Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Джованни Пико Дела Мирандолла



бет38/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)
С бағдарламалау, Лекция-3.-Производные-ароматических-кислот-и-их-солей, Ана тілі кітабы, экология, 2сынып Қазақ тілі 14-15 саб
Джованни Пико Дела Мирандолла (1463-1494 жж.). Шіркеу қағидаларына қарамай, ол адамды құдай өзіне ұқсас етіп жаратпаған, адам өзін-өзі жасаған деді. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді биік дәрежеге көтеру, абыройын қорғау ─ әр адам алдына қойылған мақсат, ол оның ғана жетістігі мен бақыты болып есептеледі.
Никколо Макиавелли (1469-1527 жж.) Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік- философиялық ойлау өкілі, орта ғасырлардағы Құдайдың бәрін алдын ала болжау концепциясын «фортуна» (кез, бақыт) идеясымен ауыстырды. Адамды қажеттілікке байланысты әрекеттенуге, пайда болған жаңа жағдаймен санасуға шақырды. Тағдыр адамды жартылай билейтіндіктен, қалыптасқан жағдаймен күресу керек дейді ол. Фортунамен бірге ол тарихтың қозғаушы күші ретінде Виртун (virtu) – адамның жігерлігін, іскерлігін талантын іске асыру терминін енгізді.
Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясында гуманистік дәстүр, тек қана антикалық мұрамен емес, рухани және христиандықпен де көп байланысты болды. Феодалдық қоғам ішінде өндіріс пен ғылымды дамытуға мүдделі болған күштер пайда бола бастады. Бұл жаңа туып келе жатқан буржуазия еді, олар феодалдық тәртіптерге, дін іліміне және схоластикалық философияға қарсы шықты. Шіркеудің зорлық-зомбылықтарына қарсы батыл күрес, әсіресе XV-XVII ғасырларда, Қайта өрлеу дәуірінде күшейе түсті. Бұл кезең Батыс Еуропа елдерінде табиғатты танып-білуге ұмтылушылық, ертедегі Грецияның тәжірибелі білімі мен алдыңғы қатарлы философиясына көңіл аударушылықтың қатты күшейген уақыты болды.
Жаңа құндылықтар жүйесі пайда болды, алғашқы болып адам және табиғат, одан кейін ғана дін және оның мәселелері тұратын болды. Бұл дәуірдің тағы бір ерекшелігі – ренессанстық мәдениет пен философияның дінді ғылымнан, саясаттан, моральдан бөлуі (секуляризациялануы) болды. Секуляризация – қоғамның, адамның дін ықпалынан арылуы, шіркеу меншігінің мемлекеттік меншікке ауысуы. Енді мемлекет, мораль және ғылым мәселелері дін арқылы қаралмады. Болмыстың әртүрлі саласында бұлар өз бетінше, діннен тыс өмір сүретіні, өзінің заңдары бары мойындалды. Тек оларды философтар әзірше көп қарамады, тәжірибелік ғылымның қалыптасуына байланысты жалғыз ақиқат – табиғат туралы білім болып саналды (Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно).
Осы кезде жаңа философиялық бағыттар пайда болды. Олар деизм мен пантеизм. Деизмәлемді Құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен табиғат дамуына оның қатынасы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым. Деизм – аспандағы «парламентаризм». Деистердің көбі әлем туралы өз түсініктерін жаратылыстану ғылымының жаңа салаларында қалыптастырды. Діннен ғылымның тәуелсіздігін қорғады.
Пантеизм – (pan – бәрі және tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, Құдіретті табиғатпен балаған философиялық ілім. Осы бағыттың өкілі католик шіркеуінің қайраткері, кардинал, Германия легаты, атақты философ ─ Николай Кузанский (1401-1464), шын аты – Кребс. Ол «Білместік ғылымдары туралы», «Шығу тегі туралы», «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы» еңбектерін жазды.
Ол әлем дүниесі мен Құдай бір бүтін деп, жаратылыстану ғылым зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады әрі адамның бұл қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан, бірақ дүние шексіз, материалды және қарама-қарсылық арқылы қозғалады. Адамды Н. Кузанский аса жоғары сатыға қояды. Сонымен бірге Құдайдың адамға қатысы барлық құбылыста, ең алдымен табиғатта бар деп есептейді. Құдай – әлемнің ортасы және оның шегі. Ол бүтін, ал дүние әлемі – оның бір бөлігі. Дүние әлемі Құдайда жиналады және Құдай оны әлемге айналу барысында күшейтеді. Ақиқат ─ барлық кезде таным процесі, Құдайға жету. Дүниенің бәрін, адамды да құдай жаратты, бірақ Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, Жаратушының өзін табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді, шын мәнінде Жаратушының рөлін жоққа шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   143




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет