Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi



бет78/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi

      1. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады.

      2. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.

      3. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден (бас мердiгерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды сұратады.

      Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады.

      Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады.

      4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға (объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығына түпкілікті тексеру жүргізуге) міндетті.

      5. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.

      Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектiнi пайдалануға қабылдау осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      6. Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды ұсыну – жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды.

      Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет