Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 002 жылғы тамыздағы n 345 Заңы



бет1/18
Дата09.06.2023
өлшемі162,5 Kb.
#178495
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
бала құқығы туралы заң
Қазақша сценарий, 11А Алгебра бақ парағы

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат


МАЗМҰНЫ

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "заң актiлерiне", "заң актiлерiнде", "заң актiлерiмен" деген сөздер тиiсiнше "заңдарына", "заңдарында", "заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.


Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала;
2) бала – он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
3) бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар;
4) баланы әлеуметтiк оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтiк байланыстар мен функцияларды қалпына келтiру, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөнiндегi iс-шаралар;
5) баланың әлеуметтiк бейiмделуi – өмiрде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi;
6) баланың заңды өкiлдерi – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеушi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегiнiң ең нашар нысандары, оның iшiнде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға, жезөкшелiкпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төменгi жастан кiшi балалардың еңбегi;
8) жетiм бала – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;
10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;
11) мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар – мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң, нормалар мен нормативтердiң ең төменгi көлемiн қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткiштер;
12) мүгедек бала – тiршiлiк етуiнiң шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организмiнiң функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегiз жасқа дейiнгi адам;
13) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенiң нысаны;
14) өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тiршiлiк етуi бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетiмен немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын балалар.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет