Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер



бет77/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
74-бап. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер

      1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi өз бетінше қабылдауды, атап айтқанда:

      1) тіреу және қоршау конструкцияларын өзгертуге байланысты емес, бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлау арқылы реконструкциялауды;

      2) уақытша құрылыстарды, соның iшiнде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрмыстық үй-жайларды;

      3) жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдары) учаскелерiндегi құрылыстарды, үй жанындағы немесе үй iргесiндегi (саяжай) учаскелердегi абаттандыру элементтерiн;

      4) контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды);

      5) автомашиналар саны елуден аспайтын ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ саны екеуден аспайтын автомашинаға арналған жайы бар көлiкжайларды;

      6) жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстарды салуды;

      7) шағын сәулеттiк нысандарды және аумақтардың қоршауын;

      8) үйлер (ғимараттар) маңындағы ашық спорт алаңдарын, тротуарларды, тас төсенiштерiн пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асырады.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттiк және (немесе) қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, бұл баптың нормаларын қолдануға болмайды.

      3. Осы баптың нормалары:

      1) құрылысы мемлекеттiк инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын;

      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.

      4. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      5. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда өз бетінше міндетті есепке алуға жатады.

      Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет