Қазақстан республикасының білім және ғылым м


Дәріс Мышьяк және оның қосылыстары. Цианидтер қосындыларынан улану. Дәрілік заттардан улану



бет5/18
Дата29.04.2018
өлшемі2,5 Mb.
#40309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Дәріс Мышьяк және оның қосылыстары. Цианидтер қосындыларынан улану. Дәрілік заттардан улану.

Токсиндік металдар


МЫШЬЯК, СУРЬМА, ВИСМУТ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ. САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМА.

Бесінші негізгі топтың ішіндегі мышьяк, сурьма, висмут – үш элементті мышьяк топшасы дейміз, бұлардың жалпы қасиеттері азот, фосфорға ұқсас болғанымен олардан өзгешелігі де бар, оның себебі бұлар үлкен периодтың элементтері, бұлардың барлығында, азот пен фосфордікіндей емес, электрондық құрылымында d- электрондар бар.



Мышьяк топшасының элементтерінің дербес күйде металдық түрі болады, жылуды, электрді жақсы өткізеді, өйткенімен морт, нәзік, сондықтан ұнтақтау оңай. Активтік қатарында сутек пен мыстың арасынан орын алады. Үшеуінің де ерімтал қосылыстары улы заттар.
Токсиндік металдар деп токсиндік қасиетке ие, қоршаған орта мен тірі ағзаларға залал келтіретін металдарды айтады. Олардың қатарына қорғасын, никель, хром, сынап, кадмий және мышьяк кіреді.

Мазмұны


  • 1 Сынап

  • 2 Мышьяк

  • 3 Кадмий

  • 4 Никель

  • 5 Қорғасын

  • 6 Хром

  • 7 Дереккөздер

Сынап


Сынап – өте қауіпті әрі жоғары токсинді элемент. Ол өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың ағзасында жинала алады. Тағамдарда сынап үш күйде кездеседі: атомдық, қышқылдық және алкилсынап - сынаптың қосылысы. Сынаптың токсиндігі оның қосылыстарының түріне байланысты, себебі олар әртүрлі жолмен енеді және ағзадан әртүрлі шығарылады. Ғалымдардың айтуынша, сынаптың алкильді қосылыстары аса қауіпті болып табылады. Сынап ақуыздың қасиеттерін өзгертеді, өмір сүруге қажет ферменттердің белсенділігін төмендетеді. Ол жасушаға ену арқылы ДНҚ құрылымын бұза алады және келешек ұрпаққа берілуі мүмкін. Қатты уланғанда бүйрек пен асқазанға зақым келеді, құсу, әлсіздік байқалады. Бұл кейде өлім жағдайына да әкеледі.

Мышьяк


Мышьяк - токсиндік қасиетке ие металлоид. Оның көптеген қосылыстары улы болып келеді. Мышьяк тағамдардың басым бөлігінде және барлық дерлік тұщы суларда кездеседі.Ол асқынған да, созылмалы да уланулардың себепкері болады. Созылмалы улану тәбеттің жоғалуына, жүдеуге, іштің бұзылуына, кейде тері ісігіне де әкеліп соғады.

Кадмий


Кадмий - табиғатта кеңінен таралған және өнеркәсіпте жоғары қолданысқа ие токсиндік металл. Ағзаға тағам, сусындармен және шылым шегу кезінде енеді. Ол қан арқылы тасымалданып, бауыр мен бүйректерде жиналады. Әдетте, кадмий лоқсуды, құсуды, іш және бас ауруын тудырады. Ауыр жағдайларда диарея мен шок болып, сүйектердің минералды құрамы өзгеруі мүмкін.

Никель


Никель - өте мықты металл. Ағзаға түсу арқылы кейбір ферменттерді активтендіреді. Оның өзі адамға көп қауіп төндірмейді, бірақ қосылыстары жұтқыншақ, өкпе ауруын және т.б. тудырады. Әсіресе, никель карбонилінің токсиндігі жоғары. Ол шылым шеккенде өкпе ісігіне әкеле алатындай көлемде пайда болады.

Қорғасын


Қорғасын - көпшілікке белгілі улы металдар қатарына жатады. Ол барлық аймақтарда шағын көлемдерде кездеседі. Қазіргі уақытта қоршаған ортадағы уландырғыштар ретінде қорғасынның тетраэтилқорғасын секілді қосылыстары шығады. Қорғасын төрт мүшелер жүйесіне залал келтіреді: қанайналым, жүйке, ас қорыту және зәр шығару жүйелері.

Хром


Хром - өте қатты, морт металл. Ол көптеген тамақтарда, сусындарда болады. Адам ағзасында ішек-қарын жолында адсорбцияланады, шаш пен бауырда қорға жинақталады. Хроммен және оның қосылыстарымен жұмыс істейтін адамдарда аллергиялық экзема, созылмалы жаралар, өкпе және тыныс алу жолдарының обыры жиі байқалады. Хром тұздарының екі түрі бар: үшвалентті хром тұздары, алтывалентті хром тұздары. Олардың басты айырмашылығы токсиндік қасиеттерінде; алтывалентті хром қосылыстары аса улы болып келеді.

  1. Тақырыпты бекіту:

  2. Бесінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  3. Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне қарай топша элементтерінің оттекті және сутекті қосылыстарының қасиеттері қалай өзгереді?

  4. Азоттың табиғатта таралуын, физикалық қасиеттерін сипатта және химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.

  5. Аммиактың физикалық және химиялық қасиеттерін айтып, молекуласының пішінін сызып көрсет.

  6. Азоттың оттекті қосылыстары: алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері?

  7. Фосфор және оның қосылыстары: алынуы, қасиеттері.

  8. Мышьяк топшасының элементтері, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері?



Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы

9Дәріс Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер.


Нитраттар мен нитриттермен уланудың негізгі көзі.Оларға сипаттама

Азот(Nitrogenium),N- газ тәрізді заттардың ішіндегі І-ші орын алатын газ(75,5% салмағына қарай), жер атмосферасын құрайды. Осыған байланысты жерде тұратын тірі организмдер үшін биологиялық маңызы зор. Бос азот – инертті газ, түссіз, дәмсіз және иіссіз, байланысқан азот – органикалық және органикалық емес қосындыларда кең танылған азот.

Сутекпен азот әр түрлі қосындылар қатарын тудырады. Оның ішіндегі ең маңыздысы аммиак болып табылады.


  1. Аммоний тұзы

  2. Азот қышқылы мен оның тұзы

  3. Синтетикалық мочевина(карбамид)

Қалыпты жағдайда азот пен оттегі қосылмайды, осыған байланысты олар тек ауада ғана қосылады. Арнайы жағдайларда азот оттегімен әртүрлі қосындылар құрайды, азоттың шала тотығын (N2O), «көңілді газ» деген атаумен белгілі, азот ангидридіне дейін, олардың араларында 3 тотықтар бар. Байланысқан азоттың жалпы мөлшері атмосферадағы бос азот пен табиғатта болуына қарағанда аз болады. Тек байланысқан азот органикалық қосылыс ретінде болады және тірі организмнің бөлігі болып табылады. Белокта 16-17% азот болатыны белгілі. Сондықтан азот өсімдіктер, малдар және адамдар үшін өте қажет.

Азоттың органикалық емес қосындыларында екі қышқылдың тұздары қаралады: Азотты (HNO3) және азоттық заттар (HNO2).

Азотты қышқыл берік қышқылдар категориясына жатады, олар әртүрлі тірі клетканың жанасу кезінде бұзады. Бұл қатынаста азот қышқылы күкірт және басқа күйдіргі қышқылдар сияқты. Бұл қышқылмен улану және күйіктер, басқа қышқылдар мен күйдіргі сілтілермен зақымдалғандай болады. Қазіргі кезде осындай қышқылдар мен сілтілердің үлкен токсикологиялық мәні жоқ.

Азот қышқылдардың тұздары (NaNO3 және KNO3) селитра немесе нитрат атаумен белгілі. Өз уақытында оны несеп айдағыш ретінде пайдаланылған. Басқа селитралар да белгілі: аммиакты, барийлі, кальцийлі. Азот қышқылдарының қосындылары ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыш ретінде үлкен мәнді болады. Оны азотты толықтыру үшін, өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін қажет. Бұл тыңайтқыштар нитрат атауымен белгілі.

Азотты қышқыл (HNO2) берік емес, бос түрінде табиғатта кездеспейді. Ол жеңіл, су ерітінді түрінде ғана алынады.

Азотты қышқылды тұздарды немесе нитриттер қышқылдан гөрі берік болып табылады. Практикалық мәнді амилнитрит пен натрий нитриті білдіреді. Медицина мен ветеринарияда нитритті кең қолданылады, сонымен қатар бояу өндіруде, органикалық синтезде т.б. қолданылады.

Нитрат пен нитриттер туындылары бірнеше рет ірі қаралардың массалы улануына себеп болған. Олар қазір де ветеринариялық токсикологияның қызықтырып отыр. Азот тыңайтқыштары өсімдіктер үшін пайдалы және қажет, ол азық культурасында жақсы өнім береді. Бірақ осымен бірге, өсімдіктерде көп мөлшерде нитрат пен аз мөлшерде нитритпен жиналып, малдың организіміне зиян келтіреді. Қызылшаның токсикологиялық қасиеті белгілі, ол онда нитрат пен нитриттердің пайда болуы айқындалған.

Европа әдебиеттерінде, малдардың улануы тек минералды азотты тыңайтқыштардан емес, (натрий нитраты, калий және аммоний), ол нитраттарға бай су көзінен, азықтың нитраттары мен консервілеуінен болады.

Алайда негізгі ролді азық өсімдіктері құрайды, олар топырақтағы көп мөлшердегі азотты нитрат күйінде жинайды. Бұндай өсімдіктерге дәнді өсімдіктер (қара бидай, бидай, арпа, сүлы,), сабан қатаң азық ретінде өсімдік тектес жануарларға бергенде болады. Көбінесе көп мөлшерде нитраттарды өзіне қан қызылшасы жинайды. Гербицидтер де табиғат жағдайлары сияқты (қуаңшылық) өсімдіктерде нитраттардың жиналуына әкеледі. Қуаңшылық кезінде кейбір өсімдіктер 20%-ға дейін нитраттарды өзінде жинайды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет