Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Объектiлердiң сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуде пайдаланушылардың мiндеттерi



бет76/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
72-бап. Объектiлердiң сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуде пайдаланушылардың мiндеттерi

      Пайдаланушыларға (жалдаушыларға, жалға алушыларға) объектiлердi пайдалану кезiнде олардың тиiсiнше сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай мiндеттер:

      1) тұтас алғанда объектiнi не оның жалға алынған бөлiгiн пайдалану жөнiнде оларды заңдарда белгiленген ережелерге (тәртiпке, нұсқаулықтарға) не жалдау (жалға алу) шартының талаптарына сәйкес пайдалану;

      2) жалдау (жалға алу) шартының талаптары бойынша пайдаланушыға (жалдаушыға, жалға алушыға) жүктелген күтiп ұстау мен жөндеу жөнiндегi жұмыстарды уақтылы және тиiсiнше жүзеге асыру;

      3) объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтау, түрлендiру, жаңғырту, сондай-ақ объектiнiң сәулеттiк келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөнiндегi жұмыстарды тек меншік иесінің келісімімен және құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру;

      4) меншiк иесiн объектiнi пайдалану кезiнде болған оның сипаттамасындағы өзгерiстер немесе техникалық авариялар туралы хабардар ету жүктеледi.

11-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТIЛЕРIН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ

73-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру тәртiбiне қойылатын жалпы талаптар

      1. Салынған объектiлердi қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және осы Заңмен реттеледi.

      2. Тапсырыс берушi салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi.

      Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда, салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырыс берушi, инвестор, құрылыс салушы) өз бетінше жүргiзедi.

      3. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру кезiнде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

      4. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітуге жатады.

      Қабылдау актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.

      5. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.

      Объект бұзушылықтармен және құрылыстағы шалағайлықтармен пайдалануға қабылданған жағдайда, объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

      6. Объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылардың мiндеттерiне:

      1) құрылысы аяқталған объектiнiң дайындығын анықтау және құжаттамалық растау;

      2) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және монтаждалған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн бағалау;

      3) жұмыстарды орындаушының бекiтiлген жобаның нормативтiк талаптарын сақтау бойынша не ауытқулардың бар-жоғы бойынша iс-қимылын белгiлеу және оларды мемлекеттiк нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;

      4) объектiнiң қолданысқа енгiзiлетiн қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) жобада бекiтiлген көрсеткiштерге сәйкестiгiн белгiлеу;

      5) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтастай объектiнiң прогрессивтiлiгiн бағалау;

      6) монтаждалған технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелердi бақылап сынамалау мен сынақтар жүргiзу;

      7) объект пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушiге тиiстi уәжді қорытынды беру кiредi.

      6-1. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою объектіні түпкілікті тексеріп-қараудан және осы тарауда белгіленген талаптар сақталғаннан кейін жүзеге асырылады.

      7. Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі болмаса, салынған объектіні пайдалануға жол берілмейді. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы өнеркәсіптік (өндірістік) объектілерді іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға жол беріледі. Стандарттау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, іске қосу-жөндеу жұмыстары кезінде шығарылатын өнім объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін өткізіледі.

      8. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру мен техникалық мәліметтерін енгізу, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тіркеу үшін объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi негіз болып табылады.

      Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет