Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды



бет19/19
Дата28.01.2018
өлшемі3,65 Mb.
#35456
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


5-қосымша
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды

дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасының 2016 жылғы іске асырылуы туралы

талдамалық жазба
І. Бағдарламалық құжаттың деректемелері:

Атауы: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама);

Құжаттың нөмірі және күні: Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы;

Құжатты іске асыру мерзімі: 2016-2019 жылдар

Есеп кезеңі: 2016 жыл.
1. Бюджеттік инвестицияны іске асыруға байланысты құжаттың іске асырылуы жөніндегі іс-шаралардың орындалу деңгейін анықтау бойынша көшпелі іс-шаралардың нәтижелері бойынша мәлімет.

Тоқсан сайын селекторлық режимде Алматы, Астана ққ., облыс әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен білім беру объектілерін салу барысы және бөлінген қаражатты игерудің мониторингісі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырыстары өткізілді.

Жұмыс барысында Республикалық бюджет, Ұлттық қор есебінен білім беру нысандарының құрылысы, сондай-ақ өңірлердегі проблемалы (тапсыру уақыты бұзылған) білім беру объектілері туралы мәселелер талқыланды.
2. Орындалмаған іс-шаралардың елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына әсері туралы ақпарат.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарында 4-іс шара ішінара орындалды. Аталған іс-шаралардың ішінара орындалуы елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға, сондай-ақ есептік кезеңде жоспарланған индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге кері әсерін тигізген жоқ.

1- іс-шара «Бұзылу түрлері бойынша ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға, оның ішінде көзі көрмейтін балаларға бедерлі-нүктелі шрифтімен (Брайль шрифті) және көзі нашар көретін балаларға үлкейтілген шрифтпен оқулықтар мен ОӘК әзірлеу, басып шығару және қамтамасыз ету».

ҚР Білім және ғылым министрлігі және Стади ИН ЖШС арасында жасалған шарт негізінде көзі көрмейтін балаларға бедерлі-нүктелі шрифтімен (Брайль шрифті) және көзі нашар көретін балаларға үлкейтілген шрифтпен 1-ші сынып оқушыларына оқулықтар мен ОӘК әзірленді.

2016 жылғы 21 қазандағы № 56-Т ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ұсынысы негiзiнде шарт бұзылған (3-тармақта тереңірек ақпарат ұсынылады).

2-іс-шара «ТжКБ ұйымдарын салу (2016 жылы - Астана қаласында - 2, 2019 жылы - Шымкент қаласында - 1, Қызылорда қаласында - 1)».

Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы 800 орындық кәсіптік мектеп (құрылыс саласы бойынша) құрылысының даярлығы 49%-ды құрайды. Мердігерлердің келісім-шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты соттың талқыланулар жургізілуі себебінен объектіде құрылыс-монтаж және әрлеу жұмыстары тоқтап тұр.

Мердігер «Алтын-21» ЖШС-нің көркейту жұмыстары бойынша келісім-шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты сот талқыланулары жургізілуде.

3-іс-шара «Қызметтер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышын әзірлеу»

«Еңбек нарығы талаптарына сәйкес дағдыларын дамыту» жобасы шеңберінде Дүниежүзілік Банк есебінен ҚР ДСӘДМ Ұлттық қызметтер сыныптаушының жобасын әзірледі.

Аталған бұйрық жобасы мемлекеттік органдармен келісілді (2016 жылғы 3 қыркүйектегі № 10-3-23/5799-хат). Бұйрықты әзірлеуші ҚР ДСӘДМ.

ҚР ИДМ бұйрықты 2017 жылы бекітуді жоспарлауда.



4-іс-шара «Бизнес тарапынан қоса қаржыландыруды ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Негізгі, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізуді қоса алғанда, ғылыми жобаларды және бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру».

2016 жылы қарастырылған шаралар шеңберінде 11 002,8 млн. теңгеге 1581 ғылыми-зерттеу жобасы, 14 787,5 млн. теңгеге 69 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылды.

Сонымен бірге Министрлік «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Қазіргі уақытта жоба ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, пысықталуда.


3. Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралармен бірге жүргізілген бақылау іс-шаралар туралы ақпарат.

2016 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Көзі көрмейтін балаларға бедерлі-нүктелі шрифтімен (Брайль шрифті) және көзі нашар көретін балаларға үлкейтілген шрифтпен оқулықтарды және оқу әдебиеттерін әзірлеу және апробациялау бойынша мемлекеттік сатып алу қызметі» бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі заңнамасының сақталуын сәйкестігін анықтау үшін мемлекеттік аудит жүргізілді (БҒДМБ іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 52 тармағы).

Ішкі мемлекеттік аудит 2016 жылғы 25 маусымнан 2016 жылғы 10 қазанға дейін кезеңді қамтыды.

Ішкі мемлекеттік аудиттің жүргізілу мерзімі 2016 жылғы 12 қазаңнан 2016 жылғы 21 қазанға дейін.

Бақылаудың қорытындысы бойынша сатып алулардың қорытындысына әсер еткен 129 485 714,2 теңгеге мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзушылықтары анықталды.

Бақылаудың қорытындысы бойынша қаражатты бюджетке қайтару шаралары қабылданды және бақылау барысындағы анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстары берілді.


4. Қорытындылар мен ұсыныстар оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы ұсыныстар

Іс-шараны орындауға есептік кезеңде бөлінген және игерілмей қалған қаржы жөніндегі ақпарат

2016 жылы БҒДМБ-ды жүзеге асыруға – 480 720,5 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:



Республикалық бюджет:

Бөлінді – 322 930,6 млн. теңге.

Игерілді – 322 082,6 млн. теңге (99,7%).

Игерілмеді – 848,0 млн. теңге.

Игерілмеу себебі – бюджеттік қаражатты үнемдеу, жеткізушілердің төлемнің негізділігін дәлелдейтін құжаттардың толық ұсынылмауы, КВГА ұсынылмауы және сот талқысы, білім алушылардың контингентінің азаюы, жеткізушінің қызметті сапасыз көрсетуі, гранттық жобаларды қаржыландыруды және ЖМҚ шеңберінде ғылыми жобалардың игерілмеуі.

Жергілікті бюджет:

Бөлінді – 157 789,9 млн. теңге.

Игерілді – 155 483,5 млн. теңге (98,5%).

Игерілмеді – 2 306,4 млн. теңге.

Игерілмеу себебі – бюджеттік қаражатты үнемдеу.

2016 жылы БҒДМБ-ның 5 бағыты бойынша 8 нысаналы индикатор мен 52 көрсеткіштің орта мерзімді мәндеріне қол жеткізу және 170 іс-шараны орындау жоспарланған.



8 нысаналы индикатордың барлығына жоспарлы түрде қол жеткізілді, оның 1-уі асыра орындалды.

БҒДСБ-ның 52 көрсеткішінің 2-уін 2017 жылы іске асыру жоспарланған.

Есепті жылға жоспарланған 50 көрсеткіштің 46-сы (92%) жоспар бойынша орындалды, 3-еуі (6%) бойынша– орындалмады, 1-еуі бойынша (2%) – ішінара орындалды.

Анықтама үшін: Орындалмаған көрсеткіш:

1. Зерттеушілердің 2014 жылғыжалпы (18 930 адам) санынан зерттеушілер санының өсуі (жоспар – 6,8%, факт – (-2,5%).

Ішінара орындалғаны:

1. Үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің үлесі (жоспар – 1,1%, факт- 1,5 %);

2. Қазақстандық оқушылардың халықаралық және ұлттық зерттеулердегі нәтижелері (жоспар - ОЖСБ 9-сынып – 37,4, факт- ОЖСБ 9-сы нып -33,25);

3. Ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес ғылыми ұйымдар қызметі тиімділігінің өсуі (жоспар – 6%, факт – 2%)

2016 жылы 170 іс-шара іске асырылды. Оның ішінде:

- 166 (97,7%) іс-шара жоспарлы орындалды;

- 4 (2,3%) іс-шара ішінара орындалды;

Жалпы есепті жылда БҒДСБ-ны іске асыру мониторингісінің қорытындысы көрсетілетін білім беру қызметтер сапасының деңгейінің жоғарылау үрдісін көрсетеді.

1) Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдардың желісі мен қамту ұлғайды, оның ішінде жекеменшік балабақшалардың саны.

2016 жылы 77 мың орынға арналған 825 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 45,6 мың орындық 589 жекеменшік балабақша. Осының әсерінен 3-6 жастағы балаларды қамту 81,6%-дан 85,8%-ға дейін артты.

Кадрлардың сапалық құрамын жақсарту үшін 7600 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2016 жылғы 1 қыркүйекте мектепке дейінгі жастағы бала меңгеруі тиіс базалық дағдылар анықталған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы енгізілді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың дағдыларды білу деңгейін анықтау үшін индикаторлар жүйесі әзірленді. Бұл жүйе а.ж. қыркүйектен бастап енгізіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-6 жастағы балалары бар ата-аналар үшін Отбасы.кз сайтында қашықтан оқыту ұйымдастырылды.

2) Орта білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жалғастырылуда. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің мемлекеттік стандарттары бекітілді. Оқу бағдарламаларын апробациялау 30 пилоттық мектепте жалғастырылуда. Жаңартылған мазмұнда функционалдық сауаттылыққа баса назар аударылады – тек біліп қана қоймай, оны қолдана білу.

2016 жылғы қыркүйектен бастап барлық 1-ші сынып оқушылары жаңартылған мазмұнмен оқиды, 2017 жылдан бастап 2, 5, 7-ші сыныптарды, 2018 жылдан бастап 3, 6, 8, 10-сыныптарды, 2019 жылдан бастап – 4, 9, 11-сыныптарды жаңартылған мазмұнға көшіру қарастырылған.

1-сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар енгізілді, оқулықтар онлайн орналастырылған

1-ші сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі енгізілді.

Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту үшін 74 мың мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Үш тілде оқыту сатылай енгізілуде. Қазақ тілінде білім бермейтін мектептер үшін 1-11-ші сыныптарға қазақ тілін деңгейлік оқытудың жаңа әдістемесі әзірленді.

Қазақ тілінің жиілік сөздігі, қазақ тілін үйрену үшін «NurLingo» онлайн қосымшасы және Ағылшын тілінің консорциумы жасалды.

2016 жылы 3 мыңдай педагог тіл курстарынан өтті, 18 мыңнан астам оқушылар тілдік лагерьлерде оқыды.

Жалпы білім беру мектептеріндегі физика, химия, биология, информатика мұғалімдеріне және ағылшын тілінде оқытатын ТжКБ жүйесінің педқызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі ендірілуде.

Қала және ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасы бойынша айырмашылықты қысқартуға аса назар аударылуда.

Бұл үшін білімді сандық бақылауды жаппай енгізу басталды. 7028 мектепте кең жолақты интернет бар, оның ішінде 1401 мектеп 2016 жылы қосылды.

Электронды оқу басылымдарының алуан түрі енгізілуде: электронды оқулықтар, оқу фильмдері, сандық білім беру ресурстары.

2016 жылы 4 мың мектепте «Күнделік» электронды күнделігі ензілді.

Қазақстандық мектеп оқушылары PISA зерттеуінде және әртүрлі халықаралық зияткерлік олимпиадаларда және жарыстарда болымды нәтижелер көрсетуде.

2016 жылы ҰБТ-ны қайта тапсыру енгізіліп, қоғамдағы шиеленісті жоюға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2016 жылы жоғары білімге қосымша 17 мың бала қолжетімділік алды.

Қазіргі уақытта ҰБТ нысаны екі сатыға бөлініп, өзгертілді: мектептегі бітіру емтиханы және ЖОО-ға түсу емтиханы. 1 ақпаннан бастап сынамалы ҰБТ-ны үйде, онлайн арқылы өтуге болады.

Министрлік әкімдіктермен бірге Мемлекет басшысының үш ауысымды және апатты мектептерді жою жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша біршама жұмыстарды атқарды. 2016 жылы 103 мектеп берілді. Ол проблемалық мектептер санын 156-дан 45-ке дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды қабылдауға ниетті тұлғалардың республикалық деректер қоры құрылды. 7 балалар үйі жабылды.

3) ТжКБ жүйесінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген мазмұны жаңартылған 45 бағдарлама барлық колледждерге енгізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс берушілерді кадрларды даярлау процесіне тартуды қамтамасыз ету үшін дуальді оқыту белсенді енгізілуде. 2433 кәсіпорын 421 колледжбен бірге экономиканың 10 басым бағыттары бойынша 27 мың студентті өндірісте оқытуда.

«Серпін» бағдарламасы бойынша еңбек күші аз өңірлерге жастардың мобильділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда, оңтүстік облыстардың 8250 студенті колледждерде (2200) және ЖОО-ларда (6050) білім алуда.

«Барлығына арналған тегін ТжКБ» жобасын енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы жылдан бастап барлығына арналған тегін ТжКБ жобасын іске асыру басталады. 5 жылда оқытумен 674 мың азамат қамтылатын болады.

ТжКБ-ні халықаралық деңгейге шығару үшін жұмыс біліктіліктері бойынша өңірлік және ұлттық Worldskills чемпионаттарын өткізу және халықаралық чемпионаттарға қатысу қарастырылған.

ТжКБ жүйесінде қазіргі таңда 44,2 мың жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушы ЖБ есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған (46,6 %).

Барлық колледждерді біріктіретін Электронды кітапхананың тұжырымдамасын әзірлеу басталды.

4) Жоғары білім беру жүйесінің негізгі жаңалығы – ректорларды таңдауды енгізу. 2016 жылы алғаш рет Байқау кеңестерінің қатысуымен 5 мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары сайланды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 6 ректор тағайындалатын болады.

ЖОО-лар менеджменттерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. 28 ЖОО-да әкімдіктердің, бизнестің, БҒМ мен қоғамның қатысуымен байқау кеңестері құрылды. 37 ЖОО-да Назарбаев Университеттің корпоративтік басқару бойынша сәтті тәжірибесі енгізілуде. ЖОО-лардың 100-ден астам жетекшілері Назарбаев Университеті базасында курстық даярлаудан және Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және Сингапурда тағылымдамадан өтті.

Педагогикалық кадрларды даярлау жаңартылған орта білім ескерілген типтік оқыту жоспарлары бойынша жүргізіледі. 2016 жылы талапкерлер алғаш рет педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО-ға оқуға түсу барысында педагогикалық қызметке икемділігін анықтайтын арнайы емтихан тапсырды. Жаңа форматтағы педагогтарды даярлау жұмыстары басталды.

Шағын жинақтық мектептердің ерекшеліктері ескерілген «Химия-Биология», «Математика-Физика», «Математика-Информатика», «Физика-Информатика», «География-Тарих», «Тарих-Дінтану» мамандықтары бойынша педагогтерді даярлау жүргізілуде. .

Барлық ЖОО-лардың оқу процесіне "Қазақстандық бірізділік" элективті курстары енгізілді.

Бүгінгі таңда елдегі ЖОО-ларда үш тілде педагогикалық кадрларды даярлау тәжірибесі бар. Ағымдағы оқу жылынан бастап бірінші курс студенттеріне пәндердің 50% оқыту тілінде, 30% ағылшын тілінде, 20% екінші тілде оқытылады,

"Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" пәні базалық оқулықты пайдалану арқылы ағылшын тілінде оқытылады.

ҮИДМБ үшін кадрларды даярлау, педагогикалық білімді жаңғырту және «Серпін» жобасын іске асыру жоғары білімнің басым бағыттары болып табылады.

Ол үшін өндірістің инновациялық технологиялары ескерілген мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. ҮИДМБ жобалары үшін 11 ЖОО-да 48 инновациялық білім беру бағдарламалары, сондай-ақ 10 базалық колледжде бағдарламалар бойынша кадрларды даярлау жүргізілуде.

Қоғамның ЖОО қызметін бағалау нәтижесі негізінде аккредитация жүргізу Қазақстанда білім сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады. Сапаны бағалаудың ашық стандарттары мен үдерістері енгізілуде, олар білім беру саясатын құруда нақты бағыттарды көрсетеді.

Ғылым саласында "Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелелерін коммерциализацияландыру туралы" ҚР Заңы іске асырылуда.

Назарбаев Университеті базасындағы екі инновациялық кластер Астана бизнес кампус және «Алатау» инновациялық технологиялар паркі бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын коммерциализацияландыру алаңына айналады.

Дүнижеүзілік банкпен бірлескен "Технологияларды коммерциализацияландыру" жобасы аяқталды, нарыққа 31 компания шықты, 6 лицензияланған шарт жасалды.

"Нәтижелі инновацияларды ынталандыру" жобасы үшін Халықаралық қайта құру және даму банкімен қарыз беру туралы келісім жасалды.

Сонымен қатар, білім және ғылым салаларында жақсы нәтижелерге қарамастан, бірқатар проблемалар да бар.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында орын тапшылығы сақталуда. Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарына орналасу үшін 544,6 мың өтініш тіркелген, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 708 бірлікке аз (545,4 мың өтініш). Бірнеше жерде кезекке тұру да орын алғандығын атап өткен жөн.

"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру" мамандығы бойынша кадрлар тапшылығы байқалады. Жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар педагогтардың саны 82 276 адамды құрады, олардың 30 804 педагогінде немесе 37,4%-да "Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру" мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар.

Орта білім беру жүйесінде

Жыл сайын жүргізіліп жатқан құрылысқа қарамастан апаттық және үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептердің саны азаятын емес.

Мысалы, 2016 жылғы 1 қаңдардағы жағдай бойынша 87 үш ауысымда сабақ жүргізетін мектеп қызмет етеді. Үш аусымда сабақ жүргізетін мектептерді жою үшін 2016 жылы 47 мектеп салынды. 2016 жылдың соңында үш аусымда сабақ беретін қосымша анықталған мектептердің саны 66-ны құрады.

Осылайша, үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің үлесі жоспарланған 1,1%-дың орнына 1,5 %-ды құрады.

Көрсеткіштің орындалмау себебі демографиялық өсім мен халықтың миграциялық белсенділігінің артуы.

Ерекше білім қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру мектептеріндегі білім процесіне араластырудың маңыздылығы сақталуда. Тиісті жағдайлар мектептердің тек 44,7%-да жасалған. ҚР БҒМ әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 7450 мектеп ызмет етеді, оның 3289 мектебінде инклюзивті білім беруге жағдайлар жасалған.

Инклюзивті білім берумен ең аз қамтылу Қызылорда-12,3%, Шығыс Қазақстан-16%, Қарағанды-24,7% облыстарында орын алған

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау үшін психолого-медико-педагогическалық консультациялар желісі жеткіліксіз дамыған.

Бүгінде 58 психолого-медико-педагогическалық консультациялар (ПМПК) қызмет етеді (2015 жыл - 55). 7 облыста ПМПК-лардың тиісті саны ашылған (Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан). Қалған облыстарда және Алматы қаласында психолого-медико-педагогическалық консультациялардың желісі жеткіліксіз. Оңтүстік Қазақстан облысында 1 млн.-на астам балалар үшін 2 ғана ПМПК-ның қызмет ететіндігін атап өткен жөн.

"Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" ҚР Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес 60 мың балаға 1 ПМПК ашу қажет.

2016 жылы 3 ПМПК ашылды: Павлодар облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Алматы қаласында - 1.

Ұлттық және халықаралық зерттеулердің нәтижелері оқушылар білімдерінің деңгейлеріндегі үлкен алшақтықты көрсетеді.

2016 жылы ҰБТ 165 пунтте өткізілді, оған өтініш білдірген 84 079 (96,6%) талапкер қатысты. Республика бойынша орташа бал - 81,2.

ҰБТ-2016-ның қорытындысы бойынша жеті өңірдің (Атырау облысы, Қызылорда облысы, ШҚО, Алматы облысы, Ақмола және Маңғыстау облыстарының) нәтижелері республикалық орташа көрсеткіштен төмен.

ОЖСБ нәтижесі бойынша 9 сыныптардың республика бойынша орташа балы - 33,25, оның -32,82 қазақ тілінде, 34,41-орыс тілінде.

PISA-2015 нәтижесі бойынша қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқу бойынша 1,5 жылға, математика бойынша 1 жылға артта қалу анықталған.

Жалпы алғанда TIMSS және PISA білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысудың нәтижесі бойынша қазақстандық оқушылар TIMSS-2015 бойынша АҚШ, Германия, Англия, Австралия және басқа да мемлекеттерді артта қалдырып 7-орынды алса, PISA-2015 бойынша 72 елдің арасында 44 орынға ие болды.

Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер қажеттілігі әлі де жоғары. Бүгінгі таңда 2,7 мың мұғалім 127 мектепте жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуда. Негізінде бұл жаратылыстану-математика циклінің пәндері.

3036 шағын жинақты мектептер (ШЖМ) қызмет етеді, бұл барлық мектептер санының 42,7-ын құрады. Оларда 205 853 бала (7%) оқиды, 51,2 мың (16,8%) мұғалім сабақ береді. Әдістемелік қолдау көрсету үшін 496 ШЖМ мектеп бойынша 160 ресурстық орталық құрылды (ТМ-176, ОМ-311). Ол ШЖМ-ді қажетті материалдық техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік бермейді.

ТжКБ жүйесінде:

Колледж студенттерінің жатақханамен қамтылуы 72,2%-ды құрайды. Қызмет ететін ТжКБ білім беру ұйымдарында жатақханалардың жетіспеуі сақталуда. Қазіргі уақытта жатақханадан орынды қажет ететіндердің саны 16,7 мың адамды құрайды.

Жатақханадан орынмен қамтамасыз етілмеген студенттердің саны 16 729 адамды құрайды, ең көп қажеттілік Ақмола (1998), Маңғыстау (1974), ШҚО (1819), Қостанай (1754) Атырау (1459) облыстарында және Алматы қаласында (2168). Жатақханалардың толтырылуы 67%, бұл ауылды жерлердегі студенттер санының азаюуымен түсіндіріледі, яғни, ауылдық колледждердің жатақханаларында (жобалық қуаты 66,8 мың орын, студенттер саны 44,6 мың).

Жоғары білім саласында

Қазіргі таңда мемлекетте экономика қажеттілігі және жұмыс берушінің болжамы ескерілетін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың біртұтас болжамдау жүйесі жоқ. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс орталық және жергілікті органдардың кадрлық қажеттіліктері бойынша тапсырыстары негізінде әзірленетініне қарамастан, көп жағдайда болжамдық қажеттіліктің орнына ағымдағы бос орын туралы ақпарат ұсынылады.



Ғылым саласында

Ғылыми кадрлардың қартаюы байқалуда. Қазіргі уақытта жас ғалымдардың үлесі 36,4%-ды құрайды (9008 адам).

Білім беру және ғылым сапасын арттыру мақсатында БҒМ-ға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп келесіні бұдан кейін іске асыру ұсынылады:

1) Мектепке дейінгі білім жүйесінде келесі бағыттар бойынша жұмыстар күшейту:

-жекеменшік әріптестіктің артықшылықтары бойынша ақпараттық жұмыстарды белсендендіру;

-тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында орналасқан мектепке дейінгі білім беру ұйымдар желісін ұлғайту, соның ішінде ЖМС есебінен.

- талаптарға сәйкес оқу және көркем әдебиет басып шығаруды қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі оқу және көркем әдебиеттерге сараптама жүргізу үшін сараптамашылар құрамының сапасын арттыру;

- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша ЖОО-ларда және колледждерде педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыру;

- мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

2) Орта білім беру жүйесінде:

- «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою үшін салынатын мектептер құрылысының уақытылы басталуы;

- мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын арттыру бойынша шараларды іске асыруды күшейту;

- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, психилогиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, ресурстық орталықтардың желісін арттыру;

- инклюзивті және арнайы білім беру бойынша біліктілікті арттыру;

- қосымша білім беру, оның ішінде сыныптан тыс үйірмелер және спорттық секциялар қызметін ұсынатын білім беру ұйымдарының желісін кеңейту;

- педагогикалық ЖОО-лар даярлаған ШЖМ үшін аралас пәндер бойынша мұғалімдердің, жоғары санатты ШЖМ педагогтерінің үлесін арттыру;

- жергілікті бюджет есебінен сервистік қызмет көрсетумен білім беру ұйымдарын лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру;

- білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу, мектептерді кең жолақты интернетке қосу (4-10 Мб) және жергілікті бюджет есебінен білім беру ұйымдрында компьютерлік техниканы жаңарту;

- мектептерді жарақтандыру, оның ішінде минимальді әлеуметтік нормаларды жүйелеу және анықтау бөлігінде өзгертулер енгізу;

- қаржыландырудың жан басына шаққандағы жүйесін енгізу;

3) ТжКБ жүйесінде:

- мемлекеттік білім беру тапсырысын кадрларға сұранысты болжауды ескере отырып арттыру ;

- техникалық білім беруді дәріптеу бойынша ақпараттық жұмыс;

- дуальді оқыту жүйесін енгізу шеңберінде потенциалды жұмыс берушілермен өзара іс-әрекетті күшейту;

4) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде:

- экономиканың сұраныстарын және жұмыс берушілердің болжалын есепке ала отырып мемлекеттік тапсырысты және мамандықтардың бірыңғай қорын қалыптастыру;

- ЖОО-лар есебінен магистрлар мен РhD докторларын даярлауды олардың сол ЖОО-да еңбекпен өтеуін міндеттей отырып, ұлғайту;

- өңірлерді дамытудың бағдарламасын іске асыруға бағытттау бөлігінде ЖОО-лар мен ЖАО-лардың өзара қарым-қатынасын күшейту қажет.

5) Ғылым саласында:

- жастарды ғылымға тарту бойынша шараларды іске асыру.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында көрсетілген негізгі басымдықтарды ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына келесі өзгерістер мен қосымшаларды енгізуді ұсынады:



Білім берудің барлық деңгейлері бойынша МТБ жарақтандыру үшін лизингтік қаржыландыру құралдарын енгізу бойынша іс-шаралар қарастыру;

Орта білім беру бойынша:

ІТ бағыты бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру;

ҚКЖ (құрылымдалған кабельдік жүйе) ішкі сымсыз интернет желісінің стандартын қабылдау бойынша іс-шаралар қарастыру.

«Техникалық және кәсіптік білім барлығы үшін тегін» жобасын енгізу шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру бойынша:

жұмысшы мамандықтар бойынша білім алушылар үшін тегін бір жолғы тамақтандыру;

3.0. жаңғыруының талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша іс-шаралар қарастыру.



жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықтау және білім беру бағдарламарының деңгейіне қатысты бақылау мен талаптарды күшейту мақсатында мынадай шаралар қарастыру:

1) ЖОО-лардың топ менеджментіне шет елдік мамандарды тарту (проректорлар, факультеттер декендары, менеджерлер, оқытушылар);

2) 3.0 жаңғыртудың талаптарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау;

3) 3.0 технологиялық дамуды жетілдіруге қажетті құзыреттер мен дағдылар негізінде инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;



4) елдің жетекші ЖОО-ларының білім беру қызметтерін экспортқа шығару.

Министрдің м.а. Э. Суханбердиев





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет