Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәні және талаптары



бет5/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ (копия), 0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259
2. Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәні және талаптары
Тіршілік қауіпсіздік негіздері еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және автомобиль жолдарымен және теміржолдармен жүру қауіпсіздігі, ішкі су көлігі жүрісінің қауіпсіздігі, энергетика объектілерінің қауіпсіздігі, әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігі, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні:

  • тipшiлiқ ету ортасының жағымсыз салдарынын сәйкестенуін сандық тұрғыдан бағалауды;

  • адамның қауіп-қатерден қорғануын немесе қандай да бір жағымсыз факторлар әсерінің алдын алуды;

  • қауіпті және зиянды факторлар әсерінің жағымсыз салдарын жоюды;

  • адамның қалыпты, яғни қолайлы тіршілік ету ортасын тудыруды зерттейді.

Тіршілік қауіпсіздігінің жиынтық көрсеткіші адам өмірінің ұзақтығы болып табылады.
Антропогенездің бастапқы қезеңдерінде (алғашқы қауымдық құрылыс адамы үшін) ол шамамен 25 жасты құрады. Ол кезде адамға негізінен табиғи сипаттағы қауіптер: климаттық жағдайларға тәуелділігі, тағамында белоктың жетіспеуі және т.б. қауіптер әсерін тигізді.
Қазіргі қезде дамыған елдердегі адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 77 жасты құрайды ал, қазақстанда ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы орташа, еркекдердікі - 60, әйелдердікі - 65 жасты құрайды [1, 5 б.].
Ғылымның, техниканың, экономиканың дамуын, ауыл шаруашылығының индустриялануын, энергияның тіпті ядролыққа дейінгі түрлерін пайдалануын, машиналардың, механизмдердің жасалуын, түрлі тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы заттарды пайдалануды ұғынатын өркениеттің дамуы адамға жағымсыз әсерін тигізетін зиянды факторлардың санын едәуір арттырды.
Адамның өмір сүру әрекетін қамтамасыз етудің маңызды элементі оны осы факторлардан қорғау болып табылады.
Заңдылықтары әлі толық танылып бітпеген табиғат шырқын бұзып, жаңа технологияларды жасай отырып адамдар жасанды тіршілік ету ортасы - техносфераны құрайды. Егер өркениеттің өнегелі және жалпы мәдени дамуының ғылыми - техниқалық даму қарқынынан артта қалып отыратындығын ескерсек, қазіргі кезде адам өмірі мен денсаулығына төнетін қатердің арта түскені айқын көрініс береді.
Мысалы, бүкіл дүниежүзілік ұйымының мәліметтері бойынша, адамдардың қайғылы жағдайлардан қаза болуы жүрек-қантамыры және онкологиялық аурулардан кейін үшінші орынды алып тұр.
Қайғылы жағдайлардан еңбекке қабілетті, жас адамдар қаза болуда. Мысалы: 2 жастан 41 жасқа дейін адамдардың өлімінің себепкері жарақаттану болып табылады [1, 6 б.].
Табиғи және стихиялық апаттар адам өміріне қауіпті, сондықтан оны әртүрлі жағдайда пайда болатын жердегі қауіптіліктен қорғау мәселесі туды.
Адамзат тарихында мұндай қауіптілік табиғат құбылыстарының жойқын күшінен, сондай-ақ биологиялық әлемнің өкілдерінен шықты. Уақыт ағымында адам өзі жасайтын қауіпті жағдайлар пайда бола бастады.
Ғылым мен техниканың дамуы, бір жағынан, авариялар мен табиғи апаттардың салдарын жоюдың амал-тәсілдерін дамытуға ықпал етті. Бірақ та, екінші бір жағынан болуы мүмкін авариялар мен катастрофалардың көптеп өсуіне әкелді. Егер де стихиялық күштер адамға бағынбаса, тек кейбір жағдайлар ғана болжанады, адамның өзі себепкер болатын төтенше жағдайлардан ғимараттарды дер кезінде ойланып жасалған эксплуатациялаумен және жобалаулар, машиналар мен құрал-жабдықтар, арқылы технологиялық процесстерден құтылуға болады. Сонымен, зиянды өндірістік қалдықтарды қоршаған ортаға бақылаусыз тастаумен күрессек, біз табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті сақтай аламыз немесе табиғат аясында демалғанда, жаяу серуендеген кездерде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтап, орман және алқаптың өртенуін алдын аламыз.
Кез келген қызмет әртүрлі түрдегі қауіптіліктермен байланысты, сондықтан қызмет қауіпсіздігі көне заманнан қазіргі күнге дейін адамзат өмір сүруінің маңызды қыры болып табылады.
Өндірістің дамуына орай қауіпсіздік мәселесі ушығып кетті, қазіргі кезде оны шешудің көптеген міндеттері, яғни әлеуметтік білім кешені талап етілуде.
«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» қауіптілік пен адамды одан қорғауды меңгеретін жалпы білім беру пәні болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәнінің негізгі бөлімін азаматтық қорғаныс мәселелері алады.
Азаматтық қорғаныс халықты қорғау және қазіргі құралдардың, сондай-ақ республиканың экономикасы мен территориясын, сондай-ақ стихиялық апаттар, ірі авариялар мен катастрофалардан қорғау үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпы мемлекеттік іс-шаралардың құрамды бөлігі болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәні өндірістік кәсіпорындардағы тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру мен басқару проблемаларына қатысты сұрақтарды үйренуге, сонымен бірге еңбекті, қоршаған ортаны қорғау мен ресурстарды сақтау, төтенше жағдайлардың статистикалық талдаулар әдістерін қолдану және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері бағытталған.
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады және ол бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.
Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады, оның шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет