Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


тақырып. Тіршілік қауіпсіздік негіздері жөніндегі заңдар мен



бет3/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ (копия), 0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259
1 тақырып. Тіршілік қауіпсіздік негіздері жөніндегі заңдар мен
құқықтық актілері

1. Тіршілік қауіпсіздік негіздері ұғымы.


2. Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәні және талаптары.
3. Қазақстан Республикасы тіршілік қауіпсіздік негіздері саласындағы заңнамалар.
4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғау.


1. Тіршілік қауіпсіздік негіздері ұғымы
Күн сайын радиодан, теледидармен мерзімді басылым беттерінде түрлі елдерде болып жатқан апаттар: жер сілкіністері, селдер, опырылымдар, су тасқындары, дауылдар, орман өрттері, қуаншылықтар және адамдардың өлім-жітіміне, қалалармен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қирауына, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануының әсерінен табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғатын басқа да апаттар жайлы хабарланып жатады.
Табиғи тілсіз апаттардың алапаты салдарынан адам өміріне зор қауіп төндіреді, сондықтан да адамды өмір сүру ортасындағы түрлі қауіп-қатерден қорғау мәселесі ата-бабаларымыз жер бетінде тіршілік ете бастағаннан-ақ пайда болды.
Адамзат ғұмырының алғашқы кезеңдерінде мұндай қауіп-қатер табиғат құбылыстарының қиратушы күшінен, сондай-ақ лаңкес әлем өкілдерінен төнетін қауіптер, уақыт өте келе адамның өз ықпалымен жасалатын қауіп-қатерлер, олар: жол-көлік апаттары, өнеркәсіптермен тұрғын үйлердегі жарылыстар мен өрттер, химиялық қосылыстармен уланулар, ішімдік ішіп, шылым шегіп, электр тоғынан зардап шегу, ионды сәуле шығарудан сәулелену және тағы басқа көптеген қатерлерден пайда болды.
Жер бетінде ғылым мен техниканың дамуы, ол бір жағынан, апаттар мен тілсіз апаттардың салдарын жою тәсілдері мен құралдарын жетілдіруге ықпалын тигізсе, екінші жағынан, жекелеген энергетикалық кешендерде потенциалды энергияның аса көп жинақталуынан, қозғалыс жылдамдығының артуынан және басқа да себептерден апаттар мен алапаттар санының шамадан тыс көбеюіне алып келеді. Осындай қауіп-қатерлер мен адамның одан қорғану шараларын зерттейтін кешенді ғылыми пән «Тіршілік кауіпсіздік негіздері» болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет