ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет297/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы
123, Вакцина жасау эссе Абидинов Жаннур 235-Б, pr excel 1, Задачи на измерение количества информации, СБОРНИК ТЕСТОВ АНГЛИЙКИЙ ЯЗЫК АҒЫЛШЫН ТІЛІ, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 900 тест воп
табиғат философиясы
өзгеше. Әлемнің бастамасын 
ол 
болмыс пен ойлаудың
, субъект пен объектінің 
тепе-теңдігі
бо-
лып табылатын 
Даралықтан (абсолют)
көреді. Ойшылдың өз сөзімен 
айтқанда, Даралық – бұл мәні бойынша мақсат-мұратқа сай емес
нақты емес, ойлау да, болмыс та емес, – бірдеңе. Алайда оның өмірге 
деген ішкі талпынысы бар, сол оны: 
«бол!»
қағидасын іске асыруға 
жеткізеді. Нәтижесінде Табиғат пайда болады. Егер Табиғатты Фихте 
субъект үшін кедергі, жай ғана бір зат деп түсінсе, ал Шеллингтің ой-
ынша, ол – 
құнарлы, өндіргіш күштері мол – natura naturans
. Оны 
қарапайым жұмсақ негіз – natura naturata деп қабылдауға болмайды.
Бастапқыда Табиғат бейберекет түсініксіз күйде болғанмен, енді 
ол әлдебір мақсатты нәтижелерге келтіре бастайды. Оларды Шеллинг 
заттардың өзара тартылуы мен тебуінен көреді (физика терминдерімен 
айтқанда, – гравитация және магнетизм). Келесі кезеңде Табиғат хи-
мизмге дейін көтеріледі, ал олар, өз кезегінде, электр үдерістерімен 
байланысты. Ақырында, Табиғат көпқырлы, алуан түсті өмірді туды-
рады. Адам Табиғаттың ақырғы жетістігі іспетті пайда болады. Бұл 
тұрғыда «Адам мен Табиғат» субъект пен объектінің тұтастығын 
көрсетеді. Гравитацияның адам бойындағы бастапқы күші пайымдап 
қарауға айналады. Соның негізінде адам бойында біртіндеп сана-сезім 
қалыптасады.
Адамның сана-сезімі, Шеллингтің ойынша, үш сатыдан өтеді:
1. Көмескі түйсіктерден шығармашылық пайымға дейін. Бұл саты-
да ішкі сезімдер мен сезіну нысаны теңбе-тең.
2. Шығармашылық пайымнан болмыстың мәнін тиянақты ұғынуға 
дейін (кеңістік, уақыт, себептілік, қажеттілік және басқадай түсініктер 
пайда болады).


195
3. Санаттарды құраудан сана-сезім әрекетіне дейін (субъект өзін 
Табиғатқа қарсы қояды, сонымен қатар өзін нысан (объект) ретінде 
қарау арқылы сана-сезімге жетеді).
Сөйтіп, санамен ұғынбаған нәрсе тарихи үдерістерден өте келе, 
белсенді, еркін және саналы күшке айналады, яғни табиғат қоғамға 
айналады. Ерте жазылған «Догматизм мен критицизм туралы 
философиялық хаттар» (1795) деген еңбегінде өзінің «критицизмдегі 
мақсатын өзгермейтін өзіндікке, даусыз еркіндікке, шектеусіз 
қызметке ұмтылу» деп санай отырып, Шеллинг Фихтеден кейін қасаң 
(догматтық) философия қағидаларын сынға алса, көп ұзамай табиғатты 
түсінуде Шеллинг пен Фихтенің арасында түбегейлі қарама-қайшылық 
байқалады.
Шеллинг ұғымында табиғат – адамгершілік мақсатты іске асырудың 
құралы, сыни парасат өз күштерін сынап көретін материал ғана болу-
ын тоқтатады және дербес нақтылыққа айналады. «Трансценденталдық 
идеализм жүйесі» деген еңбегінде Шеллинг жоғарғы мақсатқа жету 
бағытында табиғат дамуының барлық кезеңдерін жүйелі түрде ашып 
көрсетуге, яғни «табиғатты ұтымды біртұтас нәрсе, мақсаты – сананы 
тудыру болып табылатын ақыл-парасаттың ұғынықсыз өмірінің фор-
масы ретінде қарауға» әрекет жасайды (П.П.Гайденко).
Физика мен химия саласында Л.Гальвани, А.Вольт, А.Лавузье, 
биологияда А.Галлер мен А.Браун ашқан жаңалықтар ойшылдың 
көзқарастарына айтарлықтай ықпал етті. Шеллингтің табиғат 
философиясындағы антимеханикалық сипат осыдан келіп шыққан.
Шеллинг неоплатониктердің дәстүрін Фихтенің этикалық 
идеализмімен біріктіруге әрекеттенеді және табиғат философиясын 
трансценденталдық идеализмнің органикалық бөлігі ретінде қарайды 
(табиғаттың дамуы саналы «МЕНнің» пайда болуына жеткізеді).
Шеллинг бойынша, «МЕНнің» қызметі теориялық және 
практикалық салаларға ажырайды.
Ол табиғи күштердің («әлеуеттердің») иерархиясын құрды, 
ал ол ақырында теңбе-теңдік философиясына айналды: субъект 
пен объектінің, нақты мен идеалдың, табиғат пен рухтың қарама-
қайшылығы Даралық-Абсолютте – идеал мен нақтылықтың теңбе-
теңдігінде жойылды.
Адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   637




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет