Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің


-бап. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру



бет12/12
Дата25.08.2017
өлшемі1,82 Mb.
#27733
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
104-бап. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру

      1. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру:
      1) бюджет қаражаты;
      2) ұйымдардың қаражаты;
      3) азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.


      105-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау
               туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      106-бап. Азаматтық қорғау саласындағы дауларды шешу

      Азаматтық қорғау саласындағы дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешеді.

      107-бап. Азаматтық қорғау саласындағы халықаралық
               ынтымақтастық

      Уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мынадай бағыттарына:
      1) шет елдердің ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен бірлесіп, тұрақты негізде төтенше жағдайлар мониторингін және болжамын жүргізуге;
      2) төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл жасау және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарды құруға және олардың қызметін қамтамасыз етуге;
      3) шет елдерге гуманитарлық көмек көрсетуге;
      4) қазақстандық мамандарды шет елдерде оқытуға;
      5) шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасында оқытуға;
      6) Қазақстан Республикасында және шет елдерде семинарлар, конференциялар, оқу-жаттығулар мен тренингтер өткізуге;
      7) төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаудың әртүрлі аспектілері бойынша ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүзеге асыруға қатысады.


      108-бап. Шетелдіктердің, шетелдік және халықаралық
               ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы
               халықты азаматтық қорғауды қамтамасыз ету
               жөніндегі қызметі

      Шетелдіктердің, шетелдік және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу, жою жөніндегі қызметі, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттарда регламенттелетін болса, жүзеге асырылады.

20-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР



      109-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 
1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 
145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 
18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);
      2) «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының 
Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., 
№ 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);
      3) «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының 
Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 
69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат);
      4) «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының 
Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж.,№ 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);
      5) «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 
27 қарашадағы Қазақстан Республикасының 
Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);
      6) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының 
Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Базаның жай-күйі



  • Барлық құжат: 176217

  • Қазақ тілінде: 89143

  • Орыс тілінде: 86761

  • Ағылшын тілінде: 304

  • Жаңартылған күні: 17.11.2015

  • 11.11.2015 күннің жағдайына құжаттар

Қолдау қызметі

  • Email: support@rkao.kz

  • Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30 
    (Астана уақыты бойынша)


  • Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

  • Пайдаланушылық келiciм

  • Кері байланыс

Құқықтық ақпараттық қызметі

  • Қалалық телефондардан тегін қоңырау 
    119 Қазақстан бойынша 
    58-00-58 Астана, Алматы қ. үшін

Соңғы құжаттар 

  • "Қоңырөзек ауылдық округінің Қоңырөзек ауылы Амангелді көшесі бойынша шектеу шараларын енгізілуімен ветеринарлық режимді бекіту туралы" 2015 жылдың 23 қаңтардағы № 1 Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің шешімі күші жойылды деп тану туралы

  • Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ қала құрылысын регламенттеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 01-04-03/47 НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

  • Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы “Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы” № 1-09/03 шешімінің күшін жою туралы

  • Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы "1994 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" № 42 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

  • Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/208 "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

барлық соңғы құжаттар

Кеңінен таралған құжаттар



  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

  • Мемлекеттік сатып алу туралы

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

  • Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

 
Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет