Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Қайтымды көлемді гидромашина



бет2/36
Дата01.11.2022
өлшемі7,86 Mb.
#155996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
По К 042-18 57 03-2013 № басылым
Хим Фарм 3 срс, Документ (3), Pink Rose Watercolor Organic Creative Project Presentation 20231001 175110 0000, 2913012c3b2eab6a448e16c8ceed9165 (2)
Қайтымды көлемді гидромашина – көлемді сорап, көлемді гидроқозғалтқыш режиміне арналған көлемді гидромашина.
Сораптың тиімді режимі – пайдалы әсер коэффициенті мәні жоғары болғандағы сорап жұмысының режимі.
Сораптың қажетті қуаты – сораппен берілетін сұйық қуаты.
Беріліс – уақыт бірлігінде ағын қимасымен ағатын сұйық мөлшері.
Сораптың жұмысшы көлемі – бір айналымдағы жабық көлемнің ең кіші және ең жоғары мәндерінің айырмасы.
Сүзгіш – сүзу әдісі арқылы біртекті емес сұйықтарды айыруға арналған аппарат.
Сорап сипаттамасы – берілістегі сораптың негізгі параметрлерінің графикалық тәуелділігі .
2 ДӘРІС ОҚУЛАР


1 дәріс. Кіріспе. Гидропневможетектің қысқаша даму тарихы.
Дәріс жоспары:
1. Гидропневмомашиналар мен жетектерді қолдану аймағы және басқа пәндермен байланысы.
2. Гидропневмомашиналар мен жетектердің негізгі элементтері.
3. Гидропневможетектің артықшылығы мен кемшіліктері. Қолдану аймағы.


Гидрожетек – сұйықтық энергия қөмегімен механизмдер мен машиналарды қозғалысқа келтіруге арналған қондырғылардың жиынтығы.
Сұйықтық энергиясы сораппен С тартылады да, содан кейін гидроқозғалтқыштың ГҚ көмегімен механикалық энергияға түрленеді. Басқару қондырғысы БҚ гидрожелідегі ағын параметрлерін басқаруға арналған. Өнеркәсіптің көптеген саласында кеңінен тараған осындай гидрожетекті сорапты деп те атайды. (1.1. а сурет). Сорапты гидрожетектен басқа магистралды (1.1. б сурет) және аккумуляторлы (1.1. в сурет) гидрожетектер деп бөлінеді. Гидрожетектің соңғы екі сұлбасында магистраль да, аккумулятор да сұйықтық энергиясының генераторы бола алмайды, сондықтан бұл сұлбаларда сораптың болуы міндетті.
Жалпы жағдайда сорапты гидрожетектің құрамына гидроберіліс, гидроаппараттар, көмекші қондырғылар және гидрожелілер кіреді.
Гидроберіліс – жетекті қозғалтқыштан машиналар мен механизмдерге қозғалыс беруге арналған сорапты гидрожетектің бөлігі. Қарапайым гидроберіліс (1.1. а сурет) сораптан, гидроқозғалтқыш пен гидрожеліден тұрады.
Гидроаппараттар – жұмысшы сұйықтықтың ағын параметрлерін реттеуге арналған қондырғы. Гидроаппараттар гидроавтоматиканың құрамдас элементтері болып табылады.
Көмекші қондырғылар – жұмысшы сұйықтықтың желдеткіштері, гидросыйымдылықтар, сүзгіштер, ажыратқыштар, жылуалмастырғыштар және т.б.
Гидрожелілер – жетектің жұмыс процесі кезінде жұмысшы сұйықтықтың бір гидроагрегаттан екіншісіне өтуіне арналған қондырғы. Қарапайым гидрожетектің жұмыс істеу принципі келесідей болады.
Гидросұлбаны дұрыс таңдап, гидротораптарды дұрыс құрастырғанда жоғарыда аталған гидрожетектің кемшіліктерін жоюға болады немесе олардың машинаның жұмысына тигізер әсерін едәуір төмендетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет