Қазақстан Республикасы Президентінің


НҚА әзірлеу, цифрлық кодекс



бет31/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

НҚА әзірлеу, цифрлық кодекс

Тұжырымдама әртүрлі салаларды цифрландыруды іске асыру үшін қолайлы құқықтық өріс құруға бағытталған заңнамалық және нормативтік реттеуді құруды көздейді.


Дербес деректермен жұмыс істеу кезінде бұлтты сервистерді пайдалану жөніндегі заңнамалық шектеулерді алып тастау мақсатында жеке сипаттағы деректерді автоматтандырылған өңдеуге қатысты жеке тұлғаларды қорғау туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына қосылу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұл Қазақстанда бұлтты сервистерді пайдалануға және деректерді ұлттық шекара арқылы беруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оларды пайдалану кезінде тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Бизнесті мемлекеттік базаларға қосу мәселесін пысықтаудан басқа, кері процесті пысықтау қажет, яғни мемлекеттік органдарды бизнес дерекқорлары мен АЖ-ға қосу қажет. Бұл құралдар бизнес-белсенділіктің бақылау және мониторингтік рәсімдерін цифрландыру міндетін іске асыру мақсатында қажет.
Ақпараттандыру саласындағы заңнаманың бытыраңқылығына байланысты, сондай-ақ ақпараттық технологияларды дамыту жағдайында адамдардың, азаматтардың да, бизнестің де құқықтарын қорғау мақсатында «Цифрлық Кодексті» мәзірлеу қажеттілігі пісіп-жетіледі. Сондай-ақ, цифрлық даму бағытын заңнамалық, білім беру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік бөлігінде белгілеу электрондық құжаттар, дербес және ашық деректер, бұлтты технологияларды пайдалану, жасанды интеллект технологиясы және т. б. салалардағы заңнаманы біріктіреді.


Арнайы деректер қоймалары

Мемлекеттік органдарды цифрландыру деректердің арнаулы қоймаларын құруды талап ететін цифрландырылған ақпарат көлемінің бірнеше есе өсуіне алып келеді. Мемлекеттік органдар өңдейтін және талдайтын дерекқорлар үшін әртүрлі деңгейдегі деректер қоймалары құрылатын болады.


Бұл ретте ақпаратты сақтаудың ашық технологияларын (open-source) пайдалану негізгі қағидат болуға тиіс. Бұл лицензияларға жұмсалатын шығындарды азайтуға және жүйелерді дамыту үшін икемділікке және сақталатын деректердің өз күшімен қорғалуына мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, бастапқы кодтардың ұлттық репозиторийін енгізу қажет, онда Тараптардың қол жеткізуінсіз өнімдердің бастапқы кодтары сақталатын болады. Бұл вендорларға тәуелділік тәуекелін және серіктестердің немесе жеткізушілердің міндеттемелерді орындай алмауымен байланысты күтпеген жағдайлар кезінде өнімнің жұмысқа қабілеттілігін жоғалту тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет