Қазақстан республикасының білім және ғылым м


Модуль 2 Жеке токсикология



бет3/18
Дата29.04.2018
өлшемі2,5 Mb.
#40309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Модуль 2 Жеке токсикология

4 Дәріс Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар.


Карбамид токсикологиясы.

Жоспар:


  1. Жалпы сипаттама.

  2. Патогенезі.

  3. Симптомдары.

  4. Патоморфологиясы.

  5. Диагностикасы.

  6. Емдеу шаралары.

  7. Алдын алу шаралары.

Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.

2 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.

Қосымша әдебиеттер



  1. Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет

  2. 2 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.

Күйіс қайыратын жануарларға бейбелоктың азот көзі ретінде мочевинаның карбамид, аммони тұзы, биурет, дициандиамид сияқты туындыларын береді. Мал шаруашылығы тәжірибесінде карбамид, аммони сульфаты және диаммони сульфаты жиі қолданылады.

Карбамид – СО(NH2)2 – көмір қышқылының қос альгиді – ақ, иіссіз, суда жақсы еритін тұзды-ашты дәмі бар, кристалл тәрізді ақ ұнтақ. Ерітінділері нитралды. Сілті және күшті қышқылдар әсерімен гидролизге ұшырап, аммиак және көмірқышқыл газын шығарады. Күйіс қайырушы жануарлар мес қарынында уреазаның микробиалды ферментінің ықпалымен гидролизге ұшырайды.

Патогенезі.

Мочевинаның өзі адам мен мал ағзасындағы азот алмасуының аралық өнімі ретінде аса уытты емес. Биологиялық белсенділігі бар алайда ағзаның қызметінде елеулі өзгерістер пайда болатындай емес.

Мочевина күйіс қайырушы малдың мес қарынына көп мөлшерде енсе ғана уытты болады. Демек, уыттылығы бөліну өнімдеріне байланысты.

Карбамид мас қарынында гидролизге үшырайды, оның нәтижесінде екі өнім аммияк және көмірқышқыл газы пайда болады.

Көмір қышқыл газының шектен тыс жиналуы уланудың келеңсіз құбылыстарын басады, өйткені ол мес қарынның ішіндегі рН мөлшерін азайтуға қатысады. Қышқыл ортада (СО2) карбонат аммони формасында болады, оның иондары еркін аммиакпен салыстырғанда қанға баяу сіңеді. Карбамид токсикозында, ал оған сілті ортасы тән, көмірқышқыл газын бикарбонат формасына ауысады, ал еркін аммиак жоғары жылдамдықпен қанға сіңеді.

Көмірқышқылының негізгі бөлігі қанға сіңеді және өкпесі арқылы ағзадан шығарылады. Бұл эритроциттерде карбоангиразы ферментінің болуының нәтижесі. СО2 көп бөлігі кекіру кезінде басқа тұздармен бірге шығарылады.

Аммиак – мидың функционалды қызметінің қажетті элементі және концентрациясы артқанда күшті уға айналады.



  1. Дәріс Фосфорорганикалық қосындылар токсикологиясы

ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Фосфорды 1669 жылы неміс алхимигі Г.Бранд ашты. Фосфор бірнеше аллотропиялық түр өзгерістер түзеді. Олардың ішіндегі маңыздылары ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор - улы, түссіз, кристалды, суда ерімейтін қатты зат. Ауа қатыстырмай әлсіз қыздырғанда немесе жарықтың әсерінен қызыл фосфорға айналады. Қызыл фосфор – қызыл қоңыр түсті зат. Оның қасиеттері ақ фосфордан өзгеше. Ол усыз, суда ерімейді. Ауада қиын тотығады да, тек 360 0С жанады. Қатты қыздырғанда қызыл фосфор балқымай ұшып кетеді, ал оның буын тез салқындатса ақ фосфорға айналады. Қара фосфорды алу үшін ақ фосфорды 2000-та және 1,2*1010 Па қыздырады. Қара фосфор граыитқа ұқсайды.

Химиялық қасиеттері жағынан фосфор өте реакцияласқыш элемент, көпшілік заттармен тікелей қосылысады, әрі көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Оттек, галогендер, күкірт және бірсыпыра металдармен өте оңай қосылысады.

Фосфор металдармен әрекеттесіп фосфоридтер түзеді. Фосфидтер сумен әрекеттесіп фосфордың сутекпен қосылысы фосфин (РН3) түзеді. Фосфор күшті металеместер: оттекпен, хлормен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.

Алынуы.

Фосфорды фосфиттің, кокстың, құмның қоспасын электр пешінде ауа қатыстырмай қыздыру арқылы алады. Қосылған кокс фосфорды тотықсыздандырады, ал құм түзілген кальций оксидімен қосылыпоны шлакқа айналдырады.



Ca3(PO4)2+5C+3SiO2→2P+5CO+3CaSiO3

Түзілген бу түріндегі фосфор мен көміртек оксидінің қоспасын салқындатқанда ақ фосфор буы қатты күйдегі ақ фосфорға айналады.

Фосфордың сутекпен қосылыстары.

Фосфордың сутекпен екі қосылысы бар: РН3 (газ), Р2Н4 (сұйық). Фосфор сутекпен нашар қосылады. Сондықтан фосфорсутекті не фосфинді РН3 алу үшін кальций фосфидін тұз қышқылымен, тіпті сумен әрекеттестіреді. Фосфинді басқа жолмен ақ фосфорды сілтілік ортада реакцияластырса да түзіледі.

Фосфин сарымсақ иісті, улы газ, химиялық қасиеттері жөнінен аммиакқа ұқсас. Құрылымы NH3 сияқты, пирамида тәрізді. РН3 бөлінбеген қос электронды бұлты нашар гибридтенгендіктен оның электрон донорлық қасиеті аммиакқа қарағанда әлсіздеу, сондықтан фосфин аммиак сияқты емес, қосып алу реакцияларына бейімділігі кем, фосфоний тұздары кейбір қышқылдарда ғана болады, әрі өздері тұрақсыз. Фосфин суда ерігенмен қосылыс түзбейді. Фосфин да фосфоний туындылары да – күшті тотықсыздандырғыш.

Р2Н4 – дифосфин, гидразинның аналогы, түссіз сұйықтық, фосфидтердің гидролизінде РН3 қабат түзіледі. Күшті тотықсыздандырғыш, ауада өздігінен тұтанады.

Фосфордың оттекті қосылыстары.

Фосфордың үш оксиді бар: Р2О3, Р2О4, Р2О5.

Н3РО2 – фосфорлылау қышқыл – қатты кристалдық, суда жақсы еритін зат. Бұл қышқылдың тұздары гипофосфиттер деп аталады. Бұл қышқылдың құрамындағы фосфор +1 тотығу дәрежеде болады. Гипофосфиттер – күшті тотықсыздандырғыштар.

Р2О3 – фосфор баяу тотыққанда, немесе оттек жеткіліксіз болғанда түзілетін, ақ түсті кристалдық зат. Төмен температурада полимерленіп Р2О6 түзеді. Суық сумен қосылып фосфорлы қышқыл Н3РО3 түзеді, жылы сумен реакцияласқанда, фосфорлы қышқылдың термиялық айрылуында түзілетін заттар шығады. Бұл қышқылдың құрамындағы фосфор +3 тотығу дәрежеде болады. Фосфорлы қышқылдың тұздары фосфиттер деп аталады. Фосфорлы қышқыл және оның тұздары фосфиттер күшті тотықсыздандырғыштар.

Р2О4 – түссіз, жылтыр кристалдық зат. Бұл оксидті, N2O4 сияқты, аралас ангидрид деп қарауға болады, өйткені сумен реакцияласқанда фофсфор және фосфорлы қышқылдар түзеді.

Р2О5 фосфор ауада, не оттек ішінде жанғанда ақ қар сияқты көп көлем алатын масса болып түзіледі. Фосфор (V) оксиді бу күйінің өзінде де Р4О10 молекулаларынан тұрады. Р2О5 – сумен өте шабыт қосылады, суды тіпті басқа заттан тартып алып та қосылады. Температураға байланысты судың бір, екі немесе үш молекуласын қосып алып сәйкес үш түрлі қышқылдар түзеді: метафосфор қышқыл (НРО3), пирофосфор (Н4Р2О7), ортофосфор (Н3РО4). Бұл қышқылдардың ішіндегі ең маңыздысы ортофосфор немесе фосфор қышқылы. Фосфор қышқылы түссіз қатты зат, суда жақсы ериді, тұрақты қышқыл. Азот қышқылы сияқты фосфор қышқылының тотықтырғыштық қасиеттері болмайды. Күштілігі жөнінен орташа қышқылдардың қатарына жатады. Үш негізді қышқыл болғандықтан судағы ерітіндісінде үш сатыда иондарға ыдырайды. Фосфор қышқылы басқа қышқылдар сияқты негіздермен, негіздік оксидтермен, тұздармен және металдармен әрекеттеседі.

Фосфор қышқылын зертханада қызыл фосфорды азот қышқылымен қосып қыздыру арқылы алады. Өнеркәсіпте фосфор қышқылын термиялық және экстракциялық әдістермен алады. Ортофосфор қышқылы үш негізді болғандықтан үш қатар тұздар түзеді: дигидрофосфаттар, гидрофосфаттар, фосфаттар.

2) Пестицидтер - ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден қорғау үшін қолданылатын улы химиялық препараттар.

 

Түрлері:


Гербицидтер - өсімдіктерді жою үшін қолданылады (толығымен немесе тек арамшөптерді ғана);

Дефолианттар - өсімдіктер жапырақтарын түсіру үшін қолданылады (мақта теру);

Зооцидтер – зиянкес жануарлардың көзін құрту үшін қолданылады.

Инсектицидтер – зиянкес жәндіктермен күресу үшін қолданылады.

Фунгицидтер – ауру тудыратын саңырауқұлақтарды жою мақсатында қолданылады.

 

Пестицидтерсуспензиялар, аэрозольдер, ұнтақ, көбік, газ, т.б. түрінде қолданылады. Өте үлкен аймақтарды қамтиды. Тиімділігін арттыру үшін өте жоғары концентрацияларда және көп мөлшерде қолданылады. Тек зиянкестерді ғана жойып қоймай, басқаларына да (адамға да!!!) кері әсер етеді.



Өте тұрақты, қиын ыдырайтын заттар болып табылатындықтан, қоршаған ортада ұзақ жылдар бойы сақталады.

 

3) Диоксиндер – арнайы өндірілмейтін, басқа химиялық заттар өндірісі кезінде қосалқы өнім ретінде түзілетін күрделі органикалық қосылыстар. (Құрамына Cl- атомы кіретін ароматты органикалық қосылыстар).



Қоршаған ортаға өндірістік қалдықтарды дұрыс өңдемеу салдарынан да түсуі мүмкін.

Диоксин – өте улы зат, оны «ХХІ ғасырдың суперэкотоксиканты» деп те атайды. Себебі ол өте аз концентрацияда болған күннің өзінде тірі материяның барлық формаларына (бактериялардан бастап – жылы қандыларға дейін) өз зардабын тигізе алады. Көбінесе, ол бауырда жинақталады.

Сондай-ақ, гормондық жүйеге жауапты жасушаларға да кері әсер ете алады: диабет ауруына шалдығу қаупі артып, жыныстық жүйенің дамуына да зақым келеді. Ағза түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабілетінен айрылып, аллергиялық реакциялар көбейеді, онкологиялық аурулардың да қозуы мүмкін.

Ауыр улану кезінде тәбет жоғалады, физикалық және жыныстық тұрғыдан әлсіздік байқалады, құлазу, депрессия, сонымен қатар, өте жылдам және көп мөлшерде салмақ жоғалту байқалады. Өлімге алып келу қаупі уланудың алғашқы бірнеше күнінде-ақ немесе бірнеше он күннен кейін ғана (удың жалпы дозасы мен ағзаға түсу жылдамдығына байланысты) байқалуы мүмкін.

(Хлоракне, Порфирия сынды аурулар пайда болуы мүмкін)

Бактериялар – өсімдік тектес, әдетте, 1 жасушалы болып келетін өте ұсақ микроағзалар.
Қолайлы жағдайларда әрбір 20-30 мин. сайын бөліну арқылы көбейе алады. Күн сәулесі, дезинфекциялаушы з-р, қайнату арқ. Жойылып кетулері де жеңіл. Кейбір түрлері спроаға айналып, өлтіру қиынға соғады. Төмен температураларға төзімді. (оба, холера, бруцеллез сынды ауру қозд-штары.)
Вирустар –өлшемдері б-ша бакт-рдан 1000 есе кіші микроағзалар.
Тірі ұлпаларда ғана көбейе алады. 100°С-қа дейін төзімді б.к. (безек, сүзек ауруларын тудырады).
Риккетсиялар –өлшемдері мен пішіндері жағынан бакт-рға ұқсас, бірақ олар тек өздері зақымдаған дене мүшелерініңұлпаларында ғана тіршілік етіп, дами алады.

Саңырауқұлақтар –өсімдік тектес ағзалар.

Сау ағзада да болады. Егер адам ауырса, қолайлы жағдай туып, тез көбейеді. (кандидоз атты жұқпалы инфекция таратушысы)

Токсиндер –кейбір бакт-рдың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін күшті улы заттар.

Ағзаға ену нәтижесінде ауыр улануға ұшыратады. Бірнеше айлар бойы сыртқа шықпайды. (Ботулизм атты жүйке жүйесін зақымдайтын, ағзаны жалпы уландыруға алып келетін ауру туғызады).


  1. Дәріс Хлорорганикалық қосындылар токсикологиясы



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет