Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


ІІ. Тәжірибелік сабағында қолданылатын есеп жаттығулары



бет2/9
Дата10.06.2017
өлшемі1,81 Mb.
#18989
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ІІ. Тәжірибелік сабағында қолданылатын есеп жаттығулары.
№1. Тақырып: Әкiмшiлiк құқықтың пәнi мен әдiстерi.

(Тәжiрибе сабағының жаттығу сүрақтары):

1.Әкiмшiлiк құқық пәнi ненi оқытады ?

Мысал келтiрiңдер.

2.Әкiмшiлiк құқықпен қандай қоғамдық қатынастар реттеледi?

Мысал келтiрiңдер.

3.Әкiмшiлiк құқықтың әдiсi дегенiмiз не?

Мысал келтiрiңдер.

4.Императивтiк әдiстi қалай түсiнесiз?

Мысал келтiрiңдер.

5.Диспозитивтiк әдiс дгенiмiз не?

Мысал келтiрiңдер.

6.Құрметтеу әдiсi дегенiмiз не?

Мысал келтiрiңдер.

7.Ұсыныс жасу әдiсi дегенiмiз не?

Мысал келтiрiңдер.

8.Әкiмшiлiәк құқықтың қайнар көздерiн қалай түсiнесiздер?

Мысал келтiрiңдер.

9.Нормативтiң құқық актiлерi дегенiмiз не?

Мысал келтiрiңдер.

10.Әкiмшiлiк келiсiмдер дегенiмiз не?

Мысал келтiрiңдер.

11.Әкiмшiлiк құқытың жүйесiн қалай түсiнесiздер?

Мысал келтiрiңдер.

12.Әкiмшiлiк құқық институтын қалай түсiнесiздер?

Мысал келтiрiңдер.

13.Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар дегенiмiз не?

Мысал келтiрiңдер.

14.Әкiмшiлiк құқық институты мен әкiмшiлiк-құқытық нормалар

арасында қандай байланыстар бар?

Мысал келтiрiңдер.

15.Соттық прецедент дегндi қалай түсiнесiздер?

Мысал келтiрiңдер.

16.Әкiмшiлiк құқық жүйесi неден тұрады?

Мысал келтiрiңдер.

17.Мемлекеттiк билiк органдары өздерiнiң қызметiн қандай негiздерге

жүгiнедi?

Мысал келтiрiңдер.


№ 2. Тақырып: Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мәселелрi.

(СОӨЖ сабағының есептiк жаттығулары):


1 ЕСЕП САБАҒЫ

ЖШС директоры Сарбасов С.С. өзiнiң қарамағанда жұмыс iстейтiн жұмыскердi жұмыс орнында арақ iшкенi оған 2 мың теңге айыппұл салды. Осы тәжiрибеде мына жағдайларды анықтау керек:

1.Директор Сарбасов С.С. заңнамларды бұзды ма?

2.Егер бұзған болса ол қандай заңды бұзды?

3.Айыппұл қандай жазаның түрiне жатады және ондай жазаны қандай орган немесе лауазымды тұлғалар салуға құқығы бар?

Жауапты негiздеңдер.


2 ЕСЕП САБАҒЫ

Автокөлiк жүргiзушiсi Хасенов Х.Х. жол жүру ережесiн бұзғаны үшiн жол полиция инспекторы оны тоқтатып, айыппул төледi талап еттi, Хасенов Х.Х. бiрден 3 мың ақшаны төледi, ал жол полция инспеторы ешқандай құжат жазбады.

Осы есептiң мазмұны байынша кiм қандай заңдалықты бұзды:

1.Автоколiк жүргiзушi жол полция инспекторынан қандай құжатта

талап етуi керек едi?

2.Жол полиция инспекторы заң ережесiн бұзды ма, ал егер бұзса оны

нақты заңдар бойынша анықтаңдар.

3. Айыппұл салудың тәртiбi және ережесi қандай заңнамалар бойынша

реттеледi


3 ЕСЕП САБАҒЫ

“Жарыс” ЖШС жұмысшылары Айтбаев А.А. пен Сакенов С.С. жұмыстан соң сол кәсiпорынның шеберханасында екеуi арақ iшiп отырған жерiнде полицияның учаске инспекторы тиiстi хаттаманы толтырып айппұл салды. Ал жұмысшылар болса ешқандай заңды бұзған жоқпыз, ал арақ iшiмдiгiн тек жұмыстан соң iштiк дедi.

Бұл есеп мазмұны бойынша мына мән-жайларды анықтау қажет болады:

1.Жұмыскерлердiң жұмыстан кейiн жұмыс орнында араш iшiмдiктерiн

iшкендерi заңды ма?

2. Осы аталған екi жұмыскерлер заңдарды бұзды ма, ал егер бұзса

қандай нақты заң талабын бұзды?

3.Учаске инспекторының жасаған әрекетi заңды ма?

Жауапты нақты заңдар бойынша негiздеңдер.
4 ЕСЕП САБАҒЫ

Пешковка селосының әкiмi Костенко И.И. “МАҚСАТ ”ЖШС директорына төңiрегiндегi жатқан қоқыстарды жинамағаны үшiн кәсiпорынына 10- айлықайыппұл салды. Осы есеп бойынша мына мән-жайларын анықтау қажет болады:

1. Әкiмшiлк жазаларды қандай органдар салуға құқылы болады?

2. Әкiмшiлiк жазалары қандай заңнамалар негiзiнде реттеледi?

3. Пековка селосының әкiмiнiң айыппұл салу шешiмi заңды ма?

4. Осы аталған мән-жайларды заңды түрде негiздеңдер?


5 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Бұзаубаев Б.Б. 1-00 сағатта түңгi ойын-сауықтан оралған соң өз пәтерiне кiрген соң музыканы үлкен дауысына қосты. Мұны естiген көршiлерi ұйқыдан оянып полиция органына арыз жазды.

Осы есеп бойынша мына мән-жайларын анықтау қажет болады:

1.Бұзаубаев Б.Б. заңды бұзды ма, ал бұзған жағдайда нақты заңды

айтыңдар, оның қандай бабын, бөлiгiн нақты түрде көрсетiңдер.

2.Түңгi тыншытық бұзу туралы қандай уақыттан бастап қай уақытқа

дейiн есептеледi?

3.Осы аталған фактi бойынша қандай орган, лауазымды тұлға шешiм

қабылдауға құқылы болады.
6 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Мұхамбетов М.М. өзiнiң танысын Қостанай автокөлiк вокзалында өзiнiң танысын Жаманбаевты көрiп оған бiрнеше былапыл жаман сөздерiн айтты. Мұны көрген вокзал жұмыскерлерi дереу кезекшi полиция патруль қызметшiсiн шақырды. Полиция патруль қызметшiсi оны осы жасаған қылығы үшiн айыппұл салды.

Осы есеп мазмұны бойынша мына мән-жайларды анықтау қажет болады:

1.Мұхамбетов М.М. құқықты бұзды ма?

2. Ал егер құқықты бұзса ол қандай заңдар бойынша реттеледi, нақты

заңнаманы айтыңдар.

3. Осы аталған фактi бойынша қандай құқықтық бағак беруге болады?

4. Полиция патруль қызметшiсiнiң қабылдаған шешiмi заңды ма?

5. Жоғарыда аталған фактiсi бойнша қандай орган заңды шешiм

қабылдауға құқылы?


7 ЕСЕП САБАҒЫ

“Арғымақ” ЖШС кәсiпорнын әлеуметтiк салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiн дер кезiнде төлемегенi үшiн қалалық әкiмдiгiнiң коммуналдық-экономика қызмет бөлiм бастығы Баженов Б.Б. айыппұл салды. Осы аталған есептiң мына мән-жайларын анықтау қажет болады:

1.Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң

дер кезiнде төленуiн қандай органға жүктелген және ол қандай

заңеамларда көрсетлген, заңнаманы нақты айтыңдар.

2. Қалалық әкiмдiгiнiң коммуналды-экономика қызметi бөлiм бастығы

Б.Б.Баженовтың шешiмi заңды ма?

3.Жауапты нақты заңдар бойынша айқындау және негiздеу керек

болады.
8 ЕСЕП САБАҒЫ

Қалалық саябағында Н.Нүрсейтов пен Т.Тәкеновты полиция патруль қызметi есiрткi заттарын сатып алды деген күдiкпен жеке тiнту жүргiздi. Осы кезде сол азаматтардың бiрi куәгерсiз неге жеке тiнтудi жүргiзгенi туралы өз наразылығын бiлдiрдi. Бiрақ полиция қызметкерлерi оған құлақ аспады.

Осы атлған есептiң шарты бойынша мына мән-жайларды шешу қажет болады:

1. Полиция патруль қызметшiлерi қызметтiк тәртiңптi бұзды ма?

2. Күдiктi адамды жеке тiнту жайында қандай заңнамаларда

көрсетлген?

3. ҚР ӘҚБ туралы кодексiнде қандай талаптар көрсетілген?

9 ЕСЕП САБАҒЫ

Азаматша Алқыбаева Н.А. екi жас баланың анасы бола тұра үнемi iшiмдiкке салынып бiрнеше рет полиция органы әкiмшiлiк жазасына тартылған болатын. Қалалық әкiмдiгi Н.А. Ақылбаеваны ата-аналық құққытан айырмақ туралы шешiм қабылдады. Осы есептiң шарты бойынша мына мән-жайларды анықтау қажет болады:

1.Азаматтық және басқа да субективтiк және объективтiк құқықтан айыру мәселеiн ҚР қандай заңнамаларымен және қандай органға жүктеледi.


10 ЕСЕП САБАҒЫ

Салық инспекторы Салықбаев С.С. “ВИЗИТ” ЖШС тексерген кезде жұмыскерге ешқандай негiзсiз сыйақы төлегенi үшiн айыппұл салды. Осы атлған есептiң шарты бойынша мына мән-жайларды анықтау қажет болады:

1. Салық органдарының тексеру жүргiзу кезiндегi құзыреттiгi қандай және ол

қандай заңнамалар бойынша реттеледi?

2.Негiзсiз ақша төлеу мәселесi жөнiнде қандай орган айналысуы керек

болады?
11 ЕСЕП САБАҒЫ

Қостанай қалалық IIБ кезекшiсi Р.М.Романовқа азамат Мәкенов М.М.,жеке көлiк автомобилiн белгiсiз адам айдап кеткенi жөнiнде қазақ тiлiнде арыз берген болатын. Бiрақ кезекшi Романов Р.М. арыз қабылдаудан бас тартты, өйткенi ол қазақ тiлiн бiлмегендiктен орыс тiлiнде жазуды талап еттi. Романов құқыты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.
12 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Абенов А.А. мемлекеттiк қызметке кiру туралы тисiт құжаттарын тапсырды. Бiрақ кадр бөлiмiнiң бастығы Абеновтен қосымша талап қойды: ол өзiнiң сотталмағаны туралы және полицияға есепте жоқ екендiгi туралы құжатты алып келудi талап еттi. Запң бойынша бұндай сұраныстар ресми түрде мемлекет органдары өздерi сұраныс жасаулары керек. Бұл өйткенi қызметтiк құпия болатын. Кадр бөлiмiнiң бастығы құқыты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.


13 ЕСЕП САБАҒЫ

“Центр Финанс”Банк қызметкерi Мақтанов М.М. “ВЕСНА” ЖШС салық төлеу мәлiметтерi мен қаржы саны туралы оның бәскесi “Ласточка” ЖШС бастығына бердi. Өйткенi “Ласточка” ЖШС бастығы оған туыс болатын. Мақтанов М.М. құқықты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.


14 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Шарапбаев Ш.Ш. өзiнiң үйiнде 15 литр самагон әзiрлеп оны жергiлiктi баксарда әр литрiн 300 теңгеден сактты. Бұл самагон iшiмдiгiнiң градусы -65 болатын. Самагонды сатуға және оның тазалығы жөнiнде ешқандай сапалы жағын анықтайтын тиiстi органның құжаты болмады. Шарапбаев Ш.Ш. құқықты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.


15 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Абенов А.А. мемлекеттiк қызметке кiру туралы тисiт құжаттарын тапсырды. Бiрақ кадр бөлiмiнiң бастығы Абеновтен қосымша талап қойды: ол өзiнiң сотталмағаны туралы және полицияға есепте жоқ екендiгi туралы құжатты алып келудi талап еттi. Запң бойынша бұндай сұраныстар ресми түрде мемлекет органдары өздерi сұраныс жасаулары керек. Бұл өйткенi қызметтiк құпия болатын. Кадр бөлiмiнiң бастығы құқыты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.


16 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Шарапбаев Ш.Ш. өзiнiң үйiнде 15 литр самагон әзiрлеп оны жергiлiктi баксарда әр литрiн 300 теңгеден сактты. Бұл самагон iшiмдiгiнiң градусы -65 болатын. Самагонды сатуға және оның тазалығы жөнiнде ешқандай сапалы жағын анықтайтын тиiстi органның құжаты болмады. Шарапбаев Ш.Ш. құқықты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.


17 ЕСЕП САБАҒЫ

“Жарыс” ЖШС бас бухгалтерi жұмысшылардың еңбек-ақы және салық төлемдерiн жүргiзу опреациясын кем көрсеттi. Ал одан түскен ақшаны басқа мақсатқа жұмысады. Бұл дегенiмiз қосбухгалтерлiк есеп екенi а

нықталды.Салық инспекторы бұны байқап, есеп-қисапты түлкi-бұлаңға салу деп тапты. Бас бухгалтер құқықты бұзды ма. Жауапты негiздеңдер.

18 ЕСЕП САБАҒЫ

Жеке кәсiпкер Кәсiпбаев К.К.банктен кредит алу үшiн бидай егу үшiн тыңайтқыштар мен биждай тұқымдарын сатуып алуға тиiстi құжаттарын тапсырды. Бiрақ бұл алған ақшаны егiн егудiң және тыңайтқышты сатып алудың орнына өзiне жеке үй салды. Яғни банктен алған кредиттi тиiстi мақсатқа жұмсамады. Кәсiпбаев К.К. құқықты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.

19 ЕСЕП САБАҒЫ

Жеке кәсiпкер Кәсiпбаев К.К.жергiлiктi әкiмдiк берген жер аумағына тұрғын үйдi салудың орнына мұнай өнiмдерiн өндiру құрал-жабдықтарын орнатып мұнай өндiрiсiн жасау нәтижесiнде одан зиянды қоқыстар шығып жер қабатына сiңiп ол жерде өсiмджiктiң өсуiн жойып жiберiп, топырақ құнарлығын жоғалтты.
20 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Балықбаев Б.Б. көрiлес өзеннен балықты аулау үшiн қопарылғыш заттарын қоолдану арқылы бiрнеше аблықтар мерт болды. Оның нәтижесiнде балық тұқымынынң жойылуына қауiп төндiрдi. Бұл дегенiмiз жалпы орнатылған тәртiптi бұзу болып табылды. Балықбаев Б.Б.әкiмшiлiк құқықты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер


№ 3. Тақырып: Азаматтардың әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесi.

(Тәжiрибе сабағының жаттығыу сұрақтары):

1.Жеке тұлғалардың қандай түрлерi бар, әрбiр түрлерiн атаңдар және

түсiнiктеме берiңдер. Мысалдар келтiрiңдер.

2.ҚР Азамат дегенiмiз кiм? Анықтамсын айтыңдар және ҚР азаматтарында

қандай арнайы құқықтар бар және қандай мiндеттемелер жүктеледi?

Мысалдар келтiрiңдер.

3.Шетел азаматтары деген кiмдер, анықамасын айтыңдар. Мысалдар

келтiрiңдер.

4.Азаматтығы жоқ тұлғалар кiмдер, анықтамасын айтыңдар. Мысалдар

келтiрiңдер.

5.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларпдың құқықтық мәртебесi

қандай? Мысалдар келтiрiңдер.

6.Мемлекетiк басқарудағы адамның атқаратын рөлi қандай?

7.Адам дегенiмiз кiм, анықтама-түсiнiгiн берiңдер. Мысалдар келтiрiңдер.

8.К.Маркстың iлiмiнде адам өмiрi және оның пайда болдуына қандай

әлеуметтiк жағдайлар мен себептер болды деген? Мысалдар келтiрiңдер.

9.Жеке тұлға (адам) биологиялық тұрғыда басқару жүйесiнде қандай орын

алуы мүмкiн және не болып келуi мүмкiн? Мысалдар келтiрiңдер.

10.ҚР Республикасы Президентiнiң “Қазақстан-2030” стратегиялық

бағдарламасында Қазақстанның дамуына қандай iс-шаралар қажет екенi

айтылды? Мысалдар келтiрiңдер.

11. Қоғам деген ұғымды қалай түсiнесiз? Мысалдар мен ой-толғауығызды

айтыңыз. Мысалдар келтiрiңдер.

12.Азаматтық қоғамды қалай түсiнесiз? , нақты мысалдар мен өз

ой - толғауларыңызды айтыңыздар. Мысалдар келтiрiңдер.

13. ҚР Саяси жүйенiң мiндетi неден тұрады, нақты мысалдар келтiрiңдер.

14. ҚР Сыртық және iшкi саясатын қандай лауазымды тұлға анықтайды?

15. Қоғамда билiктiң қандай түрлерi бар, нақты атап берiңдер.

Мысалдар келтiрiңдер.

16.Демократия дегенiмiздi қалай түсiнесiз, анықтамасын айтыңдар, мысал

келтiрiңдер.

17.ҚР Азаматтардың құқығы мен бостандығы қандай нормативтiк құқық

актiлерiмен реттеледi? Құқық актiлерiн нақты айтып берiңдер.

18.Адам мен азамат арасында қандай айырмашылықтар және мемлекет

алдында қандай мiндеттемелер кiмдерге жүктеледi? Мысал келтiрiңдер.

19.ҚР Азаматтығы дегенiмiз ұғымын қалай түсiнесiз, нақты анықтамасын

айтыңдар, мысал келтiрiңдер.

20. Биппатридтер және аппатридтер деген кiмдер, анықтамасын айтыңдар,

мысал келтiрiңдер.

№ 4. Тақырып: Азаматтардың әкiмшiлiк - құқықтық міндеттері.

(Тәжiрибе сабағының жаттығыу сұрақтары):


1 ЕСЕП САБАҒЫ

Құрлыс-монтаж кәсiпорынының монтажнигi қаупсiздiк канат жiбiн белiне байламай биiк мұнараға шығып дәнекерлiк жұмысын жасап жатқан кезде тұратын баспалдақ орны теңселiп тұрды, яғни тұрақты болмады. Бұл туралы учаске бастығына бiрнеше рет мәлiмдеме берген болатын және құрлыс-талабына сәйкес клемейтiн күйге жеткен болатын. Ал учаске бастығы бұған мәне бермедi. Учаске бастығы қандай құқықты бұзды? Жауапты негiздеңдер.


2 ЕСЕП САБАҒЫ

“САНТА” ЖШС директоры Құрлысбаев К.К. белгiлi бiр жер учаскесiне техника кұраладарын жөндейтiн шеберхана баспанасын салды. Бұл құрлыс жөнiнде жерiгiлiктi әкiмдiктiң рұқсаты берлiмеген болатын. Ал директор Құрлысбаев К.К. әкiмдiктегi құрлыс бөлiм бастығымен тек телефон арқылы сөйлескен болатын.

Құрлысбаев К.К. қандай құқықты бұзды? Жауапты негiздеңдер.
3 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Еңбекбаев Е.Е. жергiлiктi әкiмдiктегi жер қорын есеп жүргiзу бөлiм бастығы Көкiрековке тұрғын үй салу үшiн, жер учаскесiн бөлiп беруге өтiнiшпен жолықты. Бөлiм бастығы Көкiреков К.К. тұрғын үй салуға жер учаскесi жоқ, тек техникалық өңдеу шеберханасын салуға орындар бар дедi. Ал ауданның бас жоспары бойынша жүздеген тұрғын үй салуға орындар бар болатын. Көкiреков К.К. қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.


4 ЕСЕП САБАҒЫ

Аудандық әкiмдiктегi жер қорын есепке алу бөлiмiнiң бастығы Жалпақов.Ж.Ж. аудан аумағында тiркелген жер аумағының құнарлығы мен сапасы жоғары жерлерiнiң санын жасырып оның кейбiр есептiк бониттерiн төмендетiп облыстық архитектураға жалған мәлiмет бердi. Жалпақов.Ж.Ж. қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.


5 ЕСЕП САБАҒЫ

15 жастағы Ақылбаев А.А. мектептегi залдың iшiнде өзiнiң кластасын жаман сөздермен қорлап айтты .Мұны байқаған мекептiң күзетшiсi мен сынып жетекшiсi Ақылбаевты мектеп директорына алып барды. Ақылбаев А.А. қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.


6 ЕСЕП САБАҒЫ

“Қалалық ГАЗ” қызметiн азамат Жалғанбаев Ж.Ж. өзiнiң тұратын көшесiнде газ иiсiнiң шыққаны туралы және газ құбырынынң жарылғаны туралы хабарлады. Оқиға болған жерге келген “Газ қызметi” ешқандай газ иiсiн және газ құбырының бұзылған жерiн таппады. Жалғанбаев Ж.Ж. қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.


7 ЕСЕП САБАҒЫ

“АҚ-Нәсiл” ұйымының басшысы Нәсiлбаев Н.Н. Қазақстанда тек ақ нәсiлдер билеу керек ал қалған ұлттар, олар қоғамның ең төменгi деңгейдегi адамдар деп ақпарат хабар көздерi арқылы үгiт-насихат жұмысын жүргiздi. Басқа нәсiлдердi ұрып-соғуды, олрды мемлекеттен кетiру деген сөз-ұрандарын жазып көшеге және үй сыртына жазуларды жазды. Нәсiлбаев Н.Н. қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.


8 ЕСЕП САБАҒЫ

СУ “Құрлысмонтаж” кәсiпрорны “Бизнес орталық” ғимаратын салып аяқтаған соң көршiлес үйлердiң ауласында құрлыс материалдарын қалдыпы кеттi, оның себебiнен балалар аулада ойнай алмай және тұрғыедардың жүрiп-тұруына жзәне жеке автокөлiктердiң жүруiне мүлдем кедергi жасады. СУ “Құрлысмонтаж” кәсiпрорны қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.

9 ЕСЕП САБАҒЫ

Машина жасау заводының жинау цехның мастерi Шебербаев Ш.Ш. өзiнiң қарауындағы токар-фрезировщиктi баксына арнайы колпакты кимей жұмысқа жiбердi. Жұмыс кезiнде станоктың төменгi жағына еңкейген кезде шашы оралып аздап жұлынып қалды. Жұмыс сменына кiрiспестен бұрын техника қаупсiздiгiн кiм өткiзуге және әрбiр жұмысшының жұмысқа кiрсуiн кiм бақылау жүргiзуге тиiстi? Бұл жағдайда кiм кiналы болып табылады. Жаупты негiздеңдер.

10 ЕСЕП САБАҒЫ

ҚР ӘҚБ туралы кодексiнде негiзгi жазаның қандай түрлерi бар?



Қосымша жазаның қандай түрлерi бар? Жауапты негiздеңдер.

11 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Мақтанбаев М.М. «Мерседес-Бенц» автокөлiгiн жүргiзiп келе жатқан кезде оны жол полиция инспекторы тоқтатып тексерген кезде көлiктi жүргiзу туралы куәлiгi және көлiк құралының иесi кiм туралы анықтайтын құжат болмай шықты. ҚР Заңдары бойынша автокөлiк құралдарын жүргiзу туралы және көлiк иесiн анықтайтын туралы қандай құжат мiндеттi түрде болуы керек. Мақтанбаев М.М. қандай құқыты бұзды? Сонымен қатар құжаттың атын айтып берiңдер Жауапты негiздеңдер.
12 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Қоқанбаев Қ.Қ. өзiнiң жеке автокөлiгiмен жұрiп келе жатқан кезде оны жол полиция инспекторы жезламен тоқтату белгiсiн бердi. Бiрақ Қоқанбаев бұған еш мән бермей тоқтамай өтiп кеттi. Қоқанбаев қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.


13 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Даукесбаев Д.Д. өзiнiң автокөлiгiмен жүрiп кле жатқан кезде жол полициясы инспекторы тоқтатып тексерген кезде көлiк жүргiзушiнiң аузынан алкогольдiк иiсi шыққаны байқалды. Мұны байқаған инспектор медециналық сараптамадан өтудi талап еттi. Даукесбаев Д.Д. медициналық сараптамадан өтуден бас тартып инспекторге қоқан –лоқы көрсеттi. Даукесбаев Д.Д. қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.


14 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Қашқынбаев Қ.Қ. өзiнiң автокөлiгiмен жүрiп келе жатып жолда тұрған автокөлiктi соғып өтiп, және авариялық белгiнi басып өтiп және бұл әрекет жасғаны үшiн ешкiм көрмедi деп оқиға болған жерден дереу тоқтамай өтiп кеттi.

Қашқынбаев Қ.Қ. қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.

15 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Жолаушиев Ж.Ж. Москва-Астана поезының № 12 вагонның жолсерiгi Мамбетов М.М. жолығып мынаны айтты: “Менде билет жоқ ,маған жедел түрде Астанаға жетуiм керек , ал жолақысын саған төлеймiн ” дедi. Ал вагон жолсерiгi бұған келiсiп бiрден жол ақысын төлеудiә талап еттi. Жолаушиев 3-мың теңгенi төледi. Ал вагон жолсерiгi ешқандай квитанция бермедi. Мамбетов М.М. қандай құқыты бұзды? Жауапты негiздеңдер.
16 ЕСЕП САБАҒЫ

Прокуратура органы әкiмшiлiк құқы бұзу фактiлерi жөнiнде қандай құжатты: хаттаманы, қаулыны, айыптау қортындысын, талап-арызын және т.б. жазуы керек болады. Бұл туралы ҚР ӘҚБ туралы кодексте қалай айтылған. Жауапты негiздеңдер.


17 ЕСЕП САБАҒЫ

Әскери қызметте жүрген прапорщик Әскербаев Ә.Ә. мас күйiнде келе жатып былапы жаман сөздердi айтып, көшедегi адамдарға жөнсiз кемiту сөздерiн айтты. Мұны көрген әскери полиция қызметi ұстап комендаптураға алып келдi. Әскербаевтың арақ iшiмдiгi анықталды. ҚР ӘҚБ кодексi бойынша Әскербаев Ә.Ә.

Қандай құқықты бұзды және қандай заңды нормативтiк актiсi бойынша жауапқа тартылуға тиiстi?
18 ЕСЕП САБАҒЫ

Полиция патруль қызметшiсiне азамат Борсықбаевқа Б.Б. жеке құжатты көрсетудi талап еткенi үшiн дөрекi, кемiту сөздерiн айтты. Бұл қылығы үшiн полиция қызметшiсi полиция бөлiмiне алып келдi. Борсықбаевқа Б.Б.әкiмшiлiк құқықты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.

19 ЕСЕП САБАҒЫ

“Карл Маркс” колхозының төрағасы Бастықов Б.Б. тракторист Хасенов жұмысқа кешiккенi үшiн оның еңбек ақысынан 5 мың теңгенi ұстауға бұйрық бердi. Бұған көнбеген Хасенов прокуратураға шағым бердi. Бастықов Б.Б. әкiмшiлiк құқықты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.


20 ЕСЕП САБАҒЫ

ҚР Президентiнiң Жарлығы бойынша Қостанай облысы аумағына төтенше жағдай енгiзiлдi. Осы жағдайдың заңы мен ҚР Президентi Жарлығы бойынша кешкi сағат 21-00 ден таңғы 7-00 дейiн үйден шығуға және көшеде автокөлiкпен жүруге тиым салынды. Ал азамат Асанов А.А. кешкi сағат 23-00 полиция органы ұстап комендатураға алып келдi. Асанов А.А. әкiмшiлiк құқықты бұзды ма? Жауапты негiздеңдер.


№ 5. Тақырып: Атқару билiк органдарының әкiмшiлiк-құқытық

мәртебесi

(Тәжiрибе сабағының жаттығыу сұрақтары):

1. Атқару билiгiн қалай түсiнесiз. Нақты анықтамсын атыңдар. Мысал

келтiрiңдер.

2. Мемлекеттiк билiктiң қандай тiзбектерi бар әрқайсысына анықтам-түсiнiк

берiңдер.

3. Атқару билiгiне тiкелей байланыстығы бар органдарын айтып берiңдер,

мысалдар келтiрiңдер.

4. Жергiлiктi мемлекеттiк билiктерiне қандай органдар жатады, нақты айтып

берiңдер, мысалдар келтiрiңдер.

5.Жергiлiктi атқару билiк органдарын айтып берiңдер, олардың құқытық

мәртебесiн айтыңдар, мысалдар келтiрiңдер.

6. Атқару билiк органдарының қандай иерахиялық деңгейлерi бар, нақты

мысалдар келтiрiңдер.

7. Атқару билiк органдарының құзыреттiк сипатына қарай қандай түрлерге

бөлiнедi, нақты түрде айтып берiңдер, мысалдар келтiрiңдер.

8. Атқару билiк органдарының тиiстi мәселенi шешуге байланысты қандай

шешiм қабылдау тәртiптерi болады? Мысал келтiрiңдер.

9. Атқару билiк органдарының аумақтық қағидаға сай қандай жолдарға

бөлiнедi, мысалдар келтiрiңдер.

10.Атқару билiк органдарының қаржылдандырудың қандай көздерi

бар, нақты түрлерiн айтып берiңдер, мысалдар келтiрiңдер.

11. ҚР Президентiнiң құқытық мәртебесi қандай, нақты анықтамасын

айтыңдар және бұл туралы қандай нормативтiк құқықтық актiлерiнде

көрсетлген, нақты номативтiк құқық актiлерiн айтып берiңдер, мысалдар

келтiрiңдер.

12. ҚР Президентiнiң Атқару билiгiнде қандай өкiлеттiгi бар, нақты

мысалдар мен айқындауыш (iс-әрекет,ұйымдаструшылық) фактiлерiн

айтып берiңдер.

13.ҚР Президентi мемлекеттiк билiк тiзбегiнде атқаратын рөлдерi қандай,

нақты мысалдар келтiрiңдер.

14.ҚР Презиждентi заң шығарушылық мiндетi қандай құқытық актiлерiмен

реттеледi, нақты мысалдар келтiрiңдер.

15.ҚР Президентi ҚР Парламентiнiң Сенат палатасының келiсiмiмен қандай

жоғарғы лауазымды тұлғаларды тағайындайды. Нақты мысалдар

келтiрiңдер.

15.Жергiлiктi билiктi атқару органдары: облысты, қалалық және аудандық

әкiмдер қандай органның және лауазымды тұлғалардың өкiлеттi тұлғасы

болады. Нақты мысалдар келтiрiңдер.

16. Селолық, ауылдық, поселкелiк әкiмдердiң құқықтық мәртебесi қандай

және олардың жұмыс тәртiбi неден тұрады?

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

17. Жергiлiктi бюджет қорын ұйымдастыруға жергiлiктi әкiмдiктiң атқаратын

рөлi қандай

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

18. Жергiлiктi мемлекет органдарын айтып ебiңдер және олар қандай

қызметтiк мiндеттерiн атқарады?

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

19. Әлеуметтiк қамсыздандыру және еңбекпен қамыту органдарының

атақаратын мiндеттерiн айтып берiңдер.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

20. Жерiлiктi билiк органдарының жергiлiктi аумақтағы инфорструктура

ұйымдасьтру жұмыстары қай органдарға жүктеледi?

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

21.Жергiлiктi коммуналдық жұмыстарды қай орган ұйымдастырады?

Нақты мысалдар келтiрiңдер.
№ 6. Тақырып: Атқару билiк органдарының әкiмшiлiк-құқытық

құзыреті


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет