Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет9/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Іс-шара орындалды

Мектепке дейінгі ұйымдарының үлгі жобаларында инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасау нормативтері көзделген.

4241 балабақшаның 387-сінде инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған (пандустар, кіреберістер, көтергіштер).

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін даму мүмкіндіктері шектеулі балалар контингенті 5 461 баланы құрайды.



121

70-іс-шара:

Жазбаша тапсырмаларды қоса отырып, оқушылардың қалыптасу және құзыреттілігі деңгейін анықтауға бағдарланған 12 жылдық мектепті бітірушілер үшін ұлттық тест тапсырмаларын әзірлеу






Бұйрық

БҒМ

2015


IV тоқсан

23,470

0

0

РБ




Іс-шара орындалды

12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі эксперименттік жұмыс 2014-2015 оқу жылында аяқталды. Эксперименттік сыныптардың түлектері ҰБТ-2015 қатысты.

Олар үшін экспериметте қолданылған оқулық материалдары бойынша тестік тапсырмалар базасы жасалды.


122

Мероприятие 72:

Подготовка и проведение международных исследований (PISA, TIMSS, PIRLS) и подготовка Национальных отчетов по итогам исследований









МОН

2011-2015 гг.



17,306

102,9

102,9

РБ

033

Мероприятие исполнено

Казахстан принял участие в PISA-2012(5808 15-летних обучающихся из 218 организаций образования (200 школ и 18 колледжей).

По итогам участия Казахстана подготовлен и опубликован Национальный отчет «Основные результаты международного исследования PISA-2012».

В PISA-2015 приняли участие


7 842 15-летних обучающихся из 232 организаций образования (189 школ, 27 колледжей и 16 Назарбаев интеллектуальных школ).

Кроме того, 232 руководителя организаций образования приняли участие в анкетировании. Всего фактическое количество участников PISA-2015 составило 8 074 человека.



В TIMSS-2015 приняли участие 9 579 человек (4 710 учащихся 4-х и 4 869 учащихся 8-х классов).

В анкетировании также приняли участие 4 710 родителей учащихся 4-х классов, 179 директоров школ, 1 195 учителей-предметников 8-х классов и 239 учителей 4-х классов.

Всего фактическое количество участников TIMSS-2015 составило 15 902 человека.

Результаты PISA-2015 и TIMSS-2015 будут опубликованы в декабре 2016 года.

В 2015 году Казахстан впервые принял участиев в апробации PIRLS-2016 (1 388 учащихся 4-х классов из 34 школ, анкетирование 1 388 родителей, 34 директоров школ и 62 учителей начальных классов).

Общее количество участников апробации PIRLS-2016 составило


2 872 человека.

В апреле 2016 года Казахстан впервые в числе 50 стран мира примет участие в основном исследовании PIRLS-2016. Казахстан представят более 5 000 учащихся 4-х классов.

Результаты основного исследованияPIRLS-2016 будут опубликованы Международной организацией IEA в декабре 2017 года.


123

76-іс-шара: Өңірлерде тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету, 2011 жылы - 26, 2012 жылы - 28, 2013 жылы - 31, 2014 жылы - 35, 2015 жылы - 40







ЖАО

2011-2015 жж.



143,000

543,6

543,6

ЖБ




Іс-шара орындалды

2015 жылы 40 ресурстық орталықтар ашылған.



124

78-іс-шара:

Пәндер мен сабақтарды оқыту үшін барлық орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарын әдістемелік құралдармен, дидактикалық және үлестірмелі материалдармен, көрнекі құралдармен қамтамасыз ету









ЖАО,

ЖОО


2014-2015 жж.

423,000

75,6

74

ЖБ




Іс-шара орындалды

2015 жылы 008 РББ шеңберінде жалпы орта білім беру жүйесінде мыналар әзірленді:

- білім беру мазмұнын жаңарту бойынша 5 әдістемелік оқулық пен нұсқаулық;

- Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп үшін 29 өтпелі оқу бағдарламасы;

- оқу жетістіктерін сыни бағалау жүйесін енгізу бойынша әдістемелік құрал;

- негізгі мектепке арналған 27 оқу бағдарламасы пысықталды.

2014 жылы 008 бағдарламасы шеңберінде мыналар әзірленді:

- «Биология» (қазақ тілі), «Орыс тілі» (орыс тілі) және «Математика» (қазақ тілі) 2-4 сынып, «Информатика» 8-9 сынып (орыс тілі), «6-7 сыныптардағы жобалау қызметі (орыс тілі), 8-9 сынып (орыс тілі), «Дүниежүзі тарихы» 10-11 сынып ЖМҒ (орыс тілі) пәндері бойынша ШЖМ мен ресурстық орталықтар үшін 7 әдістемелік құрал;

- функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған сабақты ұйымдастырудың 16 әдістемелік құралы: 6-11 сыныптар үшін «Жобалау қызметі» (қаз.орыс тілдері); «Орыс тілі (Я 2) 10-11 сынып (қаз.тілі); «Математика» 1 сынып (қаз. орыс тілдері); «Ағылшын тілі (L3) 10-11 сынып, «Музыка» 1 сынып (қаз. орыс тілі); «Қазақ тілі» (Т 1) 10-11 сынып, «Қазақ тілі» (Т 2) 10-11 сынып; «Ұйғыр тілі» 10-11 сынып (қазақ тілі), «Өзбек тілі» 10-11 сынып (қазақ тілі); «Тәжік тілі» 10-11 сынып (қазақ тілі); «Информатика» 10-11 сынып (қаз. орыс тілі); «Тіл және әдебиет» 1 класс (каз.орыс тілі); «Әлемді тану» 1-сынып (орыс, қазақ тілі); «Ғылымға кіріспе» 1-сынып (қазақ, орыс тілі),

- «Орыс тілі» (Я 2) 10-11 сынып, «Орыс тілі» (Я 1) 10-11 сынып; «Қазақ тілі» (Т 2), «Қазақ тілі» (Т 1) 10-11 сынып; «Ағылшын тілі» (L3) 10-11 сынып; «АКТК» 10-11 сынып, «Жобалау қызметі» 6-11 сынып пәндері бойынша 8 дидактикалық материал.



ТжКБ жүйесінде оқыту процесін әдебиет оқулығымен және оқу-әдістемелік құралдарымен тиімді қамтамасыз ету мақсатында ҚР БҒМ «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ әдебиет оқулығының ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін тексере отырып, Ресейдің «Академия» баспасымен жұмыс істейді.

«РҒӘО» АҚ мен Беларусь Республикасыың КБРИ арасында 2015 жылғы қарашада ТжКБ оқытуды кешенді әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді.

«Кәсіпқор» холдингі» АҚ шетелдік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алумен айналысады. Атап айтқанда, «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық мектебі үшін 21 829 дана әдебиет оқулығы сатып алынды және бағдарланды, оның 8330-ы – шетелдік (6 647 бірл. - SAIT оқулықтары (Канада), 1 683 бірлігі - British Council оқулықтары).

Кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары негізінде модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуге байланысты, оқытушыға көмек ретінде оқу-әдістемелік кешендер әзірленді.



Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде ЖОО өтінімдерінің негізінде базалық оқулықтарды шығару және аудару бойынша 2015 жылға арналған тақырыптық жоспар (Жоспар) жасалды.

Осы Жоспарға оқулықтардың 12 атауы енгізілді, мемлекеттік тілде басып шығару үшін 22 млн. теңге бөлінді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.



125

86-іс-шара:

Стратегиялық әріптестерді тартумен Халықаралық бакалавриат бағдарламаларын әзірлеуге, енгізу мен авторландыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру









БҒМ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (келісу бойынша)

2011-2015




770,343

280,4

280,4

РБ

060

Іс-шара орындалды

Астананың зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриат (ХБ) бағдарламасы бойынша оқытады.

2015 жылғы қарашада Астана қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі MYP ХБ негізгі мектебін авторландыруды алды.

MYP бойынша оқыту оқытудың тұжырымдамалық түсінігі мен зерттеу, ойлау, қарым-қатынас жасау, өзін-өзі басқару, мәдениетаралық коммуникациялар дағдыларын дамытуға бағытталды.

Бастауыш мектептің ХБ PYP бағдарламасын авторландыруға даярлық жұмысы басталды.

2015 жылы алғаш рет Астана қаласының Зияткерлік мектебінің 42 түлегін сыртқы бағалау және қорытынды аттестаттау жүргізілді.

Барлық пәндер бойынша үлгерім 100%, білім сапасы – 71,4% құрады.

ХБ дипломдық бағдарламасы бойынша емтихандардың нәтижелері бойынша 37 түлек (90,2%) ХБ дипломын алды. Астана қаласы мектептерінің нәтижелерін ХБ мектептерінің орташа әлемдік көрсеткіштерімен салыстыру жалпы орташа балдың 0,5-ке және ХБ дипломын алған оқушылар үлесінің 10,9%-ға басым екенін көрсетеді.



126

87-іс-шара:

Бейіндік мектептерді салу (2012 жыл – 0, 2013 жыл – 0, 2014 жыл - 16, 2015 жыл - 16)









БҒМ,

ЖАО


2011-2015 жж.

16000,000

0

0

РБ




Іс-шара орындалмады

Бейінді оқытуды көздейтін 12 жылдық оқуға көшу мерзімінің 2015 жылдан 2016 жылға ауыстырылуына байланысты, бейінді мектептерді салу және ашу жөніндегі іс-шаралар басталмаған.

Бұл ретте, жоғары сыныптарда (11-12 сынып) жаңартылған мазмұнға көшу 2020 жылы басталады Осыған байланысты көрсетілген мектептерді салу және ашу әлі ерте.

Мектептерді мемлекет бюджетінің қаражаты есебінен салған кездегі басты басымдық үш ауысымдықты және апатты мектептеді жою болып айқындалды.

Бұдан басқа, қаражаттың жеткіліксіз болуына және кіріс базасын кеңейту мүмкіндіктері ескеріле отырып жаңа жобалардың іске асырылуына байланысты «Штаттарды кеңейтуге, жалақыны ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуге мараторий белгілеу туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 19 қазандағы №10137/1.2-08/15363 Жарлығына сәйкес 2018 жылға дейін әр түрлі бастамаларға маратории жарияланды.


127

88-іс-шара:

ЖОО-лар мен колледждер жанында қажеттілікке сәйкес бейіндік мектептер құру



-

Қазақстан Республи-касы Президен-тінің 2010 жылғы 4 наурыз-дағы №931 Жарлығы шеңбе-рінде

іске асыру туралы ақпарат



БҒМ,

ЖОО


2015

II тоқсан







0

0

РБ




Іс-шара орындалмады

Бейіндік мектептерді («Бейіндік мектеп») жалпы білім беру пәндерінің жоғары оқу орындарындағы құрамдауыштары бар интеграция шеңберінде 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде құру жоспарланды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамына сәйкес («ЭЫДҰ елдері стадарттарының негізінде адами капиталдың сапасын көтеру. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, озық мектептерді ынталандыру жүйесін жасау»), 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуді 2016 жылдан бастау жоспарлануда.


128

94-іс-шара:

Тиісті мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балаларды мектепке жайлы тасымалдауды ұйымдастыру және мектеп автобустарын сатып алу, оның ішінде: 2014 ж. - 376 бірлік, 2015 ж. - 454 бірлік









БҒМ

ЖАО


2014 – 2015 жж.

3584,836

168,4


168,4

ЖБ




Іс-шара орындалды

Білім беру ұйымдары жоқ 1 523 елді мекенде мектеп жасындағы 27 363 бала тұрады.

Оның ішінде 3 738 бала мектеп жанындағы интернаттарда тұрады және оқиды (аптасына бір рет көлікпен жеткізіледі), 628 – туысқандарының үйлеріде, 88 – пәтерлерде тұрады, 1 744 - мектепке өздері келеді және 21 165 - күн сайын тасымалданады.

Ыңғайлы көлікпен барынша аз қамтылғандар Қызылорда (52%) және Алматы (70%) облыстарында тіркелген.

2015 жылы тасымалдауды ұйымдастыру үшін 813 (2014 - 937) автокөлік қолданылады. Әкімдіктер 32 (2014 - 40) бірлік автокөлік сатып алған.

Автокөлік қажеттілігі 187 (2014 - 283) бірлікті құрайды.



129

95-іс-шара: Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруды мониторингілеу жөніндегі өңірлік ведомствоаралық сарапшылық топтар құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету







ЖАО

2011-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

Білім басқармаларының жанында білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдерінің және басқаларының қатысуымен 16 сараптама тобы жұмыс істейді.

Сараптама топтарының негізгі міндеті мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру сапасының мониторингі болып табылады.

2015 жылы 6 өңірдегі 46 білім беру объектісі тексеруден өткізілді (Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында).

Тексеру нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою және лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жазалар қолдану үшін облыстардың әкімдеріне хаттар жолданды.


130

96-іс-шара: Күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын тегін ыстық және дәрумендендірілген тамақпен қамтамасыз ету: 2011 ж. - 205 мың, 2012 ж. - 215 мың, 2013 ж. - 230 мың, 2014 ж. - 245 мың, 2015 ж. - 255 мың







ЖАО

2011-2015 жж.



3287,200

8187,1

8187,1

ЖБ




Іс-шара орындалды

2015 жылы аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалардың жалпы санынан (247 925) 247 667-сі (99,9%) тегін ыстық тамақпен қамтылды.

13 облыста және Астана, Алматы қалаларында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының 100%-ы ыстық тамақпен қамтылды. Тек Қостанай облысында ғана балалардың 2,6%-ы (258) тегін ыстық тамақпен қамтылмаған.

2015 жылы ҚР БҒМ «Жалпы білім беретін мектептерде оқитындар мен тәрбиененушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақ беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекітті. Бұл қызмет e.gov электронды үкімет порталы арқылы автоматтандырылды.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілді (ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 қаңтардағы №20 бұйрығы).

Талаптар тізбесі кеңейтілді (кәсіпкер қызметіне міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, өндірістік бақылау, тамақтардың технологиялық карталарының болуы).

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 326 қаулысымен бір рет берілетін мектеп тамағының нормасы бекітілді.

Тамақтануды ұйымдастыруды бақылау үшін ҚР БҒМ тәуекел деңгейлерін бағалау критерийлерін бекітті.



131

97-іс-шара:

Білім беру және ішкі істер органдарының «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларын, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шараларын, оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау бойынша аулаларды аралауды өткізуі









ЖАО

2011-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

2015 жығы 15 қаңтардан 15 ақпанға дейінгі кезеңде дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан 160 мың бала 600 млн. теңге сомасына акциямен қамтылды, оның ішінде 100 мыңға жуық бала 250 млн. теңгеге жуық сомаға демеушілік көмекпен қамтылды.

Акция шеңберінде оқумен қамтылмаған балаларды аула бойынша (пәтер бойынша) анықтау жұмысы жүргізілді (оқумен қамтылмаған 66 бала анықталды, оның 29-ы мектепке қайтарылды).

Оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде жыл сайын 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін аз қамтамасыз етілген және көп балалары отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмеулерінің алдын алу мақсатында республиканың барлық өңірлерінде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

2015 жылы 234 713 бала шамамен 1 млрд. 700 млн. теңгеге жуық жалпы сомаға материалдық көмек алды.

Оның ішінде 1 млрд. теңгеден артық жалпы сомаға 155165 балаға демеушілік және меценаттық көмек көрсетілді.

Балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мақсатында тоқсан сайын «Түнгі қаладағы балалар» рейді өткізіледі.

2015 жылы 33 мыңнан астам объект тексерілді (саяжайлар мен саяжай шаруашылықтары - 2413, фермер шаруашылықтары - 2692, нашар отбасылар - 10023, үйлердің жертөлелері - 5724, теміржол және автобус вокзалдары - 1586, көңіл көтеру ғимараттары - 4512, компьютер салондары - 2619, шағын аудандар, базарлар - 3469, жанар-жағар май станциялары, көлік жуу орындары - 2092).

Рейд қорытындылары кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық, аудандық (қалалық) комиссияларда қаралды және республикалық, облыстық, аудандық қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында, «Zakon.kz», «Nur.kz», «Tengrinews» жаңалықтар порталдарында кеңінен жарияланды.

2015 жыл ішінде «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шараларын өткізу бойынша 549 мақала жарияланды.


132

99-іс-шара:

3 ауысымдық және апаттық жағдайдағы мектептер орнына жаңа мектептер салу (2011 жыл – 25, 2012 жыл – 50, 2013 жыл - 4, 2014 жыл - 3)









БҒМ,

ЖАО


2011-2015 жж.




28746,7

3166,2


28746,7

3150,2


РБ

ЖБ


012

Іс-шара орындалды

ҚР БҒМ үш ауысымды және апатты мектептерді жою мақсатында 2011-2015 жылдар аралығындағы кезеңде 529 мектеп салды.

2015 жылы 130 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде ҰҚ қаражаты есебінен – 1, ЖБ – 68, РБ – 61.

Мемлекет басшысы Ұлттық қордан 70 млрд. теңге қарастыра отырып, 2017 жылдың соңына дейін апатты мектептер мен үш ауысымды мектептерді толық жоюды тапсырған.

Осы проблемаларды шешу үшін Мемлекет Басшысының («Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауының шеңберінде Ұлттық қор қаражаты есебінен 2015 жылы 34 мектептің құрылысы басталды (8 – апатты мектептердің орнына, 26 – үш ауысымдылықты жою үшін), оларды 2016 жылы іске қосу жоспарланған.

ҚР БҒМ апатты және 3-ауысымдық мектептердің проблемаларын шешу үшін Ұлттық қор есебінен 2016 жылы 23 мектеп құрылысының тізбесін қалыптастырды (8 – апатты мектептердің орнына, 15 – үш ауысымдылықты жою үшін).

Мектептердің құрылысы Алматы (6), Оңтүстік Қазақстан (11), Жамбыл (2), Шығыс Қазақстан облыстарында (2), Ақтөбе (1), Астана (1) қалаларында басталады.


133

102-іс-шара: Жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтау







ЖАО

2013-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

2015 жылғы 1 қазанға 4 366 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердегі спорт залдары стандартты жабдықтармен жарақтандырылды. 6 294 мектептің спорт алаңдары бар.

Мектептердің спорт залдарының спорт құралдарымен және жабдықтарымен қамтамасыз етілуін одан әрі жақсарту мақсатында спорттық-сауықтыру мақсатындағы құрылыстарды заманауи спорт жабдығымен жарақтандыру мәселелерін облыстардың, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің рейтингіне енгізу жұмысы жалғасатын болады.


134



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет