Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі к оммерциялық



Дата27.12.2023
өлшемі39,72 Kb.
#199630
Байланысты:
дерек эссе
Ақерке реф тәрбие, 363493 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ





Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

ФАКУЛЬТЕТ «ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА»


КАФЕДРА «ЖАЛПЫ ТАРИХ ЖӘНЕ МУЗЕЙ ІСІ»


ЭССЕ
Тақырыбы: «Тарихи дерек түсінігі»

Орындаған: Нуртай А.А.
Тобы: ТП-20-3к
Қабылдаған: Еркінбекова Б.А.


Шымкент, 2023 жыл


Тарихи дерек түсінігі
Ғылымда тарихи деректің түсінігі сан алуан. Әр заманда, әр­түрлі елдің тарихшылары тарих дерек туралы әр түрлі пікірде бол­ды. Қалай болғанда да өткен заман туралы қандай да болсын, мә­лімет беретін ақпарат көздерін тарихи дерек санатына қосқан дұ­рыс сияқты.
Тек қана олардың мына төмендегі талаптарға сәйкес болуы қажет деп ойлаймыз. Біріншіден, ұзын-сонар адамзат тарихында халықтың рухани және материалдық мәдениет саласында ұрпақ­тан-ұрпаққа мұраға қалдырған жәдігерлер оның өткенінен шы­найы ақпарат береді. Екіншіден, бұл ақпарат мұқият тексеріліп, объективтілігі мен шынайлығы анықталуы қажет. Үшіншіден,та­былған, тексерілген, анықталған ақпарат тек зерттеу процесінде пайдаланған жағдайда тарихи дерек ретінде танылады. Тарихи дерек дегеніміз – зерттеу процесіне енгізілген адамзат қоғамы­ның тарихынан қандай да болсын мәлімет беретін ақпа­рат көзі.
Осы күнге дейін ғалымдар арасында ақпарат көзіне адамзат тарихынан мәлімет беретін қандай жәдігерлерді жатқызуға бола­ды деген мәселе жөнінде пікірталастар жүріп жатыр. Олардың бір тобы оған адамзаттың іс-әрекетіне байланысты қалған ізді (след) жатқызса, екіншілері сол іс-әрекетті айқындайтын, анықтай­тын деректерді ақпарат көзі деп есептейді. Алғашқы топ мұндай деректерге адамның мақсатты түрде өз қолымен жасалған затта­рын кіргізсе, екіншілері солар жөнінде айтылғандарды, жазылғандарды есепке алады.
Деректану – тарихи деректердің теориясын, оны зерттеу­дің техникасы мен әдістемесін қарастыратын тарих ғылы­мының бір саласы. Ол – кешенді ғылым. Оның жеке ғылыми ста­тус алған бірнеше саласы бар. Негізгі міндеті деректерден шы­найы ақпарат алу. Тарихи деректанудың ғылым ретінде өзінің объектісі, пәні және мақсаты мен әдістері бар. Яғни ол – заманауи талаптарға сай тарихи деректерді пайдаланудың теориялық-әдіс­намалықмәселелерін зерттейтін ғылым.
Деректану – басқаларға қарағанда жас ғылым. Оның пайда бол­ғанына небары 100 жыл ғана. Ол әлі ғылым ретінде қалыптасу үстінде. Шетел тарихшылары ХІХ-ХХ ғасырларда-ақ тарихи де­ректердің теориялық мәселелерінерекше әлеуметтік таным ретін­де шешу жолдарын ойластырған.
Кешегі совет тарихнамасында бұл проблема пікірталас туғы­зып, ХХ ғасырдың екінші жартысында деректанудыңтеориялық мәселелерімен қатар оның қолданбалы қызметін де айқындаған болатын. Сөйтіп мынадай проблемалардың басын ашып алу қажет:
1) деректанудың ғылым ретінде қалыптасуы;
2) оның пәні мен міндеттерінің теориялық сипаты бар екендігін түсіну;
3) оның тарихи пәндер арасындағы орны анықтау, пәнаралық ста­тусын мойындау;
4) тарихи деректердің табиғатын және мәнін, оларды топтау, түрлері мен түршелерінің эволюциясын зерттеу;
5) олардың беретін ақпараттардың көп құрамдылығын және олар­дың оның түрлері мен формасын, сапа мен санының сипатын анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет