Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Оқу сабақтарын өткізу нысандары



бет4/6
Дата22.11.2022
өлшемі107,67 Kb.
#159365
1   2   3   4   5   6
2. Оқу сабақтарын өткізу нысандары:
Дәрістер:онлайн-форматта, бейне-дәрістер, тренингтер, қонақ лекциялары, вебинарлар, бейнеконференциялар, белсенді интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы, дискуссиялар, университеттің ПОҚ және ҚР жетекші жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындары әзірлегенЖАОК;
Практикалық сабақтар:стартаптарды, жобаларды әзірлеумен практикалық-бағдарланған тәсіл, практикалық жағдайларды талдау (case-study), виртуалды практикалық тапсырмаларды орындау және т. б.
Зертханалық сабақтар: эксперименттік, виртуалды зертханалық жұмыс, зертханалық жұмысты топпен орындау.
МӨЖ:Тапсырмаларға жатады: лекция конспектілерін құрастыру, есептерді шешу, бақылау жұмыстарын орындау, глоссарий, эссе, реферат, портфолио жазу, презентациялар дайындау және т.б.
3.1 Магистранттардың үлгерімін межелік бақылауоқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практ / семин. сабақтарындағы сұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау, зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау, МӨЖ қорғау;
3.2 Аралық бақылау – коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша);
4.1 Оқытушының талаптары:
4.1.1 Магистрант өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды
4.1.2 Мерзімін бұза отырып берілген тапсырмалар белгіленген бағадан 20%-ға төмен бағаланады;
4.1.3 Сабаққа қатаң түрде кестеге сәйкес қатысу;
4.1.4 Ауруға байланысты келмеген жағдайда анықтама беру;
4.1.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады..
4.1.6 Онлайн сабақтарда дресс-код пен сөйлеу этикетін сақтау міндетті;
4.1.7. Осы талаптарды бұзған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар үшін студентті осы сабаққа блоктайды) және дәлелді себепсіз сабақты жіберіп алу фактісін түзетеді.
4.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды тапсыру кезінде плагиат, алдау және басқа да алдаудың түрлерін болдырмау;
4.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиат тексерісінен өтпеген жауаптар есепке алынбайды, бұл қанағаттанарлықсыз бағаға әкеледі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет