Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi


кесте - Талдау қорытындысы



бет7/13
Дата28.01.2018
өлшемі2,41 Mb.
#34112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

19 кесте - Талдау қорытындысы


Шөпшар қоспасына (барлығы)___________________ %

Соның ішінде:

Ш.қ, г

%

Минералды







Органикалық







Арам шөптердің тұқымдары







Зияны қоспа







Қарабидайдың бүлінген дәндері (эндоспермісі айқын бүлінгендер )







d 1.0 мм және 1,4x20 мм елеуіштен өткеннің барлығы







Астық қоспасына (барлығы) __________________ %

Соның ішінде:

А.қ, г

%

Ұрынған







Өсіп-кеткен







Ісінгендер







Қоңыр қарабидайлар







Піспеген жасыл қарабидай







Ұрынған және желінген дәндер салмағының 50%.







Бидайдың,полбаның және арпаның бүтін және бүлінген дәндері








Қорытынды: Талдаудан алынған көрсеткіштер шектеулі кондиция талабына сәйкесін анықтау және қара бидай тобы қабылдауға жарамды екенін байқау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қара бидайдың ластануы деген не?

  2. Сақтауда, өңдеуде және тасымалдауда қара бидайдың ластануының көрсеткіші (сипаттамасы).

  3. Әр түрлі қоспаларды анықтауда дәлдік қортындысын атаңыз.


16 Әр түрлі бағыттағы арпа сапасын талдау
Арпа сорттарымен танысу. Әр түрлі бағыттағы арпа сапасын талдау.
Жұмыс мақсаты: арпа фракцияларын оқу және берілген топтың ластануын анықтау.
Әдебиет

МЕСТ 13586.2, МЕСТ 5060, МЕСТ 6378, МЕСТ 16470, МЕСТ 28672.


Құрал жабдықтар: Бөлгіш, ПОЗ-1 аспабы, литрлік пурка, таға тәрізді магнит, техникалық таразы, талдау тақтасы, d 1,5 мм және d 2,2х20 мм елеуіш.
Жұмыс тәртібі
Арпаны талдау кезінде міндетті түрде сапаның барлық көрсеткіштерімен бүкіл партияның натурасын анықтайды. Одан басқа, әртүрлі бағыттағы табиғаттың міндетті көрсеткіштерін анықтайды. Олар: сыра өндіру саласындағы – сыра дайындау кезінде ұсақ дәндер мөлшерін, ірілігі мен өміршеңдігін; арпаның сыра өндіру өнеркәсібінде – ұсақ дәндер мөлшерін, ірілігін, 5-ші күнгі өскін қабілетін анықтау.

Қосымша көрсеткіш ретінде, арпаның сіріңділігін анықтайды.




  1. Оргонолептикалық талдау.

  2. Зиянкестермен залалдануын анықтау.

  3. Металл қоспасын анықтау.

  4. Ластануды анықтау.

  5. Натуралық салмағын анықтау

1,2,3,5 пунктарындағы жұмыстар жоғарыда қарастырылып өткен лабораториялық жұмыстар.
Ластануды анықтау

Орташа үлгіден 50 г арпа шөкімін алып, Æ 1,5 мм елеуіште елейді. Елеуіште қалғанды астық және шөпшар қоспасына қолмен бөледі. Барлық фракцияларды өлшейді және пайызбен қорытындылайды.



Бүлінген және зақымдалған астықты анықтау (1.4 тақырыпты қарау)
Арпаның ластануын анықтағанда келесі қоспаларға бөледі.

Шөпшар қоспасы:

  • Æ 1,5 мм елеуіштен өткеннің барлығы;

  • минералды қоспа;

  • органикалық қоспа;

  • жабайы өсімдік тұқымдары;

  • астық қоспасына жатқызылмайтын мәдени өсімдік тұқымдары;

  • арпаның бүлінген дәндері (эндоспермісі айқын бүлінгендер)

  • зиянды қоспа

Астық қоспасы:

  • ұрынған және желінген дәндер салмағының 50% (ал қалған 50% негізгі астыққа жатады);

  • езілгендер;

  • семген дәндер;

  • өсіп-өнгендер;

  • өздігінен қызып және кептіргішпен бүлінгендер;

  • сұлы,полба, қара бидай, арпа дәндері.


Ірілікті анықтау және ұсақ дәндерді болуы.
2,5 Х 20 мм және 2,2 Х 20 мм елеуіште 50г арпа шөкімін елейді.2,5 Х 20 мм елеуіштен қалғанды ( қоспасыз ) өлшеп, оны пайызбен есептейді.

Бұл көрсеткіш ірілік деп аталады.

2,2 Х 20мм елеуіштен өткенді – ұсақ дәндерді таза астық массасына қатысты пайызбен есептейді.
Арпаның қауыздылығын анықтау

Арпа қауыздығы – қосымша көрсеткіш. Оны кейбір жағдайларда анықтайды. Арпа қауыздығын Люфф, Носатовский, Доброхотов әдістерімен анықтайды.

Тұқымның ластануын анықтаған кезде, қалған дәндерді 50-50-ден екіге бөліп алып,оларды техникалық таразыда өлшейді.

Ластануды анықтағаннан кейін қалған дәндерді 50-50-ден есептеп, екі үлгі алады. Ол үлгілерді техникалық таразыда өлшейді. Одан кейін әр үлгігіні 200 мл-лік коникалық колбаға салады. Колбаға 150 мл тұратын дист. суды және 10 мл 5%-тік аммиак құяды. Колбаны мақта бөліндісімен жауып, су моншасында қыздырады. 1сағат ішінде 80оС қыздырып алғаннан кейін, оның сұйығын төгіп тастайды. Борсыған дәндерді талдау тақтасына жайып, пинцетпен және инемен дәндердің қабықтарын тазартып алып тастайды. Ең алдымен жанынан, әрі қарай дән құрсағынан қабықтары алынады. Қабықтарды алдын-ала өлшеп қойған бюксқа салып, біркелкі массаға дейін кептіреді.

Өндіргіш лабораторияда қабықтарды 130оС 40 минут ішінде кептіруге болады.

Қабық құрамын есептегенде, құрғақ заттын, 50 дәннің массасына қатысты процентпен өлшейді. Ол формулаға дәнді аммиакпен кездегі түзетулер енгізіледі.( түзету қабықтың 1/12 бөлігіне тең болады.)





Х =

Мұнда: м3 – құрғақ 50 дәннің массасы, г ;

мn - құрғатылған қабықтын массасы, г ;

в– арпа ылғалдылығы, %;


20 кесте - Талдау қорытындысы


Шөпшар қоспасы (барлығы)____ %

Соның ішінде:

Шк,г

%

Æ 1,5 мм елеуіштен өткеннің барлығы;







минералды қоспа;







органикалық қоспа;







жабайы өсімдік тұқымдары;







мәдени өсімдік тұқымдары, астық қоспасына жатқызылмайтындар;







арпаның бүлінген дәндері (эндоспермісі айқын бүлінгендер)







зиянды қоспа







Астық қоспасы (барлығы)_______%

Соның ішінде:

Ак,г

%

ұрынған және желінген дәндер салмағының 50% (ал қалған 50% негізгі астыққа жатады);







езілгендер;







семген;







сұлы, полба, қара бидай, арпа дәндері.







өздігінен қызғандар, бүлінгендер, кептіргіштегілер;







Өсіп-өнгендер







Арпа ірілігі:

2,5х20мм елеуіште қалғаны______________г____________________%



Ұсақ астық:

2,2х20мм елуіштен өткені______________г_____________________%



Арпаның қауыздылығы_______________г_____________________%
Нәтиже: қорытынды беріңіз.
Бақылау сұрақтары:

  1. Сыра пісіру арпада ұсақ және ірі астық қалай анықталады?

  2. Арпаның химиялық құрамы.

  3. Арпаға МСТ сипаттамасы.

  4. Ең кең таралған сорттары.

17 Жармалық сұлының сапасын анықтау

Стандарт бойынша жармалық сұлыны талдау.


Жұмыс мақсаты: жармалық сұлыны талдау әдістерін үйрену.
Әдебиет

МЕСТ 13586.2, МЕСТ 6584


Құрал- жабдықтар: бөлгіш, техникалық таразы, талдау тақтасы, саңылау диаметрі 1,5 мм, 1,8 мм және 2,2 х 20 мм елеуіш.
Сұлы дәнің ұнтақталмаған жарма алуға, жапалақ сұлы жармасын алуға қолданады. Сұлы дәнінің түрі мен түсіне қарай екі типке бөлінеді. Жарма алуға көбінесе бірінші типті пайдаланады. Бидайға қарағанда сұлы дәнінде көптеген амин қышқылдары және В тобына жататын витаминдер көп болады. Олар сұлының аспаздық құнын асыра түседі.
Ластануды анықтау
Сұлының ластануын анықтау үшін 50 г шөкімді d = 1.5 мм елеуіштен өткізіп, қолмен бөліп, үш фракцияға айырады: негізгі астық, шөпшар және астық қоспалар.

Шөпшар қоспасына жатады:

    • Æ 1,5мм елеуіштен өткені;

    • минералды қоспа;

    • органикалық қоспа;

    • жабайы және мәдени дақылдар тұқымы;

    • бұзылған дәндер;

    • зиянды қоспа

Астық қоспасына жатады:

-ұрынған және желінген дәндердің 50%-ы ( қалған 50% негізгі астыққа жатады);

-піспеген (жасыл, басқанда дефомацияланатын);

-семген;

-езілген;

-бұзылған, эндоспермі бүлінген ( уатылған );

-эндоспермдері бүлінген, өздігінен қызу немесе кептіру нәтижесінде залалданған.

Бидай, қара бидай, арпа, жүгері, сиыр жонышқа, ноқат, асбұршақ, ноғатық, жасымық, қытайбұршақ, үрмебұршақ, жемшөп бұршақбасы. Бөлінген фракциялар өлшенеді, нәтижесі процентпен белгіленеді. Ластауды анықтауда ұсақ дән 1,8 х20 мм елеуіштен өткен дәндерден бөлінеді.

Сұлы құрамындағы бүлінген және зақымдалған дәндерді анықтау.

Сұлы құрамындағы бүлінген және зақымдалған дәндерді анықтау үшін, негізгі дәндерден бөлініп алынған шөкімдерден (шөпшар және астық қоспасы) қалған массасы 10 г шөкім алынады.

Әр сұлы дәнінің 10 г-дық шөкімдерінен қабықтарды қолмен алып тастайды. Дәндер қабықсыз болу керек. Ал егер қабықпен болатын жағдайда, ядроны көлдеңен кеседі. Ядроға байланысты сұлы дәндерін бүлінген немесе зақымданған түрлеріне жатқызуға болады.

Егер ядро мен эндоспермнің түсі өзгерсе, онда оның түсі қоңыр және сұр түстерден қара түске дейін өзгереді. Бұндай дәндерді қабықтарымен қоса және арамшөптер қоспасының фракциясые – бүлінген дәндер деп атайды.

Егер ядроның сыртқы түсі өзгерсе, эндоспермі бүлінген, дәндер қабықпен кептірілген болса, онда ол дәндерді – зақымданған дәндер деп атайды.

Бүлінген және зақымдалған сұлы дәндерін техникалық таразыда өлшейді. Оны мына формуламен анықтайды:


Х = 2m2 +
Мұнда: m2 – бүлінген дәндер массасы, г, ( 50 г шөкімнен алынған);

m1 - бүлінген, қыртыстанбаған дәндер массасы, г, ( 10 г шөкімнен

алынған);

m - таза дән салмағы, г.

Азық-түлікті сұлы үшін m2 = 50 г ( арамшөпті қоспа + дәнді қоспа)


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет