Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет6/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
Қазақстан аумағындағы «Ұлы Жібек жолының» тармақтары. Қазақ жері ертеден Батыс пен Шығысты жалғастырып жатқан көпір тәрізді болды. Орта ғасырлық қалалардың барлығы жол бойында орналасқан болса, осы күнгі аймақтағы басты тас және темір жолдар бұрынғы керуен жолдарының іздерімен салынған. Жетісу жері Шығысқа шығатын негізгі қақпа болып, онда Жібек жолының негізгі үш тармағы болды. Біріншісі, Тараз қаласынан шығып, Алматыға келіп, одан Шелек, Сүмбе, Жаркент (Ілебалық) қалалары арқылы шығысқа кеткен. Екіншісі, Тараз қаласынан шығып, Алматыға келген соң, Қапшағай, Шеңгелді, Алтынемел, Дүнгене, Қойлық қалаларынан өтіп, Алакөлді жағалай Жоңғар қақпасы арқылы шығысқа кеткен. Үшіншісі, Тараз қаласынан шығып, Құланға келіп солтүстік-шығысқа қарай Хантау, Балатопар, Айнабұлақ бекеті арқылы солтүстік-шығысқа кеткен, осы жолмен 1253 жылы Франция королінің елшісі Вильгельм Рубрук, Моңғолияға Мөңке ханға барған. Жібек жолының Жетісудағы тармақтары Тараз қаласында түйіскен сондықтан да деректемелерде қаланы «көпестер қаласы» деп атаған.
Тараз қаласынан шыққан жол Оңтүстік Қазақстандағы Испиджаб (немесе Сайрам) қаласына келген, бұл екі қала орта ғасырда Қазақстан аумағындағы басты сауда орталықтары болған. Испиджаб қаласынан жол екі тармаққа бөлінген. Біріншісі, оңтүстік-батыс бағыт, ол Ташкент қаласына барып, Орта Азияның Бұхара, Самарқан қалалары арқылы батысқа кеткен. Екіншісі, солтүстік-батыс бағыт, Испиджаб қаласынан шығып, Шымкент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, қалаларын басып өтіп Баршынкент қаласына барғанда жол екіге бөлінген. Біріншісі, оңтүстік-батыс бағытында Хорезмге кетсе, екіншісі солтүстік-батыс бағытында Жаңакент қаласынан өтіп, Арал теңізінің солтүстік жағалауларын жағалай отырып, Каспий теңізінің солтүстік жағалауларына барып, одан кейін батысқа қарай кеткен. Жолдың аталған екінші солтүстік-батыс тармағы, Византия императоры ІІ Юстиниан мен Түркі қағаны Дизабул 568 жылы сауда-дипломатиялық одақ құрған кезде жандана түскен, тағы кейін Алтын Орда дәуірі кезінде бұл жол сауда керуендері көп жүретін жолға айналған. Жаңакент қаласынан солтүстікке қарай Солтүстік Қазақстанға сауда жолының бір тармағы бағыт алған, осындай тармақ Сығанақ қаласынан солтүстікке Ақсүмбе қаласына, одан ары, Орталық Қазақстанға кеткен. Түркістан қаласынан да Орталық Қазақстанға Жыланқарауыл қаласы арқылы кеткен жолдың тармағы болған. Осындай солтүстікке кеткен сауда жолдары негізінен Орталық және Солтүстік Қазақстан жерлерін «Ұлы Жібек жолымен» байланыстырған сауда жолының тармақтары болған.
Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық, халықаралық қатынастағы маңызы.
Жібек жолы тек қана сауда жолы емес, сонымен қатар, Еуразия құрлығының халықтары арасында бейбіт дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орнатқан жол болды. Өз кезегінде бейбіт экономикалық қарым-қатынастар, көп елдердің шаруашылығын дамытып, әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізді. Сауда жолдарының бойларында қалалар тұрғызылып, архитектура, құрылыс саласының өркендеуіне алып келді. Сондықтан да «Жібек жолы» деген атауға «Ұлы» деген сөз қосылды. Алғашында жібек маталары тек Қытайда ғана өндірілсе, біздің заманымыздың алғашқы кезінде жібекті Орта Азия, Иран, Византия сияқты елдерде өндірген, мұны жол арқылы халықтар өндірістегі жетістіктермен бөлісіп, бірінен-бірі үйреніп отырды деп айтуға болады. Әсіресе бұл жолмен алғашында жеміс-жидек, көкөністер, түрлі дәмдеуіштер сатылса, кейіннен сырттан келген, сол өнімдерді, кейбір елдер өздерінде өсіріп шаруашылықтарын жандандыра түсірген. Мысалға, алғашында Қытайда ғана өскен болгар бұрышы бүкіл құрлыққа тараса, Таяу Шығыс пен Орта Азиядан Қытайға жүзім, қауын, қарбыз сияқты түрлі дақылдар барып, сол жақта да өсіріле бастаған. Испиджаб, Отырар, Талғар сияқты орта ғасырлық қалалардан археологтар, фарфордан жасалған ыдыстар, Жерорта теңізі елдерінің әдісімен жасалған түрлі бұйымдарды көптеп тапты. Ғалымдар ондай жәдігерлердің көптеп табылуына байланысты, алғашында бұйымдарды сатып алған болса, кейіннен жергілікті шеберлер де сол бұйымдарды өздері жасаған дейді. Орта ғасырда Қазақстан аумағын мекендеген халықтар «Ұлы Жібек жолымен» әлемдік саудаға асыл тұқымды жылқы шығарумен әйгілі болған. Сол себепті ертедегі деректерде Түркі қағанаттарын солтүстіктегі «сәйгүліктер патшасы», - деп атаған, ал дамыған орта ғасырда қыпшақ жылқылары Орта Азия базарларында аса қымбат бағаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет