  дүниенің  кілті,  оны  білгенде 

дүние арзанырақ түседі», - дейді. 

 

Ол  А.С.Пушкин  мен  М.Ю.Лермонтовты  ұстаз  тұтты,  олардың 



өлеңдерін,  И.А.Крыловтың  мысалдарын  қағаз  бетіне  аударды.  Мәселен, 

«Татьянаның хатын», «Онегиннің  хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән 

де шығарды. 

 

1840  жылы  М.Ю.Лермонтов  Гетенің  «Жолаушының  түнгі  әні»  деген 



өлеңін  «Горные  вершины  спят  во  тьме  ночной»  деген  атпен  аударған 

болатын.  Гетенің  бұл  өлеңі  көптеген  ақындарға,  композиторларға  әсер  етті. 

Қараңғы  түн,  айнала  тау,    тым-тырыс,  мүлгіп  тұрған  табиғат.  Бұл  көрініс 

кімді де болса тамсандырады. Лермонтовты. Ф. Шубертті, С.Рахманиновты, 



334 

 

т.б.  шығармашылық  шабытқа  келтіргені  сияқты,  ол  Абайдың  да  жүрегіне 



ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетре маужырап» деп аударды, 

сондай-ақ ол Лермонтовтың «Теректің сыйы», «Қанжар» өлеңдерін аударды.  

 

Әлеуметтік  көзқарастарында  Абай  әділеттік  үшін  күресті.  Үстем  тап 



өкілдерін:  байларды,  билерді,  болыстарды,  т.б.  аяусыз  шенеді.  Болыстыққа 

таласып,  мал  шашып,  кейін  оны  еңбекші  бұқарадан  еселеп    қайтармақ 

болғандарды  кекетіп:  «Болмыс  болдым  мінеки,  бар  малымды  шығындап»,  - 

деп  әжуалады.  Сондай-ақ  кедей,  мүсәпір,  жетім–жесірлердің  қиын  өмірін 

жаны  ашып  суреттеді.  Оған  «Қараша  желтоқсан  мен  сол  бір  екі  ай»  өлеңі 

дәлел болады. 

 

Абайдың  дүниетанымында  Құдай  мен  табиғат,  адам  мен  құдірет,  жан 



мен  тән,  өмір  мен  өлім  көп  орын  алды.  Осылардың  бәріне  прогресшілдік 

тұрғыдан  жауап  іздеді.  Абай,  бір  жағынан,  Құдай  бар  деп,  түсінсе,  екінші 

жағынан, дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығы бар  екенін мойындайды. 

Сондықтан ғылымды меңгеруге, дүниені түсінуге шақырды. «Ғалым болмай 

немес,  балалықты  қисаңыз»  дегені  немесе  «Жасымда  ғылым  бар  деп 

ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, 

Қолымды мезгілімен кеш сермедім» дегені осының айғағы. Абайдың ойынша 

адамның  ақылдылығы,  саналылығы  дүниені  зерттеумен,  оның  ішкі  сырын 

білумен  тығыз  байланысты.  Таным  тұрғысынан  Абай    сананың,  ақылдың 

рөлін  жоғары  бағылады.  Дүниені  тану,  ақиқатты  білу,  ғылымды  меңгеру. 

Абайдың  пікірінше,  адамға  тән  қасиет  болуға  тиіс.  «Дүниенің  көрінген 

сырын түгелдеп, ең  болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. 

Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуаның жаны болады», - деп 

жазды.  Абай  шығармаларында,  оның  дүниеге  көзқарасында  стихиялық 

диалектиканың  да  орын  алғанын  байқауға  болады.  Айналадағы  дүниенің 

мәңгі  қозғалыста,  дамуда  екенін  былай  түсіндіреді:  «Дүние  бірқалыпта 

тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бір қалыпта  тұрмақты берген жоқ». Немесе 

«Дүние  –  үлкен  көл,  Замана  –  соққан  жел»,  -  дейді  Абай  «Отыз  жетінші 

сөзінде».  Оның  ойынша,  дүниеде  өзгермейтін,  құбылмайтын  мәңгілік 

ешнәрсе жоқ. Табиғатқа да? адамға да осы заң ортақ екенін айтады. Мәселен, 

«Отыз  жетінші  сөзінде»  Абай:  «Адам  баласын  замана  өсіреді,  кімде-кім 

жаман  болса,  замандасының  бәрі  виноват»,  -  деп  жазды.  Олай  болс  адамды 

адам  тәрбиелейтін  оның  ортасы,  әлеуметтік  ортасы,  достары  болмақ. 

Балыйша  айтқанда,  адамның  жаман,  не  жақсы  болуы  құдайдан  емес, 

тәрбиеден    екенін  мойындайды.  «Мен  егер  закон  қуаты  қолымда  бар  кісі 

болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - дейді 

Абай.  Әрине  бұл  пікірлер  Абайдың  діни  уағыздарға  сене  бермейтінін 

көрсетеді.  Ол  «Қырық  төртінші  сөзінде»:  Адам  баласының  ең  жаманы  – 

талапсыздық  деп  атап  көрсетті.  Абай  әр  нәрсенің,  істің  өлшемі  болады  деп 

білді.  Егер  өлшем  сақталмаса,  шектен  шықса,  сапалық  өзгеріс  болатынын 

айтты.  «Қырық  үшінші  сөзінде»  Абай:  «Әрбір  нәрсенің  өлшеуі  бар, 

өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ 

жақсы,  іске  тіпті  салынып  кеткен  кісі  ойын  байлай  алмай,  қияли  болып  та 

кеткені де болады. Ішпек–жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, сүймек, мал 



335 

 

жимақ, мансап іздемек айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрсенің бәрінің де 



өлшеуі  бар.  Өлшемнен  асырса,  боғы  шығады»,  -  дейді.  Абай:  Оның  ғажап 

тағы  бір  ойы:  «...Көпте  ақыл  жоқ.  Ебін  тапта,  жөнге  сал»,  -  деген.  («Отыз 

жетінші  сөзі»).  Абай  шығармаларында,  әсіресе  бес  қара    сөздерден  тұрған 

оның тақияларында талай философиялық ойлар, толғаулар айтылған.  Шоқан 

мен Ыбырай сияқты, Абай да қазақтың ұлттық мақтанышы. Оның ой-пікірі – 

прогресшіл  адамзаттың  тұжырымы.  Өйткені  ол  мистикалық  йдан  аулақ 

болды,  ақыл  –  парасатты  дәріптеді.  «Отыз  сегізінші  сөзінде»  Абай:  «Күллі 

адам  баласын  қор  қылатын  үш  нәрсе  бар.  Содан  қашпақ  керек:  әуелі 

надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залылық», дейді. 

Философиялық шығармалары: 

             Шығармалары  үш  жүйемен  өрбиді:  бірі  –  өз  жанынан  шығарған  төл 

өлеңдері; екіншісі – ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі 

– өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. 

             Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп 

бой  ұрмағаны  байқалады.  Қысқа  өлеңдерінде  табиғат  бейнесін,  адамдар 

портретін  жасауға,  ішкі-сыртқы  қылық-қасиеттерін,  мінез-бітімдерін  айқын 

суреттермен  көрсетуге  өте  шебер.  Қай  өлеңінен  де  қазақ  жерінің,  қазақтың 

ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс 

елдерінің  әдебиетімен  жақсы  танысу  арқылы  өзінің  шеберлік  –  шалымын 

одан  әрі  шыңдайды.  Шығыстың  екі  хикаясын  «Масғұт»  және  «Ескендір» 

деген  атпен  өлеңге  айналдырады.  Ислам  дініне  өзінше  сенген  діни  таным 

жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді.  

Философиялық көзқарастары: 

             Абайдың 

дүниетанудағы  көзқарасы  XIX  ғасырдың  екінші 

жартысында  Қазақтың  экономикасы  мен  ой-пікірінің  алға  ұмтылу  бағытта 

даму  ықпалымен  қалыптасты.  Дүниетану  жолында  сары-орыстың 

төңкерісшіл  демократтарының  шығармаларын  оқып,  өз  дәуірінің  алдыңғы 

қатарлы  ой-пікірін  қорытып,  басқаларға  қазақ  өміріндегі  аса  маңызды 

мәселелерді  түсіндіруге  қолданады.  Дүниетану  өңірінде  екі  қасиеттің  — 

сезім  мен  қыйсынның,  түйсік  пен  ақылдың  қатынасын  таразылайды. 

Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады. 

Кез  келген  халықтың  тарих  сахнасына  шығуы  –  жүйеге  бейімделген 

біртектес  өмір  салттың  ғана  нәтижесі  емес,  сонымен  бірге  қасиеттік  деп 

саналатын-  арман-аңсардың  (идеал)  да  біртұтастығына  айғақ.  Олай  болса 

Абай  сынының  тәлкегіне  түскен  еріншектік,  дарақылық,  жалқаулық, 

күншілдік,  өтірікшілік,  өсекшілдік,  мақтаншақтық,  жағымпаздық,  жікшілдік 

сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік 

емес,  сол  Абай  өмір  сүрген  қоғамдағы  саяси  әлеуметтік  қатынастардың 

нәтижесі  екеніне  ден  қою  қажет.  Сонда,  Абай  бұрынғы  бабаларымыздың 

бойынан  көрген  «кемшіліктерді»  себеп  ретінде  емес,  сол  замандағы  саяси-

әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан. 



Философиялық афоризмдері: 

  Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. 



336 

 

  Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген 



нәрселермен  озады.  Одан  басқа  нәрсемен  оздым  ғой  демектің  бәрі  де  –

ақымақшылық. 

  Егер  жаманшылықты  көп  қылған  болсаң,  балаңның  оқыған  құраны  сені 

неге жеткізеді? 

  Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. 

  Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды. 

  Жаманмен салысып жақсы болмайсың. 

  Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. 

  Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. 

  Әуелі  құдайға  сиынып,  екінші  өз  қайратыңа  сүйеніп  еңбек  қылсаң  қара 

жер де құр тастамайды. 

  Атадан баланың ойы өзге.  

  Баланың мал табары болады, мал шашары болады. 

  Өзің мал таба алмасаң – балаң мал тапсын. 

 

                                                  Әдебиет: 

 

1.  Абай. Шығармалары /«Әлем әдебиеті» сер//Абай-150ж., «Жалын»,  

—Алматы: 1995. 

2.  Шаймерденұлы  Е.  Ақыл-ой  антологиясы/  Қазақ  афористикасы: 

бағзыдан бүгінге дейін. Абай. «Өлке», –Алматы: 2009. 175-бет. 

3.  ХХ-ғасыр басындағы қазақ философиясы. 20-томдық. «Аударма», 

 —Астана: 2008. 

4.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. —А: 2006. 

5.  Бейсенов Қ. Философия тарихы. «Ғылым», –Алматы: 1992. 326-бет 

6.  Даналардан  шыққан  сөз  (Нақылдар  жинағы).  «Мектеп»,  —  Алматы: 

1987. 

7.  Есімов Ғ. Хакім Абай. —Алматы: 1994. 

8.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009. 

9.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008. 

10. Қазақ /Бас ред.Ә.Нысанбаев. Құрастыр.Ү.Сұбханбердина және т.б.  

—Алматы: 1998. 

11. Нурланова К.Человек и мир: казахская национальная идея. —А:1994  

12. Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен  ұлттық сана: Оқу құралы.  

—Алматы: 1996. 

13. Сегизбаев О. Казахская философия XV-начала ХХ вв. —Алматы: 1996. 


337 

 

ШӘКӘРІМ (ШАҺ-КӘРІМ) 



ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ 

 

(1858ж. 11 шілде, Шығыс Қазақстан 

облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау 

бөктері – 1931ж.) 

 

            –  қазақтың  рухани  мәдениеті 



мен 

менталитетінде 

өшпес 

із 


қалдырған  алып  тұлға,  гуманист  әрі 

Абайдың  немере  інісі  және  ұлы 

ақынның ілімін жалғастырушы. 

    Ол арнайы оқу орнында оқымаса да 

араб,  парсы,  орыс  және  шағатай 

тілдерін  өз  бетімен  үйренген.  Абай 

сияқты  Шәкәрім  де  Қазақ  Елін  қалай 

өркениетті, 

мәдениетті 

елдер 


қатарына  қосамын  деп  талпынды. 

Оның  ойынша,  бұл  азаматтық  өтеудің  шарты  –  туған  елдің  бүкіл  тарихи, 

мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану.  

           Шәкәрімнің 

рухани  ізденісінде  ежелгі  сақ-түрік  заманынан 

қалыптасқан  ғарыштық  дүниетаным  ерекше  орын  алады.  Тәңірі,  Нұр,  Күн, 

Табиғат  –  ол  үшін  қасиетті,  киелі  ұғымдар.  Шәкәрім  «Үш  анық»  деп 

аталатын трактатын жазуға отыз жылдай уақытын сарп етіпті. Бұл ақынның 

ғылымға  деген  үлкен  жауапкершілігі  мен  тазалығы  болса  керек.  Ол  мұнда 

батыс  пен  Шығыс  мәдениетінің  рухани  қазына  көздеріне  бас  қойып, 

жаратылыстану  ғылымдары  салты  бойынша  да  көптеген  Европа 

ғалымдарының  еңбектерімен  таныс  болғанын  көреміз.  Шәкәрім  өмір  бойы 

өзін  өзі  жетілдірумен  өткен  адам.  Ол  әдебиет,  тарих,  философия, 

жаратылыстану ғылымдарымен де шұғылданды. Оккультизм, спиритуализм, 

магия  мәселелерімен  де  шұғылданды.  Ал  философиялық  дүниетанымында 

ежелгі  антикалық  классиктер  –  Пифагор,  Демокрит,  Эпикур,  Платон  және 

Аристотель  басты  орында  болды.  Ол  сондай-ақ  XIX  -  ғасырдың  аяғы,  XX-

ғасырдың  басындағы  француз  философы  О.Конт,  ағылшынның  позитивист 

философы 

Г.Спенсер, 

идеалист 

Нелийдің, 

пессимист 

философ 


А.Шопенгауэрдің, т.б. философиялық еңбектерімен таныс болды. 

       Шәкәрім  өзіне  дейінгі  рухани  ұстаздары  –  Шоқан,  Ыбырай,  Абайға 

қарағанда, Грекия, соның ішінде Европа кәсіби философиясының тарихымен 

тікелей  шұғылданып,  оларды  тек  біліп  қана  қоймай,  өз  пікірлерін,  ойларын 

ортаға  салып  айта  отырып,  өмірде  қазақ  кәсіби  философиясының  іргетасын 

қалап, өзі қазақтың алғашқы кәсіби философы атанды. 



Философиялық көзқарастары: 

        Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея – жанның мәңгілігі. Әл-

Фараби  мен  Қожа  Ахмет  Иассауи,  Абай  мен  Мағжан,  жалпы  Шығыс 

ғұламалары  бойынша,  адамның  дүниедегі  тіршілік  ету  мағынасы  жанның 



338 

 

мәңгілігімен  айқындалады.  «Жан  –  дейді  Шәкәрім,  -  менің  айтқанымдай 



баста  бар  болса,  тұрған  денесі  орын  болуға  жарамаған  соң,  денеден 

шыққанда  біржола  жоғалып  кетпейді.  Құр  ғана  өзгеретін  болса,  бұрыннан 

бар  жанның  жоғалуына  түк  дәлел  жоқ.  Олай  болса,  бір  түрге  түсіп, 

барлықтың ішінде бар болып жүреді». 



Философиялық шығармалары: 

         Шәкәрімнің  «Үш  анық»  атты  шығармасы  негізгі  философиялық 

шығармалардың  бірі  болып  табылады.  Мұнда  философия  тарихына 

байланысты  көп  мағлұматтар  бар.  Оның  бұл  шығармасындағы  сөз  болатын 

басты  мәселе:  «Адамдағы  ынсап,  әділет,  мейірім  –  үшеуі  қосылып  ұждан 

деген  шығады.  Шәкәрімнің  ұжданы  ежелгі  гректердің  «каллокагатия», 

И.Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас.  

       Оның  толғамаған  тақырыбы,  проза,  эссе,  дастан,  аударма,  хроникалық 

шығармалар, т.б. Сондай-ақ, Шәкәрім мұрасында эпостық жанрдың бір түрі –

белгілі  бір  оқиғаны  өлеңмен  баяндайтын,  сюжетке  құрылатын  шығармалар, 

поэмалар  ерекше  орында  тұр.  Шәкәрімнің  көзі  тірісінде  жарияланған 

шығармалары:  «Қазақ  айнасы»  (1912,  Семей),  «Қалқаман-Мамыр»,  «Еңлік-

Кебек»,  «Қодардың  өлімі»,  «Нартайлақ  –Айсұлу»,  «Мұтылғанның  өмірі» 

поэмалары,  «Қазақтардың  кітабы»  (этнофилософиялық),  «Мұсылмандық 

шарты»,  «Әділ-Мария»  көлемді  романы,  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  хандар 

шежіресі» тарихи шығармасы. 

         Бұдан  басқа,  ақын  Пушкиннің,  Толстойдың,  Шығыс  жұлдыздары  –

Физули,  Хафиз,  Науаи,  өзінің  сүйікті  ақындары  –  Лермонтов,  Некрасов, 

Байрон шығармаларын көптеп аударған. 

        Шәкәрім  жалқаулық,  енжарлық  өте  зиянды  әдет  деп  әшкерелеп, 

жастардың  бойында  ғылымды  меңгеру,  халық  ағарту  ісі  мен  туған  елдің 

прогрестік  дамуы  жолындағы  барлық  қиындықтарды  жеңу  үшін  күш-жігер, 

ерік,  еңбек  сүйгіштік  қасиеттердің  мол  болуын  уағыздайды.  Ол  Меккеге 

барғанда,  шариғаттың  мұсылмандарға  міндет  еткен  бес  парыздың  бірі  –

қажылық  борышын  өтейін  және  «қажы»  деген  атақ-дәреже  алайын  деген 

оймен  бармаған.  Анығы  «Шәкәрім  тіршілік,  тағдыр  туралы  сауалдарына 

жауап іздейді. Оқу іздеу аймағын кеңейте түседі. Дін тану емес, ел тану, жер 

көру  мақсатында  қажылыққа  барып  қайтады».  Негізгі  көздеп  барған  жері, 

үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар Париж, Стамбұл қалалары 

болған. Әдейілеп іздеп барғанда, ақын өзіне керегін сол жерлерден тапқан. 

        Шәкәрім  дін  мәселесінде  фанатик  емес,  ол  схоластик,  дінді  тіпті 

мойындамаған,  діни  соқыр  сезімнен  мүлде  аулақ,  сыншыл  еркін  ойдың,  өз 

сөзімен айтқанда, «ноқтасыз ойдың», «сау ақылдың» адамы болған. 

         Жалпы

тұжырымдап 

айтсақ, 


Шәкәрім 

Құдайбердіұлының 

философиялық,  әлеуметтік,  этикалық,  эстетикалық  ойлары  XIX  -  ғасырдың 

аяғы, XX - ғасырдың басындағы осы бір күрделі кезеңнің барлық күшті және 

осал  жақтарын  бейнелеген  көрсеткіші  және  сол  кездегі  мәдениеттің,  жалпы 

дүниежүзілік мәдениеттің синтезі болып табылады. 

         Шәкәрім  шын  мәніндегі  өзінің  ұстазы  Абайдың  дүниеге  деген 

көзқарастарын,  ойларын,  жалпы  дүниетанымын  алға  жетелеуші,  өміршең 



339 

 

философиялық  ойды  ағартушылық  бағытта  әрі  қарай  дамытқан  нағыз  қазақ 



арасынан шыққан ойшыл болды. 

         Оның  ойлары  және  ілімі  сол  кездегі  кең  таралған  діни  догмаға  үлкен 

соққы болып тиді. 

          Шәкәрім  өмір  бойы  ақылдың  туын  жоғары  көтеріп  өтті.  Рационалды 

әдісті (адамның танымдық қасиеттеріне негізделген) жақтады. Ғылыми ойды 

діннің  әсерінен  босатуға,  қорғауға,  философиялық  мәселелерді  теологиядан 

бөліп  алуға,  философия  мен  жаратылыстану  арасында  тығыз  байланыс 

орнатуға  тырысты.  Ол  бүкіл  адамзат  қауымы  жете  алатын  барар  жол  мен 

тәсілдерін іздестірді. 

Философиялық афоризмдері: 

  Молдалар:  «Жан  денеден  шыққанда  қатты  қайғырады»  дейді.  Өтірік 

айтады.  Неге  десеңіз:  жан  ақылмен  бірге  шығатын  болса,  дене 

тұтқыннан  құтылғанына  қуанса  керек.  Егер  ақыл  жоғалатын  болса, 

қайғыруды білмесе керек. 

  Дүниенің  қайғысы  ақ  жауындай  үзілмей  жауса,  қуаныш  анда-санда 

найзағайдай жарқ етеді де өшеді – бұл неліктен? Бұл – адам баласының 

қиянаты көптігінен, мейірімнің аздығынан. 

  Арыстан көрнеу келеді. Қарақұрт пен шаян жасырынып шағады: уыты 

аса зиянды. 

  Осы  өмірден  басқа  өмір  жоқ  болатын  болса,  жаралыспен  жағаласып, 

адамдармен арпалысып өмір сүргенше, жасамаған артық емес пе? 

  Мен  жастықта  балалыққа  қызықтым,  одан  бозбалалықты  бақ  деп 

білдім. Одан әрі адамшылық атты баққа қызметкер болдым. Ақырында 

баққа құл болдым. Себебі, жасаған сайын алдыңғы бұзылып, артқы бақ 

түзу сықылданды. Енді ойласам: өлмегім хақ. Жә сол бақтарымның ең 

жарамдысын ұстап қана өлгеннен басқа не бар деп ойладым. Байқасам: 

жас бала күнімдегі бағымның артығы жоқ. Себебі – қайғы да жоқ, ар -

иманнан тайғызатын ісі де жоқ. 

  Адамның  бұл  дүниеде,  бұл  табиғатта  жоқ  нәрсені  ойлануының  өзі 

мүмкін емес, болуға мүмкін істі ғана ойлай алады. Бұл – бір. Екінші –

сол  қиял,  болмайтын  нәрсе  деп  отырғанымыз  ұлғайтылып,  өзгертіліп, 

ауыстырылып айтылған болашақ болуы мүмкін. 

  Біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулер 

үкімет  жойылса,  әркім  өз  бетімен  өмір  сүрсе  түзеледі  дейді.  Ал  енді 

біреулер  оқу-біліммен,  халықты  ағартумен  адам  өмірі  түзеледі  деп 

ойлайды.  Тағы  біреулер  бай-кедейді  теңеумен  түзеледі  десе,  біреулер 

тәрбиемен  түзеуге  болады  дейді.  Біздіңше,  бұларды  жекелей  алғанда, 

ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды 

  Оқу-білім  үйренген  адам  өнерлі  келетіні  рас.  Бірақ  оны  қандай  іске, 

оны қай мақсатқа жұмсамақ? Үйренген ғылымымен түрлі қару жасап, 

улы газдар тауып, басқа адамдарға аң есебінде оқ атып, әлсізді құл етіп, 

жердің бетін адам қанына бөктірушілер де бар ғой! Ең өнерлі, білімдіге 

саналатын Америка, Англия елдеріне қараңыз. 



340 

 

  Бай  мен  кедейді  теңеу,  байдың  малын  кедейге  бөліп  беру  –  кедейді 



еріншектікке, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол. 

  Бет сұлулығы – тән сыйы емес пе, дауыс пен сөз сұлулығы – жан сыйы 

ғой. Әрине, тән сыйынан жан сыйы артық екенінде дау жоқ. Бірақ бет 

сұлулығын әркім-ақ таниды, ал сөз бен ән сұлулығын танушы аз. 

  Өтіріктің тілін тия алмаған адам – адамдықтың ындынын тия алмайды. 

  Мен зияны тиер деп күдіктенген кісіме жылы жүзбен қараймын: мұным 

– пішініммен айтқан өтірік. 

  Мен  тарыдай  жақсылық  қылсам,  таудай  зұлымдығымды  жасырғалы 

қыламын: сөйтіп жүріп адам атануға ұяламын. 

  Адамдар  мал-мақтан  үшін  соғысып,  өзі  жек  көретін  өлімге  жан 

тапсырады. 

  Қызыл  гүлге  қызығып  сайраған  бұлбұл  –  гүл  соларын  білгенде 

зарламай қайтсін? 

  Егер  ақылым  да,  жаным  да  менімен  жоғалатын  болса  –  онда  мен 

жанып-өшкен  от  қанамын:  дүниені  өртесем  де,  мені  ешкім  жазалай 

алмайды. 

  Терең  ой,  түзу  тәжірибиесі  бар  адам  ғайыптан  хабар  береді  –  әулие 

деген сол болса керек. 

  Дүниеге  қызығатын  көзімді  топырақ  баспай  тұрып,  бейнеттен  құтыла 

алмаймын: осынша тәтті көретін өмірден гөрі татпай тұрып ащы деген 

өлім жақсы болса керек. 

  Тәтті сөз тауып айта алмайтын ақын, сен мені неге күндейсің? Мені  –

сен, сені – мен жаратқаным жоқ қой. 

  Ақынның дуанасы – мақтаншақтың басын он тиынға алмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет