Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі



бет27/32
Дата29.01.2018
өлшемі9,18 Mb.
#35951
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Мультимедиалық оқытуда ақпарат өте көрнекті түрде ұсынылады. Лексиканың аудармасыз семантикасын, яғни табиғи, натуралды әдісті оп-оңай жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар.

Тағы бір маңызды құрал ол: Интерактивті тақта (IWB). Интерактивті тақта – бұл компьютер мен проекторға қосылған үлкен интерактивті кешен болып табылады. Оқытушы мен тіл үйренуші оқушы я студент материалды көрсету компьютер арқылы басқарылады.

Мысалы, белгілі бір сөздің фонемалық символының айтылуын тексереді, аудармасыз сурет арқылы лексикалық қорды байыту жұмысын іске асыруға болады және тағы сол сияқты толып жатқан оң мақсаттарға қол жеткізуге болады.

Қазақ тілі сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың артықшылықтары: сабақтағы уақыттың үнемделуі, сабақ материалының мейлінше тығыз ұсынылуы, аз уақытта көп ақпарат көзіне қол жеткізе білу және т.с.с.

Әр жаңа технологияның артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болуы әбден заңды. Сондықтан интерактивті тақта қолданылып өтілетін сыныптарда көп жұмыс мұғалімге байланысты болғандықтан, жиі сынға ұшырауда. Демек, бұл да ғылыми-әдістемелік зерттеулерді қажет ететін тың бағыт.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өте маңызды бағыт: мультимедиалық презентациялар. Мультимедиа алуан түрлі ақпараттық объектілердің бірлігінен, мысалы, мәтін, графика, бейне (video) анимация және дыбыстан тұрады. Қазақ тілінде презентациялар дайындағанда студенттер жоспарлау, жобалау және мультимедиалық өнімді жасау үрдісінде жаңа білім мен білікке ие болады. Мультимедиалық презентациялардың кейбіреулері, мәселен, Интернет сайт жасау, бейнефильмдер түсіру, фильмді монтаждау, гипермедиалық құрылымдар жасау, радио, телевизия бағдарламаларын қолдану, мультимедианы қолданып, презентациялар дайындау және тағы сол сияқты. Сөйтіп, трансляциялық оқытудан интерактивті оқытуға көшу мүмкіндігі өз-өзінен шешіледі деп ойлаймыз. Бірақ бұл ретте мотивацияның ролін де жоққа шығаруға болмайды.

Сонымен қатар маңыздылығы артып келе жатқан әрекет түрі – ол қашықтықтан оқыту әдістемесі. Мысалы, қашықтықтан бірлескен жобалық жұмыс жасау әрекетін алуға болады. Оны ағылшынша telecomputing деп атайды. Бұл оқыту үлгісі дүниежүзілік өрмек арқылы бір оқу орны мен басқа бір оқу орнының оқу байланысын іске асыруға мүмкіндік беретін тәсіл. Осы жұмыстың нәтижесінде

 пікір алмасу;

 тәжірибе алмасу;

 ақпарат алмасу;

 мәселелер шешу әдістерімен алмасу;

 жеке және бірлескен жобалар нәтижелерімен алмасу

және тағы сол сияқты сан алуан амал-тәсілдерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере алады.

Әртүрлі қатысым құралдарын пайдалана отырып, студенттер мен ұстаздар сарапшылармен және өз қатарластарымен чат, электронды тақталар, электронды пошта араласа алады. Нақты реалды және виртуалды уақыт жағдайларында араласу қатысушыларға еш кедергісіз ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Әңгіме шегерілген уақытта да өтуі мүмкін. Ондай жағдайда ойланып-толғануға уақыт болады, уақыт айырмашылықтарын өтеуге де болады.

Ішкі сана сырттан келіп түскен ақпаратты эмоцияға айналдырады. Осы «эмоциялық архивтің» негізінде аз ғана секундтің ішінде әрекет етудің қарапайым да шұғыл шешімдерін интуитивті түрде береді.

Осы дана, тиімді сезімдер тілі жүйесіне біраз уақыт ғалымдар сенбей келді. Берлиндік ғалым, психолог Герд Гигеренцер осы жайында былай дейді: «Біздің миымыз ғасырлар бойғы эволюцияның нәтижесінде азғантай ғана ақпараттан шапшаң әрі дұрыс шешімдер шығаруға үйренген». Шешім қабылдау қазақ тілі әдістемесінде рольдік ойындар арқылы жүзеге асатын және тіл үйрену үрдісін белсендендіруші стратегия болып табылатынына тәжірибеде көз жеткізілді.

Выготскийдің теориясы бойынша, адамның үйреніп жүрген тілін дамыту үшін оны сол әлеуметтік ортаға орналастыру керек. (Выготский, 1982, т 1, 115б). Ал қала жағдайындағы студенттер үшін қазақ тілді табиғи орта жоқтың қасы. Ал медиақұралдар тіл үйренушіні сол әлеуметтік және әдеби тілдік ортамен тиімді қамтамасыз ете алады деп есептейміз.



Мультимедиа қорларды пайдаланып оқыту үрдісіне деген жаңа қөзқарастардың теориялық негізін не құрайды:

 мәдени-әлеуметтік теория;

 оқу үрдісінің конструктивистік үлгілер теориясы;

 таным үрдістерінің жағдаяттық үлгілері;

 «таратылған сана-сезім» үлгісі (Salomon және басқалары, 1993);

 проблемалық бағытталған оқыту теориясы (ЮНЕСКО қабылдаған

Вандербильт университеті ұсынған «Сана мен технология» үлгісі);

 «шебер және шәкірт»үлгісі;

 танымдық икемділік теориясы;

 рефлексивті оқу;

белсенді зерттей оқу және т.с.с.

Қазақ тілін үйретуге арналған медиа құралдардың кемшілігі неде?

 Интерактивті тәртіпте бағдарламалауға болмайтын шынайы қатысымның болмауы

 Электрондық қордың аздығы: алуан түрлілікке қол жеткізбегеніміз

 Олардың ролінің қосымша құрал ретінде ғана болуы

 Сапасының сын көтермейтіндігі

 Лексика-грамматикалық бағытта болуы

 Дизайнының кедейлігі

 Қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспауы

 Мультимедиа құралдар жасау тәжірибесінің жоқтығы.

Медиа білімді тек қазіргі техникалық құралдарды (компьютер, Интернет, видео, DVD және т.б.) оқу үрдісінде қолдану деп қана түсінуге болмайды. Нағыз медиа біліктілік түрлі жанрлардағы медиамәтіндерді сыни тұрғыдан талдай білмейінше мүмкін емес екенін ескеру жөн.


Әдебиет

  1. Выготский Л.С. Полное собрание сочинений. 1982, т1, 115стр.

  2. Bruer J.Schools for Thought. MIT Press, Cambridge. 1993.

  3. Children and Media. Goteborg: UNESCO & NORDICOM, 2001, p. 152.

  4. Jean Piaget Society. 2001. [Online] URL: http://www.piaget.org/

  5. Landow, G. & Paul Delany (eds) (1991) "Hypertext, Hypermedia and

  6. Literary Studies: The State of the Art”. Hypermedia and Literary Studies.

  7. Cambridge MA: MIT- March; T. (1998). On line: www.ozline.com

  8. Полат Е.С. Новые педагогические технологии. http://scholar.urc.ac.ru/LANG=ru/courses/Technology/index.-html.ru

  9. Recommendations Addressed to the United Nations Educational Scientific and Cultural Organization UNESCO. In: Education for the Media and the Digital Age. Vienna: UNESCO, 1999, p.273-274.

  10. Salomon G.(Ed.). Distributed cognitions: Psychological and educational considerations. Cambridge University Press. 1993.

  11. 9. Scott Windeatt, David Hardity, David Eastment. The Internet. Oxford

  12. University Press. 2008. www.oup.com/elt

  13. UNESCO. Teachers and Teaching in a Changing World. p.19–20


Ақпараттық технологияны кәсіби қазақ тілін оқытуда тиімді қолдану

мүмкіндіктері жайында
Жақсылықова К.Б.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Қазақстан)
Данная статья посвящена возможности эффективного использования информационных технологии для обучения профессиональному казахскому языку.

Given article is devoted a learning efficiency problem to technical Kazakh language on the basis of a multimedia complex of training.
Мемлекеттік тілді оқытудың басты мәселелерінің бірі – тілдік тұлғаның оқу белсенділігін арттырып, саналы түйсінуге негізделген тіл үйрену әрекетін жүзеге асыру тәсілдерін тәжірибеге енгізу. Сол арқылы сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін жетік меңгеруге жол ашу, яғни, тіл үйренушінің қазақ тілін меңгеруінің нәтижелілігін арттыратын жаңа оқыту жүйесін жасау. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете үйрету ісі қарқынды дамып, оны оқытуға арналған деңгейлік оқу-әдістемелік кешендер дайындалып, тәжірибеге енгізілуде. Әсіресе, мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге кәсіби бағытта мамандыққа сай қарым-қатынас құралы ретінде үйрету мәселесі жан-жақты қарастырылып жүр.

Республикадағы білім беру жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының қарқынды қадамдары білім мазмұнын, оны оқытып үйретудің жаңа жолдарын іздеумен және ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие, соның ішінде мемлекеттік тілді оқытып үйрету үрдісіне кеңінен енгізумен тығыз байланысты.

Елбасы өзінің қазақстандықтарға арнаған Жолдауында оқу-тәрбие үрдісін ақпаратттық технологиялармен барынша қамтамасыз ету міндетін білім беру жүйесінің басты мақсатының бірі және оның болашағы үшін маңызды фактор екенін атап көрсеткен болатын. Жолдауда «техникалық және кәсіптік білімнің рөліне, қазақша кәсіптік техника тілін қалыптастырып дамыту мәселесіне» де басты назар аударылғаны белгілі.

Мемлекеттік тілді кәсіби бағдарлы үйретудің нәтижелілігі мамандық профиліне сай дайындалған сапалы оқу-әдістемелік кешенге байланысты. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев мырза аталмыш Жолдауында осы мәселеге ерекше назар аударып, «...мемлекеттік тілді тиімді меңгертудің ең үздік, инновациалық-әдістемелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керектігін ...» айтқаны баршаға мәлім.

Мемлекеттік тілді үйретудің ақпараттық технологияларға негізделген кешені маманның кәсіби-дүниетанымдық бағыт-бағдарымен табиғи түрде үйлесуі үшін мемлекеттік тілді кәсіби бағдарлы үйретудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын айқындайтын факторларды, оның құрылымы мен жүйесін, оқыту технологиялары мен үйренушінің тілдік біліктілігіне қойылатын талаптарды анықтаудың жаңа заманға сай стратегиясы мен тактикасын ұстану қажет. Осы турасында тіл үйренуші студенттің немесе маманның өздігінен жұмыс жасауына, ізденушілік әрекетінің белсенді дамуына бағытталған оқыту технологиялары мен жүйелерін пайдалану тиімді. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді үйретудің нәтижеге бағдарлануын, яғни кәсіби техника тілін үйрету сапасының деңгейін көтеруге қатысты алғышарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың ақпараттық технологиясын қолдануға баса мән берілуі қажет.

Мақалада «Техникалық қазақ тілі» мультимедиалық қашықтан оқыту кешені және сол арқылы мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына жүйелі үйрету мәселесі жайы сөз болады.

Мемлекеттік тілді қашықтан оқытудың мультимедиалық кешені техникалық оқу орындары студенттерінің, техникалық сала мамандарының және кәсіби техникалық тілді үйренуге қызығушылық танытатын басқа да тұлғалардың техникалық терминологияны және техникалық кәсіби тілді өзіне қолайлы мерзімді, уақытты ұтымды пайдалана отырып, қатысымдық бағытта меңгертуге бағытталған. Мультимедиалық кешенді дайындау барысында осы өнімді қолданушыға Қазақстан Республикасының іс қағаздары мен іскери құжаттарын мемлекеттік тілде жүргізуді енгізіп отырған әрбір өндіріс орны мен мекемелерінің және фирмаларының кәсіби тәжірибелерін ескере отырып, дидактикалық тұрғыда дәйектелген, тілдік материалды сұрыптаудың ғылыми ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін басшылыққа алу негізінде таңдалып, зерделенген кәсіби техникалық бағдардағы оқу материалы ұсынылды.

Мемлекеттік тілді қашықтан үйрету мультимедиалық кешені техникалық саланың алты бағыты бойынша дайындалды. Әр техникалық бағытқа арналған тілді оқытып үйрету курсының құрылымы – бастауыш, жалғастырушы және тереңдете үйрету сияқты үш деңгейден тұрады.

Мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына қашықтан оқыту мультимедиалық кешенінің мазмұны қатысымдық және тілдік жаттығулар жүйесінен, грамматикалық анықтағыштан, терминологиялық және қос тілді техникалық сөздіктен, аудио және бейне материалдардан, тіл үйренушінің тілдік біліктілігін анықтау, бақылау және бағалау жүйесінен тұрады.

Лексикалық-грамматикалық материалдар негізінен кәсіби мәтіндерден, кәсіби- ситуациялық жағдаяттардан, нақтылы мамандыққа қатысты кәсіби терминдер мен ұғымдардан, сөйлем құрылымдарынан тұрады. Тіл үйренуші тілдік материалды сапалы меңгеруі үшін әр түрлі жаттығулар мен флэш-анимациялық тапсырмалар берілген. Тілдік материалды меңгеру презентациялау, семантизациялау, жаттықтыру, бақылау кезеңдерінен тұрады.

Жүйелі бақылау болмайынша, тілді оқып үйренуден ешқандай нәтиже болмайды. Осы маңызды ұстанымды үйретуші мен үйренушінің ескермеуі тіл үйрету ісінің бір жерде тағандалуына әкеліп соғады. Тіл үйренуші бақылау арқылы ғана өзінің тіл үйренуде жеткен жетістігін нақты көре алады. Ол үшін үйренуші өзінің тілдік біліктілігінің алғашқы дәрежесін, өтетін нақты деңгей бойынша талап пен күтілетін нәтижені (мақсат) айқын білуі шарт. Кешенде берілген диагностикалық тест - тіл үйренушінің алғашқы тілдік біліктіліктілігін анықтауға арналған. Тест нәтижесі бойынша тіл үйренуші курсты қай деңгейден бастау керектігін білетін болады.

Нақтылы деңгейді толық аяқтаған тыңдаушыларға аралық тест ұсынылған. Тестінің оң нәтижесі тіл үйренушінің келесі деңгейге өтуіне мүмкіндік береді. Кері жағдайда оның алдыңғы деңгейді қайта өтуіне тура келеді. Тіл үйренушінің курсты толық аяқтағаны жайлы сертификат алу үшін қорытынды тест құрастырылған. Қорытынды тестілеуден табысты өткен тіл үйренуші ғана сертификат ала алады.

Мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына қашықтан үйрету мультимедиалық кешенін жасаудағы басты мақсат - тіл үйренушінің (техникалық сала маманы және т.б)


  • нақты мамандық бойынша техникалық мәтіндерді, нұсқау қағаздарды оқып түсіну дағдысын қалыптастыру;

  • кәсіби техникалық терминологияны жетік меңгеру дағдысын дамыту;

  • радио, теледидардан берілген біреудің баяндаған кәсіби техникалық бағыттағы мәліметін тыңдап түсіну машығын қалыптастыру;

  • кәсіби техникалық бағдарлы іс қағаздарды, іскери құжаттарды, хабарламаларды сауатты, дұрыс жазу дағдысын дамыту;

  • мамандығы бойынша ауызша, жазбаша түрде берілген ақпараттарды түсіну дағдысын қалыптастыру;

  • кәсіби техникалық сөйлеу жағдаяттарында, іскери кездесулерде өз ойын мемлекеттік тілде еркін айту, пікір алмасу, әңгімені қолдау т.б. дағдыларын қалыптастырып, дамыту.

Дәстүрлі оқу-әдістемелік кешендерге қарағанда кәсіби техникалық тілді оқытып үйрету мультимедиалық кешенінің ерекшелігі мынада, ол тіл үйренушіге:

  • тілді үйренуді өзіне тиімді жоспарлауына және оның қарқынын өздігінен анықтауына;

  • кәсіби техникалық тілді үйрену уақытын үнемдеуге;

  • кәсіби техникалық тілді үйрену орны мен уақытын еркін белгілеуге;

  • кәсіби техникалық тілді үйрену үрдісін үзбей жүзеге асырып отыруға;

  • тілдік біліктілігін өзін-өзі бақылаумен қамтамасыз етуге;

  • жаттығуларды бірнеше рет тыңдап, қайталауға;

  • түсіндірмелер мен түсініктемелерді қолма-қол алуына;

  • кәсіби техникалық тілді меңгеру нәтижесін өзі бағалауына;

  • кәсіби техникалық тілді саналы үйрену мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Және осы мүмкіндіктердің бәрін бір уақытта Интернет жүйесі арқылы тіл үйренушілердің көпшілігі пайдалана алады. Бір сөзбен айтқанда, ұсынып отырған мультимедиалық кешеннің басты ерекшелігі – техникалық оқу орны студенттері мен осы сала мамандарына кәсіби техникалық тілді үйренудің өзіне ұтымды жеке траекториясын құруына мүмкіндік береді.

Студенттің өзіндік ізденушілік және шығармашылық жұмысына негізделген бүгінгі кредиттік оқыту жүйесінде бұл кешенді қолдану өте тиімді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасауымызға болады:


  • Біріншіден, «Техникалық қазақ тілі» қашықтан оқыту мультимедиалық кешенінің құндылығы мен тиімділігі – ол кәсіби техника тілін үйренушілердің кең ауқымын қамтиды. Бұл - мемлекеттік тілді техникалық оқу орындарында және осы сала мамандарына кәсіби техникалық бағдарда үйретуді жетілдіріп, сапалы жаңа сатыға көтерудің;

  • Екіншіден, республикада техникалық терминологияны қолданудың бірізділік жүйесін жасаудың және кәсіби техникалық тілдің қолданыс аясын кеңейтудің;

  • Үшіншіден, республиканың барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарында, өндіріс орындары мен кәсіпорындарында 2001 жылдың 7 ақпанында № 550 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен оның қолданыстық қызметін арттыру Бағдарламасы аясындағы шараларды жүзеге асырудың маңызды факторларының бірі болып табылады.


Білім деңгейін анықтаудың тиімді аспектілері
Қамзаева К.С.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қазақстан)
В рассматриваются особенности одного из педагогических измерений и пути составления тестовых задач по технологии проф. В.А.Аванесова, основные аспекты в обучении казахского языка

The article considers the peacliarities of one of the pedagogical measures and ways of preporing tests on professor V.S.Avanesov's technology fased on aspects of teaching the leazahh language.
Білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар екі түрлі өлшем арқылы жүргізіледі. Оның бірі – оқушының сөйлеу қызметі, түсіну, сөйлесу, оқу мен жазуы болса, екіншісі – білім деңгейін анықтау. Білім деңгейін анықтаудың бір жолы – тест әдісі. Педагогика ғылымының докторы, профессор В.С.Аванесовтің тыңдаушысы болып,арнайы сертификат алған оқытушылар тест тапсырмаларын пайдалану арқылы өзіндік табыстарға қол жеткіздік. Дәріс беру барысында аталмыш тәсілді меңгерген студенттер өздерінің сабақтарында (үздіксіз, мемлекеттік іс-тәжірибеде) тиімді қолдануда. Тест тапсырмаларын орындау барысында басты мақсат-міндеттер анықталады. Яғни, мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегі қағидалар мен нұсқауларды біліп алудан тұрады.

  1. Педагогикалық теория өлшемдерінің бастапқы ұғымы – педагогикалық тапсырмалар.

  2. Тест тапсырмаларын құрастырудағы түр – элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың ұстанымы.

  3. Тест тапсырмаларының түрлеріне қойылатын талаптар.

  4. Синтаксис бойынша тест тапсырмаларын жасау үлгілері.

«Педагогикалық тапсырма» рельевтеріне сұрақ, міндет,оқу проблемалары ұғымдары кіреді. Оны білім мен оқытудың интеллектуалды дамыту құралы деп анықтауға болады.

Білім оқыту мен тәрбиелеудің адам, қоғам мемлекет игілігіндегі бір мақсаттағы үрдіс ретінде танылады. Сондай-ақ білімді өзіңізді және қоршаған әлемді тану жемісі деп те анықтауға болады. Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі танудағы танымдық қызметін жетілдіреді, белсенділігін арттырады, оқушылардың білім сапасын көтереді, сондай-ақ педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.Педагогикалық тапсырмалар тест және тестік емес түрде жасалады. Шет елдік білім беруде тестік түр екі тапсырмадан тұрады. Бірі-білім беруші-оқыту тапсырмалары оқу үрдісінде жеке адамды дамытуда, ал бақылау- білім басқармаларындағы оқу кезеңінің аяқталу барысында дайындықтың құрылымы мен деңгейін анықтау мақсатында қолданылады. Тапсырмалардың көп бөлігі оқыту мен бақылау үшін қолданылады. Тест тапсырмаларындағы (ТТ) түр - элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың үлгілі принципі, ұстанымы (Аристотель). Сондай-ақ ол(түр) – тәртіптілікті реттейтін, топтастыратын ұстаным анықтамасы (Кант).

Педагогикалық өлшемнің ұйытқысы 3 негізгі ұғымдардан тұрады:

Тест түріндегі Тест тапсырмалары Педагогикалық тест

Тест тапсырмаларын орналастыруда шығармашылықпен қарау (өнер) және түр мен мазмұнды жан-жақты біріктіру көзделеді. «Test» - «проба», «проверка»: мүмкіндіктерін тексеру, байқау мағынасында беріледі де, тест түріндегі тапсырмаларға қойылатын талаптарды білу көзделеді:

- ТТ мақсаты айқын болуы(қай сала бойынша ТТ жасалады: СИНТАКСИС).

- қысқалық;

- технологиялық (шеберлік, өнер, анық);

- айтылымның логикалық түрі;

- жауаптар үшін орынның анық көрсетілуі (ерекшеленуі);

- жауаптарды бағалау ережесінің біркелкілігі;

- тапсырма элементтерінің орналасуының дұрыстығы;

- тәжірибеден өтушілер үшін нұсқаудың бірдейлігі;

- тапсырма мазмұны мен түрлері нұсқауларының нақтылығы.



ТТ- Қысқалық: Қажетті сөздерді жан-жақты таңдау (символ, график), максималды нақтылық, қайталау, түсініксіздік, сирек қолданылатын сөздерді (түсініксіз) қолданбау, шешім қабылдауда қиыншылықтарға кезіктірмеу. Технологиялық: аудиовизуалды құралдар көмегімен жүргізу: дәл, тез, үнемді, объективті, манитор экранында түрі мен мазмұны жақсы көрінуі тиіс. Айтылымның логикалық түрі: ТТ мазмұнының ұйымдастырылу тиімділігі мен реттілігін анықтайтын құрал. Жауаптар үшін орынның анық көрсетілуі (ерекшеленуі): Бір жауабы дұрыс тапсырмаларды таңдау. Осыған орай мына нұсқау нақты берілуі тиіс:

Бір ғана жауабы дұрыс тапсырмалар.

Дұрыс жауапты дөңгелектеңіз. ТТ нұсқаусыз берілмейді.

Тапсырмада бірнеше жауабы дұрыс болса, -Нұсқау:



Екі және бірнеше жауабы дұрыс тапсырмалар.

Мынадай жауаптары бар ТТ болмайды:



  1. «Дұрыс жауап жоқ»

  2. «Барлық жауаптар дұрыс»

  3. «Барлық жауаптар бұрыс»

Жауап арнайылап сызылған сызыққа жазылады. Әрбір тапсырманың жауабы мәтіннен мен жазылуы тиіс. Жауаптарды бағалау ережесінің біркелкілігі: ТТ уақыт барлығына бірдей (еш жеңілдік қарастырылмайды).

Бағалау ережесі алдын ала нақтыланады. ТТ мазмұны мен түрлері нұсқауларының нақтылығы қажет. Мазмұны мен түрінің сәйкессіздігі болған жағдайда тапсырманы түсінбей, қателесуге бой алдырады.

Оқушының логикалық ойлауын, жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының орны ерекше. Білім алушылар категориясына қарай дәстүрлі(жалпы білім беру,) орта білім алушыға бағытталған, тереңдетілген білім беру, дарынды білім алушылармен жұмыс жүргізу технологиялары тест тапсырмаларын жасауда негізге алынады.

Тест тапсырмалары барысында қолданылатын әдіс түрлері: Дәстүрлі проблемалық әдіс: алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп, оларды қолдану жолдарын анықтау көзделеді. Әңгіме әдісі(еске түсіретін): меңгеруге тиісті материалдардың түйінді мәселелерін оқушылардың өздері ашатындай жағдай тудыру қажет. Байқау әдісі: мәселен, сөз тіркестерін жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін, оның мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару. Байқалғандарынан ненің басты, ненің қосымша фактор екенін аңғарып, соның негізінде дұрыс қорытынды шығару, ой қорытындысының дұрыстығын байқаған дәйектемелермен дәлелдеп беру.



СИНТАКСИС

ТАПСЫРМА: ЕКІ ЖӘНЕ БІРНЕШЕ ЖАУАБЫ ДҰРЫС ТАПСЫРМАЛАР

1. СИНТАКСИС ЗЕРТТЕЙТІН САЛАЛАР

1) етіс

2) шырай


3) сөйлем *

4) сөз табы

5) сөз тіркесі *

2. СӨЗ ТІРКЕСІ ҚАРАСТЫРАДЫ

1) сөздердің өзара тіресу қабілеттілігін *

2) сөздердің тіркесу тәсілдері, түрлерін *

3) сөздердің құрылу принциптерін

4) сөз тіркестерінің құрамын *

5) сөйлем құрамын

6) сөйлем түрлерін

3 . СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ ҚАРАСТЫРАДЫ

1) сөздердің грамматикалық жүйесін

2) сөйлемнің құрылу принциптерін *

3) морфологиялық жүйесін

4) сөз таптарының жүйесін

5) сөйлемнің құрамын *

6) сөйлемнің түрлерін *

4. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

1) құрамында бір сөз 5) құрамында үш сөз не одан көп

2) құрамында екі сөз * 6) толық мағыналы сөздерден тұрады *

3) сабақтаса байланысады * 7) мағынасы жоқ сөздерден құралады

4) салаласа байланысады 8) құрамында екі сөйлем болады

5. СӨЗ ТІРКЕСІ

1) бір мағыналы сөзден құралады

2) сөйлем мүшелерінің тіркесі

3) сөз таптарының тіркесі *

4) сабақтаса байланысады *

5) салаласа байланысады

6. СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ ҚАРАСТЫРАДЫ

1) лексика мен морфология ұғымдарын

2) тиянақты ойды білдіретін бір сөзді

3) анықтауыштық есімдер тобын

4) құрмалас сөйлем синтаксисін *

5) жай сөйлем синтаксисін *

6) сөз тіркесі синтаксисін

7. СӨЙЛЕМДІ АЙҚЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР

1) сөз не сөз тіркесінен құралу *

2) пысықтауыштық қатынас

3) толықтауыштық қатынас

4) предикаттық қатынас *

5) заттың атауы

6) аяқталған ой *

7) модальділік *

8) интонация *

8.АЛТЫН САҒАТ

1) түйдекті тіркес

2) тұрақты тіркес

3) атаулы тіркес

4) фразеология

5) еркін тіркес *

6) сөз тіркесі *

ӨЙТКЕНІ


  1. орнын ауыстыруға болмайды

  2. құрамында көмекші сөз бар

  3. орнын ауыстыруға болады *

  4. сабақтаса байланысқан *

  5. салаласа байланысқан

  6. құрамында екі сөз бар *

9. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ



  1. қиысу

  2. жанасу

  3. матасу

  4. меңгеру

  5. жалғау арқылы *

  6. интонация арқылы *

  7. орын тәртібі арқылы *

  8. септеулік шылау арқылы *

10. Мұхтарды көрді *

Оспанмен келді

Жауабын алды




  1. қиысу

  2. матасу

  3. жанасу

  4. қабысу

  5. меңгеру *

ӨЙТКЕНІ

  1. атау

  2. ілік

  3. барыс

  4. жатыс

  5. табыс *

  6. шығыс

СЕПТІКТІ.

11. СӨЙЛЕМ АЙТЫЛУ МАҚСАТЫНА ҚАРАЙ

1) лепті *

2) хабарлы *

3) септеулі

4) сұраулы *

5) шылаулы

6) жалғаулы

7) бұйрықты *

8) жұрнақты

12. СӨЙЛЕМ

-сен қайдан келдің? *

-жаяу ма, көлікпен бе?

-сен осы ауылдың баласы шығарсың? ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

лепті сөйлем


  1. бәсең дауыс

  2. көтеріңкі дауыс

  3. сұраулы сөйлем *

  4. хабарлы сөйлем

  5. ше демеулігі арқылы

  6. сұраулық шылау арқылы

  7. сұрау есімдіктері арқылы *

  8. көмекші есімдіктер (күрделі баяндауышта)

13.. ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ айтылу мақсат-мағыналары

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ * сұрақтар мазмұны

БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ




  1. тілек 8) қуаныш

  2. өкіну 9) баяндау

  3. ашық * 10) күмәнды *

  4. қарсы * 11) жалыныш

  5. кеңес 12) таңырқаулы *

  6. талап 13) риторикалық *

  7. аяныш 14) бірсыдырғы, баяу, бәсең

ТОЛЫҚТЫР: ТАПСЫРМА: ДҰРЫС ЖАУАП ЖАЗУ

14.Сөз тіркесіне қажетті шарттың бірі _____.

15. Сөйлем үшін негізгі материал ______.

16. Кәсіпті білдіретін есімді тіркес ________.

17. Үстеу қатысқан есімді тіркес _________.

Жоғарыда келтірілген ТТ құрастыру алдында мұғалім барлық сабақ барысының әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық оқу іс-әрекетін жандандыра, белсендіре алатындай нақты міндеттерді айқындап алып, жоспарын түзеді. Жоспар сайып келгенде, оқыту үдерісінің нәтижесіне болжам жасай отырылып, шәкірттердің білім сапасының жоғарылығы олардың өз іс-әрекеттерінің сипатына тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа алады. Оқытудың жүйелілік, бірізділік принципі де басты назарда ұсталады.Оқу материалын саналы түсінуі үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Түрлі шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді. Сонымен бірге, ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін оқушылар тіл фактілерін дұрыс ажырата білуге машықтанады(сөз тіркесі, еркін тіркес, атаулы тіркес т.б.). Оқытудың берік, тиянақты болу принципі- ТТ орындауда басшылықта ұсталынатын негізгі де өзектісі. ТТ үзбей орындап отыратын оқушыларда материалды жан-жақты меңгеру, есінде берік сақтау, құрғақ жаттауға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін қайталау, өзін-өзі бағалау қасиеттері қалыптасады.



Әдебиет

  1. М.Жампейісова .«Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» – Модульдік оқытудың құрылымы, №3.2008.

  2. Қ.Айтжанова.Оқытудың алдын ала болжау ұстанымы, ҚТмӘ,№47.2002.

  3. Ф.Оразбаева. «Тілдік қатынас:теориясы мен әдістемесі», А.,2000.

  4. В.С.Аванесов. «Форма тестовых заданий», М; Исследовательский центр.2006.

  5. В.С.Аванесов. «Композиция тестовых заданий. М; Исследовательский центр.2002.

  6. В.С.Аванесов. «Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме» М.:МГТА, 1995,2001.

  7. Н.Д.Никандров «Понятийный аппарат педагогика и образования:перспектива исследования\ Педагогика.1997.


Каталог: bitstream -> handle -> 123456789 -> 1834
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет