Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет7/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

18-іс-шара:

ЖОО-ның алдыңғы қатарлы және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарымен басым бағыттар бойынша көпжақты кооперациясы мақсатында жыл сайын шет елдерде ПОҚ біліктілігін арттыруды ұйымдастыру









БҒМ,

ИДМ


2014-2015 жж.

242,720

0

0

РБ




Іс-шара орындалды

2015 жылы «Назарбаев университет» ДББҰ базасында 100 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Соның ішінде:

-Ұлыбританияның (Лондон) кәсіпкерлік университетінде Жоғары білімдегі көшбасшылық қоры (15 тыңдаушы);

-Ұлыбританияның (Эдинбург) жоғары білімдегі көшбасшылық қорында (23 тыңдаушы);

-Рицумейканның (Жапония) Азия-Тынық мұхит университетінде (20 тыңдаушы);

-Пенсильвания (АҚШ) университетінің Жоғары білім мектебінде (20 тыңдаушы);

- Білім беру ұлттық институтында (Сингапур) (22 тыңдаушы).


93

24-іс-шара:Кейіннен бір өңір мен бір қалаға тарата отырып, 4 мектеп базасында оқытушыларды аттестаттау рәсімін байқаудан өткізу







БҒМ

2013-2015 жж.


















Іс-шара орындалды

2013 жылы педагог қызметкерлерді компьютерілік біліктіліктік тестілеу (ПККБТ) сынағы өткізілді.

2014 жылы педагогтердің біліктілік деңгейін растау үшін тест тапсырмалары құрылымы айқындалды.

Сонымен бірге қаржыландырудың болмауы себебінен жаңа құрылымға көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылды.

2015 жылы жаңа құрылымға сәйкес келетін тест тапсырмаларының базасын жасау жұмыстары жүргізілді. ПККБТ сынақтан өткізу 2015 жылғы мамыр-маусымда Ақмола және Алматы облыстарында, Астана, Алматы қалаларында өткізілді.

Педагог қызметкерлерді тестілеу 15 пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді («Мектепке дейінгі тәрбиелеу», «Бастауыш сыныптар», барлық оқыту тілдеріндегі сыныптар үшін қазақ және орыс тілдері, «Математика», «Физика» және т.б.).

Сынақтан өткізуге 640 педагог қызметкер қатысты. Тестілердің ескі құрылымы бойынша педагог қызметкерлердің - 60%-ы, жаңа құрылымы бойынша сынаққа қатысушылардың 21%-ы сәтті тапсырды (шегі 70%).


94

29-іс-шара:Қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысын жүргізу («Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен бірлескен жобалар, мастер-кластар, жаңашыл педагогтар форумдары, конкурстар, педагогикалық әулеттер жиыны, ғылыми-практикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер)







БҒМ,

ЖАО


2011-2015 жж.

-

74,7

74,7

ЖБ




Іс-шара орындалды

Педагог мәртебесін көтеру үшін ай сайын БАҚ беттерінде мақалалар жарияланады, «Үздік педагог» конкурстары, жаңашыл педагогтер слеттері, съездер, форумдар, конференциялар және т.б. өткізіледі.

3-6 мамырда «Талантты мұғалім – дарынды балаларға» жыл сайынғы республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілген.

Ағымдағы жылғы 1 қазанда «2015 жылдың үздік педагогы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.

«Үздік педагог» конкурсының аудандық, қалалық және облыстық кезеңдері өткізілді. Конкурстың І кезеңіне (аудандық және қалалық) 3 316 мұғалім, оның ішінен II (облыстық) кезеңге 550 мұғалім қатысты.

Конкурс қорытындылары бойынша 48 жеңімпазға (мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің 32 педагогы, 16-ТжКБ) «Үздік педагог-2015» белгісі мен куәлігі және 1,98 млн. теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы берілді.

Төрт жыл ішінде (2012-2015 жылдар аралығында) мектепке дейінгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 192 педагогы республикалық конкурстың жеңімпаздары атанды.

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйек және 4 қазан аралығындағы кезеңде Мұғалімдер күнін мерекелеу күндерінде ҚР БҒМ «Kcell» ПО ұйлы байланыс компаниясымен бірлесіп, «Мұғаліміңді құттықта!» республикалық акциясын өткізді (2015 жылғы 10 қыркүйектегі №02-5/2116-вн. хат)

Бұдан басқа, ҚР БҒМ ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағымен бірлесіп, Мұғалімдер күніне арнап «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты кеш ұйымдастырды. Іс-шараға педагогика еңбегінің ардагерлері, педагогтер ұрпақтарының өкілдері, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жас мамандар қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ 1 350-ден астам халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шара өткізді («Біліктілікті арттыру жүйесіне Smart-білім беруді енгізудің проблемалары» конференциясы, білім беру мен біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогикалық инновациялардың V халықаралық жәрмеңкесі, «Педагогтердің біліктілігін арттыру: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары» конференциясы; Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында оқушылар арасында патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру»» конференциясы, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында жеке тұлға зияткерлігін дамытудағы педагогикалық ізденіс» педагогикалық идеялар фестивалі, «Оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістердің, тәсілдердің, оқыту және тәрбиелеу амалдарының тиімді жүйесі ретіндегі педагогикалық технологиялар», «Педагогтердің кәсіптік өсуі: даму жағдайы және перспективалары», «Біліктілікіті арттыру институттарының оқытушылары мен қызметкерлерінің қызмет бабында өсуін басқару» конференциялары, «Заманауи IT-технологияларын жоғары мектеп оқытушыларыың кәсіби қызметіне интеграциялау» вебинары).

«Білім берудегі көшбасшылық: озық мұғалім – озық оқушы» сертификатталған мұғалімдер республикалық конкурсына Қазақстанның 10 облысынан 32 сертификатталған мұғалім қатысты.


95

30-іс-шара:Математика мұғалімдерін TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысуға даярлау







БҒМ,

ЖАО


2014-2015 жж.

-

-

-

-

-

Іс-шара орындалмады

Осы зерттеу IEA білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастықтың ақпараты бойынша (жобаны үйлестіруші) жабылды.

96

31-іс-шара:

Білім берудегі менеджмент мәселесі бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, орта білім жүйесінің басшы қызметкерлерін даярлау мен біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту









БҒМ

2011-2015 жж.



45,412

77,1

77,1

РБ

023

Іс-шара орындалды

2011-2015 жылдар аралығындағы кезеңде 19 313 адам (68,6%) менеджмент мәселелері бойынша даярлық курстарынан өтті.

2015 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында білім беру ұйымдарының 3300 басшысы біліктілікті арттырудан өтті. 2013 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО базасында - 243, 2014 жылы 1000 мектеп директоры оқудан өтті.


97

33-іс-шара:

Жоғары білім беру жүйесінің басшы қызметкерлері мен оқытушыларын қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыру



-

Қазақстан Республи-касы Президен-тінің 2010 жылғы 4 наурыз-дағы №931 Жарлығы шеңбе-рінде

іске асыру туралы ақпарат



БҒМ, ЖОО

2012-2015 жж.



-

832,6

832,6

РБ

023

Іс-шара орындалды

2015 жылы жоғары технологиялы кәсіпорындарда 11 246 ПОҚ біліктілікті арттыру курстарынан және тағылымдамалардан өтті.

Оның ішінде 8 546 ПОҚ - кәсіпорындар, ұйымдар мен ЖОО базасында, 2 700 - «Өрлеу» АҚ БАҰО және Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (ДШ ҰО) базасында.

ДШ ҰО-да 2 700 ПОҚ ішінен ДК курсынан 300 дене шынықтыру кадры (8823 мың теңге), «Өрлеу» АҚ БАҰО базасында (200 адам 9 615,080 мың тг сомасына, 455 адам - 218 640,695 мың тг, 170 тыңдаушы, 294 адам, 81 адам) және 1 200 ПОҚ педагог мамандары өтті.

Бұдан басқа, IGIP орталығы ҚазҰУ базасында 2015 жылы ИИДМБ-2 шеңберінде жалпы көлемі 20 ECTS кредиттік ПОҚ біліктіліктерін арттыру бағдарламасын және «Инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы» (ING-PAED IGIP) бағдарламасын бастады.


98

35-іс-шара:

ТжКБ-ны дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестер қызметін талдау









Мүдделі мемлекеттік органдар,

ЖАО,


БҒМ

«Атамекен одағы» ҚҰЭП

(келісу бойынша)

2011-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

Салалық және өңірлік кеңестердің қызметі бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларының мәліметтері бойынша 2015 жылы мынадай мәселелер қаралды:


  • салалардың білікті кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттіліктерін айқындау,

  • ТжКБ ұйымдарында кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру,

  • колледждер студенттерінің кәсіптік даярлық деңгейлерін бағалауды ұйымдастыру және өткізу,

  • жұмысшы кәсіптерін жариялау,

  • колледж түлектерін жұмысқа орналастыру,

  • ТжКБ жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды дамытудағы жұмыс берушілердің рөлі,

  • дуальді оқытуды енгізу,

  • колледждер үшін базалық кәсіпорындарды айқындау,

  • колледждердің инженер-педагог қызметкерлерін даярлау және біліктіліктерін арттыру.

Кеңестер жұмыстарының шеңберінде жыл сайын өңірлерде техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы» өңірлік форумдары өткізіледі.

99

41-іс-шара:

Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құру









БҒМ

2014-2015 жж.


















Іс-шара орындалды

2015 жылы 4 377 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектепте (2014 ж. - 3 259), барлық мемлекеттік колледждерде (462) және 65 азаматтық жоғары оқу орынында қамқоршылық кеңестері құрылды.



100

42-іс-шара: Пилоттық жобаның нәтижесі оң болған жағдайда ЖОО-ларға корпоративтік басқару мен стратегиялық жоспарлау қағидаттарын енгізу







ЖОО

2014-2015 жж. IV тоқсан


















Іс-шара орындалды

Байқау кеңестері 9 мемлекеттік жоғары оқу орнында жұмыс істейді (Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңіраралық мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті).

65 азаматтық ЖОО-да қамқоршылық кеңестері жұмыс істейді.

2015 жылғы 20 қарашада «Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 932 қаулысы қабылданды.

Министрлік белгіленген тәртіпте Байқау кеңестері туралы ережені (шақыру және отырыстар өткізу тәртібі) бекітеді.

Байқау кеңесіне мүшелікке үміткерлерді конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша 20 ЖОО-да байқау кеңестерінің құрамы қалыптастырылады және бекітіледі (Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университеті, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, С .Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогика институты, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Рудный индустриялық институты, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет).



101

44-іс-шара:

ЖОО-ларда олардың қызметінің ашықтығы мәніне әлеуметтік зерттеу жүргізу









ЖОО

2012-2015 жж.







-

-

-




Іс-шара орындалды

ЖОО басшылары Сыбайлас жемқорлық деңгейінің мониторингі және ЖОО ПОҚ қызметінің ашықтығы бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

ЖОО студенттері арасында социологиялық зерттеулер - сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерін анықтау үшін сауалнама жүргізу ұйымдастырылды.

ЖОО құрылымдрында бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімдері (заң бөлімдері), қадағалау комиссиялары құрылды және жұмыс істейді, олар сыбайлас жемқорлық көріністеріне байланысты мәселелер бойынша консультациялар береді, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қатысуымен заңнама нормаларына түсініктемелер береді.

Осы құрылымдардың негізгі қызметі – бұл сыбайлас жемқорлық фактілеріне, оның ішінде емтихан сессиялары кезінде уақтылы назар аудару.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана ЖОО ПОҚ арасындғы сыбайлас жемқорлық деңгейінің мониторингі бойынша 260-тан астам іс-шара өткізді.

ЖОО-да «сенім жәшіктері» бар.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оның ішінде «білім алушы студенттер арасында этика кодексін», «ПОҚ пен ЖОО қызметкерлерінің ар-намыс кодексін» сақтау бойынша жұмыс жүргізіледі.



102

48-іс-шара:Балалардың «Жалпы оқыту» қозғалысының бастапқы деректері, мониторингі негізінде бірыңғай электрондық білім статистикасының базасын жасау, байқаудан өткізу, енгізу







БҒМ

2013-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

Электронды оқыту жүйесін енгізу жобасы шеңберінде «ҰББДҚ» АЖ әзірленді (мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің бастапқы ұйымдарының статдеректерін автоматтандырылған жинау).

ҰББДҚ жүйесінде балалар контингентінің статдеректерін жинау ЭЦҚ арқылы қалалық, аудандық білім бөлімдері мен басқармаларының растауымен 10 қыркүйектен 10 қазанаралығындағы кезеңде жүзеге асырылды.


103

49-іс-шара:Облыстардың, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар түрінде ашық есептілік тетіктері мен нысандарын әзірлеу, енгізу







ҰБСБО

2011-2015 жж.




-

-

-

-




Іс-шара орындалды

Жыл сайын өңірлік Білім басқармалары білім берудің жағдайы мен дамуы туралы баяндамаларды жариялайды.

Баяндамалар өңірлік білім беру жүйелерінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етеді және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жарияланады (Өңірлік білім беру жүйелерінің тиімділігін бағалау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен индикаторлар тізбесі).


104

50-іс-шара:

Жыл сайын білім беруді дамыту мониторингісінің қорытындысын жариялау (білім жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама, білім статистикасының ұлттық жинақтары) және ҚР БҒМ мен ҰБСБО веб-сайттарына орналастыру









АТО

2011-2015 жж.

III тоқсан





26,6

26,6

РБ

008

Іс-шара орындалды

2015 жылғы наурызда «Ақпараттық талдамалық орталық» АҚ (АТО) «Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің статистикасы» ұлттық жинағын жариялады.

2015 жылғы тамызда АТО Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндаманы орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде дайындады және жариялады.

Ұлттық жинақ пен Ұлттық баяндама білім беру саласындағы педагог қызметкерлердің Республикалық Тамыз кеңесінде ұсынылды, барлық мүдделі органдарға назарға алу және жұмыста пайдалану үшін жіберілді, ҚР БҒМ мен «АТО» АҚ-тың www.iac.kz ресми сайтында орналастырылды.

Сонымен қатар, АТО мектептер мен жоғары оқу орындарындағы ҰБТ-2015, ВОУД-2015, КТА-2015 нәтижелері бойынша талдамалық жинақтар дайындады.

Материалдар мәлімет және жұмыста пайдалану үшін өңірлік Білім басқармаларына, БҒМ-нің ведомстволық ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелеріне жіберілді.

Бұдан басқа, барлық талдамалық жинақтар «АТО» АҚ-тың www.iac.kz ресми сайтында орналастырылды.


105

53-іс-шара:Электрондық оқыту жүйесін пайдаланудың халықаралық стандарттары және техникалық регламенттері негізінде бастапқы статистикалық деректерді жинақтауды қоса алғанда, электрондық оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық базасын әзірлеу







БҒМ,

БАжАК


2011-2015 жж.

-

-

-

-




Іс-шара орындалды

Электронды оқыту жүйесін тиімді енгізуді қамтамасыз ету үшін Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілді (ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №503 бұйрығы).

2012-2013 жылдар кезеңінде Пайдаланушы нұсқаулығы мен Электронды оқыту жүйесінің регламенттері, Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану қағидалары, ЭОЖ регламенті әзірленді және бекітілді.

Оқу процесінде электронды білім беру контентін пайдалану да «2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» нұсқамалық-әдістемелік хатына енгізілді.

Депутаттардың ұсынымдары мен ҚР Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес 2015 жылы:

- Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілді (ҚР БҒМ-нің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №263 бұйрығы),

- оқыту процесінде ЦББР-ды пайдалану «2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» нұсқамалық-әдістемелік хатына енгізілді,

- Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілді (ҚР БҒМ-нің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығы),

- электронды оқыту және ҰББДҚ жүйесін пайдалану бойынша практикалық және әдістемелік ұсынымдар әзіленді.

ҰББДҚ шеңберінде статистикалық есептілікті жинау электронды форматта жүзеге асырылады (ҚР БҒМ-нің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №57 бұйрығы). Осы бұйрық ҚР БҒМ ведомстволық статистика деректерін жинау рәсімін регламенттейді.



106



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет