Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі



бет12/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
ТЕСТЫ для ГЕК 2019, Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

4. Мақта танабы топырағындағы азот пен фосфордың мөлшерінің өзгеруіне тыңайтқыштар жүйесінің әсері.

4.1 Жоңышқа дақылының тамыр жүйесі және химиялық құрамы.

Кез келген дақылдың өнімділігін көтеретін тиімді амалдардың бірі тамыр жүйесі айналасындағы топырақтың құрамын жақсарту. Тамыр жүйесін толық қанды зерттеу өсімдікке сапалы түрде әсер еткен әдіс-тәсілдердің теориялық негізін қалыптастыруға жол ашады.Жоңышқа дақылының толық түрде өсіп дамуы мен тамыр массаларының қалыптасуына сыртқы фактор мен топырақтың құрамындағы қоректік заттардың болуы әсер етеді. Жоңышқа дақылының тамыр жүйесі жақсы дамыған және топырақтың 10м тереңдігіне дейін бойлай өсе алады.Дақылдың тамыр жүйесі тереңге таралған сайын топырақтың құрылымы жоғарлайды, су мен ауа өткізгіштігі жақсарады, қарашіріктің көп мөлшерде жиналуына мүмкіндік береді.

Топырақтың құнарлығын көтеретін негізгі элементтер жоңышқа тамыры мен аңыз қалдығымен жиналған органикалық масса болып саналады.

Жоңышқа тамыры дақылдың жасына қарай әртүрлі тереңдікте орналасады. Мысалы, жоңышқаның 1мм болатын негізгі тамыры алғашқы жылы 150см дейін бойласа, екінші жылы 180 см тереңдікке дейін бойлай өскен.

Топырақта жоңышқа дақылының тамырының таралуы төмендегі 5-ші кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, топырақтың жыртылатын бөлігі мен метрлік қабаттарында екі жылдық жоңышқаның ұсақ және ірі тамырларының саны 1-ші жылдың жоңышқасымен салыстырылғанда анықталған болатын.(5-ші кесте)

Екінші жылғы жоңышқа дақылының тамырларының жалпы мөлшері топырақтың 0-30см қабатында 62,45ц/га ал ірі тамырлардың массасы топырақтың 0-30см қабатында 38,73ц/га және метрлік қабатта 62,67ц/га шамасында көрсетсе, ұсақ тамырлардың бұл тереңдіктегі көрсеткіші24,67 және 33,65ц/га аралығында өзгеріп отырды.

Алғашқы жылдық жоңышқа дақылының тамыр жүйесінің өсуі айтарлықтай төмен болғаны кестеде көрсетіліп тұр. Топырақтың 0-30 см көлеміндегі қабатта дақылдың ұсақ және ірі тамырлардың жалпы массасы небәрі 32,21ц/га шамасында, бұл көрсеткіш екінші жылдық жоңышқаның тамыр массаларымен салыстырғанда 34,98ц/га төмен яғни орташа есеппен 2,5 есе аз. Ал алғашқы жылдық жоңышқаның топырағының метрлік қабатында тамыр массасы 52,96ц/га көрсетсе, екінші жылдық жоңышқа дақылының тамыр массасы 2,4 есе немесе 52,08ц/га төмен көрсетіп тұр (5-кесте).

Кесте 5 - Жоңышқа дақылының тамыр массаларының топырақ тереңдігі бойынша таралуы, ц/га



Топырақ тереңдігі,см

1-жылдың жоңышқа тамырлары

Барлығы

2-ші жылдың жоңышқа тамырлары

Барлығы

ірі

Ұсақ

ірі

Ұсақ

0-10

10-20


20-30

30-40


40-50

50-60


60-70

70-80


80-90

90-100


7,00

5,60


4,26

3,14


1,90

1,64


1,47

1,06


0,95

0,54


6,03

5,02


4,12

3,07


2,12

1,20


1,09

0,98


0,87

0,90


13,03

10,62


8,38

6,21


4,02

2,84


2,56

2,04


1,82

1,44


18,10

13,52


8,95

8,30


5,21

4,12


3,20

3,11


2,04

1,42


13,12

9,36


4,14

3,21


1,98

1,65


1,33

0,92


0,85

0,24


31,22

22,88


13,09

11,51


7,19

5,77


4,53

4,03


2,89

1,66


0-30 см қабатта

16,86


15,35

32,21

40,57

26,62


67,19

0-100см қабатта

27,56

25,67

52,96

67,96

36,8

105,04

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, алғашқы және екінші жылдық жоңышқа дақылының тамыр массасы топырақ қабатының тереңдігіне тікелей байланысты яғни тереңдеген сайын тамырларда азаяды.

Мысалы, жыртылмалы қабатта ірі және ұсақ тамырлардың үлесі метрлік қабатпен салыстырғанда бірінші жылы 62,4% – ды, екінші жылы-65,0% - ды құрады. Ұсақ тамырлардың үлесі 0-30 см топырақ қабаттарында 63,8 және 72,3% құрады. Осылайша, әртүрлі жылдар бойы жоңышқаның негізгі тамыр жүйелері топырақ бетінде орналасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет