Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет16/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник
Дәріс 12
 
а
)
б

а — қатты, б — серпімді (резеңке); 1-құбырдың тегіс ұшы, 2-кең 
қонышты, 3-цемент, 4-шайырлы жіп, 5-науа, 6-резеңке сақина 
Сурет 23-Шойын құбырларды толтырғышпен кең қонышты қондыру 
Бүйір тармақтарын қосу, құбыр жолдардың диаметрлерін өзгерту 
шойын жалғау (фасонды) бөліктерінің көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі 
кезде шойыннан құйылған құбырлар мен фитингтерді Липецк металлургия 
зауытында техникалық талапқа сай ТУ 1460-035-50254094-2000 «Жоғары 
беріктігі бар шойыннан құйылған жалғағыш бөлшектер арнайы арынды 
құбырларға » жасалған (Сур. 24). 
Сурет 24-Фасондық бөлшектері беріктігі жоғары шойын шар тәрізді 
графит 
Графиттің шар тәрізді пішінді беріктігі жоғары шойыннан жасалған 
жалғағыш бөліктерге қойылатын техникалық талаптар, олардың негізгі 
геометриялық өлшемдері, ішкі және сыртқы жабындары халықаралық 
стандарттарының ұсынымдарымен сәйкес келтірілген.


38
Шойыннан жасалған барлық фасонды бөліктер резеңке тығыздағыш 
манжеттермен жинақталады. Шойын қосқыш бөліктерін қолдану су құбыры 
жүйелерін салу және оларды пайдалану кезінде шығындарды айтарлықтай 
азайтады. (Сур. 25). 
Сурет 25-Шойын құбырларын қосу схемасы 
Құбырлардың кеңейтілуі келесі ретпен орындалады: құбырларды 
белгілеп кесу, құбырлардың ұштарын дайындау және біріктіруді жинау.
Қажетті ұзындықтағы құбырларды кесу оларды өлшеп кесу арқылы 
жүргізіледі. Аз мөлшерде құбырлар қол арасымен (Сур. 26, а) немесе ТРР-
15О/ТРВ-15О қол құбыр кескішімен кесіледі (Сур. 26,б). Монтаждау 
зауыттарында құбырлар СТД -22014 механизмімен кесіліп, минутына кесу 
7...12 рет қамтамасыз етіледі. Құбырларды арнайы тоқылған, арматураланған 
дискімен жабдықталған электрлі дискілі арамен (Сур. 26, в) кесуге болады. 
Құбыр кесіндісінің немесе кесіндісінің жазықтығы құбыр осіне 
перпендикуляр болуы тиіс және ұшында жарықтар мен сынықтар болмауы 
тиіс. Кесуден кейін құбырлардың шеттерінің перпендикулярлығының 3° 
аспайтын ауытқуына, ұзындығы 15 мм аспайтын жарықтар мен жиектердің 
толқындылығы 10 мм аспайтын рұқсат етіледі. 
1 — құбыр, 2 — астар, 3 — кескіш шынжыр, 4 — керме құрылғы, 5, 7 - 
тұтқалар, 6-электр қозғалтқышы, 8-кескіш диск, 9-қысқыш 
Сурет 26-Шойын құбырларды кесу 


39
Құбырларды қосу алдында дайындау шеттері мен қоныштарын кірден 
тазартудан, сынықтар мен жарықтарды табу үшін балғамен қарап, жонудан 
тұрады. 
Құбырлар мен кең қоныштардың сыртқы және ішкі беті таза және тегіс, 
көпіршіксіз, раковинасыз, жыланкөзсіз, қож қосылыстарынсыз және 
беріктікке әсер ететін басқа да ақауларсыз болуы тиіс. Жарықтары мен 
ұштары үзілген құбырлар жарамсыз болады. 
Кәріз құбырларын қосу кезінде (Сур. 27, а) тегіс соңы 1 тірекке дейін 3 
кең қонышқа енгізіледі, ал су құбыры арынды қосылғанда (Сур. 27,б) 1 тегіс 
ұшы мен 3 қоныштың тіректі беті арасында b=3 саңылау қалдырады. 
Құбырдың ішкі беті мен құбырдың сыртқы бетінің арасындағы саңылауының 
ені құбыр периметрі бойынша бірдей болуы тиіс. 
Кәріз құбырларын 1 құбырдың тегіс ұшына жалғаған кезде (Сур. 27, в)
шайырлы жіппен 4 диаметрі 7...8 мм бұралған жіптерді орайды. Жіптің 
құбырға түспеуі және оны бітеп тастамауы үшін, бірінші бұрылысты бұраған 
кезде оны келесі бұрылыспен жоғарыдан кысып басады. 
Тығыздауыш құралмен 6 (Сур. 27, г) жіпті кең қоныштың 3 
саңылауына орап нығыздайды. Жіп кең қоныштың 2/3 тереңдігін толтыру 
керек. Жіпті тығыздағаннан кейін цемент дайындалады. Кең қонышты бітеу 
үшін 300-ден төмен емес маркалы цемент пайдаланылады. Цементті елеп 
сумен ылғалдайды (салмағы бойынша 10... 12%) және араластырады. Кең 
қонышта қалған орын (тереңдігі % бойныша) 2 ылғалданған цементпен (Сур. 
27, д) және 7 шекемдеумен соққылап (Сур. 27, е) толтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет