Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты



бет17/19
Дата07.11.2016
өлшемі4,21 Mb.
#1231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

3-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қолхат беруші кім ? ____________________________________________

2. Қолхат алушы кім ? ____________________________________________

3. Қолхат беруші қанша теңге алған ? _______________________________

4. Қолхат беруші не істеуге міндеттенеді ? __________________________

5. Қолхат неше дана етіп жасалған ? ________________________________


4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана, кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда, ақшаны қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп тұруға, мерзімінде қайтару, қолхат беру, келісімшарт талаптары.
5-жаттығу. Қолхат үлгісімен танысыңыз.
Қолхат

Мен, Жазықова Дариға, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 10 (он) дана "Қазақ тілі" оқулығын алдым. Оқулықтарды 2007-2008 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.


Қазақстан Республикасының ІІМ 2006 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің № 111344032

Жазықова Дариға 11.01. 2007ж.


6-жаттығу. Сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз.

  1. Қолхат беруші кім ?

  2. Ол қайда жұмыс істейді ?

  3. Ол кітапханадан қандай оқулықтар алған ?

  4. Оқулықтарды қашан қайтаруға міндеттенеді ?


7-жаттығу. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

  1. Жасалған 2006 жылы келісімшартқа сәйкес төлеп тұруға пайыз міндеттенемін.

  2. Міндеттенемін 2006 жылы жасалған сәйкес келісім- шартқа пайыз төлеп тұруға.

  3. 2006 жылы жасалған келісімшартқа сәйкес, пайыз төлеп тұруға міндеттенемін.

  4. Келісімшартқа сәйкес, 2006 жылы жасалған пайыз төлеп тұруға міндеттенемін.


8-жаттығу. Жағдаяттар бойынша қолхат жазыңыз

1. Қарызға ақша алу



  1. Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу

Мекеме бухгалтериясынан (есеп бөлімінен) несие алу

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: “ Ана тілі” 2001ж.

2. М. Қасымбеков. Қ. Әлімқұлов. Екі тілде іс жүргізу – Алматы. 1994 ж.

3.М. Қасымбеков. Қоғамдық – саяси терминдер мен атаулардың қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің және құжаттардың дұрыс толтырудың анықтама сөздігі. - Алматы . 2001ж.

4.С. Әбдіманапов. М. Жамбеков. Синхронное делопроизводство на казахском и русском языках. Атамұра – Қазақстан 1994 г.

5.Скала Б. В. Скала Н. В. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). Алматы. “ LEM ” 2001ж.

6. Ғ. Сапарғалиев. Заң терминдерінің түсіндірмелі сөздігі. Алматы “Жеті – жарғы”. 1995ж.

7. С. Шаталов. А. Шаталова. Правила оформления процессуальных документов. Москва. “ ИНФРА” 2001г.

8.А. Нұрмаханов. Т. Алпысбаев. Д. Қадыров. Ж. Рахимов. Терминологиялық жинақ. Алматы. 2002 ж.

9.Салагаев. В. Шалабай.Б. Іс қағаздарын жүргізу. (Составление деловых бумаг) . Алматы. «Раритет» .2003 г.

10. Ақанова.Д. Х. Алдашева. А. М. Ахметжанова. З. Қ. Қадашева. Қ. Қ. Сүлейменова. З. Д. Ресми – іскери қазақ тілі. (Грамматикалық түсінік). Алматы. «Арман». 2002 ж. І – ІІ кітап.

11. Ергазиева Н.И. «Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке» автореф. Дисс. Канд. Филол.н.- Алматы, 1979г. 29 с.

12.Республика Казахстан. Закон о языках в Республике Казахстан от 11. 07.97.г. № 151-1.- Алматы: Жеті жарғы, 1997-48 с.

13.Президент РК. О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах. Указ №769 от 14.08.1998г.// САПП.-Алматы. 1998.- №28.- С. 60.

14.Қайдаров А.Т. Тіл тағдыры - ел тағдыры // Егемен Қазақстан.- 1998.-16 сәуір.

15.Алдашева А. Ахметжанова З. Қадашева Қ. Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары.- Астана. 2000. 216 б.

16.Касымбеков М. Словарь-справочник общественно - политических терминов и наименовании, ведения делопроизвоство и правильного заполнения документов на казахском языке. – Алма-Ата: Казахстан, 1992. 288 с.

17. Салагаев В. Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг: Учебное пособие.- Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 208с.

18.Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. – Алматы, 1996.

19. Салагаев В. Культура делового общения. Деловая риторика. Деловые документы: Учебное пособие. – Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 200 с.

20.Печникова Т.В., Печникова А.В. Документационное обеспечение деятельности организации. Учебное пособие. – М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем». Издательство ЭКМОС, 1998. 208 с.

21. Кирсанов М.В., Аксенов Ю.М. курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления: Учебное пособие. –2-е изд. – М.: ИНФРА-М; Новосибирск: НГАЭиУ, 1998. 272 с.

22.Андреева В.И. Делопроизводство. Требования к документообороту фирмы. – М. 1996.

23.Документы и делопроизводство: Справочное пособие. – М. Экономика, 1991.

24. Кузнецова Т.В., Илюшенко М.П. Основы документоведения: Учебное пособие. – М., МГИАИ, 1988.

25. Стенюков М.В. Документы. Делопроизводство. – М.: ПРИОР,1995.

26. Деловое досье фирмы. – М.: ИВЦ Маркетинг, 1993. – 85 с.

27. Кузнецова Т.В. Делопроизводство в бухгалтерии. Практическое пособие. М. ЗАО «Бухгалтерский бюллетень», 1998. – 224 с.

28. Басаков М.И. Основы делопроизводства в вопросах и ответах: Учебное пособие. Ростов-на-Дону: «Феникс», 1997.-192с.

29. Составление и оформление служебных документов. Практическое пособие для коммерческих фирм. Под. ред. проф. Т. В. Кузнецовой. - М: ЗАО «Бизнес школа» Интел-Синтез». 1998. 192с.

30.Фриш Г.Л. Номенклатурная документация общеобразовательного учреждения.-М: УЦ «Перспективы». 1999. 160с

31.Павлюк Л.В. КиселеваТ.И. Воробьев Н.И. Справочник по делопроизводству, архивному делу и основам работы на компьютере. - СПБ: Издательский Торговый Дом «Герда», 1999. 304с.

32. Кушнаренко Н.Н. Документоведение.-К.:О-во «Знания», КОО,2001.-460с.



X Нұсқа

1- тапсырма

а) Сенімхат оның жазылу ерекшеліктері.

ә) Талап арыз қандай жағдайда жазылады.


2 – тапсырма.

а) Автокөлік және үй жиһаздарын сату туралы хабарландыру жазыңыз.

ә) Келісім шарт оның түрлеріне анықтама беріңіз.
3 – тапсырма

а) Жұмыс мәжілісінің хаттамасы.

ә) Акттың қандай түрлері болады. (Жоғарыда аталған құжаттардың үлгісін көрсетіңіз).
СЕНІМХАТ
Сенімхат — сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.

Сенімхат екі түрлі болады:

- мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар

- жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.



Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкінде рәсімделеді.

Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына:

  • жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, кұжаттар алуға;

  • өтініш жазуға;

- қол қоюға;

- пәтер сатуға және сатып алуға;

- пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;

- машина жүргізуге;



- банктегі есептерді пайдалануға;

- барлык мекемелерде іс жүргізуге;



- сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық береді.
Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі.Егер оның мерзімі көрсе -тілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілсе, мерзімнің аяқталуына байланысты ол өз күшін жояды. Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.

Сенімхаттың құрылымы:

Ең алдымен жолдың ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні жылы және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы койылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.

__________________________________________________________________



сенім білдірілген тұлға — доверенное лицо

сенім білдіруші — доверитель

жеке тұлға - физическое лицо

ресми сенімхат — официальная доверенность

жеке сенімхат - личная доверенность

күшін жою - терять силу

жеке басы — личность

іс-әрекетке қабілеттілік — дееспособность

мемлекеттік салық — государственная пошлина

мәміле жасау — совершать сделки

СЕНІМХАТ

2006 жылғы 7 каңтар, Аякөз қаласы



Мен, азамат Өмірбеков Нұрқанат, мекенжайым: Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Аякөз қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде тұратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті құжаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.

2006 жылғы 7 қаңтар қолы

Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.


Нотариус қолы

мөр орны
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Сенімхат қандай құжат ?

  2. Сенімхаттың неше түрі болады ?

  3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде ?

  4. Жеке сенімхат қандай іс-әрекеттері орындауға беріледі ?

  5. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды ?

  6. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды ?

  7. Сенімхат қайда куәландырылады ?

  8. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады ?

  9. Сенімхаттың құрылымы қандай ?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, іс жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пай-далану.
3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысыңыз

СЕНІМХАТ

2006 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы



Мен, азамат Жұбанов Қайрат, мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің № 645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің № 925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен кұжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген
2006 жылғы 20 қаңтар қолы ________________
Осы сенімхатты 2006 жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Алмагүл, Алматы қаласындағы лицензия № 001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.
Нотариус қолы _________________

мөр орны
4-жаттьну. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.

1. Сенімхатта сенім білдіруші кім ?

2.Сенім білдіруші кімге сенім білдірген ?

3. Қандай іс - әрекетке сенім білдірген ?

4. Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған ?


5-жаттығу. Сенімхат үлгілерімен танысыңыз.
Пәтерді жекешелендіру жөніндегі
СЕНІМХАТ

2008 жылғы 7 сәуір, Қызылода қаласы

Мен, азамат Өмірбеков Нұрқанат, мекенжайым: Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Аякөз қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде тұратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті құжаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.

2006 жылғы 7 қаңтар қолы

Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы

мөр орны
СЕНІМХАТ

2007 жылғы 25 сәуір, Алматы қаласы

Мен, сүт өнімдерін өндіретін "Агропродукт - Асептик" ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің № 00144115, мекенжайы — Алматы қаласы, Достық даңғылы, 315-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы "Айналайын" ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.

Бүл үшін менеджер Бақыт Сағатұлына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқық беремін. Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Сенімхат 15 күнге берілді.

2007 жылғы 25 сәуір қолы
Осы сенімхатты 2007 жылғы 25 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия № 00255 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы
мөр орны
6-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

сенімхат 4 айға дейін құқығын бердім

нотариалдық кеңсенін қабілеттілігі

менің қатысуым тіркелді

қол қою алынды

өтініш жазуға дауыстап оқылды

құқықтық іс-әрекетке өкілетті еттім

тізбеге кезінде

салық нотариусы

сенімхаттың мәтіні өз күшінде
7-жаттығу. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.

Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхаттың мәтіні, сенімхатқа қол қою, сенімхатта көрсету, сенімхаттан бас тарту. Сенімхаттағы модельді есте сактаңыз: Қ. Досановты менің атымнан өтініш жазуға өкілетті етемін Қ.Досановқа менің атымнан өтініш жазуға құкық беремін.
8-жаттығу. Мәтіндегі қателерді түзетіңіз.
СЕНІМХАТ

Өскемен қаласы

Мен, жолдас Бақытов Қайрат, жеке куәлігінің № 49001224, мекенжайым — Өскемен қаласында, Бейбітшілік көшесінде, 32-үйде, 63-пәтерде, Өскемен қаласы, Болашақ көшесі, 78-үй, 2-пәтерде тұрған жолдас Саттаров Еркін Абылайұлына барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге рұқсат білдіремін.

Бұл үшін азамат Сатаров Еркін Абылайұлына менің атымнан қол қоюға; банктегі есептерімді пайдалануға; тиісті құжаттарды рәсімдеуге; келісімшарттар жасауға мүмкіндік беремін.

Сенімхат 15 күнге дейін шын мәнін сақтайды.



1999 жылғы 12 сәуір қолы
Осы сенімхатты 2007 жылғы 12 сәуірде мен, Исабекова Алтынай, тіркедім. Сенімхатқа менің көзімше азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы тексерілді, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні қатты оқылды, № 5 тізбеге жазылды. Мемлекеттік ақша алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы

мөр орны
9-жаттығу. Жағдаятар бойынша сенімхат жазыңыз.



  1. Машина жүргізу құқығын беру туралы

  2. Тұрғын үйді сату құқығын беру туралы

  3. Мәміле жасау құқығын беру туралы


ТАЛАПАРЫЗ
Талапарыз қандай да бір келісім талаптары орындалмаған жағдайда немесе келісімде көрсетілген талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда жазылады. Талапарыз аудандық не қалалык соттың төрағасына жазбаша түрде беріледі Сотта сол талапарыз бойынша іс қозғалып, заң жүзінде шара колданылады.

Арызда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:



  • Талапарыз берілетін соттың атауы.

  • Талапкердің немесе оның өкілінің аты-жөні, мекенжайы.

- Жауапкердің аты-жөні.

- Талапарыз жазуға дәлелдері.



- Талапкердің талаптары.

- Талаптың бағасы.

- Арызға тіркелетін қосымша кұжаттар тізімі.

Егер талапарызды талапкердің өкілі берсе, оның құқығын куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат тіркеледі.

Талапарызда, ең бірінші, кімге екені (Мысалы: Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының төрағасы Ж.Асанов мырзаға) және кімнен екені ( онда талапкер мен жауапкер туралы мәлімет) жазылады. Сосын жолдың ортасынан «Талапарыз» деген сөз және азат жолдан талапарыздың мәтіні жазылады. Онда талапарыз жазуға негіз болған жағдай толық көрсетіліп, сол мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдану сұралады. Соңында талапарыз берушінің аты-жөні көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Талапарыз қандай жағдайларда жазылады ?

  2. Талапарыз қандай мекемеге жазылады ?

  3. Талапарызда қандай мәліметтер керсетілуі тиіс ?

  4. Сотта талапарыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады ?

  5. Талапарыздың құрылымы қандай?


2-жаттығу. Талапарызда көрсетілуге тиіс негізгі мәліметтерді толты-рыңыз .

Алматы қаласы, Әуезов аудандық

соттың төрағасы Қ. Маратұлы мырзаға

Талапкер: «Сейнұр» ЖШС – ның президенті

А. Мырзахметов

Жауапкер: « Есіл» ААҚ


ТАЛАПАРЫЗ

2006 жылдың 25 сәуірінде «Сейнұр» ААҚ мен «Есіл» ЖШС – ның арасында шикізат жеткізілімі туралы келісімшарт жасалған болатын. Өзара келісім бойынша «Сейнұр» ААҚ «Есіл» ЖШС-на әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын. 2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Есіл» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, «Сейнұр» ЖШС 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде зиян шекті.

Осы мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдануыңызды сұраймыз.
«Сейнұр» ЖШС – ның президенті А. Сапаров.

2006 ж., 10 желтоқсан


4-жаттығу. Талапарыз бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Талапарыз қай сотқа жазылған ?

  2. Сот төрағасы кім ?

  3. Талапкер кім ?

  4. Жауапкер қай мекеме ?

  5. «Сейнұр» ААҚ неліктен 150 000 (жүз елу мың теңге) зиян шекті?


5-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісім талаптары, бас тартқан жағдайда, келісімде көрсетілген талаптар, орындалмаған жағдайда, талапарыз бойынша, шара қолдану, заң жүзінде, талапкердің талаптары, қосымша құжаттар, кұжаттар тізімі, жауапкер туралы мәлімет, шикізат жеткізілімі туралы.



Каталог: public -> uploads -> kontrolnie zadania -> 3 kyrs
uploads -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
uploads -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
uploads -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
uploads -> Іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы Бекітілді
uploads -> Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
uploads -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
uploads -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
uploads -> «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауының ережесі
3 kyrs -> Ќазаќстан республикасы тґтенше жаєдайлар министрлігі кґкшетау техникалыќ институты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет