Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі


ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ



бет10/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
ТЕСТЫ для ГЕК 2019, Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
3. ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ
3.1 Далалық зерттеулер.
Оңтүстік Қазақстанның боз топырағының маңыздылығы өте жоғары, себебі бұл топырақтарға тыңайтқыштар жүйесінің әсері және де мақта дақылына да тигізер пайдасы көп зерттеліп, түрлі мағлұматтар жиналған. Тәжірбие барысында топырақты стационарлық пен далалық зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Зерттеу жұмыстары қарсаңында топырақтың агрохимиялық, физикалық, құрамын зерттеу үшін топырақ үлгілері алынған болатын.

Зерттеу жұмыстары Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қызылжар елді мекенінде жүргізілген болатын. Топырағы ашық боз.Мақтаның "Пахтарал-3044" сорты егілген.

"Пахтарал-3044" сорты 1992 жылы Мақтарал тәжірбие станциясында шығарылған болатын. Бұтағының биіктігі 115-120 см көлемінде. ­Қауашығы ірі. Тұқымы ірі, ашық-қоңырқай түсті. 1000 дана тұқымының салмағы - 124г. Бұл мақта сортаның орташа өнімділігі 34-36ц/га құрайды.

Зерттеу нысаны ашық боз топырақ пен мақта дақылы.

Тәжірбие кезінде төменде көрсетілген ауыспалы егістіктер зерттелген болатын.

1.Мaқтa- жоңышқa ayыспалы егісі:



  • 3 жыл жoңышқa: 3 жыл мaқтa (3:3 схемасы) - мақта дақылының үлесі 50%, 6-танапты ауыспалы егіс жүйесі (3 сурет)






  • 2 жыл жоңышқа: 1 жыл мақта (2:1 сұлба), мақтаның үлесі - 33,3%,3 танапты ауыспалы егістік жүйесі (4 сурет)

Бақылау мақсатында тыңайтылған және тыңайтқыш жүйесі берілмеген мақта дақылы алынған болатын.

Тәжірбие жұмысы үш қайталанымды, бөлінген мөлдек көлемі 350.

Дипломдық жұмысты орындау мақсатында мақта дақылының 3 танапты мақта-жоңышқа ауыспалы егістігі мен мақта моно (дара) дақылы таңдалып алынған болатын.

Тәжірбие барысында ауыспалы егістіктерден топырақ үлгілері алынып, олардың құрамы төменде көрсетілген әдістер бойынша анықталған болатын:


  • топырақ қабаттарының гранулометриялық құрамын Н.Качинский әдісі бойынша;

  • көлемдік салмақ Н.Качинский әдісі бойынша;

  • гумус мөлшері В.Тюрин әдісі бойынша;

  • азотты нитрат Грандваль-Ляжу әдісі бойынша;

  • жылжымалы фосфор Мачигин әдісі бойынша;

  • тамыр қалдықтары мен аңыздар Станков әдісі бойынша;

Топырақ үлгілері мақтаның өсуі мен дамуы мерзімдіріне сәйкес тәжірибе қояр алдында, көтеу мен гүлдеу фазасы кезінде және шитті мақтаны жинау кездерінде 0 – 20 см, 20 – 40 см қабаттардан әрбір нұсқалардан алынды. Сонымен қатар, су – физикалық қасиеттері мен тыңайтқыштардың топырақ құнарлылығы мен мақта түсіне әсері зерттелінді.

Кесте 4 - Органикалық пен минералдық тыңайтқыштарды енгізу уақыты мен мөлшері:





Ауыспалы егіс сұлбасы

Жылдық мөлшері,кг/га

Тыңайтқыш нормасы мен беру мерзімдері, кг/га

Негізгі тыңайту

Нағыз жапырақ кезінде

Гүлдеу кезеңі

N





N

N

1

Мақтаның тыңайтылмаған дақылы

-

-

-

-

-

2

Мақтаның тыңайтылған дақылы

160

90

90

100

60

3

2:1( 2 жыл жоңышқа;1 жыл мақта)

130




90

80

60

Мақта дақылының негізгі вегетациялық кезеңдерінен өсімдік үлгілері төменде көрсетілгендей алынған болатын;



  • Тәжірбиедегі барлық нұсқалардан, көлемі 5() екі алаңнан мақта дақылының өскіндері есепке алынды;

  • мақта дақылының өніп-өсуін анықтау үшін әрбір шағын аумақтан 25 өсімдікке фенологиялық байқау жұмыстары жүргізілді;

  • барлық тәжірбие нұсқаларынан өсімдіктің өніп-өсу кезеңінің соңында өсімдіктердің жиілігі анықталды;

  • әрбір мақта дақылын термес бұрын өсімдіктің 50 қауашағынан бір қауашақ ұлпасының салмағы есепке алынды;

Зерттелген мәліметтерді статистикалық өңдеу жүйесі Перегудов әдісі бойынша жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет