Қазақстан республикасы



бет4/7
Дата03.02.2017
өлшемі1,4 Mb.
#8673
1   2   3   4   5   6   7

2 Жастар кеңесі


Жастар Кеңесі – білім алушы жастардың тұрмыс, оқу, бос уақытын ұйымдастыру туралы маңызды сұрақтарымен ғана айналысып қоймайтын, оларға әлеуметтік қолдау көрсететін бастамашыл, инновациялық, тәуелсіз, жауапкершілігі мол білім алушылардың қоғамдық қызметі. Жастар Кеңесі жастар саясатын жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады.

Жастар Кеңесінің негізгі мақсаттары:

  • білім алушылар бойында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, оларды заманауи қоғамда маңызды проблемаларды шешуге белсенді түрде ат салысуға шақыру;

  • АТУ білім алушыларының мүдделері мен құқықтарын қорғау және өкілеттілік жасау;

  • білім алушылардың мәдени, шығармашылық, ұйымдастырушылық қажеттіліне жағдай жасау.

Жастар Кеңесі жұмысының негізгі бағыттары:

  • АТУ білім алушыларының бойында патриоттық мақтаныш сезімін қалыптастыру, студенттік өмірдің дәстүрлерін сақтап, молайту және жетілдіру;

  • білім алушылардың мүдделерін АТУ құрылымдық бөлімшелерінің барлық деңгейінде қорғау;

  • университеттің әр түрлі қызмет шеңберінде білім алушылардың бастамаларын дамыту, әлеуметтік-маңызды іс-шараларды жасау және іске асыру;

  • белсенді білім алушыларды дайындау;

  • білім алушылардың ғылыми қызметін ынталандыру;

  • студенттік конкурстар, мерекелер және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізу;

  • АТУ білім алушыларын университеттің спорттық өміріне тарту;

  • білім алушылардың ортасында бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу;

  • ҚР және шет елдегі қоғамдық ұйымдарымен және басқа да студенттік, жастар ұйымдарымен гуманитарлық және ғылыми байланыстарды дамыту.

Сіз де біздің қатарға қосыла аласыз. Біз Сізді бас оқу корпусында 1117 кабинетте күтеміз.

3 «Технолог» газеті


Газеттің негізгі міндеті университет қызметкерлері мен білім алушыларын ректораттың, Ғылыми Кеңестің, құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдардың жұмысы жайында хабардар ету, университеттің барлық негізгі жаңалықтарын жеткізу болып табылады. Басылым «Білім, мәдениеттілік, жан-жақтылық – Алматы технологиялық университеті түлегінің маркасы» атты концепцияны іске асырады.

Егер де Сіз креативті болсаңыз, мақала және өлең жазумен айналыссаңыз. Егер де Сіз біздің газеттің тілшісі болғыңыз келсе – біз Сізді күтеміз! Жазбаша мақалаларыңыз мен өлеңдеріңіздің электронды нұсқасы мен жазбаша нұсқасын Жастар Кеңесіне (1117 кабинет) тапсырыңыз. Біз Сізді күтеміз!
Білім алушының бос уақыты

Университетте сабақ уақытында және де бос уақытта Өзіңізді біздің ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. Егер Сіздің бойыңызда көшбасшылық қабілет болса,онда Сіз университеттегі мәдени-спорттық іс-шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде өз қабілетіңізді көрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.

Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –Жастар Кеңесіңе келіңіз.

Біздің университетте Жастар Кеңесінің қатысуымен білім алушылардың талантын шыңдауға арналған көптеген үйірмелер қызмет атқарады:



  • «Тай-На» сән театры;

  • «АТУ құрамасы» КТК (КВН) командасы;

  • «Қарлығаш» би ансамблі;

  • вокал студиясы;

  • «Домбыра-дастан» оркестрі;

  • «Жастар» және «Клуб мастеров слова» (КМС) пікірсайыс клубтары;

  • «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты;

  • Алматы қаласы бойынша Қазақстан студенттерінің Альянсы;

  • Қазақстан жастарының Конгресі;

  • «Жалын» жас журналистер клубы;

  • «CYS ATU» жас ғалымдар клубы;

  • «Веб-дизайнер», «Батл-АТУ» мүдделестер клубтары;

  • Тәртіп сақтау жөніндегі студенттік отряд (СТОП).

Университеттің спорттық өмірі спорттық іс-шаралардың дамуына бағытталған, білім алушы-спортсмендердің спорттық шеберлігін шыңдауға арналған оқу-тәрбиелеу процесінің жалғасы болып табылады. Есіңізде болсын: осының бәрі Сіздің оқу үлгеріміңіз жоғары деңгейде болғанда ғана жүзеге асады!

4 Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері



4.1 Кредиттік технология бойынша оқытудың жалпы ережелері

Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.

Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.

Кредиттік жүйемен оқытуда төмендегідей негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:



1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;

2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;

3) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

4) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;

5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

6) академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;

7) академиялық сағат - кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;

8) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

10) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;

11) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;

12) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;

13) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;

14) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

15) екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;

16) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) - білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;

17) жеке оқу жоспары - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;

18) кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

19) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

20) қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;

21) межелік бақылау бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

22) оқу пәнiне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;

23) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;

24) тіркеу Офисі - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

25) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;

26) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

27) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;

28) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);

29) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;

30) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;



31) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;

32) транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;

33) тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;

34) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;

35) элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.

36) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;

4.2 Эдвайзер-куратордың атқаратын міндеттері

Эдвайзер-куратор – тиісті мамандық бойынша білім алушының тәлімгері ретінде оқыту траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға), оқу барысында білім беру бағдарламасын игеруге ықпал жасайтын және университетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын оқытушы.



Эдвайзер-куратор білім алушының академиялық мүддесін қорғайды және оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды даярлап, білім алушыға жеткізеді. Оның жеке оқу жоспарын жасауға және түзетуге көмектеседі.

Эдвайзер-куратор

  • тіркеу кезінде ұйымдық-әдістемелік және кеңес беру жұмысын атқарады;

  • жұмыс оқу жоспары және пәндер каталогымен жұмыс жасау негізінде, білім алушыға пәндерді және оқытушыларды таңдауға көмектеседі;

  • болашақ мансап мәселесін шешуде, ғылыми зерттеулердің бағытын анықтауда, ғылыми жетекші мен біліктілік жұмыстарының тақырыбын таңдауда, кәсіптік тәжірибе өту базасын анықтауда кеңес бере алады;

  • бүкіл оқыту мерзімінде білім алушыларға жетекшілік жасайды;

  • курстың, факультеттің ерекшелігін және академиялық топтың мүдделерін қарастыра отырып, қолданыстағы нормативтік-нұсқаулық құжаттарымен белгіленген мәселелер бойынша өзіне бекітілген білім алушылармен жеке және ұжымдық кездесулер ескерілген жұмыс жоспарын жасайды;

  • білім беру бағдарламасын меңгеруге және білім алу траекториясын жасауға көмектеседі;

    • білім алушыларға жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) жасауға көмектеседі. Қажет болған жағдайда, білім алушының жеке оқу жоспарына өзгерістер еңгізуге көмектеседі;

    • бекітілген білім алушылардың үлгеріміне бақылау жүргізеді, тіркеу бөліміндегі өз факультетінің тіркеушісімен тікелей жұмыс атқарады. Білім алушылардың паспорттарын жүргізеді;

    • білім алушының ЖОЖ-на енгізілген арнаулы пәндер шеңберінде эдвайзер-куратордың тиісті ғылыми ой-өрісі болуы қажет. Ол корпоративтік және кәсіптік этика ережелерін басшылыққа ала отырып, ПОҚ және білім алушылармен қарым-қатынас орнатып, өз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауы керек;

    • білім алушылардың бекітілген жеке оқу жоспарларын орындауына жауапты;

    • академиялық үлгерімді жақсарту, тәртіп және сабаққа қатысу, унивеситеттің қоғамдық жұмыстарына қатысуға ынталандыру және т.б. мәселелер бойынша өзіне бекітілген білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізеді;

    • эдвайзер-куратор студенттердің талап-тілектерін, ішкі реттілік пен оқу тәртібінің бұзылу фактілерін кафедраға, деканатқа және университеттің қоғамдық ұйымдарына жеткізіп отырады;

    • өз жұмысы туралы кафедра мәжілісінде жыл сайын есеп береді.

Эдвайзер-куратор:

  • барлық пәндер бойынша ағымдағы, аралық, және қорытынды бақылау жүргізу ережелерінің сақталуын тексеруге;

  • білім алушылардың академиялық жағдайы мен үлгеріміне қатысты мәселелерді қарайтын комиссиялардың (кеңестердің) жұмысына қатысуға;

  • өзіне бекітілген білім алушылардың үлгерімін қадағалауға;

  • университет әкімшілігінің немесе қоғамдық ұйымдардың оқу тобындағы студенттің дербес ісі бойынша шешімін жасауға қатысуға;

  • университетте тәрбие жұмыстарының инновациялық түрлері мен әдістерін қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

4.3 Алматы технологиялық университетінің 2015-2016 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесі
Алматы технологиялық университетінде оқу үдерісі бекітілген академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады.
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫНЫҢ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
КҮЗГІ СЕМЕСТР

24 – 30 тамыз

Бағыттау аптасы

24 – 30 тамыз

Таңдау курстарына тіркеу

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

01 қыркүйек

Білім күні

01 ыркүйек – 13 желтоқсан

Теориялық оқыту

19 – 25 қазан

Межелік бақылау 1

01 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

07 – 13 желтоқсан

Межелік бақылау 2

16 – 17 желтоқсан

Тәуелсіздік күні

14 желтоқсан – 03 қаңтар

Емтихан сессиясы

01 – 02 қаңтар

Жаңа жыл

04 – 17 қаңтар

Демалыс

БАРЛЫҒЫ: теориялық оқыту – 15 апта


КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР

18 қаңтар – 01 мамыр

Теориялық оқыту

08 наурыз

Халықаралық әйелдер күні

07 – 13 наурыз

Межелік бақылау 1

21 – 23 наурыз

Наурыз мейрамы

24 – 31 наурыз

Таңдау курстарына тіркеу

25 сәуір – 01 мамыр

Межелік бақылау 2

01 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

07 мамыр

Отан қорғаушылар күні

09 мамыр

Жеңіс күні

02 – 22 мамыр

Емтихан сессиясы

23 – 29 мамыр

1 жазғы семестрге жазылу

30 мамыр – 10 шілде

1 жазғы семестр

04 –10 шілде

2 жазғы семестрге жазылу

06 шілде

Астана күні

11 шілде –21 тамыз

2 жазғы семестр

23 мамыр – 28 тамыз

Демалыс

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

БАРЛЫҒЫ: теориялық оқыту – 15 апта


КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫНЫҢ 1 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ (ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ) СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
КҮЗГІ СЕМЕСТР

24 – 30 тамыз

Бағыттау аптасы

24 – 30 тамыз

Таңдау курстарына тіркеу

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

01 қыркүйек

Білім күні

01 қыркүйек – 13 желтоқсан

Теориялық оқыту

19 – 25 қазан

Межелік бақылау 1

01 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

07 – 13 желтоқсан

Межелік бақылау 2

16 – 17 желтоқсан

Тәуелсіздік күні

14 желтоқсан – 03 қаңтар

Емтихан сессиясы

01 – 02 қаңтар

Жаңа жыл

04 – 17 қаңтар

Демалыс

БАРЛЫҒЫ: теориялық оқыту – 15 апта


КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР

18 қаңтар – 01 мамыр

Теориялық оқыту

08 наурыз

Халықаралық әйелдер күні

07 – 13 наурыз

Межелік бақылау 1

21 – 23 наурыз

Наурыз мейрамы

24 – 31 наурыз

Таңдау курстарына тіркеу

25 сәуір – 01 мамыр

Межелік бақылау 2

01 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

07 мамыр

Отан қорғаушылар күні

09 мамыр

Жеңіс күні

02 – 22 мамыр

Емтихан сессиясы

23 – 29 мамыр

1 жазғы семестрге жазылу

30 мамыр – 10 шілде

1 жазғы семестр

04 –10 шілде

2 жазғы семестрге жазылу

06 шілде

Астана күні

11 шілде – 21 тамыз

2 жазғы семестр

23 мамыр – 28 тамыз

Демалыс

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

БАРЛЫҒЫ: теориялық оқыту – 15 апта


КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫНЫҢ 1 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ (ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ) СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
КҮЗГІ СЕМЕСТР

24 – 30 тамыз

Бағыттау аптасы

24 – 30 тамыз

Таңдау курстарына тіркеу

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

01 қыркүйек

Білім күні

01 қыркүйек – 13 желтоқсан

Теориялық оқыту

19 – 25 қазан

Межелік бақылау 1

01 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

07 – 13 желтоқсан

Межелік бақылау 2

16 – 17 желтоқсан

Тәуелсіздік күні

14 желтоқсан – 03 қаңтар

Емтихан сессиясы

01 – 02 қаңтар

Жаңа жыл

04 – 17 қаңтар

Демалыс

БАРЛЫҒЫ: теориялық оқыту – 15 апта


КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР

18 қаңтар – 01 мамыр

Теориялық оқыту

08 наурыз

Халықаралық әйелдер күні

07 – 13 наурыз

Межелік бақылау 1

21 – 23 наурыз

Наурыз мейрамы

24 – 31 наурыз

Таңдау курстарына тіркеу

25 сәуір – 01 мамыр

Межелік бақылау 2

01 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

07 мамыр

Отан қорғаушылар күні

09 мамыр

Жеңіс күні

02 – 22 мамыр

Емтихан сессиясы

23 – 29 мамыр

1 жазғы семестрге жазылу

30 мамыр – 10 шілде

1 жазғы семестр

04 –10 шілде

2 жазғы семестрге жазылу

06 шілде

Астана күні

11 шілде –21 тамыз

2 жазғы семестр

23 мамыр – 28 тамыз

Демалыс

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

БАРЛЫҒЫ: теориялық оқыту – 15 апта


4.4 Тіркеу Офисінің міндеттері

Тіркеу офисі білім алушының барлық оқу жетістіктерінің тарихын тіркейтін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бұл академиялық қызметтің мақсаттарының бірі – оқу үдерісі мен білімді бағалау үдерісін бөлу және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестациялаудан өткізу болып табылады.



4.5 Тіркеу Офисінің негізгі міндеттері:

  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу;

  • несиелік оқыту технологиясы бойынша білім алушының оқу үдерісін ұйымдастыру;

  • білімді бақылау түрлерін ұйымдастыру және білім алушылардың академиялық рейтингтерін есептеу, бүкіл оқу жылына білім алушыларды пәндерге тіркелуіне бақылау жүргізу;

  • күндізгі және сырттай (ҚБТ) оқу нысандары бойынша бітіруші студенттерінің ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу;

  • күндізгі және сырттай (ҚБТ) оқу нысандарының рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша сессияға жіберілмеген, сессия нәтижелері бойынша академиялық қарыздары бар және жұмыс оқу жоспарындағы пәндер бойынша академиялық айырмасы бар ауысқан, оқуға қайта қабылданған, академиялық демалыстан келген студенттер үшін ақылы негізінде жазғы семестрді ұйымдастыру және өткізу;

  • мамандықтың жұмыс жоспары мен білім алушылардың жеке оқу жоспарына бақылау жүргізу;

  • тьюторлар және эдвайзерлермен өзара байланыс;

  • несиелік оқыту технологиясы бойынша іс-қағаздарын жүргізу;

  • білім алушыларды тіркеу және есепке алу;

  • білім алушылардың білімін бақылау нәтижелеріне талдау жасау;

  • білім беру бағдарламаларын игеру деңгейін бағалау мақсатымен автоматтандырылған жүйе арқылы білім алушылардың білімін бақылау үшін электрондық тестілік технологияларды енгізуді ұйымдастыру;

  • электрондық компьютерлік тестілеу арқылы жыл сайын білім алушылардың білім алу сапасын ішкі кешендік тексеруді (ректорлық бақылау) өткізу және ұйымдастыру;

  • білім алушылардың кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру және бітірушілерді жұмысқа орыналастыруға байланысты кәсіпорындармен (тәжірибе базалары) жасалған келісім-шарттар туралы мәліметтер банкін жинақтауды қамтамасыз ету;

  • кәсіптік тәжірибеден өту қорытындысы бойынша есептер жинау;

  • бітірушілер үшін бос қызмет орындарының жәрменкесін ұйымдастыру;

  • білім алушылардың жеке істерін қабылдау, тексеру, сақтау және мұрағатқа өткізу;

  • білім алушылардың жеке істерін топтар бойынша реттеп дайындау, қайта қабылданған және ауыстырылған білім алушылардың жеке істерін қабылдауды немесе жіберуді ұйымдастыру;

  • оқудан шығарылған білім алушылардың құжаттарын белгіленген тәртіпке сәйкес беруді ұйымдастыру;

  • өткен курсының оқу сағаттары толығымен жазылған академиялық анықтама беруді ұйымдастыру.



4.6 Оқу пәндеріне тіркеу

Білім алушы оқытудың кредиттік технологиясында траекториясын өз бетінше анықтайды. Оқу пәндеріне жазылу кезінде және өзінің білім алу траекториясын қалыптастыруда білім алушы эдвайзер - куратор кеңесіне жүгінеді, оның жетекшілігімен элективті пәндерді (білім алушы таңдайтын пәндері) таңдайды.

Келесі оқу жылының жеке оқу жоспары эдвайзер - куратор кеңесінің көмегімен белгіленген формада келесі академиялық кезеңге дейін анықталады. Оқу пәндеріне жазылу аяқталғаннан кейін, жеке оқу жоспары факультет деканымен бекітіліп, білім алушыға беріледі.
4.7 Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

Білім алушының өзіндік жұмысын (БӨЖ) ұйымдастыру үдерісі келесі кезеңдерді қамтиды:



  • дайындық (мақсатты анықтау, бағдарламалар жасау, әдістемелік қамтамасыз ету, құралдар дайындау);

  • негізгі (бағдарламаларды жүзеге асыру, ақпарат іздеу тәсілдерін пайдалану, білімді меңгеру, өңдеу, қолдану, беру, нәтижелерді бекіту, жұмыс барысының өздігінен ұйымдасуы);

  • қорытынды (бағалау және нәтижелерді талдау, оларды жүйелеу, бағдарламалар мен жұмыс тәсілдерінің тиімділігін бағалау, жұмыстың ұтымды бағыттары туралы қорытындылар).

БӨЖ формаларын оқытушы әзірлейді және тиісті пәндер тіркелген кафедралар бекітеді.

Нақты пән бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында оқытушы білім алушыларды оның мақсаттарымен, тапсырмаларымен, еңбек сиымдылығымен, орындалу мерзімдерімен, өзін-өзі бақылау және бақылау формаларымен дер кезінде және толық таныстыруға міндетті.

БӨЖ келесі талаптарға жауап беруге тиіс:


  • білім алушының өз бетінше орындауы;

  • нақты тақырыптың және оның жеке аспекттерінің немесе тәжірибелік тапсырмалар шешімдерінің аяқталған әзірлемесі болып табылу;

  • ашылатын сұрақтардағы автордың құзыреттілігін көрсету, оқу және ғылыми-тәжірибелік бағыттарын иелену.

Деканат:

  • оқытушының басқаруымен білім алушының өзіндік жұмысының (ОББӨЖ) кестесін құрастыруды;

  • БӨЖ графигінің орындалуын және білім алушының үлгерімін бақылауды қамтамасыз етеді.


Оқытушылар білім алушыларды таныстырады:

  • оқытудың әдістері және формаларымен, өзіндік жұмыстың әдістемесімен, өзіндік жұмыстың орындалу сапасын бағалау өлшемімен;

  • БӨЖ мақсаттарымен, құралдарымен, еңбек сиымдылығымен, орындалу мерзімдерімен, бақылау түрлерімен.

Қалыптастырады:

  • жауаптардың, есептердің, шешімдердің ұтымды варианттарын іздеп табуды;

  • ғылыми зерттеу дағдыларын;

  • оқулықтармен, классикалық түпдерек көздерімен және қазіргі ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамытады;

  • өзіндік жұмыс әдістемесі бойынша топтық және жеке кеңес беру шараларын жүргізеді;

  • білім алушылардың өзіндік жұмыс графигін орындауын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады;

  • талдау жүргізеді және жұмысқа баға береді.

Білім алушының міндеттері:

  • әрбір оқылатын пән бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен бақылау әдістемесімен, өзіндік жұмыстың барлық түрлері бойынша есеп беру мерзімдері және формаларымен уақтылы және толық танысу;

  • әрбір оқылатын пәннің өзіндік жұмысының барлық түрлері бойынша оқытушының ұйымдастыру және әдістемелік нұсқауларын адал, әрі ынталы орындау;

  • өзіндік жұмысты орындау барысында туындаған мәселелер жөнінде оқу сабағын жүргізетін оқытушыға уақтылы хабарлау;

  • әрбір оқылатын пәннің өзіндік жұмысының барлық түрлері бойынша уақтылы және толық есеп беру.


4.8 Оқытушының басқаруымен білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының басқаруымен білім алушының өзіндік жұмысы (ОББӨЖ) және екінші бөлігі – білім алушының өзіндік жұмысын толық өзі орындауы (БӨЖ).

ОББӨЖ мақсаты - білім алушыға дәрісханалық сабақтың материалдары, БӨЖ мазмұны бойынша жеке білікті кеңес алу үшін мүмкіндіктер туғызу.

ОББӨЖ сағатында БӨЖ-дің барлық түрлерін орындау бойынша кеңестер беру, үй тапсырмаларын, семестрлік және бақылау жұмыстарын, есеп беру және т.б. жүргізу ұсынылады.

Білім алушы ОББӨЖ-ге ыңғайлы кесте бойынша қатыса алады, бірақ оқытушы белгілеген уақытта БӨЖ-дің барлық түрін тапсыруға міндетті.
4.9 Білім алушының білімін бағалау және бақылау жүйесі

Оқу талаптары мен тапсырмаларының барлық түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері білімді бақылау және бағалау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша балды- рейтингті әріптік жүйемен бағаланады.

Білім алушының үлгерімінің ағымдық бақылауы оқу пәндерінің жеке тақырыптары бойынша жүргізіледі және аудитория мен аудиториядан тыс жүргізілетін сабақтардағы білімді бақылауды қамтиды.



Ағымдық бақылау бағасы аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау бағасынан және рубеждік бақылау бағасынан (аудиториядан тыс жүргізілетін сабақтар) құралады.

Үлгерімнің ағымдық бақылауында білім алушының оқу жетістіктері әр орындалған тапсырма үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады, үлгерімнің ағымдық бақылауының қорытынды нәтижесі академиялық кезеңде жинақталған барлық бағалардың орташа арифметикалық суммасының есебімен жүргізіледі.

Пәндер бойынша оң рейтингтік баға жинамаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтихан) жіберілмейді.

Алматы технологиялық университетінде білімді бақылау жүйесі рейтингтік бақылаудан (семестрде екі рет) және қорытынды бақылаудан тұрады (емтихан тапсыру).

Пәндер бойынша рейтингтік бақылау академиялық кезеңнің 8 және 15 апталарында жүргізіледі.

Жеке пәндер бойынша қорытынды баға рейтингтік бақылау мен емтихан нәтижелерінен тұрады, өз ретінде рейтингтік бақылау 60% -ті, ал емтихан қорытындысы 40% құрайды.



Білім алушылар білімінің қорытынды бағасы оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесімен анықталып, төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келеді. Білім алушыны курстан курсқа көшіруде университет GPA көшіру балын өз бетінше белгілейді.

Көшіру балы (Grade Point Average) – таңдалған бағдарлама бойынша (GPA) бір оқу жылында білім алушы студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа балы, 1 курстан 2 курсқа көшірудің минималды балы 1,67.

Орташа балл (GPA) әр семестрдің нәтижесі бойынша, сонымен бірге жалпы оқудың барлық кезеңі үшін есептеледі.

Курс үшін барлық пәндер бойынша GPA төмендегідей жолмен есептеледі: пәндер бойынша қорытынды баға баллдарының сандық баламасына кредиттерді көбейтуден шыққан нәтижелер сомасының оқытудың ағымдағы кезеңіндегі кредиттердің жалпы санына қатынасы.



Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың

сандық эквиваленті

%- тік мөлшері

Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау

A

4,0

95-100

өте жақсы


A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,00

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Сонымен, GPA оқылған барлық пәндер бойынша есептеледі, оның нәтижесі келесі курсқа көшірудің негізі болып табылады.

Лайықты бағаға тапсырылған емтиханды, бағаны барлық кезең үшін көтермелеу мақсатында, немесе үздік диплом алу мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Пән бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған білім алушының бұл пән бойынша кредиттері есептелмейді. Қанағаттанарлықсыз немесе оң баға алған білім алушыға емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Пән бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған білім алушы аталмыш пән бойынша оқу курсын қайта өтіп, етиханға рұқсат алып, сонан соң оны ақылы негізде кейінгі академиялық кезең ішінде немесе жазғы семестрде тапсыру қажет.

Егер білім алушы (жазғы семестрді қоса) GРА белгіленген деңгейден төмен алса, онда ол қайта оқу курсына қалдырылады.

Келісім – шартқа отырмаған және қайта оқу курсының ақысын төлемеген білім алушы оқу жылының басындағы бір ай ішінде оқудан шығарылады.

Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушылар кейінгі оқу кезеңінде мемлекеттік білім грантынан айырылады.



4.10 Жазғы семестрді ұйымдастыру

Академиялық қарыздары (9 кредиттен аспайтын) бар білім алушылар үшін жазғы семестр ұйымдастырылады. Жазғы семестр кезеңінде пәндерді қайта оқу үшін 4-5 адамнан кем болмайтын топтар жинақталады. Жазғы семестрге тіркелу жазғы семестр басталарға дейінгі бір апта бұрын аяқталады.

Жазғы семестрге қатысуға жазылу құқығына төмендегі студенттер ие бола алады:


  • рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша сессияға жіберілмеген;

  • академиялық қарыздары бар;

  • қайта қабылдау, ауыстыру, академиялық демалыстан оралу кезінде академиялық айырмашылықтары бар.

Жазғы семестрде жалпы кредит саны 9 –дан аспаған жағдайда қайта оқуға болады.

Жазғы семестр нәтижесі бойынша көшіру балын (GРА) жинай алмаған білім алушылар қайта оқыту курсына қалдырылады.

Тіркеу Офисі жазғы семестрді ұйымдастыру және жазғы семестрге білім алушыларды тіркеу жұмыстарын жүргізеді.

Жазғы семестрді ұйымдастыру тәртібі:



  • жазғы семестрге қатысатын білім алушы өтініште курс пен курс бойынша жүргізілген төлем ақыны көрсете отырып тіркеледі;

  • жазғы семестрдің сабақ кестесі құрастырылады.

Жазғы семестрде игерілген мамандықтың оқу жоспарының пәндері бойынша емтихан нәтижелері көшіру балында (GРА) ескеріледі.

Оқылған пәндер бойынша білім алушының жинаған барлық балдары транскрипте көрсетіледі.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет