Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет35/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

АҒЫН ХАЙРОЛЛАҰЛЫ 

ҚАСЫМЖАНОВ 

 

(19 қазан, 1931ж. – 2 қараша, 2000ж.) 

 

              —  диалектикалық  логиканың  өзекті 



мәселелерімен  айналысты,  ол  ғылымға 

«Ұлы Дала өркениеті» деген ұғымды енгізді, 

Әл-Фарабидің рухани мұрасын зерттеді.  

 

Философиялық шығармалары: 

            «Диалектика,  логика  және  таным 

теориясының 

сәйкестенуі 

проблемасы» 

(1962),  «Диалектиканың  заңдары  мен 

категориялары» 

(1966), 

«Мәдениет 

тарихындағы  Әл-Фараби»  (1975),  «Әл-

Фарабидің  эстетикалық  көзқарастары»  (1997),  «Ұлы  дәстүрлердің  кеңістігі 

мен уақыты» (2000) және т.б. 

 

            Философияның  басты  міндеті  өзінің  мәселесін  жетілдіруден  ауытқып 



кете алмайды және нақты ғылымдарды ауыстыруы тиіс емес. Сол себепті де 

философия  –  адам  субьективтілігінің  патшалығы,  бұл  жерде  «мен  ақиқатқа 

иемін»  деген  формуланың  орнына  «мен  ақиқатта  болуға  үміттенемін» 

формуласы тұрады. 

            Нақты  көзқарастар  жүйесі,  тұлға  ретіндегі  философтық  жеке 

даралығы  (бұл  тек  қана  жеке  емес)  әлеуметтік  дамудың  нәтижесі  болып 

табылады.  Бұл  жеке  даралық  қоғамдықпен  жойылып  кетеді  деген  сөз  емес. 

Керісінше,  жеке  даралықтың  иегері  бұқаралық  санаға  ғана  емес,  сонымен 

қатар  билеушілердің  кейбір  жаңсақ  идеологиясы  мен  саясатына  шешімді 

түрде қарсы шыға алады.  

           Философия  ақиқатты  іздеуші  ретінде  өз  тарапынан  түсініксіз  болуы 

мүмкін.  Философия  оның  бағытын  және  өзекті  мәселелерін  көрсететін 

дәуірдің  санасы  ретінде  болады.  Қоғамның  дамуы  барысында  оларды 

дүниеге  алып  келген  тарихи  шарттарды  бейнелейтін  жаңа  ойшылдар  пайда 

болып,  жаңа  элитаның  көшбасшыларына  айналады  да,  өздерінің  дәуірінен 

тәуелсіз  жаңа  елес  жасайды.  А.Х.Қасымжановтың  Гоббстың,  Спинозаның, 

Локктың,  Руссоның  табиғи  құқық,  сана  мен  жақсылық  патшалығы,  ақиқат 

пен  жалған  теорияларына  ағартушылар  айтып  өткен  саналы  эгоизм 

концепциясына,  Канттың  «мейірімді  ерік»,  бостандық  адам  мәні  ретіндегі 

ілімдеріне,  адам  тегі  тұтастығының  философиялық-антропологиялық 

концепцияларына,  табиғаттың  материалистік  жүйелеріне,  материяның  өз-

өзінен  қозғалу  түсінігіне,  таным  мен  эффектілер  туралы  сенсуалистік 

ілімдерге,  механизм,  дамудың  жалпылығы  туралы  ілімге,  әлеуметтік 

прогресс  және  өзге  де  философиялық  идеяларына  жасағанталдауы 



        

353 


 

оныңинтеллектуалдық  ізденісінің  негізгі  бағыттарының  көрінісі  болып 

табылады. 

Философиялық көзқарастары

          Философия  тарихының  әлеуметтік  шарттылық  маңызын  аша  отырып, 

оны  түсінуді  жеңілдетуден  сақтандырады.  Кейбір  кезеңдерде  қоғамдық 

ойдың  дамуы  әлеуметтік  шарттарға,  қоғамдық  топтардың  іс-әрекеттеріне 

тәуелділікті  мойындау  бұрын  болған,  кейде  қазіргі  уақытта  да  идеялардың 

философиясы ретінде қарастырады. Мұндай концепцияларда философиялық 

ілімдердің  мазмұнын  ғана  емес,  жеке  философиялық  категорияларды  да 

тікелей әлеуметтік топтардың немесе тұлғаның экономикалық мүдделерінен 

шығаруға тырысады.  

             Зерттеліп  отырған  ой-талғамдық  мәліметтің  ішкі  даму  логикасы 

ерекше  қозғалысты  баяндайды,  қоғамның  жалпы  тарихының  шеңберінде 

өзінің  философиялық  идеяларының  тарихын  қамтамасыз  етеді.  Оның  атап 

өткеніндей,  Қайта  өрлеу  мәдениетіне  ықпал  еткен  «барлығы  адам  үшін» 

деген гуманистік құндылықтар, ағартушылық мәдениетін әлемнің адам және 

прогресс үшін саналы түрде қайта құрылу құндылығы рухтандырады. Ежелгі 

қытайлық  мәдениет  «әрекет  етпеу»,  «ата-баба  дәстүріне  адалдық»,  «ағыс 

және  жел»  түріндегі  іс-әрекет,  яғни  өзін-өзі  ақтай  отырып,  өмір  желінің 

аясында,  уақыт  ағымымен  табиғи  түрде  ғұмыр  кешу  құндылығының 

бағыттарын  басшылыққа  алған.  Американдық  мәдениет  жол  көрсетуші 

жұлдыз ретінде жеке еркіндік пен бақытты таңдайды.  

            Белгілі  кезеңдегі  субьектінің  өзінің  әрекеті  мен  философиялық 

көзқарастың арасындағы байланысты ашу үшін, тарихи дәуірдің жалпы және 

жеке ерекшеліктеріне, материалдық өмір жағдайларына рухани процестердің 

әсерін,  сонымен  қатар  қоғамдық  ойлардың  әртүрлі  бағыттарының  өзара 

әсеріне жан-жақты және күрделі талқылау қажет. 

             Бұл  жердегі  басты  әдіснамалық  қағида  философияның  әлеуметтік 

қамтамасыз етілуі тарихи даму көзқарасымен және оның өзара әсер аясында 

қарастырылуы тиіс. Бұл жағдайда, философиялық білім жүйесінің өзі, оның 

түсіндіру  аппаратының  тиімділігі,  қолданылатын  логикалық  және 

әдіснамалық  құралдардың  адекваттылығы  оның  нақты  мазмұнында 

танымдық процестердің дамуының нақты жағдайларының әлеуметтік-тарихи 

жемісі ретінде көрсете алады.  

            Философия  өзге  де  қоғамдық  ғылымдармен  қатар  саясаттың  ғылыми 

негізін,  оның  ішкі  бағыттылығын  білдіреді,  алайда  саясатты  да,  саяси 

теорияны  да  құрамайды.  Нақты  тұжырымдарға  сүйенсек,  саясат 

философиялық концепцияның, философиялық көзқарастың оны қоғамға және 

адамға  таратудың  арнайы  әлеуметтік  формасы  болып  табылады.  Саясаттың 

философияға  немесе  философияның  саясатқа  тікелей  тәуелділігін  іздеу  жөн 

болмайды. Саясаттың өзі белгілі бір философиялық жүзеге асуы, философия 

нақты саясаттың іштей идеялдық және ой-толғамдық негіздерін жинақтайды. 

Қоғамдық  қозғалыстардың  саяси  бағыты  философиялық  негіздермен 

байланысты.  А.Х.Қасымжанов  философия  мен  саясаттың  мәні  осында 

депатап  өтеді.  Осыдан  өзінен-өзі  мынадай  қорытынды  шығады:  неғұрлым 


        

354 


 

философиялық  концепциялар  терең  әрі  көбірек  әлеуметтік  шынайылыққа 

сүйенетін  болса,  оның  саяси  мазмұны,  бағыты  айқынырақ  көрінеді.  Бұл 

жерде  философияны  өзінің  әлеуметтік  бағытын,  қайсібір  әлеуметтік  топтың 

немесе субьектінің дүниетанымын, идеологиясын енжар алып пайдаланушы 

ретінде  бейнелеуге  болмайтындығы  туралы  айтылып  отыр.  Философияның 

саяси  мазмұнын  тікелей  қоғам  өмірінің  әлеуметтік-экономикалық 

шарттарынан 

«шығару» 

әрекеті 


және 

қайсібір 

философиялық 

концепцияларды  әртүрлі  тарихи  кезеңдерде  философияның  дамуымен 

«түсіндіру» философиясының өзі мен оның тарихын жалаң социологизм мен 

тұрпайылыққа алып келеді. 

             Әлеуметтік-саяси  субстрат  және  философия  арасындағы  байланыс 

бірнеше  рет  жанама  түрде  болады.  Қоғамның  өмірі  және  дамуы  тұтастық 

күрделі  байланыстарына  талдау  жасау  шынайы  негіздерден  субьектінің  іс-

әрекетін  құруға,  қазіргі  замандағы  қоғамдық  өмірде  жаңа  тенденцияларды 

шығаруға,  Қазақ  Елінің  демократиялық  мемлекет  ретіндегі  даму 

стратегиясын анықтауға мүмкіндік жасайды.  

              Дәл  осындай  әрекет  әлеуметтік  нысанаға  алған  нарықтық  қоғам 

құрудың жаңа бағыттарын талдауға қолданылып, оның әрі қарай дамуының 

негізгі өлшемдерін анықтайды. Бұл үшін философия жаңа сұрақтарды, жаңа 

жағдайларды  ізденуде  құрал,  қару  ретінде  пайдаланылады,  мұның 

нәтижесінде оның өзі дамуды, нақтылауды, айқындауды бастан кешіреді. 

              Қазіргі 

заманғы 

философияда 

шынайылық 

субьектілердің 

тәжірибиесі  мен  білімі  тұрғысынан  бейнеленеді  деп  көрсетіледі.  Бұл  қағида 

обьект  пен  оның  субьект  саласындағы  бейнесінің  арасында  қатаң  байланыс 

болады деген аңғал материалистік түсінікке қарсы бағытталған. Шындығына 

келгенде,  қоғам  және  оның  жеке  таптары  және  өкілдері  обьект  дамуының 

логикасымен  байланыста  емес, оның  асқақтатылған бағасымен  әрекет  етеді. 

Алайда  әлеуметтік  құбылыстардың  танымы,  нақты  көзқарастар  бойынша  , 

ұнемі  обьективті  емес  дегенді  білдірмейді.  Философиялық  танымның 

анықтаушы факторы өзімен өзі құндылықтың ыңғайы емес, практикалық іс-

әрекет болып табылады. Осыдан шығатын қорытынды: бағалаудың өзінің, ең 

алдымен,  кез-келген  оқиғалық  деректің  немесе  өзге  рационалды  түсіну 

мүмкіндігі туындайды. 

             А.Х.Қасымжановтың  ежелгі  кезеңнен  бастап,  ХХ-ғасырдың  аяғына 

дейінгі  қолданған  ізденіс  әрекетінде  қазақ  философиясының  тарихын 

зерттеудің  тұтас  концепциясына  мыналар  енеді:  философиялық  қалыптасу 

процесіндегі  алғашқы  дүниетанымдық  түсініктердің  негіздерін  қарастыру, 

бойына позитивті және иррационалдық бөлшектерді, материя, құқық, діннің 

бастамаларын  жинақтаған,  диалектика  мен  метафизиканың  қайнар  көздерін 

өзара жоққа шығарып,  эмпирикалық  білім  мен сенімге  жүгінетін, халықтың 

әлемді қабылдау формалары, халықтық фольклордегі философиялық бастау, 

олардың  идеяларын  әртүрлі  қоғамдық  сана  формалары  арқылы  зерттеу, 

тарихи  тұлғалардың,  атақты  тарихшы-ғалымдардың  философиялық  ойлары, 

қазақ ағартушылығының тарихын жаңаша баяндау және оның философиядан 

айырмашылығы,  Шоқанның,  Абайдың,  Ыбырайдың,  Шәкәрімнің,  ХХ-ғасыр 


        

355 


 

басындағы  ойшылдардың  рухани  мұраларын  талдау,  ХХ-ғасырдың  30-80 

жылдардағы  тоталитарлық  ойлаудың  үстемдігі  жағдайындағы  қазақ 

философиясының дамуының өзіндік ерекшелігін зерттеу.   

 

                                                  Әдебиет: 

 

1.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  «Парыз»,  —Астана:  2009. 

138-бет 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетали  Қ.  Философия  тарихы  /Қазақ 

философиясы. «Раритет», —Алматы: 2006. 298-301 беттер. 

3.  Әбішев  Қ.  Философия  (ЖОО-студенттеріне  арналған).  –Алматы: 

1998. 

4.  Әбішев  Қ.,  Әбжанов  Т.    Философия  тарихындағы  таным  теориясы 

және метод проблемасы. –Алматы: 1990. 

5.  Нурланова К.Человек и мир: казахская национальная идея. — Алматы: 

1994  

6.  Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен  ұлттық сана: Оқу құралы.  

—Алматы: 1996. 

7.  Сегизбаев О. Казахская философия  XV-начала ХХ вв. —Алматы: 1996  

8.  Философиялық сөздік. –Алматы: 1996. 

9.  ХХ-ғасыр басындағы қазақ философиясы. 20-томдық. «Аударма», 

 —Астана: 2008  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


        

356 


 

ЖАБАЙХАН МҮБӘРАКҰЛЫ 

ӘБДІЛДИН 

 

(16 ақпан, 1933ж. Павлодар облысы,  

Май ауданы, Майтүбек елді-мекені) 

 

           — 



 

қазіргі  заманғы  қазақ 

философиясының 

негізін 


қалаушылардың бірі.  

           Қазақты  өзінің  философиядағы 

ғылыми  жаңалықтарымен  әлемге  паш 

етіп жүрген ғұлама. XX-ғасырдың 60-90 

жылдары    Қазақ  Елі  философиясының  

«алтын дәуірі», таным теориясы, логика, 

методология,  диалектикалық  ойлаудың 

үстемдік еткен заманы болды. 



Философиялық шығармалары: 

            «Теориялық  танымдағы  бастама  мәселесі»,  «Логика  мәселесі  және 

таным 

диалектикасы», 



«Таным 

диалектикасы 

мен 

логикасының 



проблемалары»,  «Қазіргі  ғылымдағы  нақтылық  принциптері»,  «Кант 

диалектикасы» 

және 

т.б. 


көптеген 

еңбектер 

жазған. 

5-томдық 

«Диалектикалық логика» жарық көрді. 

 Философиялық көзқарастары: 

          Әбділдин  философиясында  ғылыми-теориялық  танымдағы  бастама, 

алғашқы  бастама  мәселесіне  жан-жақты  талдау  жасалған,  оны  тарихи-

логикалық  тұрғыдан  қарастыра  отырып,  проблеманы  нақты  шешу  мен 

ұғынудың  қисыны  дамытылған,  бастама  ұғымы  мен  соған  қатысты 

категориялардың  логикалық-гносиологиялық  қызметі  және  мәні  ашылып 

көрсетілген,  ғылыми  танымдағы  оның  методологиялық  рөлін  ашу  жүзеге 

асырылған. Бастама дегеніміз әлдебір дерексіз ой емес, ол өз дамуында бара-

бар  күрделенетін  тұтастық.  Бастаманы  негіздеудегі  маңызды  логикалық-

әдістемелік  бағдар  қызметін  қайшылық,  тұтастық,  өзін-өзі  негіздеу  мен 

нақты тарихилық принциптері атқарады. 

           Ж.Әбділдин:  «Егер  диалектика  ғылым,  адамзат  дүниетанымының 

логикасы  ретінде  танылатын  болса,  онда  ол  да  ең  алдымен  өзінің 

принциптеріне сәйкес дамуға және абстрактылықтан нақтылыққа қарай өту, 

өрлеу ғылыми әдісімен құрылғаны жөн», - дейді. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Аст: 2009. 138б. 

2.  Әбішев  Қ.,  Әбжанов  Т.    Философия  тарихындағы  таным  теориясы 

және метод проблемасы. –Алматы: 1990. 

3.  ХХ-ғасыр басындағы қазақ философиясы. 20-томдық. «Аударма»,  

—Астана: 2008  


        

357 


 

ӘБДІМӘЛІК НЫСАНБАЕВ 

 

(01 мамыр, 1937ж. Қызылорда облысы 

Сырдария ауданы Қарауылтөбе ауылы) 

 

          – 



ғалым,  философия  ғылым 

докторы  (1977),  профессор  (1980)  ҚР 

ҰҒА  академигі  (2003),  Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  ғылым  мен  техника 

қайраткері 

(1994), 


Қырғыз 

Республикасының еңбек сіңірген ғылым 

қайраткері (1995).  

           Қазіргі 

Қорқыт-Ата  атындағы 

Қызылорда  мемлекеттік  университетін 

бітірген  (1960).  1960-61  жылы  ССРО 

ҒА-ның 


Химия 

ғылымдары 

институтында  аға  лаборант,  1961-76 

жылы  Қазақстан  ҒА-ның  Философия 

және  құқық  институтында  кіші  ғылыми  қызметкер,  аға  ғылыми  қызметкер, 

ғылым  философиясы  және  методологиясы  бөлімінің  меңгерушісі.  1990 

жылдан  Философия  және  құқық  институтының  (қазіргі  Философия  және 

саясаттану  институты)  директоры.  Сонымен  қатар  1997-2003  жылы  «Қазақ 

энциклопедиясы»  баспасының  Бас  редакторы  қызметін  қоса  атқарды.  2005 

жылы «Философ Нысанбаев» атты деректі фильм шықты. 



Философиялық шығармалары: 

              –  диалектика  және  таным  теориясы,  ғылым  философиясы  мен 

методологиясы,  қазақ  және  түркі  философиясы,  әлеуметтік  және  саяси 

философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол 570-тен 

астам  ғылыми,  ғылыми-сараптамалық,  ғылыми-әдістемелік  еңбектер,  соның 

ішінде  30  монография,  жеке  кітаптар  мен  оқу  құралдарын  жазған.  Бірқатар 

еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген.  

 

Әдебиет: 



 

1.  Адам  және  ашық  қоғам,  Алматы,  1998;  Қазақстан.  Демократия. 

Рухани жаңару. —Алматы: 1999 

2.  Становление исламской философии в Казахстане, —Алматы: 2000 

3.  Қазақ философиясы. —Тегеран: 2002 

4.  Казахстан и Россия в ХХІ веке: опыт модернизационных реформ,  

—Новосибирск: 2004 

5.  «Абдумалик Нысанбаев»  в серии «ЖЗЛ», —Астана: 2001 

6.  Қазіргі  түркі  философиясы.  /«Әлемдік  философиялық  мұра»,  20-

томдық, 20-том. «Жазушы», —Алматы: 2009. 38-б., 84-б., 246-268 б.б. 

7.  Фейзуллах  Будак.  Қазақстан:  өткені,  бүгіні  мен  ертеңі.  –Анкара: 

2000.-150-б. 

        

358 


 

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ 

 

(15 сәуір, 1947ж. Павлодар 

облысы Лебяжі ауданы, Жалтыркөл 

ауылы) 


 

       —    белгілі  ғалым,  философия 

ғылымдарының  докторы,  Қазақстан 

Ғылым  Академиясының  академигі,  әл-

Фараби 

атындағы 



Қазақ 

Ұлттық 


университетінің 

философия 

және 

саясаттану 



факультетінің 

деканы 


болған.  Қазір  Астана  қаласындағы 

Л.Гумилев 

атындағы 

Евразия 


Университетінде қызмет етеді. 

       1966  жылы  Лебяжі  селосында  орта 

мектепті  бітіріп,  сол  жылы  Семейдің 

педагогикалық 

институтының 

филология  факультетіне  оқуға  түседі.  1970  жылы  осы  оқу  орнын  үздік 

бітіріп,  сонда  философия  және  саясаттану  кафедрасында  оқытушы  болып 

орналасады. 

      Екі  жыл  оқытушылық  қызметтен  кейін,  әскер  қатарында  болып,  оны 

аяқтаған соң қайтадан оқытушылық қызметке кіріседі. 1973 жылы В.И.Ленин 

атындағы  Мәскеудің  Мемлекеттік  университетінде  зерттеуші-стажер  болып 

білімін  жетілдіреді.  1974-1977  жылдары  С.М.Киров  атындағы  ҚазМУ-дің 

философия  және  экономика  факультетінде  аспирантурада  оқыды.  1987 

жылдың  ақпанында    осы  факультеттің  ғылыми  кеңесінде  «09.00.01  – 

диалектикалық 

және 


тарихи 

материализм» 

мамандығы 

бойынша 


кандидаттық  диссертация  қорғады.  1978-1983  жылдары  Семей  педагогика 

институтында  көркем-сурет  факультетінде  декан,  1983-1989  жылдары  осы 

институтта  философия  кафедрасының  меңгерушісі,  1989-1991  жылдары 

Қазақстан  Ұлттық  Ғылым  академиясының  философия  және  құқық 

институтында  аға  ғылыми  қызметкер,  1991-2001  жылдары  Абай  атындағы 

Алматы  Мемлекеттік  университетіндегі  философия  және  ғылымдар 

методологиясы  кафедрасының  доценті,  профессор,  1992-1998  жылдары 

көркем-сурет факультетінің деканы, ал 1998-2001 жылдары философия және 

ғылымдар методологиясы кафедрасының меңгерушісі. 

Философиялық шығармалары: 

        Республикалық  мерзімді  басылымдарда  «Кейіпкер  философиясы», 

«Еліктеу  философиясы:  күнгейі  мен  көлеңкесі»,  «Жаңаша  ойлау  және 

әдебиет»,  «Жаңаша  ойлау  –  диалектикалық  ойлау»,  «Ескіше  ойлау  және 

қазақша ойлау» және т.б. да мақалалары жарыққа шықты. 

        «Хакім-Абай»  атты  философиялық  еңбегінде  Абай  дүниетанымына 

терең герменевтикалық талдау жасап, Абай көзқарастарының жаңа қырларын 

ашып, еліміздегі Абайтану ілімін жаңа деңгейге көтерді.  



        

359 


 

        «Сана  болмысы»  еңбегінде  қазақтың  тұрмысы  мен  тарихына  қатысты 

советтік  ғылымда  орнығып  қалған  ұғымдар  мен  түсініктерді  сыни  көзқарас 

тұрғысынан қайта қарастырды. 

          Ол  сондай-ақ  философиялық  проза  жанрында  да  табысты  еңбек  етіп, 

«Таңсұлу»,  «Күнә»,  «Көсем-көкжал»,  «Бөгде  сезім»  және  т.б.  да  біршама 

еңбектер қалдырды, сол арқылы қалың елге аты танылды.  

          Философия  тарихы  саласында  араб  ойшылдарының  тың  мәдени 

мұраларын зерттеп, көлемді еңбектер жазды. 

Философиялық көзқарастары: 

         Ғалымның  философиялық  көзқарастары,  ой-пікірлері  ұлттық  рухани 

мұраларымызды,  тарихи  дәуірлердің  ішкі  имманенттік  мазмұны  мен  мәнін 

жаңаша 


түсініп, 

қабылдауға 

ықпал 

етеді. 


Оның 

еңбектерінің  

методологиялық  және  ғылыми  жаңалықтарын  топтай  келе,  мынандай 

бағыттарын айтуға болады: 



         Біріншіден,  қазақ  философиясының  тарихы  мен  теориясын  әлемдік 

ойдың  даму  тұрғысынан  зерттеу.  Біздің  жыл  санауымыздан  алты  ғасыр 

бұрын  өмір  сүрген  сақ  ойшылы  Анахарсистен  Абай  ғасырына  дейінгі 

біртұтас 

мәдени-тарихи 

кеңістік 

концепциясын 

ұсынады. 

Қазақ 

философиясының  және  қазақы  болмыстың  көне  түркілер  ой  дүниесінің 



мұрагерлігі  және  оның  кемелдену  сатылары  мен  таралу  үрдісі  дәйекті 

талданады.  Еңбек  қазақ  философиясының  тарихын  Йоллығтегін,  Қорқыт, 

Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Йассауи, Асан-Қайғы, Доспанбет сынды 

ғұламалардың  асыл  қазыналарына    баға  беру  арқылы  зерттелуімен  ғылым 

үшін айрықша құнды; 

       Екіншіден, Абай шығармашылығын сан-алуан қырларынан зерттеу. 

Осының  нәтижесінде  дана  ойшылды  таптық,  ортодокстық-материалистік 

тұрғыдан  тану  жөніндегі  қалыптасқан  көзқарастың  дәйексіздігі  ғылыми 

тұрғыдан  тұңғыш  рет  жан-жақты  талданып,  дәлелденді.  «Казахстанская 

правда»  газетінде  45  мақала  жарияланды,  Қазақ  радиосынан  50  хабар 

жүргізді.  Осы  жұмыстарында  автор  қазақ  философиясының  тарихында 

бірінші болып талданудың герменевтикалық тәсілін қолданды. 

         Үшіншіден

заманның 

мәдени-әлеуметтік 

кәмелетке 

бетбұрыс 

жағдайындағы  қазақ  философиясының  теориясын жасау  және оны  ізге  салу 

проблемалары.  «Сана  болмысы»  деген  ортақ  атпен  жарық  көрген  тоғыз 

кітапта  қазақ  қоғамы  мен  оның  рухани  ерекшеліктері  жөніндегі  қоғамдық 

ғылымдарда  орныққан  кейбір  түсініктер  мен  категориялардың  құндылығы 

қайта  бағаланады.  Оларда  мәдени-әлеуметтік  ілгерілеудің    жаңа 

жағдайындағы  кеңестерден  соңғы  Қазақстанның  және  дәстүрлі  қазақ 

қоғамының  таптық-формациялық  теорияға  негізделген  өлшемдерінен  қол 

үзіп,  өркениетті  өлшем  түрлеріне  өтудің  кейбір  проблемалары  тиянақты 

шешім тапқан. 



          Төртіншіден,  ғалымның  тағы  да  бір  маңызды  зерттеу  саласы,  ол 

өркениеттер  мәселесі.  Ғ.Есім  ұлттық  өркениет  туралы  зерттеулер  жасау 

үстінде. Бұл саладағы Ғ.Есімнің еңбегі ол ғылымға «Қазақстандық өркениет» 

деген  ұғым  енгізді.  Ол  әлемдік  өркениет  жоқ,  ол  ұлттық  өркениеттерден 



        

360 


 

тұрады, өркениет дегеніміз этностардың өмір сүру тәсілі, демек оның түрлері 

көп  дейді.  Әдетте  өркениетті  елдер  деп  технологиясы  жоғары  жетілген 

елдерді айтсақ, ол өркениеттің басты сипаты, оның қайталанбайтындығында 

дейді.  Осы  ойдың  негізінде  ол  бүгінгі  таңда  ұлттық  идеяның  көрінісі 

«Қазақстандық өркениет» деген тұжырым жасайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет