Қазақстан республикасының білім және ғылым м


«Шырышты зат және шырышты заты бар өсімдіктер»



бет9/18
Дата29.04.2018
өлшемі2,5 Mb.
#40309
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

«Шырышты зат және шырышты заты бар өсімдіктер»


тақырыбына арналған
Сабақтың мақсаты: Шырышты зат немесе шырышты заты бар өсімдіктер маңыздылығын қарастыру.

Уақыт – 2 сағат


Қажетті құрал-жабдықтар: Өсімдік гербарилері, шикі заттар.

Сабақтың барысы:



  1. Аудиториялық істі ұйымдастыру – 3 минут

2. Студенттерге сабаққа арналған бағдарламаларды тарату және атқарылуын түсіндіру – 15 минут

3. Мүмкіндіктегі тәжірибелік жұмыстарға пайдалынатын әдістемеліктер және әр өсімдіктің өзіне лайықты сынама, нұсқамаларымен жекелей танысу – 25-30 минут

4. Химиялық құрамына қарай фармакологиялық маңыздылығына сипаттама беру – 10 минут

5. Тәжірибелік жұмыстар – 20-25 минут

6. Сабақты қортындылау, келесі сабаққа тапсырма беру, үй тапсырмасын тексеру – 15-20 минут

7. Қосымша тапсырма (реферат)

а) Әр студент өзі тұрып жатқан елді-мекен аймағындағы шырышты заты бар өсімдіктер жайлы мәлімет беру.

б) Осы өсімдіктердің медицина және ветеринария саласында қолданылуын қарастыру.

в) Бұл өсімдіктердің басқадай өндірістік салаларда пайдаланылуы.

Шырышты зат тері өнімдерін өңдеуде пайдалынады. Бұл терідегі коллаген белогымен байланысуы нәтижесінде терінің шіріп бұзылуына қарсы беріктілік түзіледі.



Қаптағыштар деп құрыылысы коллоид тәрізді кілегейлерді айтады. Олар ісініп кілегей қабықты яки жараланған орынның бетін қорғайтын қабатпен жабады, сөйтіп басқа заттардың жергілікті тітіркендіргіш әсерін нашарлатады да қабынуға қарсы әсер етеді. мұның салдарынан олар дәріні дәмсіздендіреді және тканьдерді жұмсартып, олардың кебіуіне кедергі жасайды; олар су және басқа заттардың ішекке сіңуін төмендетіп, асқорыту процесін бәсеңдетеді.

Қанға енгізілген шырышты заттар судың тканьдерден қанға көшуіне көмектеседі; бұған байланысты олар тканьдерді судан арылту үшін, мысалы, тұншықтырғыш улы заттармен уланғанда немесе өте-мөте қансырағанда қолданылады. Сондай-ақ шырыштар: 1) ішек-қарын қабынғанда, 2) тітіркендіргіш және күйдіргіш заттар тағайындағанда, 3) дәрілердің ішек-қарынға тигізетін жергілікті әсерін ұзарту үшін және олардың ісінуін бәсеңдету үшін, 4) сұйық дәрілік формаларда corrigens ретінде, 5) қабынуғаа қарсы заттар ретінде қолданылады.

Крахмал – Amylum. Көбінесе бидай крахмалды қолданылады. (Amylum Tritci), дегенмен картоп (Amylum Solani), күріш (Amylum Orizae), жүгері (Amylum Maidis) крахмалдарында жақсы нәтижемен қолдануға болады. Крахмалды таза күйінде және шырыш формасында (крахмал кілегейлі) қолданады. Бидай крахмалының шырышын былай даярлайды: крахмалдың 1 бөлегін суық судың 4 бөлегімен, жақсылап араластырып қайнап тұрған судың 45 бөлегін қосады, осылардың барлығын араластырып қайнағанша қыздырады; бұдан желім тәрізді қойыртпақ пайда болады.

Крахмал: 1) асқазан қабынғанда, 2) ішке қолданғанда және күйдіргіш, тітіркендіргіш заттарға араластырып клизма жасағанда, 3) ылғалды жаралар, экзема т.б. себу үшін таза күйінде, 4) ішке иодпен уланғанда уыт қайтару үшін қолданылады.

Жалбызтікен тамыры – Radix Althaeae. Жалбызтікен тамыры аптектік проскурняк яки просвирняк деп те аталады. Құрамында крахмал, қант және аздап май кездеседі. крахмал қолданатын жағдайларда ұнтақ, шырыш, қайнатындылар, тұнбалар, ботқалар, болюстар формасында тағайындалады. Жалбызтікен тамырынан шырыш 1:10 қатнаста 30 минут бойы салқын суда тұндырып даярлайды; дайын шырыш сарғыш түсті болуы керек.

Зығыр дәрі – Semen Lini. Зығыр дәнінің шырышын 1 бөлек дәнді 30 бөлек ыстық суды араластырып жиі-жиі шайқау және соңынан кенеп арқылы сүзіп даярлайды. Сондай-ақ зығыр дәні қайнатынды және тұнба формасында қолданылады. Зығыр дәні басқа шырыштар қолданылатын жағдайларда қолданылады.

Аравия шайыры – Gummi arabicum. Ақ немесе сары кесектер түрінде аравия қарағанының кептірілген шырыны. Суда ісініп, шырышқа айналады. Ішке, венаға жіберу үшін және майлы эмульсиялар даярлау үшін қолданылады. Гуммиарабик импорттік препарат болғандықтан, оның орнына бізде желатин продуктісі – желатоза қолданылады.

Желатина – Gelatina alba. Бұл иіссіз және дәмсіз, түссіз немесе сарғыштау мөлдір майысқақ жапырақшалар тәрізді малдан алынатын желім. Желатина суық суда ісінеді, ыстық суда еріп, спирт пен эфирде ерімейді.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Фармакогнозия

2.Фармакопея 1998

3. Флора Казахстана Тома 1-9 Алма-Ата, «Наука» 1956-1966


№ 13 МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ.



Тақырыбы: « Құрттарға қарсы қолданылатын заттар ».

Сабақтың мақсаты:Студенттерді тітіркендіргіш, жансыздаргыш анестезия, жұмсартқыш, шырышты, адсорбтағыш заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.


Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- 0,5%- 0,25% новокаин, танин, белок, сут, ативты көмір т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.

Жануарлар: уй қоян.

Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.

Сабақтың мазмұны.


Антигельминттік дәрі – дәрімектер



Гельминттер малдың барлық органдарында кездесуі мүмкін; бірақ дер кезінде оларға дәрілік заттардың әсерін тигізу қыйынға түседі. Бұл жағдай органдардың орналасуы мен паразиттің даму кезеңіне байланысты болады. Бұл тарауда паразиттарды өлтіретін немесе оларды ішек-қарын каналынан, тыныс жолдарынан және бауырдан қуып шығаратын дәрілер баяндалады. Мұндай заттардың қатарына паразиттердің бұлшық еттері мен нерв аппаратын параличке ұшырататын немесе қоздыратын заттар жатады.

Бұлшық еттерді параличке ұшырататын заттар протоплазмалық улар болып саналады. Олар тап осылай етіп кез келген органның бұлшық етін параличке ұшырата алар еді, бірақ әдетте олардың ең жоғарғы концентрациясы ішекте болатындықтан, ең алдымен олар құрттардың ғана бұлшық еттеріне әсер етеді.

Антигельминттік заттар мен ажыраған гельминт продуктілерінің ішек арқылы сіңуіне кедергі жасау үшін және ол дәрілердің гельминттерге тигізетін әсерін күшейту үшін ішекті іш жүргізгіш заттар беріп тазартады да, малды күн тәулікке жақын уақыт аш ұстайды. Содан соң егер антигельминттік заттың өзінің іш жүргізерлік қасиеті жоқ болса, антигельминттік зат тағайындағаннан кейін бірнеше сағат өткеннен соң тағы да ішжүргізгіш заттар беріледі.

Кейбір антигельминттік заттар (төртхлорлы көміртегі, еркек папортнигінің сығындысы) майда жақсы еритіндіктен ішжүргізгіш дәрі ретінде өсімдік майлары (кастор майы) тағайындалмайды, өйткені бұл майлар антигельминттік заттарды ерітіп, олардың қанға сіңуін күшейтуі мүмкін.

Антигельминттік заттар қанға сіңісімен мал құсып, қанараласып іші өтіп, тырысқақ белгілері пайда болады, сөйтіп малға улану әсерін тигізеді; үлкен дозада қолданса, мал өліп те кетеді. Демек, мал денесін гельминттен арылту (дегельминтизация) кезінде осы жағдайларды есте ұстап, сақ болу керек. әсіресе бұл жөнінде арық және әлсіз малдарға көңіл аудару керек.

Бұл тарауда қаралып отырған препараттар: 1) көбінесе жұмыр құрттарға басымырақ әсер ететін препараттар болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа алабота майы, төртхлорлы көміртегі, күкіртті көміртегі, төртхлорлы этилен, мыс сульфаты, фенотиазин, гексилрезорцин, камала, сантонин, сапкафен жатады. Екінші топқа еркек папоротнигінің тамыры, төртхлорлы көміртегі, камала, алабота майы, күкіртті көміртегі, төртхлорлы этилен кіреді.

Еркек папоротнигінің тамыры – Rhizoma Filicis maris. Бұл еркек папоротнигінің тамырының жапырақ түптерімен бірге жыйналатын кептірілген жоғарғы жас кесіндісі. Тамырларды дайындағанда бір жылдан артық сақтауға болмайды, өйткені ұзақ уақыт сақтағанда олар қоңыр түске боялып, өздерінің әсер етерлік негіздерін жояды. Жаңа ғана жыйналған еркек папоротнигінің тамырының ішжағы көкшіл түсті болады, іші қоңыр немесе сары түсті болып келген тамыр қолданылмайды. Осыған байланысты, оның ұнтағы да көкшіл, ерекше иісті болуға тиіс.

Камала – Kamala. Бұл Ост –Индия ағашы жемістерінің беткі тікен қабықтарын ұнтақтау арқылы алынатын, суда ерімейтін, иіссіз, жеңіл, қоңыр қызғылт ұнтақ.

Камаланың гельминттерге тигізетін әсерінің механизмі еркек папоротнигінікі сыяқты болады. Ол таспа құрттар мен жұмыр гельминттерге қарсы қолданылады; бауыр құртына әсері тимейді; камаладан кейін ішжүргізгіш зат тағайындалмайды, өйткені камаланың өзі перистальтиканы күшейтеді.

Паразиттерге қарсы басқа препараттар


Темекі – Tabaccum (Folium Nicotianae). Темекінің жапырағында 8 процентке дейін никотиннің сұйық алколоиды болады. Никотин – күшті у; ол тіпті зақымданбаған теріден де жақсы өтіп кетеді. Оның аз дозасы орталық нерв системасын және вегетативтік системаның ганглилерін (түйіндерін) қоздырады. Көп дозасы бұларды параличке соқтырады. Бұл параличте белгілі бір реттілік болмайды, никотиннің жануар организміне тигізетін уытты әсерінің құбылмалы болатындығы да осыдан; организмге енген никотин тез ыдырап кетеді.

Жүректің қызметі ілкіде бәсеңдеп, соңынан шапшаңдайды, тыныс жиілінеді, ал дозасы көп болғанда тыныс орталығының параличке ұшырауынан тыныс тоқтап қалады; бездердің, әсіресе сілекей безінің, секрециясы күшейеді, ішектің перистальтикасы мен жатырдың жапырылуы да күшейе түседі; рефлексті сезімталдық артады. Никотиннің көп дозасы тырысқаққа үшыратады.

Никотин битті, бүргіні қотыр кенесін өлтіреді. Тиген жерін тітіркендіреді. Мал дәрігерлігінде темекі жапырағы паразиттерге қарсы қайнатынды немесе ванна және күштілігі 5 проценттен аспайтын темекі тұнбасымен жуу түрінде қолданылады. Қыршаңқыға (қотырға) қарсы дару есебінде ваннамен жуу үшін мынадай қоспа әзірлененді: 7,5 кг қаратемекі 50 л суға әбден қайнатылып, содан кейін оған 50 л су және 1 килограммнан поташ (сақар) пен фенол қосылады. Мұндай қоспаның қажетті мөлшеріне қарай ингредиенттердің (құрам бөлшектерінің) тиісті мөлшері алынады. Мысалы, 50 л қоспа әзірлеу үшін 1,5 кг темекі алынады да, 10 немесе 50 л суға қайнатылады; бұл қайнатындыға 200 грамнан поташ пен фенол ерітіледі. Бірақ мұндай ванна қой қотырын емдеу үшін огша сенімді болмайды.

Пиретрум – Pyrethrum. Пиретрум (далмат шытыры) – көпжылдық өсімдік, онда 1 процентке дейін пиретирин (спирт пен хризантема қышқылдарынығ күрделі органикалық эфирлері) болады. Пиретрумдер жылы қанды жануарларға қауіпсіз болады, ал кенелер мен басқа насекомдарға улы келеді. Пиретрумді шытырды ССРО –ның барлық аудандарында дерлік өсіруге болады. Пиретрум ұнтақ, смола (олнорезина), эмульсия- суспензия тағы басқа дәрілік түрінде қолданылады. Ұнтақ тозаңдату жолымен, ал олеорезина мен суспензия жануарды жуу жолымен пайдалынылады. Бұл препараттар қой қотырын жазады.

Дифениламин – Diphenulaminum (ДФА). Бұл – жылтырауық жапырақшалар, олардың ерекше гүл иісі бар. Суға ерімейді, ал органикалық ертінділерге (спиртке, бензолға, эфирге) ериді. Бір күн тәулігінің ішінде бит-бүргені өлтіріп болады. Ол ұнтақ түрінде қолданылады.

Биэтилксантоген. Сары кристалл зат, онда органикалық қосылыстағы күкірт болады, ол суға ерімейді, ал спиртке, эфирге, шыны майларға жақсы ериді. Бұл күшті инсектицидтік қасиеті бар. Уыты шамалы және теріге қолайсыз тітіркендіргіш әсер етпейді. Биэтилксантоген не арнап жасалған К сабыны түрінде, немесе КЗ препараты түрінде қолданылады.

К сабыны. Кір сабын мен биэтилксантогеннің бірдей мөлшердегі қоспасы. Бұл сабынның ерекше иісі бар және онда 52 % күкірт болады; оның инсектицидтік қасиеті күшті келеді; теріні тітікендірмейді. Адам қышымасын емдеуге ұсынылады. К сабыны жануарлар биттегенде қолданылады, бұл үшін жануар 2 проценттік эмульсиямен жуылады және терлік пен жабу шылынады.

КЗ препараты. Биэтилксантогеннің сульфирленген және нафтолды майлармен немесе зығыр майымен, күйдіргіш сілтінің бейтараптандырылған 30 проценттік ертіндісімен бірдей мөлшердегі қоспасы. 25 градустық температурада бұл – қою, мөлдір, қоңыр сұйық зат, суда жақсы эмульсияланады.

КЗ препаратынан 6 проценттік сулы эмульсия әзірленіп, 40-45 градусқа дейін қыздырылады да, терінің зақымданған жерлеріне щеткамен сүртіп енгізіледі. КЗ препараты жануарлардың қыршыңқысы мен битіне қолданылады.

Дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ). Бұл препарат тазартылған және тазартылмаған түрде болады. Тазартылғаны иіссіз, ақ ұнтақ, суға ерімейді, бірақ майларға жақсы ериді. Тазартылмаған немесе техникалық препарат – ұстап қарағанда майлы болып сезілетін ұнтақ тәрізді зат, түсі ақшыл немесе сарғылт болады, көмескі жеміс иісі бар. Бұл да, алғашқы сияқты, суға ерімейді, бірақ органикалық ертінділер мен майларға жақсы ериді. Мұнай майларында (вазелин, тазартылған соляр майларында) ол 8-10% мөлшерінде ериді.



ДДТ - өте тұрақты препарат. Қышқылдар мен сілтілердің сулы ертінділері, сондай-ақ біршама қыздыру да, оған шамалы әсер етеді. Күн сәулесінің әсерімен ол ыдырамайды.

СК –9 препараты. Біркелкі қою, қарақоңыр сұйық зат, ерекше иісі бар. Бұл – хлор көп қосылған скипидардың, балық майының, зығыр майының, эмульсия жасайтын заттардың қоспасы; химиялық қосылыстағы хлорлы 54 процентке дейін болады.

СК –9 препараты – қыршыңқымен, бүргемен, битпен, түкжегімен, қабыршақты экземамен күресу құралы. Ұсақ жануарлар 2 проценттік эмульсияда 2 минуттай тоғытылады, ал ірі жануарларға осы препараттың 2-4 проценттік эмульсиясы жағылады.

Гексахлоран – Hexachloranum. Ақсары ұнтақ, суға ерімейді, ал органикалық еріткіштерге, әсіресе ацетонға, жақсы ериді. Бұл препарат бензолды күн көзінде хлорлау арқылы немесе бензолға сынап-кварц шамымен жарық түсіру арқылы алынады. Гексахлораның ащы дәмі және жағымсыз шірік иісі болады. Жоғары температураға төзімді келеді. Сілті әсерінен тез бұзылаы.


№ 14 МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет