Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы дәуіріндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің өзгеруі. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі



бет26/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
20.Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы дәуіріндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің өзгеруі. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда “Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады” делінген.
РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 ж. сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің Ү съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 - Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған “Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осылайша, әуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды. Қазан төңкерісінен бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жұмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар жүргізілді. Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші - қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа, екінші - олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтан да „Алаш” зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов құрастырған бағдарламаның жобасы “Қазақ” газетінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он пункттен тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда “Алаш” партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы “Алаш” партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет