Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Қазақ хандығының құрылуы-тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи кезең. Тарихи кезеңдер мен даму жолдары. Керей мен Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуекел хандарының рөлі



бет10/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
9. Қазақ хандығының құрылуы-тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи кезең. Тарихи кезеңдер мен даму жолдары. Керей мен Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуекел хандарының рөлі.

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында мейлінші күшейіп, сол кездегі қазақ елінің өрлеуі халық есінде сақталып жетті. Қасым хан билік құрған жылдары Жетісу қазақтары да толығымен дерлік Қазақ хандығының құрамына алынып, мұндағы Моғол ханның билігі шектелді. Көрші елдер Қасым тұсындағы Қазақ Ордасын қуатты мемлекет ретінде таныған. Шайбани мемлекетінің жеңілуі Қасым ханға оңтүстік Қазақстан жеріне билігін жүргізуге мүмкіндік берді. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының өзге жұрт жеріне көз алартпай, өз елін біріктіру саясаты орныға түсті. Ноғай мырзаларымен қарым-қатынастар да осы саясат аясында болған. Қасым хан қазақ жерлерін біріктіру саясатын тұрақты жүргізді. Нәтижесінде 1513-1521 жылдары Қазақ хандығы Еділ-Жайықты саяси бақылауына алып, Батыс Қазақстан түгелдей дерлік Қасым ханның қол астына өтеді. 1513 жыл шамасында Қасым ханның қол астындағы әскер саны 300 мыңға жуық деп шамаланса М. Х. Дулати дерегі бойынша 1515-1518 жылдары бір миллион деп есептеледі. Бабыр өз естелігінде «Жошы ханнан соң ешкім де ол ұлысты Қасым хандай басқара алмады» – деп атап көрсеткен. Қасым хан ел мүддесіне сай саясат жүргізді. Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен бейбіт қатынастар орнатты. Қасым хан тұсында мемлекет басқару ісінде де алға басу байқалды. Ұлыс билеушілерінің билігі реттелді. «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған заңдар жинағы қабылданып, ол қазақтың дербес руханияты мен саясатының негізіне айналды. Қасым хан Сыр өңіріндегі сауда-экономикалық орталықтарды хандық құрамына қаратып, сонымен бірге Ноғай Ордасының көптеген ұлыстарын бақылауына алады. Қазақ хандығының жан-жақты өрлеуі Қасым хан қайтыс болған 1521 жылдың басына шейін созылған болатын.


Хақназар 1510-1581 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ халқын біріктіруге, мемлекеттігін нығайтуға айырықша еңбек сіңірген мемлекет қайраткері. Қасым ханның кіші ұлы. Хақназар алдымен Ноғай Ордасының қол астындағы ұлысты басқарды. Осы тұста Қазақ хандығы әлсіреп, сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшырайды. Осындай қиын кезеңде билікті қолына алған Хақназар елінің еңсесін көтеріп, сыртқы жағдайларды Қазақ Ордасының мүддесіне пайдалана білді. Ол Қасым ханның ісін жалғастырып, Ноғай Ордасының бір бөлігін Қазақ хандығына қосты. Башқұрт халқының Ресейге мойынсұнбаған бөлігі де Қазақ Ордасының құрамына кірді. Хақназар Сібір хандығымен күрестің нәтижесінде Орта жүздің шетте жүрген руларын оңтүстікке топтастырды. Ойраттарға күйрете соққы берді. Моғолстан ханы Абд әр-Рашид ұлы Абд әл-Ләтиф сұлтанды жеңіп 1555 жылы Ұлы жүз руларының көпшілігін қосып алды. Түркістан, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Тараз қалаларын қайтарып алды. Қырғыздардың бір бөлігі Хақназарды хан деп таныды. Шайбани ұрпақтарымен саяси-мәмілегерлік тәсілдермен де, қарудың күшімен де шешуші ұрыстар бастады. Хақназар оңтүстік және оңтүстік-шығыста Қазақ хандығынан бөлініп қалған аймақтарды біріктіруге күш жұмсады. 1568 жылы Хақназар хан, Шығай сұлтан мен Жалым сұлтанның біріккен қолы Еділ-Жайық аралығын басып өтті. Осы жорықтың нәтижесінде Қазақ хандығының аумағы кеңіп, ұлғайды. Хақназар хан тұсында қазақтардың қырғыздар, қарақалпақтар, башқұрттар, ноғайлар, өзбектер және Сефевилік Иран, Османлы, Мәскеу мемлекеттерімен байланыстары нығайды. XVI ғасырдың 70-жылдары қазақ хандығы көрші мемлекеттермен соғыспаған. Елдің ішкі басқаруына көбірек назар аударды. Қасым хан заманынан кейін екінші рет Хақназар хан Мәскеу мемлекетімен тиімді саясат және сауда байланыстарын орнатты. 1571-1572 жылдары ол Мәскеуге өз елшілігін жіберген. Бұқар ханы Абдолла мен Ташкент уәлаятының әмірі Баба сұлтанның алауыздығын пайдаланып, Ташкентті қосып алдуы көздеді. Алайда сыртқы жауларының әрекетінен қаза тапты Хақназар хан соңғы мүмкіндігіне дейін қазақ елінің дербестігін сақтау үшін күресті. Ардақты ханның үш жүзді біріктірмек асқақ арманы ел көкейінде қалды.
XVI ғасырдың 80-жылдарының басындағы қиыншылықтардан кейін елдің бірігуі Тәуекел есімімен байланысты. Оның тұсында мемлекет Қасым хан мен Хақназар хан замандарындағы күш-қуатқа қайтып оралып, тәуелсіз жағдайын бекітті. Тәуекелді қолдаған қазақтар Бұқар хандығының қол астында қалған Оңтүстік жерлерді және қалаларды қайтарып алуға үміттенді. Елдің дені біріккен соң, Тәуекел хан осы істі қолға алды. 1598 жылдың басында Тәуекел бастаған қазақтардың Ташкент, Бұқар хандығына қарсы жорығы басталды. Аз уақыт ішінде қазақ ханының билігі Түркістан, Сайрам мен Ташкент аймағына орнады. Елді біріктірген Тәуекел хан қалмақтарды қол астына алды. Соған байланысты деректерде Тәуекел қазақтар мен қалмақтардың ханы деп аталады. Тәуекел ханның қалмақтарды бағындыруы Қазақ хандығының Шығыс Түркістан иеліктеріне қуатты саяси ықпал жасауына жол ашты. Шығыс Түркістан иеліктеріндегі бектер Тәуекел ханның ризалық қолдауымен ғана өз биліктерін жүргізді. Тәуекел алыс мемлекеттердің ішінде қуат алып келе жатқан Мәскеу мемлекетімен Қасым хан, Хақназар хан замандарындағы тең қатынастарды дамыту жолын іздеді. Бұқар хандығымен арпалыс жылдарында Тәуекел хан алыстан оқ-дәрі қаруын алудың да маңызын білді. 1594 жылы Тәуекел хан Мәскеуге Құлмұхамет бастаған елшілік жіберді. Елшілік екі мәселеге зор көңіл бөлді. Біріншісі – Бұқар хандығына қарсы Мәскеуден оқ-дәрі көмегін алу. Екіншісі – 1588 жылы Ертіс жағалауында аң аулап жүрген кезде Тобыл әскербасы Д. Чулковтың тұтқындауымен Мәскеуге әкетілген Оразмұхамет сұлтанды қайтару. Келіссөздер кезінде Мәскеу аталған талап-ұсыныстарды қабыл алып, екі елдің арасындағы қатынастардың жақсаруына септігін тигізген болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет