Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет12/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Іс-шара орындалды

ҚР ЖОО әлемнің озық университеттері әлемдік рейтингтеріне белсенді қатысады.

2015 жылы QS WUR әлемнің озық университеттері рейтингінде қазақстандық 9 ЖОО байқалды:

1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (топ-300)

2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (топ-400)

3. Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ (топ 551-600)

4. Абай атындағы ҚазҰПУ (топ 601-650)

5. Букетов атындағы ҚарМУ (топ 701+)

6. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (топ 701+)

7. ҚБТУ (топ 701+)

8. М Әуезов атындағы ОҚМУ (в топ 701+)

9. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (в топ 701+)

Осы ЖОО 2015 жылы QS Intelligence Unit EECA (Eastern Europe and Central Asia) Шығыс Еуропа және Орталық Азияның жаңа өңірлік рейтингіне алғаш рет қатысқанын атап өту қажет. Бұл ретте рейтингке енген ҚР ЖОО жалпы саны 14 құрады:

1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (топ-30)

2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ(топ-40)

3. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ (топ-50-60)

4, 5. ҚБТУ жәнеҚазҰАУ (топ-60-70)

6. Абай атындағы ҚазҰПУ (топ-70-80)

7. М Әуезов атындағы ОҚМУ(топ-80-90)

8. Букетов атындағы ҚарМУ(топ-100)

9. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (топ-100-110)

10,11. ҚарМТУ, ШҚМТУ (топ 111-120)

12-14. СҚМУ, АТУ, Қоркыт ата ҚМУ (топ-131-150).

Сондай-ақ Webometrics рейтингіне 2015 жылы 35 ЖОО қатысты. Үздік көрсеткіштер ЕҰУ (1455-орын) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (1711-орын) байқалды.



167

145-іс-шара:

Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тарту, жыл сайын кемінде 300 адам









БҒМ

2011-2015 жж.



1948,603

998,9

998,9

РБ

020

Іс-шара орындалды

2015 жылы ҚР БҒМ-нің 8 мамырдағы №287 бұйрығы бойынша 12 ЖОО-ға ҚР жетекші ЖОО-ға 475 шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тартуға 998 787,0 мың теңге бюджет қаражаты бөлінді.

«Шетел ғалымдарын тарту» бағдарламасы бойнша мониторинг қорытындылары ағымдағы кезеңде 86 шетел ғалымдары шақырылғанын көрсетті. Қаралып отырған кезеңде Еуропа елдерінен - 32 ғалым, Шығыс Азия елдерінен – 9 ғалым, АҚШ-тан – 6 ғалым, Ресей Федерациясынан – 26 ғалым, басқа елдерден 13 ғалым шақырылды.


168

146-іс-шара:

Жұмыс берушілер есебінен стипендия төлеу арқылы жоғары білімді кадрлар даярлау









ЖОО

2013-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

2015 жылы ЖОО-да жұмыс берушілер қаражаты есебінен жалпы 339 578 студент контингентінен 4 621 студент білім алуда (1,36%).



169

153-іс-шара:

Жоғары оқу орындары мен колледждерді мемлекеттік аттестаттауды ұлттық аккредиттеумен ауыстыру



-

Қазақстан Республи-касы Президен-тінің 2010 жылғы 4 наурыз-дағы №931 Жарлығы шеңбе-рінде

іске асыру туралы ақпарат



БҒМ

2015


I тоқсан

-

-

-

-




Іс-шара ішінара орындалды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашада қабылданған №398-М Заңына сәйкес, ЖОО үшін мемлекеттік аттестаттау 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, техникалық және кәсіптік білім беру үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап алынып тасталған.



170

155-іс-шара:

Қазақстанның жоғары оқу орындарын Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасын орындау мен білім беру қызметін лицензиялау қағидаларын орындауды бақылау (лицензиядан кейінгі бақылау) түріндегі мемлекеттік бақылаудан өткізу



























Іс-шара орындалды

2015 жыл ішінде мемлекеттік аттестаттау 29 ЖОО-да, республикалық маңызы бар 3 колледжде және республикалық маңызы бар 1 мектепте жүргізілді.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша 16 ЖОО аттестаттаудан өтпеді.

Жоспардан тыс тексеру 34 ЖОО-да өткізілді, оның нәтижелері бойынша 4 ЖОО лицензиясы тоқтатыла отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



171

156-іс-шара:

ЖОО-лардың оқу әдебиеті қорын үнемі толықтыру









ЖОО

2011-2015 жж.

IV тоқсан


ЖОО қаражаты

-

-

-




Іс-шара орындалды

ЖОО өтінімі негізінде базалық оқулықтарды басып шығару және аудару жөніндегі 2015 жылға арналған Тақырыптық жоспар (Жоспар) жасалды.

Жоспарға мемлекеттік тілде басып шығару үшін 12 оқулықтың атауы енгізілді.

Көзделген қаражаттан 22 млн.теңге сома қаражат бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.



172

157-іс-шара:

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын базалық, оның ішінде мемлекеттік тілдегі оқулықтармен және экономикалық, техникалық, жаратылыстану ғылымдары бойынша шетелдік оқулықтармен қамтамасыз ету



-

Тақырып-тық жоспар

БҒМ, ҚР жоғары оқу орындары-ның қауымдас-тығы,

Ітоқсан 2015




200,000

22,0

22,0

РБ

008

Іс-шара орындалды

ЖОО өтінімі негізінде базалық оқулықтарды басып шығару және аудару жөніндегі 2015 жылға арналған Тақырыптық жоспар (Жоспар) жасалды.

Осы Жоспарға мемлекеттік тілде басып шығару үшін 12 оқулықтың атауы енгізілді.

Көзделген қаражаттан 22 млн.теңге сома қаражат бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.



173

158-іс-шара:

ЖОО-лардың оқу-зертханалық базасын жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен жаңарту









БҒМ

2014-2015 жж.


















Іс-шара орындалды

Жалпы, жеке инвесторларды тарту есебінен ЖОО-лардың оқу-зертханалық базасын жаңарту баяу қарқынмен және шағын көлемдермен жүзеге асырылуда.

Мысалы, Гуманитарлық-техникалық академияда Темпус 544601 – TEMPUS-1-2013-1-DE- TEMPUS – SMGR жобасын іске асыру шеңберінде 5 492 700 теңге сомасына жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды,

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖОО оқу зертханалары ашылды, олардың кейбіреулері жеке инвесторлардың қаражаттарын тарту есебінен ашылды.

Тұран-Алматы университетінде есепті кезеңде «Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС компаниясының қаражаты есебінен 4 991 807 теңге жалпы сомасына Smart Class жабдықталды. Smart Class заманауи электрондық жабдықпен және бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылды.


174

159-іс-шара:

ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру









БҒМ

2014-2015 жж.



1000,000

3000,0

3000,0

РБ, ҰФ




Іс-шара орындалды

«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатын және Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 11 жоо базасында кадрларды даярлау жүргізілуде.

ИИДМБ-2 негізгі басым салалары: металлургия, мұнайгазхимия, электр энергетикасы, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болып табылады.

ИИДМБ-2 жобаларын заманауи кадрлармен қамтамасыз ету инновациялық сипаттағы 24 білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады, ал өзін-өзі оқыту 24 ең жаңа зертхана базасында өтеді.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық қор қаражатынан зертханалар құруға 10 млрд. теңге, оның ішінде 3 млрд. теңге 2015 және 2016 жылдарға, 4 млрд. теңге 2017 жылға көзделген.

2015-2017 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жыл сайын 962,1 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты көзделген.



175

161-іс-шара:

Ұлттық рейтингтерді өткізуде мемлекеттік қаржылық қолдауды қамтамасыз ету









БҒМ

2011-2015 жж.



-

-

-




008

Іс-шара орындалды

2015 жылы ЖОО-ның ұлттық рейтингін Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік (БСҚТҚА) және Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) өз қражаттары есебінен жүргізді. Ұлттық рейтингтер ЖОО-лар бөлінісінде де және мамандықтар бөлінісінде де жүргізілді. ЖОО-ның ұлттық рейтингінің қорытындылары агенттіктердің ресми сайттарында және республикалық БАҚ-та жарияланды.

2015 жылы РБК қаражатты қолдамағандықтан, республикалық бюджет есебінен ЖОО-ның ұлттық рейтингі жүргізілмеген.


176

162-іс-шара:

Шетелдік студенттерді тарту, халықаралық шарттар шеңберінде баламалы алмасуды, сондай-ақ Ауғанстан азаматтарына арналған білім беру бағдарламаларын іске асыру









БҒМ

2011-2015 жж.


















Іс-шара орындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім хаттамасына қол қою туралы қаулы жобасы әзірленді және ҚР Қаржыминінде келісуде.

2015-2016 оқу жылына халықаралық шарттар шеңберінде елдің ЖОО-на жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу бағдарламалары бойынша оқуға 39 адам келді.

ҚХР-дан ЖОО-да оқып жатқан 37 азамат келді.



177

163-іс-шара:

Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапхана арқылы студенттердің әлемнің жетекші университеттерінің білім беру ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету









ЖОО,

КазМемҒТАИ 2012-2015 жж.



ЖОО қаражаты













Іс-шара орындалды

2010 жылдан бастап қазақстандық ЖОО-лар Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханамен (бұдан әрі – РЖЭК, www.rmebrk.kz сайты) шарттар жасасты.

103 ЖОО РЖЭК-пен шарттар жасасты. База барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Электрондық кітапхана құрылымында шарттық қатынастар шеңберінде пайдаланушыларға қолжетімді, ПОҚ-тың электрондық кітапхана ресурстарын қамтитын бірнеше ақпараттық блоктар біріктірілді.

Қазіргі уақытта РЖЭК қоры 72 545-ке жуық ресурсты қамтиды.

Сондай-ақ кітапхана «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы арқылы шетелдік үздік білім беру ресурстарына да қолжетімді.

Бұдан басқа, ЖОО-лар Web of Knowledge (Thomson Reuters)» тұғырнамасына «Қазақстанның Виртуалды ғылыми кітапхана (ВҒК), «ЛАНЬ» баспасының электрондық-кітапхана жүйесі» сияқты басқа да ресурстарға қол жеткізе алады.

Жалпы, РЖЭК электрондық базасына күн сайын орташа есеппен 500-ден астам пайдаланушы кіреді.

Келешекте РЖЭК оқу материалдары бар әмбебап ғылыми-білім беру базасын құруды, Қазақстанның қолданыстағы ғылыми-білім беру ресурстарын интеграциялауды және бірыңғай интерфейс арқылы оларға қол жеткізуді, сондай-ақ елдің ғылыми-білім беру мұрасының сақталуын қамтамасыз етуді және тағы да басқаларын жоспарлап отыр.

ҚР БҒМ қалған 9 жоғары оқу орнын РЖЭК электрондық базасына қосу мәселесін пысықтауда. Осылайша, электрондық кітапханалар құру бойынша 100% қамтуға қол жеткізіледі.



178

165-іс-шара:

Жұмыс істеп тұрған ЖОО-ларда қазіргі заманғы жабдықтары бар ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардың бірлескен құрылымдық бөлімшелерін, оның ішінде жеке сектордың қаражатын тарту арқылы ЖОО-лардың құрылымдық бірліктері болып табылатын 4 орталық құру









БҒМ

ЖОО


2011-2015 жж.

4200,000

ЖОО қаражаты

-

-




Іс-шара орындалды

Республикада білім және ғылым саласындағы қолданбалы ғылымды дамыту, кадрлар даярлау, заманауи технологияларды енгізу проблемаларын шешу үшін тиісті инновациялық инфрақұрылымдар жасалуда. Осылай, ҚБТУ-де университеттің бөлімшелері өнеркәсіптік кәсіпорындарымен, мысалы, Мұнай-газ машинасын жасау және құбыр өткізу көлігі ғылыми-зерттеу орталығымен шаруашылық шарттарын жасасу арқылы ғылыми жобаларды іске асыруда.

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-да оқытушылардың, қызметкерлер мен білім алушылардың зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру және университет ішінде жасалған, пайда табуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестерді, көрсетілетін қызметтер мен ғылыми әзірлемелерді нарыққа жылжыту мақсатында Технологияларды коммерцияландыру департаменті құрылды.

С. Сейфуллин атындағы КАТУ базасында Қазақ балық шаруашылығ ғылыми-зерттеу институтының Солтүстік филиалы ашылып, жұмыс істеп жатыр.


179

167-іс-шара:

«Энергетика», «Мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы», «Химиялық өнеркәсіп», «Металлургия және дайын металлургиялық өнімдер өндірісі», «Машина жасау», «Жеңіл өнеркәсіп» бағыттары бойынша бизнес-инкубаторлар, технопарктер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыру орталықтарын құру









ЖОО,

БҒМ


2013-2015 жж.

ЖОО қаражаты

-

-

-




Іс-шара орындалды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында әртүрлі бағыттар бойынша, оның ішінде «Энергетика», «Химия өнеркәсібі», «Машина жасау» мамандықтары бойынша бизнес инкубатор ашу жоспарлануда.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бизнес инкубаторы туралы ережені әзірлеу жүргізілуде.

Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ базасында студенттік бизнес-инкубатор ашу жоспарлануда, ол студенттер мен ЖОО-ның жұмысқа орналастырылмаған түлектерінің кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыру үшін нақты алаңға айналады.

Студенттік бизнес-инкубатор студенттер арасында инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Отын-энергетикалық кешен проблемаларын зерттеу», «Энергетикалық мониторинг және сараптама», «Өнеркәсіптік экология», «Энергия», «Наноэлектроника», «Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі», «Ақпарат пен ақпараттық қауіпсіздікті криптографиялық қорғау құралы» атты сегіз тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.

2015 жылы «Электротехникалық зертхана» ТҒЗЗ және 4 ғылыми-зерттеу орталығы: «Энергия үнемдеуде энергия мен жаңа технологиялардың жаңартылған көздері»; «Электрондық жүйелер мен технологиялар» орталығы; «Өлшемдер мен автоматтандыру бойынша» орталығы; «Су технологиясы мен су-химия режимдері» орталығы құрылды. Осы бөлімшелер шеңберінде олардың ғылыми әзірлемелері мен технологияларын коммерцияландыру жүзеге асырылады.



ҚазҰАУ-да аграрлық зерттеулер бағыттары бойынша ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру офисі құрылды және жұмыс істейді.

Тұран Астана университетінде бизнес-инкубатор («Студенттік заңгерлік клиника» орталығы, Жас кәсіпкер мектебі) жұмыс істейді.

1 «Алтай» технопаркі, 1 «Бастау» бизнес-инкубаторы, 5 студентік конструкторлық бюро, 1 коммерцияландыру офисіжұмыс істейді.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да технологияларды коммерцияландыру орталығы мен өңірлік кәсіпкерлікті дамыту орталығын қосу жолымен 2015 жылғы 4 қаңтарда «Мұнай өңдеу және мұнайгаз секторы инфрақұрылымы», «Химия өнеркәсібі», «Жеңіл өнеркәсіп» бағыттары бойынша жұмыс істейтін өңірлік кәсіпкерлікті дамыту және технологияларды коммерцияландыру бөлімі құрылды.

2 жоо-да: Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да, ҚазАТК-да коммерцияландыру орталықтарын ашу жоспарлануда.

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы» инженерлік бейіндегі өңірлік сынақ зертханасы, Химия-экологиялық проблемалар ғылыми-зерттеу институты, Ет және сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты, Ветеринария және мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Шәкәрімтану ғылыми орталығы, Орнықты даму жөніндегі ғылыми орталық, Инновациялық білім беру технологиялары орталығы, М. Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығы, Психолингвистикалық орталық құрылды және жұмыс істейді.

«Агротехопарк» ғылыми орталығы құрылды. Агротехнопарк өз құрамында 11 ғылыми зертхананы қамтиды (ветеринариядағы инновациялық технологиялар, жемазық және ауылшаруашылығы малдарын нормаланған қоректендіру сапасын бағалау, тұқым сапасын сараптау бойынша, «Топырақты талдау», ауылшаруашылығы малдарының қанын биохимиялық талдау, инновациялық технологияларды пайдалана отырып жеделдетілген молықтыру, Биогеохимиялық зертхана, ветеринариялық-санитариялық сараптама, паразитология, аквадақыл, жануарлардың биоәртүрлілігі бойынша).

Сондай-ақ «Агротехнопарк» ҰО құрамына Технологиялық зал (шағын-шұжық цехы), Кәсіпкерлік орталығы (университет арқылы), Маркетингтік талдау және бизнес өңірлік орталығы, Жобалау-конструкторлық бюро, Селекциялық-асыл тұқымды ауылшаруашылығы жануарларымен жұмыс орталығы және жануарлардың биоәртүрлілігін зерделеу орталығы.



21 озық технологиялар тобы, олардың 9-ы жоо базасында жұмыс істейді.

Бұдан басқа, жобаны іске асыру шеңберінде 2013 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында Халықаралық материал жүргізу (ХМЖ) орталығы құрылды. Келешекте ХМЖ қызметі зертханалық орталықтың замануаи моделін құруға, ғылыми саладағы сервистік қызметтерді дамытуға, ғылыми журнал шығаруға және материал жүргізу саласында web-портал әзірлеуге бағытталады. ХМЖ Қазақстандағы бірегей ғылыми жабдықтың ақпараттық базасын құруды қамтамасыз етеді және оны тиімді пайдалануға жәрдемдеседі.

Сондай-ақ коммерцияландыру орталықтарынан басқа, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Мирас Университеті, АМКУ, Дулати атындағы ТарМУ, Өтемісов атындағы БҚМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты 4 жоо-да студенттік бизнес-инкубаторлар құрылған.

180

170-іс-шара:

Зерттеу университеттерінің даму бағдарламаларын әзірлеу









БҒМ

2013-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

Зерттеу университеті ретінде 10 ЖОО даму бағдарламаларын әзірледі.

Оның мақсаты мамандар даярлау деңгейін жақсарту және іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, әлемдік үздік әлемдік жетістіктер деңгейінде ғылымды қажет ететін және инновациялық әзірлемелер жасау, аграрлық ЖОО мен ҒЗИ-дың жоғары білікті және бәсекеге қабілетті ғылыми және педагог кадрлардағы, сондай-ақ АӨК республикалық еңбек нарығының мамандардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, ҚР АӨК жеделдетіп жаңғыртуға бағытталған инновациялық жүйе құру арқылы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін агроөнеркәсіп кешеніне жеделдетіп енгізу тәсілі ретінде оқу, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің тығыз интеграциясын қамтамасыз ететін зерттеу университетін қалыптастыру болып айқындалды.


181



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет